Лауазымды нұсқаулық
Құжат жүргізуші
Бұл нұсқаулық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы негізінде әзірленді Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22003 болып тіркелді. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес.
Лауазымдық міндеттері:
ұйымдастыру және есептеу техникасын пайдалану негізінде құжаттармен және құжаттық ақпаратпен жұмыстың технологиялық процестерін (есепке алу, орындалуын бақылау, жедел сақтау, анықтамалық жұмыс) әзірлейді және ендіреді;
басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің жұмысын жоспарлауға, ұйымдастыруға және жетілдіруге қатысады, іс қағаздарының жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
еңбектің эргонометриялық жағдайларын қамтамасыз ету, басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі дұмыскерлерінің жұмыс орындарын рационализациялау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
құжаттаманың біріздендірілген жүйелерін және түрлі мақсаттағы және түрлі басқару деңгейіндегі құжаттардың нысандарын, құжаттық ақпараттың сыныптауышын әзірлейді;
құжаттаманы жүргізу жүйелерін ендіруді ұйымдастырады;
құжаттардың және ақпараттық көрсеткіштердің құрамын ретке келтіру, олардың санын қысқарту және құжаттар ағынын оңтайландыру жөнінде шаралар қабылдайды;
мемлекеттік сақтауға өткізілген құжаттарды іріктеуге, құжаттарды сақтауды және құндылығын сараптауды ұйымдастыруға қатысады;
міндеттерді қоюға, автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді және басқару жүйелерін пайдалануға және жетілдіруге (ақпараттық қамтамасыз ету бойынша), сондай-ақ деректер қорлары мен банкілерін жобалау мен жандандырудың есептеу және микропроцессорлық техникасын қолдануға негізделетін ең жаңа ақпараттық технологияларды (оның ішінде компьютерлік) әзірлеуге қатысады;
басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибені зерделейді және жалпылайды, ұйымды құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі нормативтік әдістемелік құжаттар әзірлейді;
басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің кадрларын іріктеу, орналастыру және біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысқа қатысады.
Білуге тиіс:
басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етуге қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер;
басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметтерінің ұйымдастыру және есептеу техникасы базасында жоспарлау, жобалау тәртібі және жұмыс технологиясы;
құжаттамалық жүйелерді зерттеу, талдау, жобалау және дамыту әдістері;
құжаттарды ресімдеу, сыныптау, сақтау, құндылығын сараптау тәртібі;
архив ісін ұйымдастыру, құжаттарды қалыптастыру;
басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін жобалау және пайдалану бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттар;
деректер базалары мен банктерін бағдарламалау негіздері, жобалау және өзектендіру әдістері;
эргономика, әлеуметтік психология, социология негіздері;
басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы отандық және шетелдік тәжірибе;
экономика, өндірісті, еңбек және басқаруды ұйымдастыру негіздері;
еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
І санатты құжат жүргізуші: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және ІІ санатты құжат жүргізуші лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;
ІІ санатты құжат жүргізуші: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және санатсыз құжат жүргізуші лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
санатсыз құжат жүргізуші: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) бiлiм, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Нұсқаулықпен таныстым:
___________/__________________________
(подпись, Ф.И.О., дата)
«___»__________ 20___ж.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
007 Приложение №1 ДОЛЖНОСТНАЯ ИНСТРУКЦИЯ
6 рет жүктеп алынды -
001 Титулка
5 рет жүктеп алынды -
004 БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
5 рет жүктеп алынды -
006 Еңбек шарты Трудовой договор
3 рет жүктеп алынды -
008 Приложение № 2 о неразглашении конфиденциальной информации
5 рет жүктеп алынды -
009 Приложение № 3 о полной материальной ответственности
5 рет жүктеп алынды -
003 Перечень документов, необходимых при приеме на работу
5 рет жүктеп алынды -
002 Внутренняя опись
7 рет жүктеп алынды -
005 Кадр есебі жөніндегі ІС ПАРАҒЫ
5 рет жүктеп алынды