Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 24-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы  Iшкi су көлiгi туралы Заңы

24-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы  Iшкi су көлiгi туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

24-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы  Iшкi су көлiгi туралы Заңы 

       1. Кемелердiң iшкi су жолдарында тек қана Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуiне жол берiледi.  

       2. Кемелердiң шет мемлекеттiң туын көтерiп, оның iшiнде iшкi су жолдары арқылы транзит мақсатында жүзуi Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.  

       3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы:  

       1) мемлекеттiң;  

       2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiндегi кемелерге берiледi.   

       3) алып тасталды - 2006.01.31. № 125 Заңымен.  

       4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын пайдаланушы кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туымен жүзуге мiндеттi.  

      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтерiп жүзу құқығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде кемені мемлекеттiк тiркеген кезден бастап туындайды. 

      6. Алып тасталды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).  

      7. Кеменi жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiне мемлекеттiк тiркеу кезiнде аумақтық бөлiмше кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешiмде көрсетiлген мерзiмге шетелдік кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлiк бередi. 

       8. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерден меншiкке сатып алынған кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын Қазақстан Республикасының консулдық қызметi мұндай құқықты растаған және кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркелгенге дейiн күшi болатын уақытша куәлiк берген күннен бастап бiр жылдан аспайтын мерзiмде пайдаланады.  

       9. Кеменiң меншiк иесi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы туралы куәлiктi жоғалтқан жағдайда уәкiлеттi орган меншiк иесiнiң өтiнiшi бойынша оған аталған куәлiктiң дубликатын бередi. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы туралы куәлiктiң дубликатын беру тәртiбi Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасымен белгiленедi.  

       10. Кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен шығарылған күннен бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын жоғалтады.  

       11. Уәкiлеттi орган шешiмiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы шет мемлекеттiң кеме тiзiлiмiнде тiркелген, қазақстандық тұлға экипажсыз жалға алған (бербоут-чартер) кемеге:  

       1) жалға алушы осы баптың 3-тармағына сәйкес кеменiң меншiк иесiне қойылған талаптарға сай келетiн;  

       2) кеменiң меншiк иесi кеменiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуге ауысуына жазбаша нысанда келiсiм берген;  

       3) кеменiң меншiк иесi мемлекетiнiң заңдары кемеге шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзу құқығын беруге тыйым салмайтын жағдайда уақытша берiлуi мүмкiн.  

       12. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы осы баптың 11-тармағында көрсетiлген кемеге екi жылдан аспайтын мерзiмге, одан әрi қарай әрбiр екi жыл сайын, бiрақ жалға алу шартының қолданылу мерзiмiнен аспайтын уақытқа ұзарту құқығымен берiлуi мүмкiн.  

       13. Кеме шетелдiк тұлғаға экипажсыз жалға берiлген (бербоут-чартер) жағдайда кеменiң меншiк иесi осындай беруге жазбаша түрде келiсiм беру және кеменi жалға алушы мемлекеттiң заңдары кемеге мұндай мемлекеттiң туын көтерiп жүзу құқығына жол беру шартымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы уақытша тоқтатыла тұруы мүмкiн.  

       Кеменi шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзуге ауыстыру мүмкiндiгi туралы шешiмдi уәкiлеттi орган қабылдайды. Кеменi шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзуге ауыстыру мерзiмi кеменi жалға алу шартының қолданылу мерзiмiмен айқындалады.  

      Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.31. № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 574 Заңы. 

         Осы Заң кеме қатынасын жүзеге асыру, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау, шағын көлемді кемелерді пайдалану, оның ішінде ішкі су жолдары мен теңіз суларына жатпайтын су айдындарында пайдалану кезінде ішкі су көлiгi саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ олардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы