Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы органдарының бірыңғай бюджетінен қаржыландырылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы органдарындағы еңбекақы төлеу шарттары туралы ережені түсіндіру туралы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі шешімімен бекітілген
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Сотының 2006 жылғы 2 наурыздағы N 01-1/2-05 консультативтік қорытындысы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Соты мынадай құрамда:төрағалық етуші – Экономикалық Соттың Төрағасы А.Ш. Керімбаева,Экономикалық Соттың судьялары: Ф. Абдуллоев, С.Ж. Жолдыбаев, В.И. Мирошник, Т.Н. Молчанова, сот отырысының хатшысы Т.Е. Медведева,Экономикалық Соттың Бас кеңесшісі О.С. Курылеваның қатысуымен,Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесі Хатшылығының өкілі С.И. Карповтың қатысуымен,Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери ынтымақтастығын үйлестіру жөніндегі Штабтың түсіндіру туралы сұрауы бойынша істі ашық сот отырысында қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери ынтымақтастығын үйлестіру жөніндегі Штаб Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Сотына ТМД органдарының бірыңғай бюджетінен қаржыландырылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы органдарындағы еңбекақы төлеу шарттары туралы ережені бекіту жөніндегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі шешімімен бекітілген Ереженің (бұдан әрі – Ереже) 16, 18-тармақтарын қолдануға қатысты, Ереженің 18-тармағында белгіленген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің жұмыс органдары әскери қызметшілерінің ақшалай қамтылымының құрамдас бөлігі болып табылатын мемлекетаралық органдардағы қызметтің ерекше жағдайлары үшін жоғарылатушы коэффициенттің құқықтық табиғатын айқындау бөлігінде түсіндіру туралы сұраумен жүгінді.
Сұрау салудың негізі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерде Ереженің 18-тармағында белгіленген коэффициентті осы органдардан әскери қызметтен босатылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің жұмыс органдары әскери қызметшілеріне зейнетақы есептеу үшін лауазымдық айлықақыны айқындау кезінде қолдану мәселесі бойынша әртүрлі түсініктің қалыптасуы болды.
Түсіндіру туралы сұрауында Әскери ынтымақтастықты үйлестіру жөніндегі Штаб жоғарылатушы коэффициентті белгілеу нәтижесінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің жұмыс органдары әскери қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларының ұлғаюы орын алды ма деген мәселені түсіндіруді сұрайды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің 2005 жылғы 26 тамыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы органдарын жетілдіру және реформалау туралы шешіміне сәйкес Әскери ынтымақтастықты үйлестіру жөніндегі Штаб таратылды. Шешімнің 7.3-тармағына сәйкес оның құқықтық мирасқоры 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің Хатшылығы болып табылады, осыған байланысты ТМД Экономикалық Соты іс бойынша өтініш берушіні – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Әскери ынтымақтастығын үйлестіру жөніндегі Штабты оның құқықтық мирасқоры – ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің Хатшылығымен ауыстыру туралы ұйғарым шығарды.
Халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттарына сәйкес түсіндіру Шешімде пайдаланылған терминдердің олардың мәнмәтініндегі әдеттегі мағынасын, сондай-ақ осы актінің объектісі мен мақсаттарын ескере отырып жүзеге асырылды. Экономикалық Сот түсіндіру мақсатында қосымша дереккөздерге, атап айтқанда, түсіндірілетін Шешім жобасын әзірлеуге байланысты алдын ала материалдарға да жүгінді.
Баяндамашы судья В.П. Мирогиниктің баяндамасын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесі Хатшылығының өкілі С.И. Карповтың түсініктемелерін тыңдап, Экономикалық Соттың Бас кеңесшісі О.С. Курылеваның қорытындысын талқылап және іс материалдарын зерттеп, Экономикалық Сот мынадай қорытындыларға келді.
Ереже Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы органдарындағы еңбекақы төлеу құрылымы мен шарттарын, оның ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің, Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің, Ішкі істер министрлері кеңесінің жұмыс органдарының және ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Антитеррорлық орталығының әскери қызметшілерін, ішкі істер органдары қызметкерлерін және азаматтық персоналын айқындады.
ТМД Үкімет басшылары кеңесінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі Ережені бекіту туралы шешімінің преамбуласына сәйкес осы актіні қабылдаудың мақсаты ТМД органдарының бірыңғай бюджетінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы органдары лауазымды тұлғаларының, қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің және азаматтық персоналының ақшалай қамтылымын ретке келтіру болып табылады.
Экономикалық Соттың пікірінше, көрсетілген мақсат Достастық органдары қызметкерлерінің, оның ішінде әскери қызметшілердің ақшалай қамтылымының құрылымын, олардың еңбегіне ақы төлеу шарттарын айқындау және «үстемеақы», «жоғарылатушы коэффициент» сияқты ұғымдарды пайдалану кезінде бірыңғай тәсілдерді қолдануды негіздеді. Бұл Достастық органдарында еңбекақы төлеу шарттары туралы Шешім мен Ереже жобаларын талқылау жөніндегі мемлекеттер өкілдерінің отырыстарының материалдарымен расталады. Мемлекеттердің өкілдері сондай-ақ ТМД органдарының әскери қызметшілеріне еңбекақы төлеу жөніндегі өтемақы төлемдерін жүзеге асыруға құқық беретін осындай шешім қабылдау қажеттігін атап өтті. ТМД органдарының бірыңғай бюджетінен қаржыландырылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы органдарындағы еңбекақы төлеу шарттары туралы Ереже нормаларын түсіндіру кезінде Экономикалық Сот жоғарыда көрсетілген тәсілдерді ескерді.
Ереже мынадай мәселелерді реттейтін бөлімдерден тұрады:
а) ТМД Атқару комитетінің Төрағасы – Атқарушы хатшысының және ТМД Атқару комитетінің лауазымды тұлғаларының (бұдан әрі – Атқару комитетінің Төрағасы және лауазымды тұлғалары), Мемлекетаралық статистика комитетінің және ТМД Экономикалық Сотының ақшалай сыйақысы (2-бөлім). Ереженің ажырамас бөлігі болып ТМД Атқару комитетінің Төрағасы – Атқарушы хатшысының және ТМД Атқару комитетінің лауазымды тұлғаларының ақшалай сыйақы деңгейін айқындау тәртібі (Ережеге 1-қосымша) (бұдан әрі – Тәртіп) табылады;
б) ТМД Атқару комитеті, Мемлекетаралық статистика комитеті және ТМД Экономикалық Соты қызметкерлерінің ақшалай қамтылымы (3-бөлім);
в) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің, Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің, Ішкі істер министрлері кеңесінің жұмыс органдарының және ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Антитеррорлық орталығының әскери қызметшілерінің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің және азаматтық персоналының ақшалай қамтылымы (4-бөлім).
Ереженің 18-тармағында көзделген жоғарылатушы коэффициенттің құқықтық табиғатын анықтау мақсатында Экономикалық Сот Ереженің 2–4-бөлімдерінде көрсетілген тұлғалардың ақшалай сыйақысы мен ақшалай қамтылымы құрылымына салыстырмалы талдау жүргізуді қажет деп санайды.
Мәселен, Атқару комитетінің Төрағасы мен лауазымды тұлғаларының ақшалай сыйақысының құрылымына мыналар кіреді:
- базалық айлықақыны 3,33 коэффициентіне көбейту арқылы айқындалатын Атқару комитеті Төрағасының есептік айлықақысы (Тәртіптің 3-тармағы);
- мемлекетаралық ұйымдағы жұмыстың ерекше жағдайлары үшін және әлеуметтік әрі медициналық қызмет көрсетуге арналған шығыстарды өтеу мақсатында белгіленетін 1,6 мөлшеріндегі жоғарылатушы коэффициент (Тәртіптің 5-тармағы).
Осылайша, Ереже жаңа (есептік) айлықақы қалыптастырылатын 3,33 коэффициентінің және есептік айлықақыны осы коэффициентке көбейту арқылы ақшалай сыйақы мөлшерін арттыратын 1,6 мөлшеріндегі жоғарылатушы коэффициенттің құқықтық табиғатын нақты айқындайды.
Атқару комитетінің лауазымды тұлғаларының есептік айлықақылары Атқару комитеті Төрағасының есептік айлықақысына қатысты пайыздық арақатынаста Атқару комитетінің лауазымды тұлғаларының есептік айлықақыларын айқындау схемасына сәйкес белгіленеді.
Атқару комитеті қызметкерлерінің ақшалай қамтылымының құрылымына мынадай төлемдер енгізілген: лауазымдық айлықақы; лауазымдық айлықақыға үстемеақылар; жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақы (Ереженің 9-тармағы). Мемлекетаралық органдардағы қызметтің ерекше жағдайлары үшін Ереженің 11-тармағына сәйкес Атқару комитетінің қызметкерлеріне лауазымдық айлықақыға ай сайынғы үстемеақы көзделген.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің, Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің, Ішкі істер министрлері кеңесінің жұмыс органдарының және ТМД Антитеррорлық орталығының әскери қызметшілерінің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің және азаматтық персоналының ақшалай қамтылымы Ереженің 16-тармағына сәйкес мыналардан тұрады: әскери атағы бойынша айлықақы, лауазымдық айлықақы, лауазымдық айлықақыға үстемеақылар, жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақылар. Мемлекетаралық органдардағы қызметтің ерекше жағдайлары үшін Ереженің 16-тармағында көрсетілген әскери қызметшілер мен басқа да тұлғаларға лауазымдық айлықақыларға 1,3 (1,5) мөлшерінде жоғарылатушы коэффициент белгіленген (Ереженің 18-тармағы).
Осылайша, үстемеақы мен жоғарылатушы коэффициентті төлеудің бірыңғай негізі бар – мемлекетаралық органдардағы жұмыстың немесе қызметтің ерекше жағдайлары. Бұл «үстемеақы» және «жоғарылатушы коэффициент» ұғымдарының терминологиялық айырмашылығына қарамастан, олардың мәні жағынан тең екенін білдіреді. Атқару комитетінің Төрағасы мен лауазымды тұлғаларына жоғарылатушы коэффициенттің тек мемлекетаралық ұйымдағы жұмыстың ерекше жағдайлары үшін ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік және медициналық қамтамасыз етуге арналған шығыстарды өтеу мақсатында да белгіленуі (Тәртіптің 5-тармағы) оның үстемеақы ретіндегі құқықтық табиғатын өзгертпейді.
2003 жылғы 25 сәуірдегі ТМД органдарының бірыңғай бюджетінен қаржыландырылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы органдарындағы еңбекақы төлеу шарттары туралы Шешімді қабылдау мақсатын, ақшалай қамтылым құрылымын және оның құрамына кіретін төлемдердің мақсатын талдау негізінде Экономикалық Сот жоғарылатушы коэффициент пен лауазымдық айлықақыға үстемеақының құқықтық табиғаты бірдей деген қорытындыға келеді. Жоғарылатушы коэффициентті қолдану арқылы жүзеге асырылатын төлемдер (Ереженің 18-тармағы) жаңа айлықақы қалыптастырмайды, бірақ Ереженің 16-тармағында көрсетілген әскери қызметшілер мен басқа да тұлғалардың ақшалай қамтылымын арттырады.
Экономикалық Сот сондай-ақ Әскери ынтымақтастықты үйлестіру жөніндегі Штабтағы қызметі аяқталғаннан кейін әскери қызметшілерді зейнетақымен қамтамасыз ету әскери қызметшілер әскери қызмет кадрларында тұратын Достастық мемлекетінің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтеді (ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің 2000 жылғы 21 маусымдағы шешімімен бекітілген Әскери ынтымақтастықты үйлестіру жөніндегі Штаб туралы ереженің 27-тармағы). Достастыққа қатысушы кейбір мемлекеттердің (Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы) қолданыстағы заңнамасына сәйкес Әскери ынтымақтастықты үйлестіру жөніндегі Штабтан әскери қызметшілерді жіберген мемлекеттердің қорғаныс министрліктеріне іссапарға жіберілген әскери қызметшілердің зейнетақысын есептеу кезінде мемлекетаралық органдардағы қызметтің ерекше жағдайлары үшін белгіленген жоғарылатушы коэффициент есепке алынбай, лауазымдық айлықақы қолданылады.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Соты туралы ереженің 5, 16-тармақтарын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Соты Регламентінің 143, 148-тармақтарын басшылыққа ала отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Соты
ШЕШТІ:
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери ынтымақтастығын үйлестіру жөніндегі Штабтың, оның құқықтық мирасқоры 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің Хатшылығы болып табылатын органның сұрауы бойынша 2003 жылғы 25 сәуірдегі ТМД органдарының бірыңғай бюджетінен қаржыландырылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы органдарындағы еңбекақы төлеу шарттары туралы ережені бекіту жөніндегі ТМД Үкімет басшылары кеңесінің шешімімен бекітілген Ереженің 16, 18-тармақтарын қолдануға қатысты мынадай түсіндірме берілсін.
2003 жылғы 25 сәуірдегі ТМД органдарының бірыңғай бюджетінен қаржыландырылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы органдарындағы еңбекақы төлеу шарттары туралы ереженің 16-тармағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің, Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің, Ішкі істер министрлері кеңесінің жұмыс органдарының және ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Антитеррорлық орталығының әскери қызметшілерінің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің және азаматтық персоналының ақшалай қамтылымын ретке келтіру мақсатында көрсетілген тұлғалар санатының ақшалай қамтылымының құрамдас бөліктерін – лауазымдық айлықақыны, әскери атағы бойынша айлықақыны, лауазымдық айлықақыға үстемеақыларды, жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақыларды айқындайды.
ТМД Атқару комитетінің қызметкерлері үшін де әскери атағы бойынша айлықақыны қоспағанда, ақшалай қамтылымның осындай элементтері белгіленген (Ереженің 9-тармағы).
2003 жылғы 25 сәуірдегі ТМД органдарының бірыңғай бюджетінен қаржыландырылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы органдарындағы еңбекақы төлеу шарттары туралы ереженің 18-тармағында көзделген жоғарылатушы коэффициент өзінің құқықтық табиғаты бойынша үстемеақы болып табылады. Жоғарылатушы коэффициентті қолдану арқылы жүзеге асырылатын төлемдер жаңа айлықақы қалыптастырмайды, бірақ Ереженің 16-тармағында көзделген тұлғалар тобына жататын әскери қызметшілер мен басқа да тұлғалардың ақшалай қамтылымын арттырады.
Шешімнің көшірмесі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің Хатшылығына, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтеріне, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетіне жіберілсін.
Шешім Достастық басылымдарында және 1992 жылғы 6 шілдедегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Сотының мәртебесі туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
Шешім түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.
Төраға А.Ш. Керімбаева
Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар