⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-бап. Мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

6-бап. Мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-бап. Мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы 

      1. Әлеуетті өнім беруші, егер: 

      1) осы әлеуетті өнім берушінің бірінші басшыларының және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жегжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі болып табылса; 

      2) әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның жұмыскері тапсырыс берушіге не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға өткізілетін мемлекеттік сатып алуды дайындау бойынша сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де жұмыстар, қызметтер көрсетсе және (немесе) көрсеткен болса, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеушінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу жөніндегі мемлекеттік сатып алуға қатысуын қоспағанда, мемлекеттік сатып алудың нысанасы құрылыс-монтаждау жұмыстары, техникалық қадағалауды жүзеге асыру және жобаны басқару жөніндегі инжирингтік көрсетілетін қызметтер болып табылатын объектінің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуге тапсырыс беруші, бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатысса, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқылы емес. 

      Бұл талап халықаралық құрылыс стандарттарына сәйкес іске асырылатын жобаларға қолданылмайды; 

      3) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнің басшысы мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiндегі заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты болса; 

      4) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнің басшысы мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болса; 

      5) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiнің басшысы болса; 

      6) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса; 

      7) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) баланстық құны тиісті негізгі қаражат құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынса; 

      8) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган оларды Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізсе; 

       Осы талап осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 27) және 36) тармақшаларында көзделген жағдайларда айқындалған әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілерге қолданылмайды; 

      9) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасының бейрезиденті – әлеуетті өнім беруші мемлекеттің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрса; 

      10) әлеуетті өнім беруші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) және (немесе) олардың басшысы, құрылтайшылары (акционерлері) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізілсе; 

      11) әлеуетті өнім беруші тіркелген жері салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер (офшорлық аймақтар) тізбесіне енгізілген мемлекет немесе аумақ болатын заңды тұлға болып табылса, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқылы емес. 

      1-1. Осы баптың 1-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген шектеулер Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiнде және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілерінің) тізбесінде тұрған әлеуетті өнім берушілерге де қолданылады. 

      2. Әлеуетті өнім беруші мен әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасының бір конкурс (аукцион) лотына қатысуға құқығы жоқ. 

      Құрылыс-монтаждау жұмыстарын мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім берушінің және оның үлестес тұлғасының сол бір құрылыс объектісінде инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқығы жоқ. 

      Инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім берушінің және оның үлестес тұлғасының сол бір құрылыс объектісінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқығы жоқ. 

      3. Мемлекеттік сатып алу соның мүдделерінде жүзеге асырылатын тапсырыс берушінің осындай сатып алуға әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға құқығы жоқ. 

      4. Осы баптың талаптарын бұзушылықтарды тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында анықтай алады. 

      5. Уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы осы баптың талаптарын бұзушылық фактілері анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұл жөнінде: 

      1) егер осындай факт мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғаннан кейін анықталған болса, тапсырыс берушіні; 

      2) егер осындай факт мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін анықталған болса, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны жазбаша хабардар етеді. 

      Бұл ретте осы фактіні растайтын құжаттардың көшірмелері хабарламаға қоса берілуге тиіс. 

      6. "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру агенттері мен сақтандыру брокерлері сақтандыру шартын жасасуға байланысты көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқылы емес. 

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-баптан қараңыз); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2024 № 74-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы