Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Консультативтік қорытынды / 2006 жылғы 25 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорын құру туралы шарттың 3-бабының 1 және 3-тармақтарын, 2006 жылғы 25 мамырдағы Шартпен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қоры Жарғысының 4-бабын, 9-бабының бесінші бөлігін, 10-бабының төртінші бөлігін, 11-бабының бірінші бөлігін, 12-бабының 1 және 3-тармақтарын, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қоры органдарының қызметін қаржылық қамтамасыз ету және оның Атқарушы дирекциясының шекті штат санын бекіту туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің 2007 жылғы 25 мамырдағы шешімінің 1 және 3-тармақтарын (2008 жылғы 14 қарашадағы өзгерістерімен) түсіндіру туралы

2006 жылғы 25 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорын құру туралы шарттың 3-бабының 1 және 3-тармақтарын, 2006 жылғы 25 мамырдағы Шартпен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қоры Жарғысының 4-бабын, 9-бабының бесінші бөлігін, 10-бабының төртінші бөлігін, 11-бабының бірінші бөлігін, 12-бабының 1 және 3-тармақтарын, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қоры органдарының қызметін қаржылық қамтамасыз ету және оның Атқарушы дирекциясының шекті штат санын бекіту туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің 2007 жылғы 25 мамырдағы шешімінің 1 және 3-тармақтарын (2008 жылғы 14 қарашадағы өзгерістерімен) түсіндіру туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

2006 жылғы 25 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорын құру туралы шарттың 3-бабының 1 және 3-тармақтарын, 2006 жылғы 25 мамырдағы Шартпен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қоры Жарғысының 4-бабын, 9-бабының бесінші бөлігін, 10-бабының төртінші бөлігін, 11-бабының бірінші бөлігін, 12-бабының 1 және 3-тармақтарын, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қоры органдарының қызметін қаржылық қамтамасыз ету және оның Атқарушы дирекциясының шекті штат санын бекіту туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің 2007 жылғы 25 мамырдағы шешімінің 1 және 3-тармақтарын (2008 жылғы 14 қарашадағы өзгерістерімен) түсіндіру туралы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының 2012 жылғы 8 ақпандағы № 01-1/3-11 консультативтік қорытындысы

  • Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Соты құрамында:      төрағалық етуші – ТМД Экономикалық Сотының Төрағасы Л.Э. Каменкова,      ТМД Экономикалық Сотының судьялары: С.Ж. Жолдыбаев, А.Ш. Керімбаева, Т.Н. Молчанова,      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорының өкілі И.М. Рыбаковтың, ТМД Экономикалық Сотының Бас кеңесшісі Е.Б. Леановичтің, маман А.И. Зыбайлоның қатысуымен,      сот отырысының хатшысы Т.Е. Медведеваның қатысуымен,      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорының түсіндіру туралы сұрауы бойынша істі ашық сот отырысында қарап,
  •     АНЫҚТАДЫ:
  •     Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қоры (бұдан әрі – МГЫМҚ, Қор) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Сотына 2006 жылғы 25 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорын құру туралы шарттың (бұдан әрі – 2006 жылғы 25 мамырдағы шарт, Шарт) 3-бабының 1 және 3-тармақтарын, 2006 жылғы 25 мамырдағы Шартпен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қоры Жарғысының (бұдан әрі – Қор жарғысы, Жарғы) 4-бабын, 9-бабының бесінші бөлігін, 10-бабының төртінші бөлігін, 11-бабының бірінші бөлігін, 12-бабының 1 және 3-тармақтарын, сондай-ақ ТМД Үкімет басшылары кеңесінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қоры органдарының қызметін қаржылық қамтамасыз ету және оның Атқарушы дирекциясының шекті штат санын бекіту туралы 2007 жылғы 25 мамырдағы шешімінің (2008 жылғы 14 қарашадағы өзгерістерімен) 1 және 3-тармақтарын МГЫМҚ мүлкінің құқықтық режимі бөлігінде түсіндіру туралы сұраумен жүгінді.
  • Өтініш берушінің пікірінше, ТМД Үкімет басшылары кеңесінің 2007 жылғы 25 мамырдағы аталған шешімі (2008 жылғы 14 қарашадағы өзгерістерімен) Қордың мүлкін 2006 жылғы 25 мамырдағы Шартқа қатысушы мемлекеттердің ерікті жарналары есебінен қалыптастыру және Қордың қаражатына (мүлкіне) билік ету тәртібі туралы Қордың құрылтай құжаттарының ережелерімен қайшылыққа түседі.
  • МГЫМҚ мынадай сұрақтарға жауап беруді сұрайды:
  • Қордың жарғылық мақсатын іске асыру Қордың Атқарушы дирекциясын ұстауды қаржыландыруды көздей ме;
  • Қордың қаржы-шаруашылық қызметі бюджет қалыптастыру және қаражатты жұмсау бөлігінде қатысушы мемлекеттердің бақылауына жата ма.
  • Баяндамашы судья Л.Э. Каменкованың, өтініш берушінің өкілі И.М. Рыбаковтың баяндамаларын тыңдап, түсіндірілетін нормалар мен Достастық шеңберінде қолданылатын, МГЫМҚ қызметінің мәселелерін реттейтін өзге де қолданыстағы актілердің нормаларын талдап, Қор мен Достастыққа қатысушы мемлекеттердің ақпаратын және істің басқа да материалдарын зерделеп, ТМД Экономикалық Сотының Бас кеңесшісі Е.Б. Леанович пен маман А.И. Зыбайлоның қорытындыларын талқылай келе, ТМД Экономикалық Соты мынаны атап өтеді.

2006 жылғы 25 мамырдағы Шарттың және Қор жарғысының нормаларын түсіндіру 1969 жылғы 23 мамырдағы Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясының 31-бабының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады – шарт оның терминдеріне олардың мәнмәтінінде берілетін әдеттегі мағынасына сәйкес, сондай-ақ шарттың объектісі мен мақсаттары тұрғысынан адал ниетпен түсіндірілуге тиіс (1-тармақ); мәнмәтінмен қатар шартты қолданудың оған қатысушылардың оны түсіндіруге қатысты келісімін белгілейтін кейінгі практикасы ескеріледі (3-тармақ).

  • Қордың құрылтай құжаттары 2006 жылғы 25 мамырдағы Шарт және оның ажырамас бөлігі болып табылатын Қор жарғысы болып табылады. Шартқа қатысушы мемлекеттер: Әзербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы.
  • Қорды құру кезінде Шарт Тараптары 2005 жылғы 8 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығы туралы декларацияның (бұдан әрі – 2005 жылғы 8 мамырдағы Декларация) және 2005 жылғы 26 тамыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығы туралы Келісімнің (бұдан әрі – 2005 жылғы 26 тамыздағы Келісім) ережелерін басшылыққа алған.

Қордың жарғылық мақсаты Қордың Атқарушы дирекциясын ұстауды қаржыландыруды көздей ме деген мәселені зерттей отырып, Сот мынаны атап өтеді.

  • Жарғының 4-бабына сәйкес, «Қордың мақсаты Кеңеспен келісілген гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы іс-шараларды (жобаларды) қаржыландыруды қамтамасыз ету болып табылады».
  • 2005 жылғы 8 мамырдағы Декларация мен 2005 жылғы 26 тамыздағы Келісімнің ережелерін ескере отырып, гуманитарлық ынтымақтастық мәдениет, білім беру, ғылым және технологиялар, ақпарат және ақпараттық технологиялар, дене шынықтыру және спорт, ұлттық мәдениеттер мен дәстүрлер, туризм және жастар қозғалысы салаларындағы іс-шаралар мен жобаларды іске асыруды қамтиды. Қаржыландырылатын іс-шаралардың түрлері 2005 жылғы 26 тамыздағы Келісімнің 2–9-баптарында егжей-тегжейлі көрсетілген. Бұл ретте аталған Келісімнің 12-бабында «осы Келісім бойынша бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыру тиісті халықаралық шарттар негізінде жүзеге асырылады» деп көзделген. Соттың пікірінше, 2006 жылғы 25 мамырдағы Шарт дәл осындай халықаралық-құқықтық акт болып табылады.

Жарғының 4-бабының нормасынан гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы іс-шараларды (жобаларды) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесімен (бұдан әрі – Кеңес) келісу міндетті болып табылатыны туындайды. Бұл Қордың қызметін Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесімен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыратын ерекшелігіне байланысты (Жарғының 3-бабы, 2006 жылғы 28 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесі туралы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесі туралы ереженің 2.6-тармағы). МГЫМҚ мен Кеңес қызметтің нысаналы мәселелері бойынша да, Қор органдарының жұмыс істеуі мәселелері бойынша да бірлескен шешімдер қабылдайды. Мәселен, МГЫМҚ мен Кеңестің бірлескен отырыстарында өткізілетін іс-шаралардың сметалары мен жобаларды іске асыру туралы есептер (Кеңес пен МГЫМҚ Басқармасының 2008 жылғы 8–9 ақпандағы № 3 бірлескен отырысының хаттамасы, Кеңес пен МГЫМҚ Басқармасының 2010 жылғы 20 желтоқсандағы бірлескен отырысының хаттамасы), Қор органдары туралы ережелер (Кеңес пен МГЫМҚ Басқармасының 2007 жылғы 11 қарашадағы № 2 бірлескен отырысының хаттамасы) бекітіледі. Кеңес МГЫМҚ-ның атқарылған жұмысы, қаржылық және материалдық қаражатты пайдалануы туралы есепті, алдағы жылға жоспарланған іс-шаралар туралы есепті қарайды (Жарғының 9-бабының бесінші бөлігі), МГЫМҚ Қамқоршылық кеңесінің дербес құрамын және ол туралы ережені бекітеді (Жарғының 11-бабының екінші және үшінші бөліктері).

  • Сот Қор 2005 жылғы 26 тамыздағы Келісімнің 10-бабына сәйкес «гуманитарлық саладағы жұмысты үйлестіру үшін» құрылған Кеңестің іс-шараларын қаржыландыруды қамтамасыз етуге арналған деп есептейді.
  • Шарттың 3-бабының 3-тармағына және Жарғының 12-бабының 3-тармағына сәйкес, Қордың Жарғыда айқындалған мақсаттарын орындауға Қордың мүлкі бағытталады. 2006 жылғы 25 мамырдағы Шарттың 3-бабының 1-тармағында және Жарғының 12-бабының 1-тармағында «Қордың мүлкі Тараптардың мәдениет, білім беру, ғылым, мұрағат ісі, ақпарат және бұқаралық коммуникациялар, спорт, туризм және жастармен жұмыс салаларындағы бірлескен іс-шараларға (жобаларға) арналған ерікті жарналары түріндегі қаржылық және материалдық қаражат, ресурстар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер есебінен; заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналары мен қайырымдылықтары есебінен; қайырымдылық және мәдени іс-шараларды, лотереяларды өткізуден түсетін түсімдер есебінен; Қор орналасқан мемлекеттің қолданыстағы заңнамасында және Қордың жарғылық қызметі жүзеге асырылатын мемлекеттердің аумағында қолданыстағы заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады» деп белгіленген.
  • Шарттың 3-бабының 1 және 3-тармақтарының, Жарғының 12-бабының 1 және 3-тармақтарының және Жарғының 4-бабының ережелерін өзара байланыстыра отырып түсіндіру Сотқа Қордың мүлкі тек Кеңеспен келісілген гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы іс-шараларды (жобаларды) қаржыландыруға ғана пайдаланылуы мүмкін деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Қордың құрылтай құжаттарында басқа Қор органдарынан айырмашылығы тұрақты негізде жұмыс істейтін Атқарушы дирекцияны ұстауды қаржыландыру көзделмеген. Бұл мәселені мемлекеттер 2007 жылғы 25 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қоры органдарының қызметін қаржылық қамтамасыз ету және оның Атқарушы дирекциясының шекті штат санын бекіту туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің шешімімен (бұдан әрі – 2007 жылғы 25 мамырдағы шешім) реттеген.

  • Шешімнің 1-тармағында Қордың Атқарушы дирекциясын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру 2006 жылғы 25 мамырдағы Шартқа қатысушы мемлекеттердің үлестік жарналары есебінен жүзеге асырылатыны айқындалған.
  • 2007 жылғы 25 мамырдағы шешімге Армения Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы қол қойған. Депозитарийдің деректері бойынша, шешімге Әзербайжан Республикасы мен Беларусь Республикасы қосылған.
  • Қорды қалыптастыру тетігін жетілдіру мақсатында 2008 жылғы 14 қарашада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қоры органдарының қызметін қаржылық қамтамасыз ету және оның Атқарушы дирекциясының шекті штат санын бекіту туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің 2007 жылғы 25 мамырдағы шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімі (бұдан әрі – 2008 жылғы 14 қарашадағы шешім) қабылданды. Шешімге Әзербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы қол қойған.
  • Атқарушы дирекцияны ұстауға арналған шығыстарды Шартқа қатысушы мемлекеттердің үлестік жарналары есебінен қаржыландыру туралы 2007 жылғы 25 мамырдағы шешімнің 1-тармағының редакциясы өзгеріссіз қалды, алайда 2-тармақта қатысушы мемлекеттердің үлестік жарналары мөлшерінің шкаласы түзетілді. Осыған байланысты ТМД Экономикалық Соты 2007 жылғы 25 мамырдағы шешімді 2008 жылғы 14 қарашадағы өзгерістерімен түсіндіруді жүзеге асырады.
  • Қордың Атқарушы дирекциясын ұстауды қаржыландыру тәртібі Қор Басқармасының шешімімен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорының Атқарушы дирекциясы туралы ережеде де көрініс тапқан (2007 жылғы 19 маусымдағы № 1 хаттама). Атап айтқанда, Ереженің 12-тармағында «қаржыландыру тәртібі ТМД Үкімет басшылары кеңесінің шешімімен айқындалады» деп белгіленген.
  • Қордың құрылтай құжаттарына және 2007 жылғы 25 мамырдағы шешімге (2008 жылғы 14 қарашадағы өзгерістерімен) сәйкес, Қордың мүлкі мен Қордың Атқарушы дирекциясын ұстауға арналған шығыстар қалыптастыру көздері бойынша да, нысаналы мақсаты бойынша да ажыратылады. Қордың мүлкі негізінен ерікті жарналар есебінен қалыптастырылады және тек Кеңеспен келісілген гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы іс-шараларды (жобаларды) қаржыландыруды қамтамасыз етуге ғана бағытталуы мүмкін. Қордың Атқарушы дирекциясын ұстауға арналған шығыстар 2007 жылғы 25 мамырдағы шешімде 2008 жылғы 14 қарашадағы шешіммен енгізілген өзгерістерді ескере отырып айқындалған мөлшердегі Шартқа қатысушы мемлекеттердің үлестік жарналарынан тұрады.
  • Бұл ретте Сот ТМД Үкімет басшылары кеңесінің 2011 жылғы 18 қазандағы шешімімен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорының Атқарушы дирекциясын ұстауға арналған шығыстар сметасын қалыптастыру және орындау тәртібі туралы ережені (бұдан әрі – 2011 жылғы 18 қазандағы шығыстар сметасы туралы ереже) ескеру қажет деп санайды. Аталған құжатта Қордың Атқарушы дирекциясының шығыстар сметасы 2006 жылғы 25 мамырдағы Шартқа қатысушы мемлекеттердің үлестік жарналары есебінен орындалатыны, олардың мөлшері ТМД Үкімет басшылары кеңесінің тиісті шешімімен айқындалатыны және сметаға түсетін түсімдер Қордың Атқарушы дирекциясын ұстауды қаржыландыруға бағытталатыны белгіленген (2.1, 2.2-тармақтар).
  • ТМД Экономикалық Сотына ұсынылған Қор ақпараты (МГЫМҚ Басқармасының 2011 жылғы 17 наурыздағы № 14 хаттамасына № 10 қосымша) бойынша 2010 жылдың қорытындысы бойынша 2007 жылғы 25 мамырдағы шешімге (2008 жылғы 14 қарашадағы өзгерістерімен) қол қойған барлық мемлекеттерден үлестік жарналардың түскені туралы мәліметтер Шартқа қатысушы мемлекеттердің ТМД Үкімет басшылары кеңесі белгілеген Қордың Атқарушы дирекциясын ұстауды қаржыландыру тәртібін ұстанатынын куәландырады.
  • Қордың 2011 жылғы 29 қарашадағы хабарламасына сәйкес, «Атқарушы дирекцияны ұстауға арналған ақша қаражаты осы мақсаттар үшін ғана арнайы ашылған Қордың жеке банктік есеп айырысу шотына, яғни “Қордың Атқарушы дирекциясын ұстауға арналған нысаналы түсімдер шотына” түседі». Бұл ретте Қордың бірлескен іс-шараларға (жобаларға) арналған қаржы қаражатының нысаналы түсімдеріне арналған шоттары бар.

Тәжікстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 жылғы 3 қарашадағы № 21 (б)-2/2148 хатынан 2008 жылғы 14 қарашадағы шешімге қол қойылғаннан кейін және қазіргі уақытқа дейін Тәжікстан Республикасы ақша қаражатын МГЫМҚ бюджетіне және Атқарушы дирекцияны ұстауға бөлек аударатыны туындайды.

  • Осылайша, ТМД Экономикалық Соты 2006 жылғы 25 мамырдағы Шартқа қатысушы мемлекеттер Қордың жарғылық мақсаты ретінде Кеңеспен келісілген гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы іс-шараларды (жобаларды) қаржыландыруды қамтамасыз етуді айқындады деп есептейді. Қордың жарғылық мақсатын іске асыру Атқарушы дирекцияны ұстауды қаржыландыруды көздемейді. Қордың Атқарушы дирекциясын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру ТМД Үкімет басшылары кеңесі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
  • ТМД Экономикалық Соты Қордың қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыру тәртібін реттейтін Қор жарғысының 9-бабының бесінші бөлігін, 10-бабының төртінші бөлігін, 11-бабының бірінші бөлігін және 2007 жылғы 25 мамырдағы шешімнің 3-тармағын түсіндіру кезінде мынаны атап өтеді.
  • Қор органдарының құрылымына Қор Басқармасы, Атқарушы дирекция және Қамқоршылық кеңес кіреді, олардың функцияларына басқа мәселелермен қатар Қордың қаржы-шаруашылық қызметінің мәселелері де жатады.
  • Қордың жоғары органы – Қордың Басқармасы – Қор Құрылтайшыларының уәкілетті өкілдерінен тұрады (Жарғының 8-бабының екінші бөлігі). Жарғының 9-бабының бесінші бөлігіне сәйкес, Қор Басқармасы Қор қызметінің бағдарламасын жасайды; Қор қаражатын оның мақсаттарына сәйкес пайдалану тәртібі туралы шешімдер қабылдайды; Қор бөлген қаражат шегінде Қор мақсаттарын шешуге бағытталатын ассигнованиелердің мөлшерін айқындайды; Қордың жылдық балансын және қаржылық әрі материалдық қаражатты пайдалану туралы есепті бекітеді; Қор қызметіне жүргізілген тексерулер мен ревизиялардың материалдарын қарайды; Қор қызметіне байланысты өзге де мәселелерді қарайды.

Қордың атқарушы органы – Атқарушы дирекция.

  • Жарғының 10-бабының төртінші бөлігіне сәйкес, Қордың Атқарушы дирекциясының шығыстар сметасы Қор Басқармасында қаралады және бекітіледі.
  • Жарғының 11-бабының бірінші бөлігінің қағидаларына сәйкес, Қордың қызметіне, Қор Басқармасы мен Атқарушы дирекциясының шешімдер қабылдауына, олардың орындалуын қамтамасыз етуге, Қор қаражатын пайдалануға және Қордың өзі орналасқан мемлекеттің заңнамасын сақтауына бақылау жасау үшін Қордың Қамқоршылық кеңесі құрылады. ТМД Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесі мен МГЫМҚ Басқармасының 2007 жылғы 11 қарашадағы № 2 бірлескен отырысының хаттамасымен бекітілген ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорының Қамқоршылық кеңесі туралы ереженің 7-тармағына сәйкес, Қордың Қамқоршылық кеңесінің құрамына 2006 жылғы 25 мамырдағы Шартқа қатысушы мемлекеттердің өкілдері, ТМД салалық ынтымақтастық органдарының басшылары және басқа да тұлғалар кіреді. Бұл орган Қордың Атқарушы дирекциясынан өз функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті қаржы-шаруашылық құжаттары мен ақпаратты сұратуға, Қордың Атқарушы директоры тарапынан бұзушылықтар мен теріс пайдаланушылықтар анықталған жағдайда Басқарманың кезектен тыс отырысын шақыруға бастамашылық жасауға, анықталған қаржылық тәртіп бұзушылықтарды және Қор қаражатын тиімсіз пайдалануды жою жөнінде Басқармамен бірлесіп шаралар қабылдауға құқылы (Қамқоршылық кеңес туралы ереженің 5-тармағы).
  • Түсіндірілетін актілердің ережелерін талдау мемлекеттердің уәкілетті өкілдері арқылы Қордың мақсаттары мен Жарғысын іске асыруға бағытталған қаражатты бөлуге (Жарғының 5-бабы екінші бөлігінің үшінші абзацы) Қор Басқармасының құрамында қатысатынын және Басқармаға берілген функциялар арқылы бақылау өкілеттіктерін жүзеге асыратынын көрсетеді. Мемлекеттер Қордың Қамқоршылық кеңесінің құрамындағы өз өкілдері арқылы да осындай өкілеттіктерін іске асырады.

Өтініш беруші түсіндіруді сұраған 2007 жылғы 25 мамырдағы шешімнің 3-тармағымен Қордың Атқарушы дирекциясына бөлінетін ақша қаражатын пайдалану тәртібіне бақылау енгізілген, ол 2006 жылғы 25 мамырдағы Шартқа қатысушы мемлекеттердің ревизорлар комиссиясы арқылы оның қаржылық және шаруашылық қызметіне жыл сайын ревизия жүргізу жолымен жүзеге асырылған. Бұл норма ТМД Үкімет басшылары кеңесінің 2011 жылғы 18 қазандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорының Атқарушы дирекциясының қаржы-шаруашылық қызметіне құжаттамалық ревизиялар жүргізу туралы ережесі жөніндегі шешімінің 2-тармағына сәйкес күшін жойған деп танылды. Осыған байланысты Сот аталған Ережеде қамтылған қағидаларға жүгінуді қажет деп санайды.

  • 2011 жылғы 18 қазандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорының Атқарушы дирекциясының қаржы-шаруашылық қызметіне құжаттамалық ревизиялар жүргізу туралы ережеде (бұдан әрі – 2011 жылғы 18 қазандағы құжаттамалық ревизиялар туралы ереже) Қордың Атқарушы дирекциясына ревизиялар 2006 жылғы 25 мамырдағы Шартқа қатысушы мемлекеттердің өкілдерімен Қор Басқармасының шешімі бойынша, бірақ екі жылда кемінде бір рет жүргізілетіні белгіленген.
  • Қаржылық бақылау 2006 жылғы 25 мамырдағы Шартқа қатысушы мемлекеттердің уәкілетті органдары заңдылықты және тиімді пайдалануды, сондай-ақ Қордың Атқарушы дирекциясын ұстауға және ұйымдастырушылық сипаттағы іс-шараларды өткізуге бағытталған ақша қаражатының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын мемлекетаралық қаржылық бақылау ретінде айқындалған (2011 жылғы 18 қазандағы шығыстар сметасы туралы ереженің 1.2-тармағының алтыншы және он бірінші абзацтары). Ереженің VII бөлімінде шығыстар сметасы жобасын қалыптастыру кезеңдерінде Қор Басқармасы мен 2006 жылғы 25 мамырдағы Шартқа қатысушы мемлекеттердің уәкілетті органдары жүзеге асыратын алдын ала қаржылық бақылау, сондай-ақ 2006 жылғы 25 мамырдағы Шартқа қатысушы мемлекеттердің өкілдері жүргізетін Қордың қаржы-шаруашылық қызметіне ревизиялар жүргізу көзделген.
  • 2011 жылғы 18 қазандағы құжаттамалық ревизиялар туралы ереже мен 2011 жылғы 18 қазандағы шығыстар сметасы туралы ереженің мазмұнын талдау көрсеткендей, олар 2006 жылғы 25 мамырдағы Шартқа қатысушы мемлекеттердің үлестік жарналары түрінде түсетін Қордың Атқарушы дирекциясын ұстауға арналған ақша қаражатын жұмсауды бақылау мәселелерін реттейді. Қордың құрылтай құжаттары 2006 жылғы 25 мамырдағы Шартқа қатысушы мемлекеттердің ерікті жарналары есебінен қалыптастырылатын Қор мүлкінің жұмсалуын бақылауды реттейді.
  • Сонымен қатар, Шарт пен Жарғы қатысушы мемлекеттердің бақылау өкілеттіктерін Қор органдары (Басқарма мен Қамқоршылық кеңес) арқылы жүзеге асыруды көздейді. 2011 жылғы 18 қазандағы құжаттамалық ревизиялар туралы ереже мен 2011 жылғы 18 қазандағы шығыстар сметасы туралы ереженің нормалары қатысушы мемлекеттердің тікелей бақылау жүргізу мүмкіндігіне жол береді. Мәселен, уәкілетті органдар (мемлекеттік бюджеттерді қалыптастыру және орындау функциялары жүктелген мемлекеттік билік органдары) Қордың Атқарушы дирекциясына шығыстар сметасының жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстар жібереді, ал келіспеушіліктер болған жағдайда ескертулер мемлекеттік сарапшылар деңгейінде қаралады (2011 жылғы 18 қазандағы шығыстар сметасы туралы ереженің 3.5-тармағы). Қатысушы мемлекеттер Қордың Атқарушы дирекциясына ревизия жүргізу үшін ревизорларды іссапарға жібереді, ревизия материалдарын танысу және оның нәтижелерін іске асыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау үшін алады, сондай-ақ қаржылық тәртіп бұзушылық фактілері анықталған жағдайда ұлттық бюджеттерден қаржыландыруды тоқтата тұруға немесе нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған ақша қаражатын қайтаруды талап етуге құқылы (2011 жылғы 18 қазандағы құжаттамалық ревизиялар туралы ереженің 3.1, 4.7, 4.10-тармақтары). Ревизия нәтижелері туралы ақпарат Қор Басқармасының отырысынан кейін ТМД Үкімет басшылары кеңесінің қарауына енгізіледі. Қордың Атқарушы дирекциясының қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізілген ревизия барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою тәртібі ТМД Үкімет басшылары кеңесінің шешімімен айқындалады.
  • Осылайша, ТМД Экономикалық Соты Қордың бюджет қалыптастыру және қаражатты жұмсау бөлігіндегі қаржы-шаруашылық қызметі 2006 жылғы 25 мамырдағы Шартқа қатысушы мемлекеттердің бақылауына жатады деп есептейді.
  • Жоғарыда баяндалғандардың негізінде және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Соты туралы ереженің 5, 16-тармақтарын және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Соты Регламентінің 1271-тармағын басшылыққа ала отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Соты мынадай қорытындыларға келді.
  •  
    1. 2006 жылғы 25 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорын құру туралы шартқа қатысушы мемлекеттер Қордың жарғылық мақсаты ретінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесімен келісілген гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы іс-шараларды (жобаларды) қаржыландыруды қамтамасыз етуді айқындады.

Қордың жарғылық мақсатын іске асыру Қордың Атқарушы дирекциясын ұстауды қаржыландыруды көздемейді.

Қордың Атқарушы дирекциясын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

  •  
    1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорының бюджет қалыптастыру және қаражатты жұмсау бөлігіндегі қаржы-шаруашылық қызметі қатысушы мемлекеттердің бақылауына жатады.
  •  
    1. Консультативтік қорытындының көшірмесі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорына жіберілсін, мәлімет үшін – ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің үкіметтеріне, ТМД Атқарушы комитетіне, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесіне, ТМД Экономикалық кеңесіне жіберілсін.
  •  
    1. Консультативтік қорытынды 1992 жылғы 6 шілдедегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Сотының мәртебесі туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің басылымдарында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
  • Төраға                               Л.Э. Каменкова

 

Конституция Заң Кодекс Норматив Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулар Қорғау Төрелік Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар