Қазақстан Республикасындағы рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009–2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 қарашадағы № 1100 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 2008 жылғы 14 наурыздағы № 246 қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009–2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) мақұлдансын.
- Қоса беріліп отырған Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
- Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан РеспубликасыныңПремьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің2008 жылғы 27 қарашадағы № 1100қаулысымен мақұлданған
Қазақстан Республикасындағы рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009–2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Астана, 2008 жыл
Мазмұны
- Кіріспе
- Қазақстан Республикасындағы рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009–2011 жылдарға арналған тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттері
- Рұқсат беру жүйесі саласындағы қазіргі жағдайды талдау
- Рұқсат беру жүйесін жетілдірудің әлемдік тәжірибесі
- Тұжырымдаманы іске асырудың бағыттары мен тетіктері
- 5.1. Рұқсат беру құжаттарын түгендеу және қайта қарау
- 5.2. Рұқсат беру жүйесі саласындағы заңнаманы біріздендіру
- 5.3. Рұқсат беру құжаттарын беру рәсімін оңайлату
- 5.4. Реттеудің баламалы нысандарын енгізу
- 5.5. Сертификаттау және аккредиттеу саласындағы саясатты жетілдіру
- Күтілетін нәтижелер
Кіріспе
Ескерту. Кіріспеге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010.04.14 № 303 қаулысымен өзгерістер енгізілді.
Дамыған кәсіпкерлік сектор – кез келген ел экономикасының негізі. Дамыған елдерде шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлес салмағы 60–80 %-ға дейін жетеді, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш шамамен 30 %-ды құрайды. Осыған байланысты қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік саясат бизнестің ұстанымдарын нығайту, соның нәтижесінде елдің экономикалық қауіпсіздігін нығайту бағытында жүзеге асырылуда.
Қазақстанда экономиканың салаларын жедел жаңғырту үшін іргелі негіздер қаланды, Қазақстан Республикасының 2003–2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы және басқа да стратегиялық құжаттар қабылданды. Жалпы алғанда, экономиканы жедел жаңғыртуға бағытталған ортақ жүйені қалыптастыру аяқталды.
Шағын және орта бизнес саласында кәсіпкерлердің 90 %-дан астамы жұмыспен қамтылған, сондықтан экономикалық және әлеуметтік дамудың табысты болуы мемлекеттің бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені төмендету, рұқсат беру жүйесін одан әрі оңайлату жөніндегі жұмысты дәйекті әрі батыл жүргізу қабілетіне шешуші дәрежеде байланысты. Бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, елдегі іскерлік ахуалды едәуір жақсартуға мүмкіндік беретін бизнесті жүргізу үшін әкімшілік кедергілерді төмендету жөнінде ауқымды жұмыс жүргізілуде.
Сонымен бірге Қазақстанда да, даму деңгейіне қарамастан, көптеген елдердегідей экономикалық қызметті шамадан тыс реттеу проблемасы бар. Кәсіпкерлер бизнес құру және жүргізу кезінде сақтауға тиіс күрделі әрі ашық емес рәсімдер экономикалық өсудің ең елеулі кедергісі болып табылады. Бұл рәсімдер өндіріс шығындары мен кәсіпкерлердің шығыстарын арттырады, олардың нарыққа қол жеткізуін шектейді, бизнестің дамуын тежейді, бизнес-ортаны нашарлатады және сыбайлас жемқорлыққа ықпал етеді. Әкімшілік кедергілер экономиканың көлеңкелі секторының пайда болу себептерінің бірі болып табылады.
Қазақстанда проблемалық мәселе рұқсат беру жүйесі арқылы экономикалық қызмет түрлерінің іс жүзінде бүкіл аясының реттелетіндігінде болып отыр.
Рұқсат беру құжаттарына жеке кәсіпкерлік субъектісіне мынадай нысандардың бірінде берілетін құжаттар жатады: лицензия, рұқсат, аккредиттеу, сертификаттау, тіркеу туралы куәлік.
Рұқсат – уәкілетті орган беретін, заңды немесе жеке тұлғаның не объектінің заңнамада белгіленген, негізінен техникалық сипаттағы талаптарға сәйкестігін белгілі бір операцияны бір рет немесе бірнеше рет орындау үшін тексеру сәтінде растайтын құжат.
Мемлекет басшысы өзінің 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке «әкімшілік реформа шеңберінде бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені батыл төмендету, ең алдымен лицензиялау, сертификаттау, аккредиттеу салаларында рұқсат беру жүйесін одан әрі оңайлату» тапсырмасын берді.
Бәсекелі экономика жағдайында нарықтың әрбір қатысушысының функциялары мен жауапкершілігі нақты айқындалуға тиіс. Мемлекеттің міндеті – заңның және бүкіл қоғам мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Осыған сәйкес, рұқсат беру жүйесін оңтайландыруға бағытталған, табысты шетелдік тәжірибеге негізделген, мемлекет тарапынан мұқият ойластырылған және ұйымдастырылған саясат қажет. Бұл міндетті шешу үшін рұқсат беру жүйесін оңтайландыру және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату бағыттары мен шараларын айқындауға жүйелі көзқарас қажет. Осы арқылы рұқсат беру жүйесін жетілдірудің нақты стратегиясы айқындалатын болады.
2. Қазақстан Республикасындағы рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009–2011 жылдарға арналған тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттері
Қазақстан Республикасындағы рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009–2011 жылдарға арналған тұжырымдамасының (бұдан әрі – Тұжырымдама) негізгі мақсаттары бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені төмендету және рұқсат беру жүйесін оңайлату болып табылады.
Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу кәсіпкерлердің реттелетін жекелеген қызмет түрлеріне кеңінен қол жеткізуін, бизнес-ортаның жақсаруын қамтамасыз етеді.
Тұжырымдама шеңберінде рұқсат беру құжаттарының тізбесін заңмен айқындау, рұқсат беру құжаттарының санын едәуір қысқарту, оларды беру талаптары мен рәсімдерін оңайлату арқылы рұқсат беру жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс жүргізілетін болады.
Тұжырымдаманың міндеттері:
- рұқсат беру құжаттарының барлық түрлерін түгендеу;
- рұқсат беру құжаттарын қайта қарау және оңтайландыру;
- бизнес шығындарын жоюға бағытталған лицензиялау, сертификаттау және аккредиттеу саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу;
- рұқсат беру рәсімдерін оңайлату және электрондық қызметтерге тікелей қол жеткізуді қамтамасыз ету арқылы осы рәсімдерді халықаралық практикаға сәйкестендіру;
- жоғарыда аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік қоғамдық бірлестіктерімен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
- ерікті сертификаттау және аккредиттеу, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру, техникалық регламенттер арқылы реттеу сияқты кәсіпкерлік қызметті реттеудің баламалы нысандарын кеңінен пайдалану.
3. Рұқсат беру жүйесі саласындағы қазіргі жағдайды талдау
3.1. Лицензиялау саласындағы талдау
Дүниежүзілік банк жариялаған «Doing Business» («Бизнесті жүргізу») жыл сайынғы басылымының деректері бойынша, 2009 жылы осы басылым қамтыған әлемнің 181 елінің ішінде Қазақстан «бизнес жүргізу еркіндігі» индексі бойынша 70-орында, ал «лицензиялау» саласындағы көрсеткіш бойынша 175-орында болады. Бұл ретте аталған көрсеткіш тек құрылыс саласындағы рұқсаттарды есепке алатынын атап өткен жөн.
2007 жылғы тамызда қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» жаңа редакциядағы Заңы (бұдан әрі – Заң) лицензиялау жүйесін оңтайландыруда белгілі бір ілгерілеуді қамтамасыз етті. Шетелдік сарапшылардың бағалауы бойынша, Заң шамамен 240 мың кәсіпкерге лицензия беруді қысқартты, бұл Қазақстан бизнесіне мемлекеттік бюджет кірістерін лицензиялық алымдар бойынша түсімдердің азаюынсыз шамамен 80,0 млн. АҚШ доллары көлемінде үнемдеуге мүмкіндік берді.
Заңмен:
- лицензиялауға жататын қызмет түрлері мен кіші түрлерінің толық тізбесі белгіленді. Бұрын қолданыста болған заң бойынша бұл тізбе заңға тәуелді актілер деңгейінде айқындалып, үнемі ұлғайып отырған;
- лицензияның аумақтық қолданылу аясы жойылды: енді жекелеген ерекше жағдайларды қоспағанда, лицензия елдің бүкіл аумағында қолданылады;
- лицензияланатын қызмет түрлері мен кіші түрлерінің саны қысқартылды;
- лицензия беруді қадағалау органдарымен келісу рәсімі «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылатындай оңайлатылды. Ол үшін лицензия берушілердің құзыретіне ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету енгізілді;
- белгіленген мерзім өткеннен кейін лицензия берушіден жауап алынбаған жағдайда өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыру құқығын автоматты түрде алуын көздейтін «үнсіздік – келісім белгісі» қағидаты енгізілді.
Бұл нормада кәсіпкердің белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін өзі растау («өзін-өзі сертификаттау») рәсімі көзделген, бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
Қазақстанда лицензиялау жүйесін жетілдіру әкімшілік реформа шеңберінде жүзеге асырылуда. Оның барысында 2004–2007 жылдар аралығында лицензияланатын қызмет түрлерінің саны үш есе қысқартылды, құрылыс, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау салаларындағы жекелеген қызмет түрлері бойынша лицензиялау функцияларын орталықсыздандыру жүзеге асырылды.
Бұрын қабылданған шаралар мен қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан, бүгінгі күні рұқсат беру құжаттарын алуды талап ететін қызмет түрлерінің саны әлі де өте жоғары болып отыр.
Сондай-ақ Заңда көзделген лицензиялау рәсімін оңайлату жүзеге асырылған жоқ.
Құқық қолдану практикасы Заңның жекелеген нормалары нақтылауды және оларды іске асыру тетіктерін әзірлеуді талап ететінін көрсетті.
Талдау көрсеткендей, кәсіпкердің мемлекеттік органдармен және мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарымен тікелей байланысын болдырмайтын «бір терезе» қағидаты жұмыс істемейді. Лицензия берушілердің қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі, мемлекеттік энергетикалық қадағалау, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен үйлестіру деңгейінің жеткіліксіздігіне байланысты лицензия беру немесе бермеу туралы қорытындыны келісу кезінде осы органдардың келісілген өзара іс-қимыл тетігі жоқ.
Осы уақытқа дейін лицензия берушілер «Лицензиялау туралы» Заңда көзделген ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетпейді. Лицензия берушілердің ведомстволық ақпараттық жүйелерінің электрондық нысанда қызмет көрсетуге дайындығының төмен деңгейі байқалады, электрондық қызметтер көрсету бойынша мамандарды оқыту жүргізілмейді, электрондық лицензиялау жүйесі енгізілмеген, лицензиялау саласындағы мемлекеттік органдардың әкімшілік регламенттері жоқ, мүдделі органдардың, бизнес-қоғамдастықтар мен кәсіпкерлердің лицензиялау мәселелері бойынша қажетті ақпаратқа қол жеткізуі қамтамасыз етілмеген.
Осы факторлардың барлығы лицензия беру кезінде «бір терезе» қағидатын енгізуге кедергі келтіреді, лицензиялау рәсімін күрделендіреді, лицензия беру мерзімдерін созады. Лицензия алу тәртібі негізінен бұрынғы қалпында қалды, лицензия алуға арналған өтінім лицензиялау мақсаттары мен қағидаттарына тікелей қатысы жоқ мәліметтерді қамтитын құжаттардың едәуір көлемді топтамасынан тұрады.
Лицензиялау қағидаттары мен рәсімдерін нақтылау қажет, тиісінше, кең таралған қызмет түрлерінің кейбірін лицензиялаудың орындылығы реттелмеген, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің қызметі регламенттелмеген, заңды тұлғалардың филиалдарына лицензиялық бақылау жүргізу қиындатылған, лицензия беруші органдардың тізбесі, өтініш берушінің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы қорытындының бірыңғай нысаны бекітілмеген.
Лицензияланатын қызмет түрлері мен кіші түрлерінің тізбесі тек дамыған елдермен ғана емес, ТМД елдерімен салыстырғанда да ауқымды болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 349 қызмет түрі мен кіші түрі лицензияланатындарға жатады. Ал Ресей Федерациясында шамамен 100 қызмет түрі, Қырғызстанда – 36, Молдовада – 50 қызмет түрі лицензияланады. Грузияда 86 қызмет түрі, Венгрияда 7 қызмет түрі, Еуропа елдерінде орта есеппен 10–12 қызмет түрі лицензияланады.
Лицензиялаудан басқа рұқсат беру жүйесінің элементтеріне аккредиттеу, сертификаттау, рұқсаттар, келісімдер жатқызылған.
Рұқсат беру құжаттарын беру рәсімдері көптеген жағдайларда қайталанады, әсіресе лицензия беруді келісу және лицензия берілгеннен кейінгі бақылау процесінде.
Қазіргі уақытта лицензия берушілер тарапынан лицензияланатын қызмет түрлерінің санын ұлғайту, сондай-ақ жекелеген қызмет түрлерін кіші түрлерге бөлу арқылы қызметтің кіші түрлерін нақтылау үрдісі байқалады (мысалы, түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын, улы заттарды айналымға енгізу, фармацевтикалық қызмет, білім беру және басқа салаларда). Соның салдарынан тиісті заңға тәуелді актілерді қайта бекіту қажеттілігі туындайды. Осылайша, біліктілік талаптарының тұрақтылығы қамтамасыз етілмейді.
Лицензиялау туралы заңнаманың жетілмегендігі өз кезегінде саны 70-тен асатын қабылданған заңға тәуелді актілердің сапасы мен санына, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өздері және оларға ведомстволық бағынысты құрылымдар бастамашылық жасайтын көптеген ведомстволық нормативтік актілерге әсер етеді.
Нормативтік құқықтық актілерді талдау лицензиялау қағидалары мен қызметтің жекелеген түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары неғұрлым жетілдіруді және оңтайландыруды қажет ететінін көрсетті. Лицензиялау қағидалары мен біліктілік талаптары лицензиялаудың мақсаттары мен қағидаттарына тікелей қатысы жоқ артық нормаларды алып тастау мақсатында қайта қаралуға тиіс, ал ведомстволық актілер жойылуға тиіс, өйткені бұйрықтар мен нұсқаулықтар лицензия беруді де, кейінгі лицензиялық қызметті де негіздейтін қосымша рұқсат беру жүйесін қалыптастырады.
Рұқсат беру жүйесін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде көптеген бланкеттік нормалардың бар екені байқалады. Лицензиялау қағидалары мен біліктілік талаптарының көптеген нормалары «Лицензиялау туралы» Заңды да, салалық заңдарды да қайталайды, олардың кейбіреулері әлеуметтік-экономикалық ортаға әсерін бағалауға жеткілікті негіздемесіз қабылданады. Лицензия берілгеннен кейінгі бақылау тетігі жеткілікті дәрежеде пысықталмаған.
Рұқсат беру құжаттарын алу үшін кәсіпкерлік субъектісіне де, объектісіне де қойылатын нақты емес біліктілік талаптары белгіленген. Мұндай жағдай мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының сыбайлас жемқорлық пен озбырлық жасауына жағдай туғызады.
Қолданыстағы лицензиялық-рұқсат беру жүйесі кеңестік жүйенің жалғасы ретінде сипатталады, ол кезде әрбір жеке операцияны немесе қызмет түрін жүзеге асыру үшін іс жүзінде рұқсат алу қажет болатын. Ел басшылығының нарықтық реформаларды белсенді түрде ілгерілету жөніндегі күш-жігеріне қарамастан, рұқсат беру жүйесі бүкіл экономиканың дамуын тежейтін фактор болып отыр.
Терең әрі жылдам өзгеретін экономикалық және әлеуметтік жағдайларда лицензиялау саласындағы заңнамалық базаның қолда бар кемшіліктері бизнес дамуына кедергі келтіріп, әкімшілік тосқауылдар туғызады.
Заңнамалық базаның жетілмегендігі, шамадан тыс лицензиялау, нақты емес әрі ашық емес лицензиялық жүйе, әкімшілік кедергілер лицензия беруші органдар тарапынан реттеудің төмен тиімділігімен қатар бизнестің қызметтің кейбір түрлеріне қол жеткізуін қиындатады, шағын және орта бизнес субъектілерінің санының өсуін, тиісінше, бюджетке түсетін салық түсімдерін тежейді.
Осылайша, лицензиялау жүйесін одан әрі жетілдіру үшін пысықтауды талап ететін бірқатар мәселелер бар.
1. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын одан әрі жетілдіру, лицензиялау қағидаттарын нақтылау, «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеу тетігін әзірлеу, лицензияланатын қызмет түрлерін оңтайландыру, рұқсат беру құжаттарының тізбесін заңмен айқындау, біліктілік талаптарының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
2. Рұқсат беру құжаттарының санын едәуір (екі еседен астам) қысқарту.
3. Лицензия беру кезінде мүдделі органдардың үйлестірілуін және келісілген өзара іс-қимыл тетігін енгізуді қамтамасыз ету.
4. Рұқсат беру жүйесі саласында электрондық қызметтерді енгізу, рұқсат беру құжаттарын нақты уақыт режимінде электрондық түрде алу жүйесін енгізу.
5. Рұқсат беру құжаттарының электрондық тізілімін құру.
Осы мәселелерді шешу үшін лицензиялау саласындағы нормативтік құқықтық актілердегі қайталанатын нормаларды жою, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрлерінің санын одан әрі оңтайландыру, рұқсат беру құжаттарын беру рәсімін оңайлату жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.
Мәселелердің едәуір бөлігін лицензиялау жүйесін халықаралық практикаға жақындату арқылы шешуге болады.
3.2. Сертификаттау және аккредиттеу саласындағы талдау
Қазіргі уақытта республикада өнімнің 1000-нан астам атауы міндетті сертификаттауға жатады, бұл ТМД елдеріндегі осындай тізбелерден едәуір төмен (Ресей Федерациясында – 5000, Қырғызстанда – 3800).
Міндетті сертификаттау – азаматтардың өмірі мен денсаулығының, мүлкінің және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттың немесе өзге де нормативтік құжаттың міндетті талаптарына сәйкестігіне міндетті сертификаттауға жататын тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды сертификаттау.
Қазақстанда 2000 жылдан бастап сертификаттау рәсімдері бәсекелестік ортаға берілді. Қазіргі уақытта сәйкестікті растау жөніндегі 200 орган, 500 сынақ зертханасы және 400 метрологиялық қызмет жұмыс істейді.
Міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 «Қазақстан Республикасында өнімнің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы» қаулысымен бекітілген. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын өнім де, республикадан тыс жерде өндіріліп, ел аумағына әкелінетін өнім де міндетті сертификаттауға жатады.
Қазіргі уақытта қызметтердің барлық түрлерін сертификаттау жойылды.
Сонымен қатар техникалық регламенттер қабылданғаннан кейін жоғарыда көрсетілген тізбе қысқартылатын болады. 2007–2009 жылдарға арналған техникалық стандарттарды әзірлеу жоспарында шамамен 117 техникалық регламент әзірлеу көзделген.
Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеудің негізгі мақсаты зертханалардың, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың субъектінің тиісті стандарттарға техникалық құзыреттілігін бағалау болып табылады. Халықаралық практикада аккредиттеу субъектінің құжаттарын зерделеуді, құжаттарда қамтылған ақпараттың нақты жағдайға сәйкестігін анықтау мақсатында оның орналасқан жерінде зерттеуді, сондай-ақ кейіннен аккредиттеуден кейінгі бақылауды жүргізуді қамтиды. Бұл Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңында көрініс тапты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 тамыздағы № 773 қаулысымен аккредиттеу жөніндегі орган болып «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС айқындалды.
Қазақстан 2008 жылы бизнес жүргізу үшін қолайлы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруде едәуір ілгеріледі. Алайда елдің бизнес жүргізу жағдайларын жасау жөніндегі төмен рейтингі рұқсат беру жүйесін жетілдіру стратегиясын әзірлеуді және іске асыруды талап етеді. Бұл тұрғыда реттеу саясатын ғана емес, сондай-ақ осындай саясатты әзірлеу мен жүргізу үшін қолданылатын әдістерді де ескеру маңызды.
4. Рұқсат беру жүйесін жетілдірудің әлемдік тәжірибесі
Кәсіпкерлік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық база рұқсат беру құжаттарын беруді қоса алғанда, заңнамалық тұрғыдан айқындалған реттеу нысандары негізінде құрылады.
Кәсіпкерлік субъектісінің қызметін рұқсат беру құжатын беру арқылы мемлекеттік реттеу қызмет немесе субъектінің әрекеті адамдардың өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға тікелей байланысты, дәлелденген аса жоғары қауіп төндірген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Еуропалық Одақ (ЕО) елдерінде лицензиялау саласында арнайы заңнама жоқ. Лицензиялық қатынастар әртүрлі елдерде әртүрлі салалық заңдармен реттеледі, сондай-ақ лицензиялауға жататын салалар мен қызмет түрлерінің анықтамалары да әртүрлі. Алайда қазіргі уақытта ЕО деңгейінде мүше елдер деңгейінде реттелетін қызмет түрлерін қысқартуға бағытталған реттеуді ырықтандыру туралы директива қабылданды.
Заңды тұлғалар үшін адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауға қатысты біліктілік талаптары заңнамалық тұрғыдан белгіленген.
Әдетте дамыған елдерде рұқсат беру құжаттарын беру рәсімдерінің екі түрі қолданылады: оңайлатылған және стандартты.
Әлемнің көптеген елдерінде қызметтің тек 5–10 түрі ғана лицензияланады: негізінен халықтың қаражатын тарту, денсаулық сақтау, фармацевтика және химия өнеркәсібі (қауіпті материалдарды өндіру және оларды өткізу), құрылыс сияқты қызмет салаларында.
Рұқсат беру жүйесін реформалау жөніндегі жетекші әлемдік практикадағы негізгі үрдістер:
- рұқсат беру құжаттарының санын қысқарту, олардың тізбесін заңдармен бекіту;
- рұқсат беру құжаттарын беру рәсіміне қойылатын талаптарды нақты регламенттеу;
- біліктілік талаптарын нақты айқындау;
- біліктілік талаптарына сәйкестікті тәуелсіз сарапшылардың бағалауын жүзеге асыру;
- рұқсат беру құжаттарының қолданылу мерзімдері мен түрлерін нақты айқындау;
- ақпараттық технологияларды қолдану арқылы рұқсат беру құжаттарын алу рәсімдерін оңайлату;
- рұқсат беру құжаттарын электрондық түрде беру, оның ішінде берілген құжаттарды электрондық есепке алуды жүргізу және «онлайн» режимінде тегін қол жеткізуді қамтамасыз ету;
- рұқсат беру құжатын тек сот тәртібімен қайтарып алу.
Лицензиялау жүйесін реформалаудың оң нәтижелері ретінде мыналарды атап өтуге болады.
Нидерландыда лицензиялау рәсімдерін қысқарту мемлекеттік қаражатты едәуір үнемдеуге мүмкіндік берді. Нидерланды Қаржы министрлігі жүзеге асырған бюрократиялық рәсімдерді қысқарту бағдарламасы жыл сайын 2,0 млрд. АҚШ долларын үнемдеуге мүмкіндік берді. 2007 жылға қарай қаражатты үнемдеу 4,5 млрд. АҚШ долларына жетіп, бес жыл бұрын лицензиялау жүйесін жетілдіруге бағытталған қаражаттың төрттен бір бөлігін құрады.
Сонымен қатар Нидерландыда артық лицензиялауды біртіндеп жою реттеу функцияларын бизнес-қауымдастықтарға берумен қатар жүргізілді, реформаларға мониторинг жүзеге асырылды.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінде лицензиялау рәсімдерін оңайлату электрондық лицензиялауды енгізу (рұқсат беру құжаттарының бірыңғай нысанын белгілеу, оларды алуға өтінімдерді электрондық түрде беру, рұқсат беру құжаттарының электрондық тізілімін жүргізу), сондай-ақ рұқсат беру құжаттарын онлайн режимінде беру арқылы жүзеге асырылды (Ұлыбритания, Бельгия, Италия, Мексика, Жаңа Зеландия).
Мексикада лицензиялардың электрондық тізілімін құру кезінде рұқсат беру құжаттарын түгендеу барысында санитариялық қызметке берілген лицензиялардың 80 %-дан астамы жойылды.
Үндістанда рұқсат беру жүйесін түбегейлі реформалау нәтижесінде лицензияланатын салалар саны 52-ден 5-ке дейін едәуір қысқарды, жалпы ішкі өнім көлемінің өсімі жылына 3,5 %-дан 6–7 %-ға дейін өсті.
Оңтүстік Корея мемлекеттік реттеуді қысқартудың әлемдегі ең жарқын үлгілерінің бірі болып табылады. Өткен ғасырдың 90-жылдары Оңтүстік Кореяда өнеркәсіп өндірісінің көлемі төмендей бастады, кәсіпкерлік қызметті шамадан тыс мемлекеттік реттеудің салдарынан ел экономикасы бәсекеге қабілеттілігін жоғалтты. Ел президентінің тапсырмасы бойынша әрбір ведомство өз қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде рұқсат беру құжаттарын беруге қатысты актілерге түгендеу жүргізді. Түгендеу жүргізілгеннен кейін президент әрбір ведомствоға 1998 жылы түгендеу кезінде анықталған кәсіпкерлік қызметті реттейтін 11125 нормативтік құқықтық актінің кемінде 50 %-ын өз таңдауы бойынша жоюды тапсырды. Қалған 50 % нормативтік құқықтық актілер бойынша әрбір ведомство әрбір актінің қолданыста сақталуы қажеттігін дәлелдеуге міндетті болды. Қазіргі уақытта Оңтүстік Корея әлемдегі 11-экономика болып табылады.
Қырғызстан Үкіметі 2008–2009 жылдары рұқсат беру құжаттарын толық түгендеуді жүргізуді және олардың санын жартысынан астамға қысқартуды жоспарлап отыр.
Осылайша, халықаралық практикада рұқсат беру құжаттарын алуға байланысты қызмет түрлері мен операциялардың санын едәуір қысқарту үрдісі байқалады. Сондай-ақ рұқсат беру құжаттарын берудің бірыңғай режимдерін енгізу арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптар белгіленген.
Озық әлемдік тәжірибені жинақтау негізінде мыналар орынды болып табылады:
- рұқсат беру жүйесі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің сапасын оларды толық түгендеу арқылы қамтамасыз ету;
- реттелетін қызмет түрлерін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекітетін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен олардың мазмұнына қойылатын талаптарды біріздендіру;
- рұқсат беру құжаттарының әрбір түрін беру үшін тексеру парақтарын қолдану;
- рұқсат беру құжаттарының электрондық тізілімдерін жүргізу;
- өнім қауіпсіздігінің икемді стандарттары арқылы мемлекеттік реттеуді алмастыру;
- реттеудің жекелеген функцияларын бизнес-қауымдастықтарға немесе кәсіпкерлердің өздеріне біртіндеп беру (өзін-өзі реттеу);
- реттеуді оңайлату.
Реттеуді реформалау экономиканың тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Алайда оның экономикалық өсу қарқынына әсерін бағалау қиын. ЭЫДҰ жүргізген талдау оның ықпалы бірнеше жыл өткеннен кейін ғана елеулі болуы мүмкін екенін болжайды. Мысалы, Еуропада әуе тасымалдары саласындағы талаптарды ырықтандырудан кейін 800 жаңа лицензия берілді. Бәсекелестіктің дамуы тарифтердің төмендеуіне әсер етті, атап айтқанда, АҚШ-та тарифтер үштен біріне төмендеді. Телекоммуникация саласында тарифтер Ұлыбританияда 63 %-ға, Жапонияда 41 %-ға, Финляндияда 66 %-ға төмендеді. Жұмыспен қамту 10 %-ға өсті.
Соңғы жылдары көптеген елдер рұқсат беру жүйесін реформалауға кірісті. 2008 жылы бизнес жүргізудің жеңілдігі үшін жағдай жасау бойынша жетекші елдер Мысыр, Хорватия, Гана, Грузия, Колумбия, Сауд Арабиясы, Кения, Қытай, Болгария, Молдова болды. Бұл елдерде салыстырмалы түрде қысқа уақыт ішінде бизнес ашуға жұмсалатын уақыт пен шығындар бірнеше есе қысқартылды, құрылысқа рұқсат алу кезіндегі әкімшілік кедергілер едәуір әлсіретілді, көптеген рұқсат беру құжаттарын беру «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылды, бұл шағын бизнестің өсуін және инвестициялардың келуін қамтамасыз етті.
Шетелдік тәжірибеге жасалған шолу көрсеткендей, соңғы жылдары 50-ден астам ел кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу жүйелерін кең ауқымды және түбегейлі реформалауды жүргізді.
Реформалау процесінде әрбір нормативтік құқықтық актінің және рұқсат беру құжатының белгілі бір мақсаттарға, қағидаттарға, талаптарға сәйкестігін бағалау және растау мақсатында «гильотина» әдісі кеңінен қолданылды. Аталған талаптарға сәйкес келмейтін нормативтік актілер мен рұқсат беру құжаттары жойылды немесе біліктілік талаптары оңайлатылды. Бұл жұмыс барлық мүдделі тараптардың – мемлекеттік және жеке секторлардың қатысуымен, оның ішінде қоғамдық тыңдаулар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізілді.
«Гильотина» белгілі бір қысқа мерзім ішінде көптеген реттеуші нормаларды қайта қарауды және экономикалық тұрғыдан тиімсіз, орынсыз, мемлекеттің, кәсіпорындардың, азаматтардың шығындарын арттыратын нормаларды анықтауды көздейді. Осындай жедел реттеуді алып тастау стратегиясын енгізу шаруашылық қызмет субъектілеріне түсетін реттеушілік жүктемені азайтуға, сондай-ақ экономикалық тұрғыдан орынсыз нормативтік құқықтық актілердің санын қысқартуға мүмкіндік береді.
«Гильотина» қағидаттарына сәйкес Үкімет белгілі бір мерзім өткеннен кейін кәсіпкерлік қызметті реттеу үшін қажеттілігі негізделген нормативтік құқықтық актілерді ғана бекітеді. Негіздемелер рұқсат беру құжаттарының реттеушілік ықпалына талдау жүргізу, яғни сол немесе өзге реттеуші құжатты енгізудің қоғамға оң және теріс әсерін бағалау негізінде жасалуға тиіс.
Осы елдердің барлығында реформалардың нәтижелері мен олардың тиімділігі ең жоғары деңгейдегі саяси қолдаудың қамтамасыз етілуіне және реттеу салалары мен құралдарын сақтап қалуға бағытталған ведомстволар тарапынан көрсетілетін қысымға қарсы тұруға, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді толық түгендеуге тікелей байланысты болды. Толық түгендеу қолданыстағы барлық рұқсат беру құжаттарының электрондық тізілімдерін қалыптастыруға ықпал етті, рұқсат беру жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етті.
5. Тұжырымдаманы іске асырудың бағыттары мен тетіктері
Мемлекеттің басым міндеті – заңнама мен бүкіл қоғамның мүдделерін нақты және бұлжытпай сақтай отырып, бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Қазақстан Республикасының Үкіметі рұқсат беру жүйесін одан әрі реформалау кезінде мынадай негізгі басымдықтарды айқындады. Олар:
- мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру;
- кәсіпкерлік қызметке түсетін әкімшілік жүктемені қысқарту және мемлекеттік араласу шамадан тыс орын алған салаларда тәртіп орнату;
- «электрондық үкімет» элементтерін дамытуды жалғастыру, ең алдымен мемлекеттік қызметтерді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып кеңінен көрсетуді қамтамасыз ету.
Рұқсат беру жүйесін реформалау нақты экономикалық нәтиже беруге тиіс – бұл жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын құру, салық түсімдерін ұлғайту, елдің жалпы ішкі өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін арттыру.
Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде бүкіл рұқсат беру жүйесіне, ең алдымен лицензиялауға, сертификаттауға, аккредиттеуге қатысты түбегейлі жаңа тәсілдерді әзірлеу қажет.
Әлемдік тәжірибені ескере отырып, рұқсат беру жүйесін жетілдіру мынадай негізгі қағидаттар мен тәсілдер негізінде жүзеге асырылуға тиіс:
- реттеудің орындылығы;
- адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғаудың және қоршаған ортаны қорғаудың қолайлы деңгейін сақтау;
- рұқсат беру құжаттарының тізбесі мен оларды беру рәсімдерін тек Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен нақты регламенттеу;
- мемлекеттік реттеу және рұқсат беру құжаттарын беру саласына жатқызылған қызмет түрлеріне барынша оңай қол жеткізу;
- реттелетін қызмет түрлеріне қойылатын талаптарды ырықтандыру;
- рұқсат беру рәсімдері мен біліктілік талаптарының ашықтығы;
- барлық мүдделі мемлекеттік органдардың кәсіпкерлермен және олардың қауымдастықтарымен өзара іс-қимылының тиімділігі;
- мемлекеттік органдардың рұқсат беру құжаттарын беру рәсімдеріндегі өкілеттіктерін нақты ажырату және олардың қайталануын болдырмау;
- қойылған міндеттерді іске асырудың үздіксіздігі, дәйектілігі және кешенділігі, қабылданған шешімдердің іске асырылуына мониторинг жүргізу;
- бизнесті өзін-өзі реттеу құралдарын дамыту;
- бизнестің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылдарды жою, оларды жою жөніндегі іс-шаралардың экономикалық тиімділігі;
- рұқсат беру жүйесін оңтайландыру;
- рұқсат беру жүйесін жетілдіру жөніндегі әлемдік тәжірибені пайдалану.
Қойылған міндеттерді шешу үшін төменде көрсетілген шаралар іске асырылатын болады.
5.1. Рұқсат беру құжаттарын түгендеу және қайта қарау
Алдағы жұмыстың ауқымы айқындалмайынша, рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселесін шешу мүмкін емес. Қазіргі уақытта кәсіпкерлік қызметтің бірде-бір түрі кем дегенде бір рұқсат беру құжатын алмай жүзеге асырылмайтынын атап өтуге болады. Кәсіпкерлік қызметті реттеу жаңа талаптар мен рұқсат беру құжаттарының түрлерін белгілеу арқылы жүзеге асырылады, олардың саны ұлғаюын жалғастыруда.
Қазіргі уақытта берілген рұқсат беру құжаттарының саны, оларды беру мақсаттары, оларды беруге жұмсалатын мемлекеттік шығындар, сондай-ақ оларды алуға кәсіпкерлер жұмсайтын шығындар туралы толық ақпарат жоқ.
Осыған байланысты рұқсат беру жүйесін реформалау процесіндегі Үкіметтің бастапқы міндеті барлық рұқсат беру құжаттарын кешенді түгендеу болып табылады.
Түгендеуді ведомстволардың өздері тәуелсіз сарапшылар мен кәсіпкерлердің салалық бірлестіктерін тарта отырып жүргізетін болады. Түгендеу нәтижесінде барлық рұқсат беру құжаттарының тізбесі жасалады.
Бұл тізбе барлық рұқсат беру құжаттарын қайта қарау үшін негіз болады. Қайта қараудың бүкіл кезеңінде қандай да бір жаңа рұқсат беру құжаттарын енгізуге мораторий жарияланады.
Түгендеу сондай-ақ рұқсат беру жүйесін реформалау нәтижелеріне мониторинг жүргізу процесінің негізі болады және осы реформаны қоғам тарапынан кеңінен қолдауды қамтамасыз етеді.
Рұқсат беру құжаттарын қайта қарау реформаны іске асыру процесіндегі екінші маңызды міндет болады және мынадай тәсілдер мен өлшемшарттар негізінде жүргізіледі:
- рұқсат беру құжатын берудің орындылығы (тиісті рұқсат беру құжаты қандай проблеманы шешеді: адамдардың өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға төнетін аса жоғары қауіпті болдырмау, проблеманың ауқымы, кәсіпкерлердің нысаналы тобын қысқарту мүмкіндігі, дәлелдер);
- қайталанатын рұқсат беру құжаттарын жою;
- біліктілік талаптарын заңнамалық актілермен белгілеу, олардың ашықтығы;
- нақты емес және артық біліктілік талаптарын жою;
- кәсіпкерлік қызметтің дамуына жәрдемдесу;
- рұқсат беру құжатын қызметтің басталғаны туралы хабарлама тіркеумен алмастыру;
- өтінімді қарау мерзімдерін және рұқсат беру құжатын беру мерзімдерін нақты айқындау.
Рұқсат беру құжаттарын қайта қарау екі кезеңде мемлекеттік органдар мен Үкіметке есеп беретін тәуелсіз сарапшылар тобы тарапынан жүргізіледі. Бұл рұқсат беру құжаттарын қайта қараудың дәйектілігі мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Қайта қарау процесінде рұқсат беру құжаттарының жоғарыда көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестігі үшін жауапкершілік мемлекеттік органдарға жүктеледі, олар сол немесе өзге рұқсат беру құжатын сақтап қалу қажеттігін негіздеуге тиіс. Тәуелсіз сарапшылар тобының міндеті мемлекеттік органдар ұсынған негіздемелерді бағалау және Үкіметке тиісті ұсынымдар әзірлеу болады.
Қайта қарау процесінде ашықтықтың жоғары деңгейі және барлық мүдделі тараптардың кеңінен қатысуы қамтамасыз етілуге тиіс. Бұл қоғамның сенімін арттырады, рұқсат беру құжаттарын қайта қарау жұмысының сапасын жақсартады және жалпы рұқсат беру жүйесін реформалаудың ілгерілеуіне ықпал етеді.
Осы жұмыстың нәтижесінде жоғарыда көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестігі дәлелденбеген рұқсат беру құжаттары жойылады, ал белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігі дәлелденген рұқсат беру құжаттары оңайлатылады.
Қайта қараудың сапасын қамтамасыз ету үшін рұқсат беру құжаттарының әрбір түрі бойынша тексеру парақтары әзірленеді. Қайта қарау өлшемшарттары адамдардың өмірі мен денсаулығын және қоршаған ортаны қызметпен немесе жоғары қауіпті операциялармен байланысты ықтимал тәуекелдерден қорғауды қамтамасыз ететін қажетті рұқсат беру құжаттарының бірде-бірін алып тастамайтындай етіп таңдалады.
Қайта қарау нәтижесінде толық түгендеу барысында анықталған рұқсат беру құжаттарының кемінде жартысы жойылуға тиіс.
5.2. Рұқсат беру жүйесі саласындағы заңнаманы біріздендіру
Рұқсат беру жүйесі саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру лицензияланатын қызмет түрлерінің тізбесін оңтайландыруға, рұқсат беру құжатын беру рәсімдерін, оны алуға арналған өтініштің форматын, реттелетін қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарының мазмұнын айқындауға қатысты бөлігінде көзделеді.
Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңында «лицензия» ұғымының рұқсат ұғымына тең мәнді анықтамасы берілген. Бұл терминдер нақты ажыратылуға тиіс. Осыған байланысты «рұқсат» ұғымына анықтама беріліп, лицензиялар мен рұқсаттардың түрлерінің тізбелері бекітіледі.
«Рұқсат» ұғымы мемлекеттік әкімшілендіру түрлерінің тізбесіне оның нысандарының бірі ретінде енгізіледі.
Үкіметтің қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға арналған лицензиялау қағидаларын бекіту жөніндегі өкілеттігін алып тастау көзделеді.
Бұл ретте рұқсат беру жүйесінің негізгі қағидаттарын: «үнсіз келісім» және «бір терезе» қағидаттарын іске асыру тетіктері әзірленеді. Сондай-ақ басқа елдерде кеңінен қолданылатын рұқсат беру жүйесінің жаңа қағидаты – рұқсат беру құжатын алдын ала алмай-ақ қызметтің басталғаны туралы хабарлау қағидаты белгіленеді.
Лицензияланатын қызмет түрлерін кіші түрлерге бөлу жойылады, бұл тиісінше лицензияларға қосымшалар беруді алып тастауға мүмкіндік береді.
Лицензиялау қағидаларын, лицензия беру, қайта ресімдеу, телнұсқаларын беру, лицензияның қолданылуын тоқтату және тоқтата тұру шарттары мен тәртібін регламенттейтін барлық заңға тәуелді актілер жойылады, өйткені бұл рәсімдер заңнамалық тәртіппен бекітіледі.
Лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын талаптар заңнамалық деңгейде белгіленеді және осылайша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен ведомстволық нормативтік актілерінің санын қысқарту қамтамасыз етіледі. Бұл шара құқықтық актілердің нормаларындағы әртүрлі түсіндірулерді жояды (мысалы, этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру және айналымға енгізу саласында және салалық заң мен осы қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын белгілейтін заңға тәуелді актінің нормалары осы уақытқа дейін реттелмеген кейбір басқа салаларда).
Бұл тәсіл лицензиялаудың белгіленген қағидаттарына қатысты біліктілік талаптарын нақтылауды және біріздендіруді, сондай-ақ олардың тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Осы мақсатта ұсынылатын құжаттардың толық тізбесі көрсетілген үлгілік лицензиялау қағидалары әзірленеді, бұл ретте қосымша ақпарат сұратуға жол берілмейді.
Рұқсат беру жүйесі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізіліп, мемлекеттік органдарға, лауазымды адамдарға мінез-құлық қағидаларын, тыйым салуларды және т.б. дербес белгілеу құқығын беретін құқықтық нормалар, яғни бланкеттік нормалар анықталып, жойылады.
Лицензия берушілер лицензия берілгеннен кейінгі қажетті бақылауды қамтамасыз еткен жағдайда біліктілік талаптарын жыл сайын растау қажеттілігі де жойылады.
Сондай-ақ рұқсат беру жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру процесінде электрондық бірыңғай терезе мен рұқсат беру құжаттарының электрондық тізілімін енгізу үшін негіз құрылып, осы екі құралдың жұмысын қамтамасыз етудің институционалдық негізі айқындалады.
Кәсіпкерлердің едәуір шығындарын талап ететін құжаттарды (жарғыны, дипломдарды және т.б.) нотариаттық куәландыру қажеттілігі құжаттардың түпнұсқалары міндетті түрде болған жағдайда мемлекеттік органның оларды куәландыру құқығымен алмастырылады. Бұл норма заңнамалық тәртіппен бекітіледі.
Сондай-ақ мемлекеттік органдарға рұқсат беру құжаттарын беру рәсімінде қажетті ақпарат қамтылған мемлекеттік электрондық деректер базалары мен тізілімдерге қол жеткізу қамтамасыз етіледі. Бұл басқа ведомстволардан ақпарат алуды жеделдету және оны қағаз жеткізгіштерде ұсынуды болдырмау мақсатында жүзеге асырылады.
5.3. Рұқсат беру құжаттарын беру рәсімін оңайлату
Рұқсат беру құжаттарын беру рәсімін «бір терезе» қағидатын енгізу арқылы оңайлату көзделеді. Бұл ретте екі кезеңде мынадай іс-шаралар кешені жүргізіледі.
Бастапқы кезеңде қолда бар оң тәжірибені ескере отырып, лицензияларды «бір терезе» қағидаты бойынша беру жөніндегі үлгілік регламент әзірлеу қажет, ол кейіннен барлық мүдделі органдар мен ұйымдарға басшылыққа алу үшін жіберіледі.
Үлгілік регламентте кәсіпкерлерге қажетті ақпарат көздері, құжаттардың ең аз тізбесі, құжаттар топтамасымен бірге өтініш қабылдау, лицензия берушілердің лицензия беруді қадағалау органдарымен жедел келісу тәртібі, белгіленген мерзімдерде лицензия беру көзделеді.
Бұл ретте лицензиялар мен басқа да рұқсат беру құжаттарын беруді ведомствоаралық келісудің артық рәсімдерін болдырмау көзделеді. Атап айтқанда, лицензия берушілердің лицензия беруді тиісті қызмет салаларында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру өкілеттігіне кіретін органдармен – санитариялық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, өнеркәсіптік қауіпсіздік және мемлекеттік энергетикалық қадағалау органдарымен келісу рәсімдерін алып тастау.
Сонымен қатар мемлекеттік бақылау лицензиялық заңнаманың нормалары бойынша емес, осы салалардағы бейінді заңдардың нормалары бойынша жүргізіледі.
Лицензиялар мен басқа да рұқсат беру құжаттарын «бір терезе» қағидаты бойынша беру үшін:
- рұқсат беру құжаттарын берудің электрондық «бір терезесін» әзірлеу және енгізу;
- рұқсат беру құжаттарының электрондық тізілімін әзірлеу және енгізу;
- Интернет арқылы жіберуге болатын лицензия алуға арналған құжаттардың ең аз топтамасын белгілеу;
- лицензия беруші органдар мамандарын оқытуды жүргізу қажет.
Рұқсат беру құжаттарының электрондық тізілімін құру қажеттілігі лицензия берілгеннен кейінгі бақылауды күшейту, лицензия беруді келісу кезінде мүдделі органдардың жұмысын үйлестіру, сондай-ақ мониторинг жүргізу, реттеудің тиімділігін бағалау, ашықтықты қамтамасыз ету, берілген лицензиялар мен рұқсаттарды бақылау, мүдделі органдар мен бизнес-қоғамдастықтарға ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін беру мақсатында барлық қолданыстағы мемлекеттік лицензиялар мен рұқсаттарды есепке алуды қамтамасыз етуге байланысты.
Мамандарды тиімді оқыту мақсатында лицензия берушілер мамандарға «бір терезе» қағидаты бойынша лицензиялар мен басқа да рұқсат беру құжаттарын беру дағдыларын үйрету жөнінде тренингтер өткізеді.
Лицензиялар мен басқа да рұқсат беру құжаттарын беру ақпараттық жүйесін құру процесінде мемлекеттік органдар үшін лицензиялау саласындағы әкімшілік регламенттер, бірыңғай мемлекеттік стандарттар мен техникалық талаптар әзірленеді. Олардың негізінде мемлекеттік органдардың қолданыстағы ақпараттық жүйелері оңтайландырылып, бірыңғай архитектураға келтіріледі, жаңа ақпараттық жүйелер іске асырылып, «электрондық лицензиялау» бірыңғай жүйесіне біріктіріледі.
Екінші кезеңде «электрондық үкімет» бағдарламасы шеңберінде барлық лицензия беруші органдарда «Е-лицензиялау» электрондық лицензиялау ақпараттық жүйесін енгізу жоспарланып отыр.
Бұл жүйе лицензия беруші органның орталық аппараты мен оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ мемлекеттік лицензиялар мен рұқсаттарды беру, бас тарту, олардың қолданылуын тоқтата тұру және қайта жаңғырту туралы ақпаратты жинауды, бақылауды және есепке алуды жүзеге асыратын жекелеген мамандардың қызметінің тиімділігін арттыруға, өтініш берушілердің уақыт шығындарын қысқартуға, ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың туындауына жағдай жасайтын факторларды жоюға мүмкіндік береді.
5.4. Реттеудің баламалы нысандарын енгізу
Қазіргі уақытта елімізде жеке сектордың бақылауды жүзеге асыруының аудит, үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілікті сақтандыру, өнімнің сәйкестігін бағалау сияқты мысалдары бар.
Мысалы, адвокаттық, нотариаттық, аудиторлық, сәулет қызметі, мүлікті (материалдық емес активтердің құны объектілерін қоспағанда) және зияткерлік меншікті бағалау, материалдық емес активтердің құнын бағалау, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт қызметтері, турагенттік және туроператорлық қызмет және басқа да қызмет түрлері азаматтық-құқықтық жауапкершілік шарты міндетті түрде болған жағдайда өзін-өзі реттейтін аккредиттелген ұйымдар институттарын енгізу арқылы реттелуі мүмкін.
Бұл қызмет түрлері рұқсат беру жүйесінен шығарылуға тиіс. Бұл ретте мемлекеттік реттеуді ұйымдардың стандарттарымен алмастыруды, адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін реттеуді бизнес-қауымдастықтардың немесе кәсіпкерлердің өздерінің ерікті негізде жүзеге асыруын көздейтін озық әлемдік тәжірибе, сондай-ақ бизнесті өзін-өзі реттеудің әлеуетті мүмкіндіктерін пайдалану ескеріледі, өйткені өздігінен белгіленетін талаптар белгіленген біліктілік талаптарына қарағанда тиімдірек болуы мүмкін.
Бұл қызмет түрлері ұйымдардың стандарттары, ерікті бастамалар, кодекстер, келісімдер, яғни декларациялау тетігі арқылы реттелуі мүмкін. Кәсіпорын деңгейінде осы тетіктің құралы өзін-өзі бақылау қызметтері болуға тиіс.
Сонымен қатар бұл бағыт «бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» ұғымын заңнамалық тұрғыдан алдағы уақытта айқындау тұрғысынан да негізделген. Бұл ұғым кез келген ірі компанияның өркениетті қызметі үшін өмірлік маңызды, қажетті және жалпыға бірдей қабылданған фактор болып табылады. Батыс компаниялары бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық салалардағы қаржылық емес тәуекелдерді басқару құралдарының бірі болып табылатын бизнестің прагматикалық бағыты ретінде қабылдайды.
Аутсорсинг (лицензиялау, сертификаттау, аккредиттеу саласындағы жекелеген функцияларды бәсекелестік ортаға, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктеріне беру) рұқсат беру құжаттарын тиісті қайта қарау жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылады.
5.5. Сертификаттау және аккредиттеу саласындағы саясатты жетілдіру
Сертификаттау саласында рұқсат беру жүйесін шектеу жекелеген тауар атауларын тек адамдардың өмірі мен денсаулығының және қоршаған ортаның қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сертификаттау арқылы жүзеге асырылады. Берілетін құжат өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша сертификат деп аталатын болады.
Сәйкестікті декларациялау қағидатын қолдану есебінен сертификаттау нысанында сәйкестігін міндетті түрде растауға жататын тауарлар тізбесі екі еседен астамға қысқартылады.
Декларациялау сертификаттаудан айырмашылығы өндірушінің толық жауапкершілігін көздейді, сертификаттау кезінде жауапкершілік сәйкестікті растау жөніндегі органға жүктеледі. Бұл практика Еуропалық Одақ елдерінде табысты қолданылады, еуропалық сарапшылардың бағалауы бойынша нарықта айналымдағы өнімнің 30 %-дан астамы декларациялауға жатады. Германия мен Ұлыбритания сияқты елдерде бұл рәсім артық талаптармен сипатталмайды – тек өнімнің маңызды сипаттамалары декларацияланады, ал жауапкершілік шарасы айтарлықтай жоғары: едәуір мөлшердегі айыппұлдан бастап қылмыстық жауапкершілікке дейін.
Міндетті сертификаттауға жататын объектілерді қысқарту Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын өнімге ғана сәйкестікті міндетті түрде растауды енгізу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Ал оның шегінен тыс жерде өндіріліп, біздің еліміздің аумағына әкелінетін өнім үшін міндетті сертификаттау міндетті декларациялаумен немесе сертификаттарды автоматты түрде танумен алмастырылуға тиіс. Бұл сертификатталатын өнімнің тізбесін қысқартуға мүмкіндік береді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес «аккредиттеу» термині мағынасы жағынан әртүрлі бірнеше ұғымды білдіреді, тек рәсімдік сипатқа ие және субъектінің белгілі бір қызмет түрімен айналысуға арналған белгілі бір қасиеттерін тануды білдіреді. Осыған байланысты аккредиттеу – субъектінің ерекше артықшылықтарын (қасиеттерін) растау болып табылады.
Аккредиттеу саласында ерікті сипатқа ие «аккредиттеу» терминінің заңнамада бірыңғай түсіндірілуі көзделеді.
6. Күтілетін нәтижелер
Осы Тұжырымдамада көзделген шараларды іске асыру рұқсат беру жүйесін жетілдіруді қамтамасыз етеді, бұл бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені едәуір төмендетуге, рұқсат беру жүйесін оңайлатуға тиіс.
Тұжырымдама ережелерін іске асыру нәтижесінде шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі едәуір ұлғаяды деп күтілуде, өйткені кәсіпкерлер үшін жаңа бизнес-бастамаларды іске асыруда бірқатар мүмкіндіктер ашылады.
Сондай-ақ Тұжырымдаманы іске асыру нәтижесінде халықаралық есептерде елдің бизнес-ортасын бағалау рейтингі артады деп күтілуде.
Рұқсат беру құжаттарының едәуір (екі еседен астам) қысқаруы күтіледі, бұл жекелеген қызмет түрлерін, операциялар мен әрекеттерді рұқсат беру режимінен шығару салдарынан жүзеге асады.
Рұқсат беру жүйесі мен рәсімдері халықаралық практиканың прогрессивті жүйесіне барынша жақындатылатын болады.
Сонымен қатар рұқсат беру жүйесін жетілдіру нәтижесінде қайталанатын рұқсат беру құжаттары жойылады, оларды беру рәсімдері оңайлатылады, біліктілік талаптарының ашықтығы арттырылады. Бұл шараларды іске асыру бизнес шығындарын едәуір төмендетуге, сондай-ақ нарық инфрақұрылымын мемлекеттік әкімшілендіру жүйесі оңайлатылатындықтан, оның одан әрі серпінді дамуына алғышарттар жасауға мүмкіндік береді.
Реформаның нақты нәтижелері рұқсат беру құжаттарын қайта қарау аяқталғаннан кейінгі екі жыл ішінде күтіледі. Алынған нәтижелер рұқсат беру құжаттарын қайта қарау жүргізілгеннен кейін іске асырылатын басқа да шаралардың есебінен жақсарады деп күтілуде.
Тұжырымдаманың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу мақсатында оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің2008 жылғы 27 қарашадағы № 1100қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасындағы рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009–2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескерту. Жоспарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009.11.10 № 1803 қаулысымен өзгерістер енгізілді.
1. Тұжырымдаманың міндеттерін іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру
2. «Электрондық үкімет» бағдарламасы шеңберінде рұқсат беру құжаттарын беру рәсімін оңайлату
3. Кәсіпкерлік қызметті реттеудің баламалы нысандарын енгізу
4. Тұжырымдаманы іске асыру барысын ақпараттық қамтамасыз ету
| № р/с | Іс-шара | Аяқтау нысаны | Орындалуына (іске асырылуына) жауаптылар | Орындау (іске асыру) мерзімдері |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Тұжырымдаманың міндеттерін іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру | |||
| 1 | Рұқсат беру құжаттарын беруді реттейтін нормативтік құқықтық актілерге түгендеу жүргізу жөніндегі жұмыс топтарын мемлекеттік органдарда құру | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі | ЭБЖМ (шақырушы), мемлекеттік органдар, ҰАТ (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп беретін сарапшылар тобы, кәсіпкерлердің салалық бірлестіктері | 2009 жылғы ақпан |
| 2 | Рұқсат беру құжаттарын оңтайландыру мақсатында рұқсат беру жүйесі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қайта қарау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Мемлекеттік органдар, ҰАТ (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп беретін сарапшылар тобы | 2009 жылғы наурыз, маусым |
| 3 | Лицензияланатын қызмет түрлерінің тізбесін қысқарту, лицензиялау режимін реттеудің басқа түрлерімен алмастыру жөнінде ұсыныстар енгізу | ЭБЖМ-ге ұсыныстар | Мемлекеттік органдар – лицензия берушілер | 2009 жылғы сәуір |
| 4 | «Лицензиялау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияға әзірлеу және енгізу | Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамасы | ЭБЖМ (шақырушы), мүдделі мемлекеттік органдар, ҰАТ (келісім бойынша) | 2009 жылғы шілде |
| 5 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгілік стандарты мен регламентінің негізінде әрбір рұқсат беру құжатын беру стандарттары мен регламенттерін бекіту | ЭБЖМ-ге ақпарат | Мемлекеттік органдар, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері | 2009 жылғы 4-тоқсан |
| 2 | «Электрондық үкімет» бағдарламасы шеңберінде рұқсат беру құжаттарын беру рәсімін оңайлату | |||
| 6 | «Е-лицензиялау» мемлекеттік электрондық деректер базасын құру және енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | АБА (шақырушы), мүдделі мемлекеттік органдар | 2009 жылғы 4-тоқсан, 2010 жыл |
| 7 | Мемлекеттік органдар мамандарын «Е-лицензиялау» мемлекеттік электрондық деректер базасымен жұмыс істеуге оқыту | ЭБЖМ-ге ақпарат | АБА (шақырушы), мүдделі мемлекеттік органдар | 2009 жылғы 4-тоқсан |
| 8 | Рұқсат беру құжаттарының электрондық тізілімдерін жүргізуді және рұқсат беру құжаттарын «бір терезе» қағидаты бойынша беруді қамтамасыз ету | ЭБЖМ-ге ақпарат | Мемлекеттік органдар | 2010, 2011 жылдардың 4-тоқсаны |
| 3 | Кәсіпкерлік қызметті реттеудің баламалы нысандарын енгізу | |||
| 9 | Лицензиялау, сертификаттау, аккредиттеу саласындағы жекелеген функцияларды бәсекелестік ортаға беру (аутсорсинг) жөнінде ұсыныстар дайындау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | ЭБЖМ (шақырушы), мемлекеттік органдар | Жыл сайын 10 қаңтарға дейін |
| 10 | Шарттар, кодекстер, келісімдер арқылы бизнестің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі мен өзін-өзі реттеу тетіктерін енгізуді қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭБЖМ (шақырушы), мемлекеттік органдар | Жыл сайын 10 қаңтарға дейін |
| 4 | Тұжырымдаманы іске асыру барысын ақпараттық қамтамасыз ету | |||
| 11 | Рұқсат беру жүйесін реформалауды іске асыру барысын жария талқылауды, рұқсат беру жүйесі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіруді жүргізу | Интернет-конференциялар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар | МАМ (шақырушы), мемлекеттік органдар | Жылына 2 рет – 10 шілдеге және 10 қаңтарға дейін |
Ескерту. Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АБА – Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі;
МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;
ЭБЖМ – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
ҰАТ – «Үкімет пен Ұлттық Банктің жанындағы Ұлттық талдау орталығы» акционерлік қоғамы.
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау