394-бап. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының
1 Көлік құралдарын не қолдан жасалған құжаттар не тұрғын немесе өзге де үй-жай беру, сондай-ақ азаматтарға, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының аумағы бойынша заңсыз келу, кету, орын ауыстыру үшін өзге де қызметтер көрсету арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастыру –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2 Адам өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып немесе адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған дәл сол іс-әрекет –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3 Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекет –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226#z1
Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың
нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы