Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация және субконтрактация желісін құру тұжырымдамасы туралы
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 143 шешімі
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі актілер мен іс-шараларды әзірлеу жоспарының 2-тармағын іске асыру мақсатында, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № 17 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация және субконтрактация желісін құру тұжырымдамасы бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
| Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
|---|---|---|---|---|
| В. Габриелян | В. Матюшевский | А. Мамин | О. Панкратов | И. Шувалов |
БЕКІТІЛГЕН
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 143 шешімімен
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ӨНЕРКӘСІПТІК КООПЕРАЦИЯ ЖӘНЕ СУБКОНТРАКТАЦИЯ ЖЕЛІСІН ҚҰРУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
I. Жалпы ережелер
Осы Тұжырымдама 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 9 Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының 4.1.1-тармақшасын және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № 17 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі актілер мен іс-шараларды әзірлеу жоспарының 2-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.
Осы Тұжырымдама Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ) өнеркәсіптік өнім өндірушілерінің өнеркәсіптік ынтымақтастығының неғұрлым тиімді нысандарын ұйымдастыруға бағытталған, бұл өндірістің жоғары тиімділігіне қол жеткізуге, өнеркәсіптік өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге, сервистік өнеркәсіптік ортаны қалыптастыруға, өнеркәсіптің цифрлық трансформациясының негіздерін қалауға мүмкіндік береді, сондай-ақ еуразиялық өнеркәсіптік кооперация және субконтрактация желісін (бұдан әрі – еуразиялық субконтрактация желісі) қалыптастырудың мақсаттарын, міндеттерін, тәртібі мен қаржыландырылуын айқындайды.
Осы Тұжырымдаманың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
«аутсорсинг» – бір заңды тұлғаның (контрактордың) басқа заңды тұлғаға (субконтракторға) жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді беруі және оларды осы басқа заңды тұлғаның (субконтрактордың) шарт негізінде орындауға қабылдауы;
«субконтрактілер биржасы» – контракторлардың субконтракторлармен субконтрактация мәселелері бойынша тікелей келіссөздер жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық тұрғыдан ресімделген іс-шара;
«еуразиялық субконтрактация желісі» – Еуразиялық экономикалық комиссияны, уәкілетті органдарды, субконтрактация орталықтарын, мүше мемлекеттердің контракторлары мен субконтракторларын біріктіретін желілік құрылым;
«өнімді жіктеудің бірыңғай жүйесі» – Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесінің құрамына кіретін өнім қағидалары мен жіктеуіштері (стандарттары), оларды мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық комиссияның үйлестіруімен бірлесіп әзірлейді және еуразиялық субконтрактация желісін қалыптастыру мен оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланады;
«өнеркәсіптік кәсіпорындардың (контракторлар мен субконтракторлардың) бірыңғай тізілімі» – Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарын пайдалана отырып қалыптастырылатын және мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл негізінде құрылатын, аутсорсинг шеңберінде ұсынылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы байланысты мәліметтерді қамтитын мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кәсіпорындары (контракторлар мен субконтракторлар) туралы мәліметтерді қамтитын ортақ ақпараттық ресурс;
«контрактор» – субконтрактордың жұмыстарды орындауына немесе қызметтер көрсетуіне мүдделі заңды тұлға;
«өнеркәсіптік кәсіпорындардың (контракторлар мен субконтракторлардың) бірыңғай тізілімінің ұлттық бөліктері (дерекқорлары)» – аутсорсинг шеңберінде ұсынылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді қамтитын мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кәсіпорындары (контракторлар мен субконтракторлар) туралы ұлттық дерекқорлары;
«субконтрактация» – өнеркәсіптік кәсіпорындар өндірістік қызметті оңтайландыру үшін қолданатын өндірістік (өнеркәсіптік) аутсорсинг нысандарының бірі;
«субконтрактация тарихы» – контракторлар мен субконтракторлардың келісімімен қалыптастырылатын аутсорсинг және субконтрактация шарттарының жасалғаны және орындалғаны туралы ақпарат;
«субконтрактор» – контрактордың тапсырысы бойынша жұмыстарды орындауға немесе қызметтер көрсетуге мүдделі заңды тұлға;
«мүше мемлекеттің уәкілетті органы» – осы мүше мемлекетте субконтрактация орталықтарын құруға және олардың қызметін үйлестіруге мемлекет уәкілеттік берген мемлекеттік билік органы немесе ұйым;
«субконтрактация орталығы» – мүше мемлекеттердегі контракторлар мен субконтракторлардың өзара іс-қимыл процесіне консультациялық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетуді жүзеге асыратын еуразиялық субконтрактация желісінің ұлттық инфрақұрылымдық бөлімшесі.
II. Еуразиялық субконтрактация желісінің мақсаттары мен міндеттері
Еуразиялық субконтрактация желісін құрудың мақсаты өнеркәсіптік дамуды жеделдету мен оның тұрақтылығын қамтамасыз ету, мүше мемлекеттердің өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігі мен инновациялық белсенділігін арттыру үшін мүше мемлекеттердің тиімді әрі өзара тиімді өзара іс-қимыл әлеуетін іске асыру болып табылады.
Еуразиялық субконтрактация желісінің негізгі міндеттері:
мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кәсіпорындарының, өнеркәсіп салаларының өндірістік процестерін оңтайландыру және олардың бәсекеге қабілеттілігін едәуір арттыру, сондай-ақ салааралық кооперацияны тереңдету;
жүктемесі жеткіліксіз өндірістік қуаттарды ұстауға жұмсалатын өндірістік емес шығындарды жою және күш-жігерді технологиялық қайта жарақтандыруға, шығарылатын өнеркәсіптік өнімнің модельдік қатарын жаңартуға шоғырландыру;
өндірістік процестерді оңтайландыру нәтижесінде босатылған ұйымдастырушылық, қаржылық және кадрлық ресурстарды технологиялық жаңғыртуды жүргізу және жаңа өндірістерді дамыту үшін пайдалану;
шығарылатын өнеркәсіптік өнімге сервистік қызмет көрсетуді аутсорсингке беру есебінен кәсіпорындардың шығындарын оңтайландыру;
мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кооперациясы мен субконтрактациясы үшін қолжетімді ақпараттық ресурсты құру;
еуразиялық субконтрактация желісінің жұмыс істеуі шеңберінде мүше мемлекеттердің өнеркәсіп кәсіпорындарының неғұрлым көп санын өндірістік процеске тарту арқылы өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту;
мемлекетаралық кооперациялық байланыстарды дамыту және мүше мемлекеттердің шағын және орта өнеркәсіптік кәсіпорындарын әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялау үшін қолайлы жағдайлар жасау;
ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың шағын және орта бизнес субъектілерімен мемлекетаралық интеграциясының бірлескен жобаларын іске асыру үшін ұлттық субконтрактация желілерінің әлеуетін біріктіру.
III. Еуразиялық субконтрактация желісін қалыптастыру тәртібі
Еуразиялық субконтрактация желісіне қатысушылар:
мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары;
субконтрактация орталықтары;
Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия);
контракторлар мен субконтракторлар болып табылады.
Еуразиялық субконтрактация желісін қалыптастыру шеңберінде мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кооперациясы мен субконтрактациясын дамыту мақсатында Комиссия өнеркәсіптік кәсіпорындардың (контракторлар мен субконтракторлардың) бірыңғай тізілімін (бұдан әрі – бірыңғай тізілім) қалыптастырады және жүргізеді.
Бірыңғай тізілім мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары Комиссияға электрондық түрде ұсынатын бірыңғай тізілімнің ұлттық бөліктеріндегі мәліметтер негізінде қалыптастырылады және жүргізіледі.
Бірыңғай тізілімді қалыптастыру және жүргізу мыналарды қамтиды:
Комиссияның мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарынан бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігіне енгізілген мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кәсіпорындары (контракторлар мен субконтракторлар), аутсорсинг шеңберінде ұсынылатын байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы өзекті мәліметтерді алуы;
Комиссияның мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары ұсынған мәліметтерді бірыңғай тізілімге енгізуі;
Комиссияның бірыңғай тізілімде қамтылған мәліметтерді Одақтың ақпараттық порталында жариялауы.
Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары бірыңғай тізілімге енгізу (өзектендіру) үшін ұсынылатын мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Еуразиялық субконтрактация желісін құру кезеңінде Комиссия:
бірыңғай тізілімді, өнімді жіктеудің бірыңғай жүйесін, сондай-ақ субконтрактация тарихын қалыптастыру және жүргізу тәртібін белгілейтін актілерді қабылдауды;
еуразиялық субконтрактация желісінің жұмыс істеу нәтижелілігі мен тиімділігінің индикаторлары мен көрсеткіштерін әзірлеуді қамтамасыз етеді.
Комиссия еуразиялық субконтрактация желісінің жұмыс істеуі мақсатында:
мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының бірыңғай тізілімге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кәсіпорындарының неғұрлым көп санын еуразиялық субконтрактация желісі жүйесіне тартуға жәрдемдеседі;
еуразиялық субконтрактация желісін одан әрі дамыту үшін жағдайлар жасайды;
еуразиялық субконтрактация желісінде технологиялық құжаттаманы әзірлеу мен беру жөніндегі бірыңғай цифрлық стандарттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді;
мүше мемлекеттермен келісу бойынша субконтрактация орталықтарының өзара іс-қимыл регламентін, рәсімдерін және бірыңғай тізілімнің ұлттық бөліктерін (дерекқорларын) жүргізуге қойылатын үлгілік талаптарды айқындайды;
мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары қызметінің өзара іс-қимылы мен үйлестірілуін, оларға әкімшілік және әдістемелік қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.
Мүше мемлекеттер субконтрактация орталықтарының қызметін құруға және үйлестіруге жауапты уәкілетті органдарды айқындайды, олар:
бірыңғай тізілімнің ұлттық бөліктерін (дерекқорларын) қалыптастыруды және жүргізуді;
Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, бірыңғай тізілімді қалыптастыру мен жүргізудің жалпы процесі шеңберінде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды;
субконтрактация орталықтарын құруды және олардың жұмысын ұлттық деңгейде үйлестіруді;
субконтрактілер биржаларының қызметін ұлттық деңгейде жоспарлау мен үйлестіруді және басқа да іс-шараларды өткізуді;
мүше мемлекеттердің заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, Комиссияның ұсынымдары негізінде әзірленетін әдістемелік материалдарды дайындауды;
контракторлар мен субконтракторларды бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігіне (дерекқорына) тіркеуді;
аутсорсинг мәселелері бойынша ақпарат алмасу мақсатында субконтрактация орталықтарының бірыңғай тізілімдегі мәліметтерге қол жеткізуін;
субконтрактация орталықтарына ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдау көрсетуді;
қажет болған жағдайда, мүше мемлекеттерде өнеркәсіптік өнім өндіруге қойылатын талаптарды регламенттейтін нормаларды, стандарттарды, регламенттер мен нормативтік-техникалық құжаттарды біріздендіру жөніндегі ұсыныстарды дайындауды қамтамасыз етеді.
Субконтрактация орталықтары бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігін (дерекқорын) қалыптастыруға қатысады және өнеркәсіптік кәсіпорындарға мынадай қызметтер көрсетеді:
өнеркәсіптік кооперация бойынша әріптестерді іздеу, еуразиялық субконтрактация желісінде тапсырыстарды тарту және орналастыру, өнеркәсіптік кооперация бойынша әріптестерді іздеу және олардың біліктілігін іріктеу;
маркетингтік зерттеулер жүргізу;
мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кәсіпорындарының өндірістік қуаттары мен өндірістік мүмкіндіктері, өндірістік үй-жайлары туралы ақпаратты жинау, талдау, сақтау және тарату;
контракторлар мен субконтракторларға аутсорсинг мәселелері бойынша, сондай-ақ шағын және орта өнеркәсіптік кәсіпорындарды мемлекеттік қолдаудың нысандары мен тетіктері бойынша консультация беру;
мүше мемлекеттердің кәсіпкерлердің ұлттық бірлестіктерімен және сауда-өнеркәсіп палаталарымен өзара іс-қимыл жасау;
өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның үлгілік схемаларын, оның ішінде шарттардың үлгілік нысандарын, өнімді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жеткізуді ұйымдастыру схемаларын, төлем жасаудың оңтайлы нұсқаларын және т.б. әзірлеу.
Еуразиялық субконтрактация желісінің неғұрлым тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттер мен Комиссияның шешімі бойынша осы Тұжырымдаманың II бөлімінде көрсетілген міндеттерді іске асыру тетіктері түзетілуі мүмкін.
IV. Еуразиялық субконтрактация желісіне қатысушылардың ақпараттық өзара іс-қимылы
Еуразиялық субконтрактация желісіндегі субконтрактация орталықтарының ақпараттық өзара іс-қимылы Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Бірыңғай тізілімді пайдалану аутсорсингті іске асыру мақсатында әріптестерді іздеуге ықпал етеді.
Бірыңғай тізілімде контракторлар мен субконтракторлар, сондай-ақ аутсорсинг шеңберінде ұсынылатын байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы мынадай мәліметтер қамтылады:
мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тіркелуі;
өндірістік әлеуеті;
аутсорсингке берілетін тапсырысқа қойылатын егжей-тегжейлі (техникалық және технологиялық) талаптар.
Аутсорсингті іске асыру мақсатында әріптестерді іздеу өнімді жіктеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бірыңғай тізілім Одақтың ақпараттық порталында орналастырылады.
V. Еуразиялық субконтрактация желісін қаржыландыру тәртібі
Бірыңғай тізілімді құру, дамыту және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, дамыту және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды қаржыландыруға көзделген Одақ бюджетінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бірыңғай тізілімнің ұлттық бөліктерін (дерекқорларын) құру, дамыту және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының қызметін қамтамасыз етуге көзделген мүше мемлекеттердің бюджеттері қаражаты есебінен, сондай-ақ бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Субконтрактация орталықтарының қызметін қаржыландыру мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының қызметін қамтамасыз етуге көзделген мүше мемлекеттердің бюджеттері қаражаты және шағын және орта бизнес субъектілерін қолдауға арналған барлық деңгейдегі бюджеттер қаражаты есебінен, сондай-ақ бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырылады.
VI. Еуразиялық субконтрактация желісінің қызметін реттеу
Еуразиялық субконтрактация желісінің үйлестіруші органы болып табылатын, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары қызметінің өзара іс-қимылы мен үйлестірілуін қамтамасыз ететін Комиссия:
Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің көмегімен субконтрактация орталықтарының жұмыс істеуіне мониторинг жүргізеді, оның нәтижелері бойынша олардың жұмысының тиімділігіне бағалау жүргізеді;
субконтрактация орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі үздік тәжірибені жинақтайды және таратады;
өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, кеңестер, бейнеконференциялар ұйымдастырады;
халықаралық өнеркәсіптік кооперация желілерімен интеграциялау тетіктерін әзірлейді.
Конституция ЗаңКодекс Нормативтік актЖарлық БұйрықШешім ҚаулыАдвокат Алматы заңгеріЗаң қызметіЗаң консультациясыАзаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен дауларҚорғауТөрелік істер Қазақстанның заң компаниясыАдвокаттық кеңсеСот істеріДекларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар