⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 16-бап. Уәкілетті органның құзыреті Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

16-бап. Уәкілетті органның құзыреті Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

16-бап. Уәкілетті органның құзыреті Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы 

      Уәкілетті орган: 

      1) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді; 

      1-1) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады және оның жүзеге асырылуын ұйымдастырады; 

      2) мемлекеттік сатып алу есептілігін жинау, қорыту және талдау қағидаларын, оның ішінде мемлекеттік сатып алу есептілігін қалыптастыру тәртібін бекітеді; 

      3) мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын бекітеді; 

      4) мемлекеттік сатып алу веб-порталы жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидаларын бекітеді; 

      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды, оның ішінде камералдық бақылауды жүзеге асырады, қажет болған кезде мемлекеттік сатып алуға қатысушылар ұсынған есептік деректердің, материалдар мен ақпараттың анықтығын тексереді; 

      6) мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасалғанға дейін, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, тапсырыс беруші мен конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып қабылдаған шешімдерінің күшін жою туралы не мемлекеттік сатып алудың күшін жою туралы шешім қабылдайды; 

      7) уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті саладағы уәкілетті органдар әзірлейтін және бекітетін үлгілік конкурстық құжаттамаларға (аукциондық құжаттамаларға) сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесін айқындайды; 

      7-1) мемлекеттік сатып алынуы кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлейді және бекітеді; 

      8) мемлекеттік сатып алу саласында өз қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекітеді; 

      9) мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді; 

      10) мемлекеттік сатып алуға қатысушылардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес қажетті ақпарат пен материалдарды сұратады; 

      11) сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын тартады; 

      11-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізілетін сатып алуға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін қалыптастыру мақсатында мемлекеттік сатып алу ақпараттық жүйесінің Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесімен интеграциясын қамтамасыз етеді; 

      11-2) мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша, оның ішінде тиісті саланың уәкілетті органдарымен келісу бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді; 

      11-3) электрондық депозитарийді қалыптастырады және жүргізеді; 

      11-4) сараптама комиссиясын не сарапшыны тарту қажет болатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындайды; 

      11-5) келісу комиссиясының үлгілік ережесі мен жұмыс тәртібін бекітеді; 

      12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

      Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы