51-3-бап. Толығымен Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар Өнеркәсіптік саясат туралы Заңы
1. Толығымен Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар:
1) Қазақстан Республикасының жер қойнауынан, оның аумағында не оның аумақтық теңізінде (өзге де ішкі су айдындарында) немесе оның түбінен не Қазақстан Республикасының аумағындағы атмосфералық ауадан өндірілген табиғи ресурстар (пайдалы қазбалар мен минералдық ресурстар, су, жер ресурстары);
2) Қазақстан Республикасында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері;
3) Қазақстан Республикасының аумағында жиналған немесе пайда болған түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтары.
2. Кең таралған пайдалы қазбаларды, Қазақстан Республикасының аумағында жиналған немесе пайда болған түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар немесе келісімшарттар туралы мәліметтерді пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган тізілімге енгізу үшін ұсынады.
3. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес көмірсутектерді немесе уранды өндіруге арналған келісімшарттар туралы мәліметтерді көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган тізілімге енгізу үшін ұсынады.
4. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар немесе келісімшарттар туралы мәліметтерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары тізілімге енгізу үшін ұсынады.
5. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері туралы мәліметтерді агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган тізілімге енгізу үшін ұсынады.
6. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсаттар туралы мәліметтерді жергілікті атқарушы органдар тізілімге енгізу үшін ұсынады.
7. Толығымен Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар туралы мәліметтерді тізілімге осы баптың 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтарына сәйкес ұсынылған мәліметтер негізінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган енгізеді.
Осы Заң өнеркәсіптік саясаттың негіз қалаушы қағидаттарын белгілейді әрі өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы