Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында және Бірыңғай экономикалық кеңістікте этил спиртінің, алкоголь және құрамында спирті бар өнімдердің айналымы туралы келісім жобасын әзірлеу тұжырымдамасы туралы
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 7 маусымдағы № 69 шешімі
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
- Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесі – Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министр Т.М. Сүлейменовтің ақпаратын назарға алу.
- Болып өткен талқылау мен айтылған ескертулерді ескере отырып, Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында және Бірыңғай экономикалық кеңістікте этил спиртінің, алкоголь және құрамында спирті бар өнімдердің айналымы туралы келісім жобасын әзірлеу жөніндегі Тұжырымдаманың жобасын негізге алу (қоса беріледі).
- Жұмыс тобының басшысы, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесі – Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министр Т.М. Сүлейменов осы Шешімнің 2-тармағында көрсетілген Келісімді әзірлеу барысы туралы 2012 жылғы қазанда Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысында баяндасын.
- Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
* Төраға В.Б. Христенко*
Қосымша Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 7 маусымдағы № 69 шешіміне
Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында және Бірыңғай экономикалық кеңістікте этил спиртінің, алкоголь және құрамында спирті бар өнімдердің айналымы туралы келісім жобасын әзірлеу тұжырымдамасы
Кіріспе
Қазіргі уақытта Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында және Бірыңғай экономикалық кеңістікте (бұдан әрі – КО және БЭК) этил спиртінің, алкоголь және құрамында спирті бар өнімдердің айналымы бөлігінде бірқатар проблемалық мәселелер бар.
КО және БЭК-ке мүше мемлекеттерде өндірілген алкоголь өнімдерін бірыңғай кедендік аумақ бойынша тасымалдау кезінде олардың айналымына қатысты кедергілердің бар екендігі туралы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан көптеген өтініштер келіп түсуде. Оларға қамтамасыз ету төлемі, акциздік маркаларды әкімшілендірудің әртүрлі тетіктері, ақпараттық жүйелерде тіркелу талаптары, «арнайы импорттаушылар» институтын енгізу және басқалары жатады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 7 шешімін орындау мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2012 жылғы 15 наурызда алкоголь өнімдерінің бірыңғай кедендік аумақтағы айналымы туралы халықаралық шарт жобасын дайындау жөніндегі, алкоголь өнімдерінің бірыңғай нарығының негіздерін құру мақсатында заңнаманы біріздендіруді қамтамасыз ететін Жұмыс тобын құрды.
Әзірлеу мақсаты
Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында және Бірыңғай экономикалық кеңістікте этил спиртінің, алкоголь және құрамында спирті бар өнімдердің айналымы туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) әзірлеудің мақсаты алкоголь өнімдерінің бірыңғай нарығының негіздерін құру, шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін тең бәсекелестік жағдайларын қамтамасыз ету, өзара саудадағы қолданыстағы кедергілерді жою мақсатында КО және БЭК-ке мүше мемлекеттердің нормативтік-құқықтық базасын үйлестіру болып табылады.
Келісім құрылымының жобасы КО және БЭК нормативтік-құқықтық базасына, сондай-ақ КО және БЭК-ке мүше мемлекеттердің этил спиртін, алкоголь және құрамында спирті бар өнімдерді өндіру және олардың айналымы саласындағы құқықтық актілеріне салыстырмалы талдау жасау негізінде қалыптастырылды.
Келісім жобасының негізіне КО және БЭК-ке мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылары және уәкілетті (құзыретті) органдары арасындағы нормативтік құқықтық реттеудегі сәйкессіздіктер мен қайшылықтарды жоюға бағытталған құқықтық қатынастар алынатын болады.
Келісім жобасын әзірлеу Тараптардың ұлттық заңнамасы шеңберіндегі және ұлттықтан жоғары деңгейдегі өкілеттіктердің аражігін ажыратуды ескере отырып жүргізілуге тиіс.
Негізгі қағидаттар
Келісім жобасын әзірлеудің негізгі қағидаттарына барлық қатысушылар үшін ұлттық режимді қамтамасыз ету, лицензиялаудың, бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидаларын, сондай-ақ көрсетілген өнімнің айналымына қатысты шектеу шараларын қолданудың келісілген түрлері мен тәртібін қамтамасыз ету жатады.
Келісім жобасының құрылымы
Келісім жобасының ұсынылатын құрылымы:
1. Жалпы бөлім
1.1. Кіріспе.
1.2. Ұғымдар мен терминдер.
2. Ерекше бөлім
2.1. Ұлттық режим.
Келісімнің осы бөлімі бір Тараптың аумағында сол Тараптың ұлттық режимі жағдайында қызметін жүзеге асыратын екінші Тараптың шаруашылық жүргізуші субъектілері өзара негізде осы Тараптың шаруашылық жүргізуші субъектілері пайдаланатын барлық заңды артықшылықтарды пайдаланатын норманы белгілеуді көздейді.
2.2. Уәкілетті (құзыретті) органдар.
Анықтама үшін:
Беларусь Республикасында:
Көрсетілген саладағы саясатқа жауапты органдар: Қаржы министрлігі; Салықтар және алымдар министрлігі; Сауда министрлігі; Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігі; Мемлекеттік кеден комитеті; Стандарттау жөніндегі мемлекеттік комитет, «Белгоспищепром» концерні.
Реттеуші орган: Салықтар және алымдар министрлігі.
Қазақстан Республикасында:
Көрсетілген саладағы саясатқа жауапты органдар: Қаржы министрлігі; Экономикалық даму және сауда министрлігі; Денсаулық сақтау министрлігі; Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті.
Реттеуші орган: Қаржы министрлігінің Салық комитеті.
Ресей Федерациясында:
Көрсетілген саладағы саясатқа жауапты органдар: Қаржы министрлігі; Экономикалық даму министрлігі; Өнеркәсіп және сауда министрлігі; Федералдық салық қызметі; Федералдық кеден қызметі.
Реттеуші орган: Алкоголь нарығын реттеу жөніндегі федералдық қызмет.
2.3. Этил спиртінің, алкоголь және құрамында спирті бар өнімдердің айналымын реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары.
Келісімнің осы бөлімін әзірлеу этил спиртінің, құрамында спирті бар және алкоголь өнімдерінің айналымын реттеу бөлігінде Кеден одағына және БЭК-ке мүше мемлекеттердің шарттық-құқықтық базасын талдау негізінде жүзеге асырылады деп болжануда.
Сонымен қатар, Тараптардың ұлттық заңнамасын және осы саладағы ұлттықтан жоғары халықаралық құқықтық актілерді үйлестіруді жүзеге асыруды бекітетін баптарды, сондай-ақ өндірушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы деректердің интеграцияланған базасын құру мен жүргізуді көздеу орынды.
2.4. Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары.
КО және БЭК-ке мүше барлық мемлекеттерде алкоголь өнімдерін өндіруге және олардың айналымына мемлекеттік монополия енгізу мүмкіндігін көздейтін заңнама қабылданған. Мәселен, Беларусь Республикасында Беларусь Республикасының 2008 жылғы 27 тамыздағы № 429-З Заңының 5-бабына сәйкес алкоголь өнімдерін импорттауды жүзеге асырудың айрықша құқығы мемлекетке бекітілген; Қазақстан Республикасында мемлекеттік монополия енгізу мүмкіндігі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 112-III «Бәсекелестік туралы» Заңының 32-бабында ескертілген; Ресей Федерациясында – Ресей Федерациясының 1995 жылғы 22 қарашадағы № 171-ФЗ Федералдық заңының 4-бабында, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап этил спиртін өндіруге және оның айналымына мемлекеттік монополия енгізілуі мүмкін (Федералдық заң жобасы дайындалған).
2.5. Шектеу шараларын қолданудың негіздері, түрлері мен тәртібі.
КО және БЭК-ке мүше мемлекеттердің этил спиртінің, құрамында спирті бар және алкоголь өнімдерінің айналымы саласындағы шектеу шараларына талдау жүргізу қажет.
2.6. Салықтық реттеу.
Бір Тараптың аумағынан шыққан және екінші Тараптың аумағына әкелінетін алкоголь өнімдеріне тікелей немесе жанама түрде ішкі салықтар немесе кез келген түрдегі басқа да ішкі алымдар, отандық шығу тегі бар ұқсас өнімдерге тікелей немесе жанама түрде қолданылатын салықтар мен алымдардан артық мөлшерде салынбауға тиіс. Сондай-ақ Тараптың өз алкоголь өнімдерін сатуына, сатуға ұсынуына, сатып алуына, тасымалдауына, сақтауына, таратуына және пайдалануына қатысты қолданылатын салық салу шарттары басқа Тараптардың ұқсас өнімдерін сатуына, сатуға ұсынуына, сатып алуына, тасымалдауына, сақтауына, таратуына және пайдалануына қатысты салық салу шарттарынан неғұрлым қолайлы болмауға тиіс.
2.7. Акциздік маркалармен таңбалау.
КО және БЭК-ке мүше мемлекеттер алкоголь өнімдеріне қатысты акциздік маркалардың айналымын әкімшілендірудің әртүрлі тетіктерін қолданады. Алкоголь өнімдерін таңбалауға арналған акциздік (арнайы) маркаларды берудің және олардың пайдаланылуын бақылаудың бірыңғай нормалары мен қағидаларының болмауы КО және БЭК-тің бірыңғай кедендік аумағында алкоголь өнімдерінің айналымы кезінде алкоголь өнімдері нарығына қатысушылар үшін проблемалар туғызады.
Ресей Федерациясында акциздік маркаларды сатып алудың шарты ретінде кеден органдарына акциздік маркалар сатып алынатын алкоголь өніміне қатысты кедендік баждар мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ұсынылуы болып табылады. Бұл ретте кедендік баждар мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету мөлшері кедендік баж және жанама салықтар (ҚҚС және акциз) сомасы ретінде айқындалады, өйткені маркаларды беру кезінде әкелінетін өнімнің шығарылған елі белгісіз болады. Таңбаланған тауар әкелінгеннен кейін кеден органына сатып алынған акциздік маркалардың пайдаланылуы туралы есеп ұсынылады.
Беларусь Республикасында импорттаушыларға акциздік маркаларды беру және олардың пайдаланылуын бақылау тетігі Ресей Федерациясында қолданылатын тетікке ұқсас.
Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта Кеден одағына мүше мемлекеттерден алкоголь өнімдерін әкелу кезінде арнайы маркаларды берудің өзге тәртібі қолданылады, оған сәйкес импорттаушы міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету мөлшеріне Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясында белгіленгендей кедендік баждар сомасы енгізілмейді. Көрсетілген маркаларды әкімшілендіруді Қазақстан Республикасының салық органы жүзеге асырады.
Акциздік маркаларды әкімшілендіру тетіктеріндегі қолданыстағы айырмашылықтарды жою қажеттілігін ескере отырып, Келісімнің осы бөлімінде КО және БЭК-ке мүше мемлекеттердің аумағында айналымға арналған алкоголь өнімдерін таңбалау үшін бірыңғай үлгідегі акциздік маркаға ықтимал көшу, сондай-ақ акциздік маркаларды шығару (өндіру) шарттары мақсатында Кеден одағы тауарларын акциздік маркалармен таңбалауды реттеудің бірыңғай тұжырымдамалық тәсілдері айқындалатын болады.
2.8. Техникалық реттеу.
Келісімнің осы бөлімін әзірлеу этил спиртінің, алкоголь және құрамында спирті бар өнімдердің тағамдық қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды айқындайтын техникалық регламентпен өзара байланыста және өзара іс-қимылда жүзеге асырылады. Әзірленетін Келісім мен техникалық регламенттің нормалары өзара үйлестірілуге тиіс: олар бірін-бірі толықтыруы, бірақ қайталамауы керек. Келісімде техникалық регламентке сілтеме жасайтын норма көзделеді.
2.9. Ақпарат алмасу.
Осы бөлімде мынадай мәселелерді көздеу болжануда:
- КО және БЭК-ке мүше мемлекеттердің уәкілетті (құзыретті) органдары арасындағы ақпарат алмасу (Келісімге қосымша – ведомствоаралық ақпарат алмасу туралы хаттама);
- КО және БЭК-ке мүше мемлекеттердің уәкілетті (құзыретті) органдарының деректер базаларын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерін ақпараттық сүйемелдеу;
- КО және БЭК-ке мүше мемлекеттердің уәкілетті (құзыретті) органдарының ақпараттық жүйелерін ИИСВВТ-ға интеграциялау;
- КО және БЭК-ке мүше мемлекеттердің уәкілетті (құзыретті) органдары арасындағы ақпарат алмасу тәртібін, талаптары мен регламенттерін келісу (Келісімге қосымша немесе ведомствоаралық құжаттар).
Ресей Федерациясында этил спиртін, алкоголь және құрамында спирті бар өнімдерді өндіру мен олардың айналымы көлеміне мемлекеттік бақылауды автоматтандыруға арналған Бірыңғай мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйе (ЕГАИС) жұмыс істейді.
Этил спиртін, алкоголь және құрамында спирті бар өнімдерді өндіру мен олардың айналымын есепке алудың толықтығы мен анықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ КО және БЭК-ке мүше мемлекеттердің уәкілетті (құзыретті) органдарының ведомствоаралық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының ұқсас автоматтандырылған ақпараттық жүйелерімен интеграциялауды көздеу орынды.
3. Қорытынды бөлім
3.1. Келісімнің қолданылуының құқықтық аспектілері.
3.2. Ұлттықтан жоғары функциялар (құқықтық талдау қажет).
3.3. Депозитарий.
3.4. Ратификациялау және күшіне енуі.
Қорытынды
Келісім жобасын әзірлеудің күтілетін нәтижелері:
- көрсетілген саладағы Тараптардың заңнамасын үйлестіру;
- бірыңғай кедендік аумақта алкоголь өнімдерінің бірыңғай нарығының нормативтік-құқықтық базасын құру;
- КО және БЭК-тің бірыңғай кедендік аумағында этил спиртінің, алкоголь және құрамында спирті бар өнімдердің айналымы саласында қызметін жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін тең бәсекелестік жағдайларын қамтамасыз ету;
- өзара саудадағы қолданыстағы кедергілерді жою;
- КО және БЭК-тің біріздендірілген нормативтік-құқықтық базасы (егжей-тегжейлі талдау қажет).
Осы халықаралық актіні қабылдау ведомствоаралық құжаттарды, Келісімге қосымшаларды (ақпарат алмасу туралы ведомствоаралық хаттаманы, сондай-ақ қабылданатын Техникалық регламент жобасымен бірлесіп) қайта қарауды және/немесе жаңа құжаттар қабылдауды, Тараптардың ұлттық заңнамасы шеңберіндегі нормативтік құқықтық құжаттардың қолданылуын қайта қарауды талап етеді.
(осы кезеңде қосымша құқықтық сараптама қажет болады).
Келісімнің нормалары контрафактілік алкоголь өнімдерін өндіруге және бірыңғай кедендік аумаққа жеткізуге жол бермеу мақсатында КО және БЭК-ке мүше мемлекеттердің уәкілетті (құзыретті) органдарының ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге бағытталатын болады, сондай-ақ КО және БЭК-тің экономикалық әлеуетін толық көлемде пайдаланудың жаңа мүмкіндіктерін жасауға мүмкіндік береді.
Қосымша: 2 парақта.
Қосымша Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 7 маусымдағы № 69 шешіміне
Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында алкоголь өнімдерінің айналымы туралы халықаралық құқықтық шарттың құрылымы
Жұмыс атауы: «Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында және Бірыңғай экономикалық кеңістікте этил спиртінің, алкоголь және құрамында спирті бар өнімдердің айналымы туралы келісім».
I. Жалпы бөлім:
1.1. Кіріспе:
- алкоголь өнімдерінің бірыңғай нарығын құру мақсатында;
- Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында және Бірыңғай экономикалық кеңістікте этил спиртінің, алкоголь және құрамында спирті бар өнімдердің айналымы саласында бәсекелестік ортаны құру мақсатында;
- өзара саудадағы қолданыстағы кедергілерді жою мақсатында;
- КО және БЭК-тің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру мақсатында.
1.2. Ұғымдар мен терминдер:
- уәкілетті (құзыретті) органдар;
- алкоголь өнімі;
- акциздер, акциздік марка;
- айналым;
- тасымалдау;
- өткізу пункттері;
- басқа да ұғымдар мен терминдер.
II. Ерекше бөлім:
2.1. Ұлттық режим:
- өзара негізде әріптес мемлекеттің заңды тұлғаларына отандық заңды тұлғаларға берілетін режиммен бірдей режим берілетін режим.
2.2. Уәкілетті (құзыретті) органдар:
- реттеу салалары;
- құқықтары мен міндеттері.
2.3. Этил спиртінің, алкоголь және құрамында спирті бар өнімдердің айналымын реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары.
2.4. Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары.
2.5. Шектеу шараларын қолданудың негіздері, түрлері мен тәртібі.
2.6. Салықтық реттеу.
2.7. Акциздік маркалармен таңбалау:
- акциздік маркалар бойынша деректер базасын қалыптастыру;
- КО және БЭК-тің бірыңғай акциздік маркасына көшу.
2.8. Техникалық реттеу:
- қауіпсіздік талаптары бөлігінде алкоголь және құрамында спирті бар өнімдердің айналымына қойылатын талаптарды айқындау, тұтынушылық қасиеттерді (сапаны) айқындайтын талаптар (адам денсаулығына зиян келтіру мүмкіндігімен байланысты жол берілмейтін тәуекелдің болмауы);
- жеке техникалық регламентке сілтеме жасайтын норма (алкоголь және құрамында спирті бар өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі техникалық реттеу).
2.9. Ақпарат алмасу:
- КО және БЭК-ке мүше мемлекеттердің уәкілетті (құзыретті) органдары арасындағы ақпарат алмасу (Келісімге қосымша ретінде ақпарат алмасу туралы жеке ведомствоаралық хаттаманы әзірлеу);
- КО және БЭК-ке мүше мемлекеттердің уәкілетті (құзыретті) органдарының деректер базаларын, сондай-ақ автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін ақпараттық сүйемелдеу;
- КО және БЭК-ке мүше мемлекеттердің уәкілетті (құзыретті) органдарының ақпараттық жүйелерін интеграциялау;
- лицензиаттар тізілімдерін жүргізу;
- КО және БЭК-ке мүше мемлекеттердің уәкілетті (құзыретті) органдары арасындағы ақпарат алмасу тәртібін, талаптары мен регламенттерін келісу (Келісімге қосымша немесе жеке ведомствоаралық құжаттар ретінде тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу).
III. Қорытынды бөлім:
3.1. Құқықтық аспектілер.
3.2. Ұлттықтан жоғары функциялар (құқықтық талдау қажет).
3.3. Депозитарий.
3.4. Ратификациялау және күшіне енуі.
Конституция Заңы Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар