⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету туралы азаматтық даулар

Мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету туралы азаматтық даулар

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету туралы азаматтық даулар

Меншік құқығын тану туралы талап әртүрлі дәлелдемелерге негізделуі және әртүрлі тәсілдермен дәлелденуі мүмкін. Атап айтқанда, меншік құқығын тану туралы талап құқық белгілеуші құжаттармен, төлем құжаттарымен, куәлердің көрсетулерімен, сондай-ақ басқадай дәлелдемелермен дәлелденуі мүмкін.

Мүлікті бөтенің заңсыз иеленуінен талап ету. Меншік құқығын қорғаудың заттық-құқықтық тәсілдерінің бірі - меншік иесінің мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен талап етуі болып табылады.

Виндикациялық талаптың негізіне алынатын жағдай сол, мүліктің меншік иесінің иеліктен заңсыз алынуы, жалпы ереже бойынша меншік құқығын тоқтатпайды, сондықтан меншік иесі ол мүлікті өзінің иелігіне қайтаруды талап етуге құқылы. Меншік құқығының сақталуы туралы ережеге жатпйтын бір жағдай, ол - бұл мүлікті адал иемдену-шісінің иеленуі, одан мүлік белгілі бір мән-жайларға ғана талап етіледі.

Сонымен, мүлікті талап етуге мүліктің меншік иесінің ғана құқығы бар, ол виндикациялық талап қойғанда сол мүліктің өзіне меншік құқығында тиесілі екендігін дәлелдеуі тиіс, сонымен қатар меншік иесі даулы мүлікті иеленушінің іс жүзіндегі иелігінің заңсыз екендігін дәлелдеуге міндетті.

Бөтен мүлікті заңсыз және іс жүзінде иеленуші адам виндикациялық талап бойынша жауапкер болып табылады. Заңсыз иелену дегеніміз мүлікті қандай да бір құқықтық негіздерсіз іс жүзінде иемдену. Мысалы, егер қандай да бір адам мүлікті өз бетімен иеленсе ұрлап алса, олжаны сіңіріп кетсе,т.б. Мүлікке билік ету құқығы жоқ адамнан алынған мүлік те, ол жайында иелушінің білген білмегеніне қарамастан, заңсыз иеленгендік деп танылады. Яғни, заңсыз иелену заңсыз иеленгеннің әрекеттерінің айыптылығымен байланысты емес, онда заңсыз иеленудің объективтік сиппаты болса жеткілікті.

ҚР АІЖК-нің 260-бабына сәйкес, меншiк иесi өзгенiң заңсыз иеленген өз мүлкiн талап етуге құқылы. Мұндай талаптар талап қою бойынша іс жүргізу бойынша қаралады.

Жоғарыда келтірілген заң нормасына қарағанда, өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету туралы даулар бойынша дәлелдеу пәніне мынадай мәнжайлар жатады: талап етілген мүлікке меншік құқығы немесе басқа да заттық құқығының болуы; мүліктің жауапкерде болуы; соңғының иеленуі заңсыз болуы.

Мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету туралы талап мынадай негіздер бойынша сотқа оның орналасқан жері бойынша беріледі:

- талапкер талап етілген мүліктің иесі болуы қажет және бұл құқық белгілейтін құжаттармен дәлелденуі тиіс;

- мүлікке жауапкердің заңсыз иеленуінде болуы керек. Аталған талаптарды қарау барысында сот келесідей дәлелдемелерді сұратуы қажет:

- мүлік талапкердің атында екенін дәлелдейтін құқық белгілейтін құжаттарды;

- егер тұрғын үй болса үйді жауапкердің заңсыз иеленіп отырғаны туралы дәлелдемелерді, сотқа жүгіну кезінде талапкердің тұрғын үйге меншік құқығы тіркелгені туралы жылжымайтын мүліктерді тіркеу орталығынан анықтаманы және де КСК-дан жауапкердің аталған тұрғын үйде тұрып жатқаны туралы анықтаманы;

- аталған тұрғын үйге жауапкердің заңсыз орналасқанын негіздейтін дәлелдемелерді, мысалы, жауапкердің тұрғын үйді заңсыз иеленуі кезінде талапкердің уақытша болмағанын растайтын құжатты, куәлардың жауаптарын және т.б.

Аталған талап бойынша жауапкер ретінде тұрғын үйді заңсыз иеленген адам, сонымен қатар жауапкермен бірге тұрып жатқан кәмелетке толған жанұя мүшелері болады.

Әдетте, талапкер талап арызда көрсеткен өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайларды дәлелдесе, талап арыз қанағаттандырылады.

Сонымен, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы аудандық сотының 16 ақпан 2015 жылғы шешімімен талапкер «Наурыз 2003» ӨК-нің төрағасы К.Боранбаев, жауапкер Т.Байысовтан « Наурыз 2003» ӨК-не тиесілі көлемі 361,13 га жер телімінің кадастрлық № 19-293-052-015 санды, көлемі 84,45 га жер телімінің кадастрлық № 19-293-001-329- санды, көлемі 10,9 га жер телімінің кадастрлық № 19-293-050-032 санды, көлемі 1,66 га жер телімінің кадастрлық № 19-293-050-033 санды, көлемі 92,07 жер телімінің кадастрлық № 19-293-051-042 санды мемлекеттік актілерінің түпнұсқасын мәжбүрлеп қайтарып алуды сұраған талап арызы қаңағтатндырылған.

Соттың талапты қаңағататндыруға төмендегідей себептер негіз болған. Қазақстан Республикасы АК-нің 188-бабының 1-бөлігінің талабына сай, меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы бар.

Қазақстан Республикасының «Жер Кодексінің» 21-бабының 1-бөліміне сәйкес: меншік иесінің өзіне тиесілі жер учаскесін иеленуге, пайдалануға және оған билік ету құқығы бар. Ал, «Наурыз 2003» ӨК-не өзіне тиесілі көлемі 84,45 га, көлемі 10,9 га, көлемі 1,66 га, көлемі 92,07 га жер телімдерін иеленіп пайдаланып және билік ете алмауда. Өйткені осы азаматтық іс бойынша анықталғандай, «Наурыз 2003» ӨК-нің 21.07.2013 жылғы жалпы жиналысының қаулысымен жауапкер Т.Байысов, аталған ӨКтің төрағасының міндеттерін атқарудан босатылған, алайда ол жауапкер Т.Байысов жоғарыда аталған ӨК-тің жер телімдеріне қатысты құжаттар, яғни мемлекеттік актілердің түпнұсқасын осы уақытқа дейін заңсыз иеленіп, ӨКке қайтарып бермеген, бұл жайды тараптардың және куәнің жауаптарымен бекітілген.Бұл жерде талапкердің талабы заңды және негізді.

Қазақстан Республикасының АІЖК-нің 49-бабының 1-бөлімінің талабына сай талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талабының мөлшерін ұлғайтуға не азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы. Талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының мөлшерін ұлғайту немесе азайту, талаптан бас тарту жазбаша өтініш беру жолымен жүргізіледі және оларға бірінші сатыдағы сот шешімі қабылдағанға дейін жол беріледі.

Ал аталған азаматтық іс бойынша, талапкер өзінің сотқа түсірген талап арызындағы жауапкер Т.Байысовтан «Наурыз 2003» ӨК-не тиесілі көлемі 361,13 га жер телімінің кадастрлық № 19-293-052-015 санды, мемлекеттік актіні қайтарып алу туралы талабынан бас тартып сотқа арыз түсірген. Талапкердің осы талабына бас тартқандығы туралы арызы бойынша сот шешім қабылдаған.

Сондықтан сот талапкердің талап арызының мөлшерін азайту жайлы арызындағы көрсетілген талаптың шеңберінде қарауға жатады деп тапқан.

Қазақстан Республикасының АІЖК-нің 65-бабына сәйкес, әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән жайларды дәлелдеуі тиіс. Ал, тараптардан сот отырысында зерттелген дәлелдемелерден басқа қандайда дәлелдемелер ұсынбаған. Істің мұндай тұрғысында сот, талапкер «Наурыз 2003» ӨК-нің төрағасы К.Боранбаевтың талап арызын қанағаттандырып, жауапкер Т.Байысовтан «Наурыз 2003» ӨКне тиесілі көлемі 84,45 га жер телімінің кадастрлық № 19-293-001-329 санды, көлемі 10,9 га жер телімінің кадастрлық № 19-293-050-032 санды, көлемі 1,66 га жер телімінің кадастрлық № 19-293-050-033 санды, көлемі 92,07 жер телімінің кадастрлық № 19-293-051-042 санды мемлекеттік актілерінің түпнұсқасын мәжбүрлеп «Наурыз 2003» ӨК-не қайтарып алуға жатады деп сот негізді шешкен.

 

 

Нормативтік-құқықтық негізі:

Мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету туралы даулар бойынша қатынастарды реттейтін негізгі нормативтік актілер болып:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы,
  • Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі,
  • 2003 жылдың 20 маусымындағы №442 Қазақстан Республикасының жер кодексі,
  • 1997 жылдың 16 сәуіріндегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы,
  • 2007 жылдың 26 шілдесіндегі №310 «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және т.б.

 

Сонымен бірге соттар істі шешу кезінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының

  • «Азаматтардың тұрғын-жайларды жекешелендіру жөніндегі заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы» 1997 жылдың 18 шілдесіндегі №9,
  • «Тұрғын үйге меншік құқығы туралы заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы» 1999 жылдың 9 шілдесіндегі № 10,
  • «Меншік иесімен тасталған тұрғын үйге құқық жөніндегі дауларды соттардың қарау практикасы туралы» 2006 жылдың 20 сәуіріндегі №3,
  • «Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері туралы» 2007 жылғы 16 шілдедегі №5,
  • «Соттардың жер заңдарын қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2007 жылдың 16 шілдесіндегі №6 нормативтік Қаулыларын басшылыққа алады.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайынҚосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

      Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Алматы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Адвокат Қазақстан Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы