Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конвенция / Резолюция / Концепция / Еуразиялық экономикалық одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру тұжырымдамасы туралы

Еуразиялық экономикалық одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру тұжырымдамасы туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Еуразиялық экономикалық одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру тұжырымдамасы туралы

Еуразиялық Жоғары экономикалық кеңестің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 8 шешімі

РЦПИ ескертпесі! Шешім 01.06.2016 бастап күшіне енеді – Еуразиялық экономикалық одақтың сайты.

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 84-бабының 2-тармағына және 104-бабының 6-тармағына сәйкес Еуразиялық Жоғары экономикалық кеңес шешті:

Еуразиялық экономикалық одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру жөніндегі қоса беріліп отырған Тұжырымдамасы бекітілсін.

Еуразиялық Жоғары экономикалық кеңестің мүшелері:

| || - |

Армения Республикасынан

| || - |

Беларусь Республикасынан

| || - |

Қазақстан Республикасынан

| || - |

Қырғыз Республикасынан

| || - |

Ресей Федерациясынан

БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық Жоғары экономикалық кеңестің2016 жылғы 31 мамырдағы № 8 шешімімен

Еуразиялық экономикалық одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

I. Жалпы ережелер

      Осы Тұжырымдама 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 84-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ) Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыруын қамтамасыз етуге бағытталған.

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру кезінде мыналар ескеріледі:

      халықаралық шарттармен айқындалатын мүше мемлекеттердің қолданыстағы өзара қарым-қатынастары мен міндеттемелері;

      мүше мемлекеттердің ұлттық нарықтарының жұмыс істеу және даму ерекшеліктері;

      мүше мемлекеттердің ішкі тұтынушыларын басымдықпен қамтамасыз ету;

      мүше мемлекеттердің заңнамасы;

      ортақ энергетикалық нарықтарды қалыптастырудың халықаралық тәжірибесі.

II. Ұғымдар мен анықтамалар

      Осы Тұжырымдаманың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады, олар мыналарды білдіреді:

      «мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелеріне қол жеткізу» – мүше мемлекеттердің табиғи монополия субъектілері басқаратын мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелерін мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау үшін пайдалану құқығын беру;

      «мұнай және мұнай өнімдері» – Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне сәйкес айқындалған тауарлар;

      «Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтары» – мүше мемлекеттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті мүше мемлекеттердің аумақтарында мұнай мен мұнай өнімдерін өндіру, тасымалдау, жеткізу, өңдеу және өткізу саласындағы мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің сауда-экономикалық қатынастарының жиынтығы;

      «биржалық сауда операторы» – мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары бекіткен қағидаларға сәйкес мұнай мен мұнай өнімдері бойынша биржалық сауданы өткізу қызметтерін көрсететін заңды тұлға;

      «мұнай қоймасы мен қойма инфрақұрылымының операторы» – мүше мемлекеттің аумағында мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау қызметтерін көрсететін заңды тұлға;

      «мүше мемлекеттің мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жүйесінің операторы» – мүше мемлекеттің аумағындағы мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жүйесі бойынша мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдау қызметтерін, сондай-ақ мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жүйесін жедел-диспетчерлік басқару қызметтерін көрсететін заңды тұлға;

      «мұнай мен мұнай өнімдерін тұтынушы» – мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін өзінің өндірістік және (немесе) өзге де шаруашылық қажеттіліктері үшін сатып алатын заңды тұлға;

      «мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жүйесі» – мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдау (айдау) үшін пайдаланылатын магистральдық құбыржолдар мен көліктің басқа түрлерінің көлік құралдарының жиынтығы;

      «мұнай мен мұнай өнімдерінің транзиті» – жөнелту және межелі пункттері осы мүше мемлекеттің аумағынан тыс жерде орналасқан мұнай мен мұнай өнімдерін мүше мемлекеттің аумағы арқылы өткізу (тасымалдау);

      «мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау» – жөнелтушіден қабылдау пунктінен алушыға тапсыру пунктіне дейін мұнай мен мұнай өнімдерін кез келген тәсілмен, оның ішінде құбыржол көлігін пайдалана отырып, орнын ауыстыруға бағытталған әрекеттерді жасау, соның ішінде ағызу, құю, көліктің басқа түріне ауыстырып тиеу, сақтау, араластыру;

      «Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарының қатысушысы» – мүше мемлекеттің аумағында тіркелген және мүше мемлекеттердің аумақтарында мұнай мен мұнай өнімдерін өндіру, жеткізу, өңдеу және өткізу саласында қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъект, сондай-ақ мұнай мен мұнай өнімдерін тұтынушы.

      Осы Тұжырымдамада пайдаланылатын өзге де ұғымдар Шартта келтірілген мағыналарда түсініледі.

III. Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастырудың мақсаттары мен міндеттері

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады:

      мүше мемлекеттердің мұнай мен мұнай өнімдеріне қажеттіліктерін басымдықпен қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, мүше мемлекеттер экономикаларының орнықты дамуын, энергетикалық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      мүше мемлекеттердің аумақтарында мұнай мен мұнай өнімдерін өндіру, тасымалдау, жеткізу, өңдеу және өткізу саласындағы мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері қызметінің экономикалық тиімділігін және мүше мемлекеттердің отын-энергетика кешендерінің жұмыс істеу сенімділігін арттыру;

      мүше мемлекеттер мен жалпы Одақтың әлемдік нарықтағы экономикалық интеграциясы мен бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру.

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастырудың міндеттері мыналар болып табылады:

      мүше мемлекеттердің экономикаларын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

      биржалық сауда тетіктерін құру (оның ішінде Одақтың биржалық тауар нарығын қалыптастыру), Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтары субъектілерінің өзара іс-қимыл қағидаттарын және Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын басқару мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету құрылымдарын айқындау арқылы Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарына қатысушылар арасындағы мұнай мен мұнай өнімдерінің өзара саудасының нарықтық тетіктерін дамыту және олардың тиімділігін арттыру;

      биржалық тауар нарығына кіру кедергілерін жою, мүше мемлекеттер экономикаларының мүдделерін басым тәртіппен ескере отырып, Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарына қатысушылардың мүше мемлекеттердің нарықтарына кемсітусіз қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау (оның ішінде электрондық биржалық және биржадан тыс сауда институттарын құру);

      мүше мемлекеттер арасында мүше мемлекеттердің аумақтарында мұнай мен мұнай өнімдерін тұтыну, өндіру, тасымалдау, жеткізу, өңдеу және өткізу туралы деректермен ақпарат алмасуды қамтамасыз ету;

      мұнай мен мұнай өнімдеріне баға белгілеудің ашықтығын арттыру;

      мұнай мен мұнай өнімдері үшін есеп айырысуда ұлттық валюталарды пайдалану мәселелерін қарастыру;

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарының орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында көлік инфрақұрылымын дамыту;

      қолданыстағы мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жүйесі бойынша, оның ішінде магистральдық мұнай құбырлары мен мұнай өнімдері құбырлары жүйелері арқылы, қолда бар техникалық мүмкіндіктер шегінде мұнай мен мұнай өнімдерін ұзақ мерзімді тасымалдауды кепілді түрде жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      мүше мемлекеттердің мұнай мен мұнай өнімдеріне қатысты нормалары мен стандарттарын, сондай-ақ мұнай мен мұнай өнімдерінің айналымына байланысты талаптарды біріздендіру.

IV. Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру қағидаттары

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру Шартта айқындалған мынадай негізгі қағидаттар негізінде жүзеге асырылады:

      мұнай мен мұнай өнімдеріне қатысты нарықтық баға белгілеуді қамтамасыз ету, мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау саласындағы табиғи монополия субъектілерінің қызметтерін қоспағанда, оларға қатысты баға белгілеу мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қалыптастырылады;

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарында адал бәсекелестіктің дамуын қамтамасыз ету, мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау саласындағы табиғи монополия субъектілерінің қызметтерін қоспағанда, оларға қатысты баға белгілеу мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қалыптастырылады;

      мұнай мен мұнай өнімдерін, тиісті жабдықтарды, технологияларды және олармен байланысты қызметтерді сатуға техникалық, әкімшілік және өзге де кедергілердің болмауы;

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарының коммерциялық және көлік инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету;

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарында мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері үшін кемсітусіз жағдайларды қамтамасыз ету;

      мүше мемлекеттердің мұнай мен мұнай өнімдерін өндіру, тасымалдау, жеткізу, өңдеу және өткізу салаларына инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарының технологиялық және коммерциялық инфрақұрылымының жұмыс істеуінің ұлттық нормалары мен қағидаларын үйлестіру;

      өзара саудада сандық шектеулер мен әкету кедендік баждарын (баламалы мәні бар өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды) қолданбау;

      мүше мемлекеттердің мұнай мен мұнай өнімдеріне қажеттіліктерін басымдықпен қамтамасыз ету;

      мүше мемлекеттердің мұнай мен мұнай өнімдеріне қатысты нормалары мен стандарттарын біріздендіру;

      экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын ақпараттық қамтамасыз ету.

      Мүше мемлекеттер Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты мынадай қағидаттарды да ескере отырып дамытады:

      тең құқықтылық, өзара тиімділік және мүше мемлекеттердің кез келгеніне экономикалық залал келтірмеу негізінде ынтымақтастық жасау;

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтары субъектілерінің экономикалық мүдделерінің теңгерімін сақтау, оның ішінде мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау саласында көрсетілетін қызметтерге кемсітусіз қол жеткізуді және тұтынушылар үшін осы қызметтердің тиісті сапа деңгейін, сондай-ақ мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелерінің тиімді жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ететін мүше мемлекеттердің табиғи монополия субъектілерінің мүдделерін сақтау;

      мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау саласындағы табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне тарифтерді мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қалыптастыру;

      нарықтық қатынастар мен бәсекелестікке негізделген тетіктерді басымдықпен пайдалану;

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарындағы сұраныс пен ұсынысты сипаттайтын ақпараттың ашықтығын арттыру.

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастырудың көрсетілген қағидаттары трансшекаралық құбыржолдар мәселелері бойынша бұрын жасалған үкіметаралық келісімдер шеңберінде туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылмайды.

V. Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарының субъектілері

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарының субъектілері құрамына мыналар кіреді:

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарына қатысушылар;

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарының инфрақұрылымдық ұйымдары.

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарының инфрақұрылымдық ұйымдары құрамына мыналар кіреді:

      мүше мемлекеттердің аумақтарында мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелеріне, мұнай қоймаларына және қойма инфрақұрылымына иелік ететін заңды тұлғалар;

      мүше мемлекеттердің мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелерінің операторлары;

      мұнай қоймалары мен қойма инфрақұрылымының операторлары;

      мұнай мен мұнай өнімдері бойынша биржалық сауданы жүзеге асыру кезінде жасалған шарттардың орындалуын мүше мемлекеттердің мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелерінің операторларымен және мұнай қоймалары мен қойма инфрақұрылымының операторларымен өзара іс-қимыл жасау арқылы қамтамасыз ететін биржалық сауда операторлары;

      мүше мемлекеттердің мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелерінің операторларының, мұнай қоймалары мен қойма инфрақұрылымы операторларының және биржалық сауда операторларының өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін өзге де ұйымдар.

VI. Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарының жұмыс істеуі

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарының жұмыс істеуі Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтары субъектілерінің экономикалық мүдделерінің теңгерімін сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған.

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтары Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын реттейтін Одақ құқығы негізінде, Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру кезеңдеріне сәйкес айқындалатын ерекшеліктерді ескере отырып жұмыс істейді.

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарының жұмыс істеуі шеңберінде мынадай бағыттар бойынша қызмет жүзеге асырылады:

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарына қатысушылар арасында мұнай мен мұнай өнімдерінің өзара саудасы:

      екіжақты және өзге де шарттар бойынша;

      биржалық сауда-саттықта.

      Биржалық сауда-саттықта мұнай мен мұнай өнімдерінің өзара саудасын Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарына қатысушылар электрондық сауда жүйелерінде Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын реттейтін актілерге (Одақ шеңберінде бірыңғай сауда алаңы пайдаланылған жағдайларда) және мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырады;

      мұнай мен мұнай өнімдерінің транзитін және (немесе) мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдауды қамтамасыз ету:

      бір мүше мемлекеттің аумағынан шыққан және басқа мүше мемлекеттің аумағы арқылы мүше мемлекеттердің ішкі тұтынуы үшін және (немесе) Одақ аумағынан экспорттау үшін өткізілетін;

      үшінші мемлекеттердің аумағынан шыққан және мүше мемлекеттің аумағы арқылы мүше мемлекеттердің ішкі тұтынуы үшін және (немесе) Одақ аумағынан экспорттау үшін өткізілетін мұнай мен мұнай өнімдеріне қатысты;

      басқа мүше мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің бір мүше мемлекеттің аумағында мұнай мен мұнай өнімдерін өндіру, тасымалдау, жеткізу, өңдеу және өткізу саласында қызметті жүзеге асыруы (бірлескен жобаларды іске асыруды қоса алғанда);

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтары субъектілерінің экономикалық мүдделерінің теңгерімін сақтауды ескере отырып, мұнай мен мұнай өнімдеріне қатысты нормаларды және (немесе) стандарттарды біріздендіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру.

VII. Мұнай саласындағы халықаралық ынтымақтастықты және мемлекетаралық инфрақұрылымды дамыту

      Мүше мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігіне жәрдемдесу және олардың әлемдік мұнай мен мұнай өнімдері нарықтарындағы позицияларын нығайту мақсатында мүше мемлекеттер:

      мүше мемлекеттердің ұлттық мүдделерін ескеретін мұнай мен мұнай өнімдерінің транзиті саласындағы құжаттарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар қалыптастырады;

      мұнай саласындағы ірі трансшекаралық инвестициялық жобаларды іске асыруға жәрдемдеседі;

      мүше мемлекеттердің мұнай саласын тиімдірек позициялауға және мұнай өндіруден бастап мұнай мен мұнай өнімдерін өңдеу мен өткізуге дейінгі құн жасаудың жаһандық тізбектерін пайдалануға, үшінші мемлекеттерден мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы өтетін мұнай мен мұнай өнімдерінің транзит көлемін ұлғайтуға ықпал етеді;

      мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мұнай мен мұнай өнімдерінің халықаралық саудасына қатысуын кеңейту үшін инфрақұрылымдық, қаржы-экономикалық және техникалық-технологиялық жағдайлар қалыптастырады.

VIII. Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын реттеу және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын реттеу Одақ құқығына және мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және мыналарды қамтиды:

      мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау саласындағы табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеу;

      монополияға қарсы реттеу;

      кедендік-тарифтік реттеу;

      салықтық реттеу;

      мерзімді нарықты (биржалық және биржадан тыс) реттеу;

      техникалық реттеу;

      мұнай мен мұнай өнімдері бойынша биржалық сауданы реттеу.

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру және олардың жұмыс істеуі мақсатында мүше мемлекеттер мүше мемлекеттердің реттеуші органдары мен Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтары субъектілерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету шеңберінде мыналар жүзеге асырылады:

      реттеудің көрсетілген салаларында Одақ органдарының актілерін және мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерін қабылдау;

      мүше мемлекеттердің Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру мен олардың жұмыс істеуін технологиялық және реттеушілік қамтамасыз ету бөлігіндегі мемлекеттік саясатын әзірлеуі және іске асыруы;

      мүше мемлекеттердің мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелерінің операторлары қызметін үйлестіру;

      арнайы мемлекетаралық реттеу органдарының бірлескен жобаларды іске асыруын үйлестіру;

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарының қосалқы органдарын құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтары жұмыс істеген жағдайларда мүше мемлекеттердің мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелерінің операторларының өзара іс-қимылы мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

      өзара сауда және мұнай мен мұнай өнімдерінің транзиті шеңберінде мұнай мен мұнай өнімдерін мемлекетаралық тасымалдауды жүзеге асыру үшін қажетті технологиялық ақпаратпен алмасуды ұйымдастыру;

      мемлекетаралық құбыржол жүйелерінің өткізу қабілеті мен жұмыс сенімділігіне әсер ететін мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелері элементтерін жөндеу кестелері туралы өзара ақпараттандыру;

      мүше мемлекеттердің даму бағдарламаларына сәйкес мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелерін дамыту жоспарлары туралы өзара ақпараттандыру.

      Мүше мемлекеттердің мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелерінің операторлары мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттердің мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелерін жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асырады.

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарындағы биржалық сауда операторларының өзара іс-қимылы мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарына қатысушылар арасында биржалық сауда-саттықта мұнай мен мұнай өнімдерінің өзара саудасын жүзеге асыру;

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарына қатысушылар арасындағы есеп айырысуды қамтамасыз ету;

      мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарына қатысушылар арасында биржалық сауда-саттықта мұнай мен мұнай өнімдерінің өзара саудасын жүзеге асыру кезінде мүше мемлекеттердің мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелерінің операторларымен және мұнай қоймалары мен қойма инфрақұрылымының операторларымен өзара іс-қимыл жасау.

IX. Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарында баға белгілеу тетіктері

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарында баға белгілеу тетіктері мүше мемлекеттердің нарықтарында қолданыстағы баға белгілеу тетіктерін және Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру кезеңдерін ескере отырып қалыптастырылады.

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарында баға белгілеу нарықтық тетіктер мен адал бәсекелестік негізінде қалыптастырылады. Баға белгілеудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында биржалық және биржадан тыс нарықтардың объективті баға индикаторлары, биржадан тыс нарықтағы шарттар туралы ақпаратты жинау және өңдеу тетіктерімен қатар қалыптастырылады. Баға белгілеу қағидаттары шаруашылық жүргізуші субъектілердің қандай да бір мүше мемлекетке тиесілілігіне қарамастан ортақ болып табылады.

      Мүше мемлекеттер мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелері бойынша мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау қызметтеріне тарифтерді реттеу кезінде Шартқа № 23 қосымша болып табылатын Мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын ұйымдастыру, басқару, олардың жұмыс істеуі және дамуы тәртібі туралы хаттаманың 7-тармағын басшылыққа алады, онда:

      мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелері бойынша мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау қызметтеріне тарифтер мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленетіні;

      мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау қызметтеріне тарифтер мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері үшін мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жүзеге асырылатын аумағы арқылы өтетін мүше мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілері үшін белгіленген тарифтерден аспайтын деңгейде белгіленетіні;

      мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері үшін мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау қызметтеріне мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жүзеге асырылатын аумағы арқылы өтетін мүше мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілері үшін белгіленген тарифтерден төмен тарифтер белгілеу мүше мемлекеттердің міндеттемесі болып табылмайтыны айқындалған.

X. Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын мониторингтеу және ақпараттық қамтамасыз ету

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын мониторингтеу және ақпараттық қамтамасыз ету Шартқа № 3 қосымша болып табылатын Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың 3-тармағына сәйкес құрылатын Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі шеңберінде іске асырылады.

      Мүше мемлекеттердің мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелерінің операторлары арасында технологиялық ақпарат алмасу олардың өзара келісімі бойынша мұнай мен мұнай өнімдерін мемлекетаралық тасымалдаудың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті көлемде жүзеге асырылады.

      Одақтың қаржы нарықтары мен мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарының жұмыс істеуі мәселелері бойынша өзекті ақпаратты өзара ұсынуды қоса алғанда, Одақтың бірыңғай ақпараттық кеңістігін құру көзделеді.

      Мұнай мен мұнай өнімдерінің әлемдік нарықтарындағы бағалардың серпінін мониторингтеу үшін әртүрлі ақпарат көздері пайдаланылады.

      Мүше мемлекеттер мұнай мен мұнай өнімдерін барлық көлік түрлерімен жеткізу, экспорттау және импорттау туралы мәліметтерді қамтитын кедендік ақпарат негізінде ақпарат алмасу жүйесін құрады.

XI. Инвестициялар

      Мүше мемлекеттер Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру және дамыту мақсатында мүше мемлекеттердің аумақтарында мұнай мен мұнай өнімдерін өндіру, тасымалдау, жеткізу, өңдеу және өткізу салаларына инвестициялар тартуға жәрдемдеседі.

      Мүше мемлекеттер бірлескен қызмет шеңберінде:

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға, өзара инвестицияларды көтермелеу мен қорғауға;

      көлік инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.

XII. Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын реттейтін актілер

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын реттейтін актілер жүйесін мыналар құрайды:

      Шарт;

      Шарттың 84-бабының 3-тармағына және 104-бабының 7-тармағына сәйкес жасалатын, оның ішінде мүше мемлекеттердің аумақтарында орналасқан мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелеріне қол жеткізудің бірыңғай қағидаларын қамтитын Одақ шеңберіндегі Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру туралы халықаралық шарт;

      Шарттың 84-бабының 2-тармағында және 104-бабының 6-тармағында көзделген Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру бағдарламасына сәйкес әзірленетін және Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтары субъектілерінің жұмыс істеуін (қызметін) айқындайтын Одақ органдарының актілері.

XIII. Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын басқару және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру және дамыту шеңберінде Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын басқару және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету құрылымдары мен Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтары субъектілерінің өзара іс-қимылы жүзеге асырылады.

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын басқару және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету құрылымдарының құрамына мыналар кіреді:

      мұнай мен мұнай өнімдерінің нарықтарын реттеуге уәкілеттік берілген мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары;

      мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының, Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарына қатысушылардың және Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарының инфрақұрылымдық ұйымдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін құрылуы мүмкін Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарының органдары (мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары басшыларының кеңесі, жұмыс топтары, арнайы комиссиялар).

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын басқару және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету құрылымдары мен Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтары субъектілерінің өзара іс-қимылы мыналарды қамтиды:

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын дамыту мәселелері бойынша келісілген ұсыныстар әзірлеу;

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарының жұмыс істеуіне мониторинг жүргізуді ұйымдастыру;

      Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелердің, оның ішінде Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарына қатысушылар биржалық сауда-саттықта сауда операцияларын жүзеге асырған кезде пайдаланылатын электрондық жүйенің жұмыс істеуі және өзара іс-қимылы.

XIV. Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру кезеңдері

      Мүше мемлекеттер Шарттың 84-бабына сәйкес Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын мынадай кезеңдерге сәйкес қалыптастыруды қамтамасыз етеді:

      I кезең (2016–2017 жылдар) – Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру бағдарламасын әзірлеу және бекіту;

      II кезең (2018–2023 жылдар) – Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру бағдарламасының іс-шараларын орындау, мүше мемлекеттердің аумақтарында орналасқан мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелеріне қол жеткізудің бірыңғай қағидаларын әзірлеу;

      III кезең (2024 жыл) – оның ішінде мүше мемлекеттердің аумақтарында орналасқан мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелеріне қол жеткізудің бірыңғай қағидаларын қамтитын Одақ шеңберіндегі Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру туралы халықаралық шартты жасасу және оның күшіне енуі.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заң қызметі Заң консультациясы Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар