Қылмысқа қарсы күресте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің өзара іс-қимылының тұжырымдамасы туралы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің 1999 жылғы 2 сәуірдегі шешімі
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Мемлекет басшылары кеңесі шешті:
1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қылмысқа қарсы күрестегі өзара іс-қимылының тұжырымдамасы (қоса беріледі) мақұлдансын.
2. Достастықтың Атқарушы Хатшылығына Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ескертулері мен ұсыныстарын келісу және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қылмысқа қарсы күрестегі өзара іс-қимылының тұжырымдамасына Хаттаманы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысының қарауына енгізу тапсырылсын.
3. Осы Шешім оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Мәскеу қаласында 1999 жылғы 2 сәуірде орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дана Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы Хатшылығында сақталады, ол осы Шешімге қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Әзербайжан Республикасы үшін Қырғыз Республикасы үшін
Армения Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін
Беларусь Республикасы үшін Тәжікстан Республикасы үшін
Грузия үшін Өзбекстан Республикасы үшін
Қазақстан Республикасы үшін Украина үшін
Шешімге Молдова Республикасы, Түрікменстан қол қойған жоқ.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қылмысқа қарсы күрестегі өзара іс-қимылының тұжырымдамасы туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің 1999 жылғы 2 сәуірдегі шешімімен мақұлданған
ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТАСТЫҒЫНА ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕГІ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер (бұдан әрі – ТМД) мыналарды ескере отырып:
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі қылмыс барған сайын трансұлттық сипатқа ие болып, жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформаларға нақты кедергі келтіретінін, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздігіне қол сұғатынын, азаматтардың мемлекеттік құрылымдардың олардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету қабілетіне деген сенімін әлсірететінін;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумақтарында бірыңғай криминалдық кеңістіктің сақталып отырғанын, ал қылмыстық көріністердің аса қауіпті түрлері мен қылмыстылық үрдістерінің көп жағдайда ұқсас екенін;
аумақтық, өңіраралық және халықаралық деңгейлерде шоғырлана отырып, қылмыстық қоғамдастықтардың ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумақтарын есірткі бизнесі, қылмыстық кірістерді заңдастыру, ұлттық байлықты тонау және өзге де қылмыстық экспансия үшін белсенді пайдаланатынын;
қылмысқа қарсы күресті жүзеге асыратын құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері кейбір айырмашылықтарға қарамастан, негізінен сәйкес келетінін;
қылмысқа қарсы тиімді күрес ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің тығыз өзара іс-қимылы негізінде қамтамасыз етілуі мүмкін екенін,
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қылмысқа қарсы күрестегі өзара іс-қимылының осы Тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) қабылдайды.
I. Жалпы ережелер
1. Осы Тұжырымдаманың мақсаты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылын кеңейту және нығайту болып табылады.
2. Осы Тұжырымдама ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қылмысқа қарсы күрестегі өзара іс-қимылының қағидаттарын, міндеттерін, негізгі бағыттарын, нысандары мен қамтамасыз ету жүйесін олар айқындайтын құзыретті органдар, атап айтқанда прокуратура, ішкі істер органдары, қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтер, салық полициясы (қызметі), кеден қызметі, мемлекеттік шекараны қорғау органдары және қылмысқа қарсы күресті жүзеге асыратын басқа да мемлекеттік органдар, сондай-ақ қылмысқа қарсы күресте үйлестіру мен өзара іс-қимыл жасау үшін құрылған ТМД-ның жарғылық органдары мен салалық ынтымақтастық органдары (Бас прокурорлардың үйлестіру кеңесі, Ішкі істер министрлері кеңесі, Қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтер басшыларының кеңесі, Кеден қызметтері басшыларының кеңесі, Шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағындағы ұйымдасқан қылмысқа және қылмыстардың өзге де қауіпті түрлеріне қарсы күресті үйлестіру бюросы және басқалары) арқылы айқындайды.
3. Тұжырымдаманың ережелері ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылының құқықтық базасын әзірлеу, екіжақты және көпжақты келісімдер мен шарттар жасасу кезінде пайдаланылуы мүмкін.
II. Өзара іс-қимылдың қағидаттары, міндеттері және негізгі бағыттары
1. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қылмысқа қарсы күрестегі өзара іс-қимылы мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырылады:
мемлекеттердің егемендігін құрметтеу және олардың ұлттық заңнамасын, халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттарын мүлтіксіз сақтау;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдары арасындағы сенімді нығайту;
адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың басымдығы;
тараптардың тең құқықтылығы.
2. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қылмысқа қарсы күрестегі өзара іс-қимылының міндеті құзыретті органдардың қылмыстардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру, қылмыскерлерді іздестіру, қылмыстармен келтірілген залалды өтеу, жазаларды орындау, халықаралық-құқықтық нормалар мен ұлттық заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмысының тиімділігін арттыру, сондай-ақ ең алдымен мынадай қылмыстарға қарсы күресте олардың келісілген қызметін қамтамасыз ету болып табылады:
терроризм, бандитизм, кепілге алу;
«тапсырыспен» жасалатын және сериялық кісі өлтіру;
адамдарды, трансплантациялау үшін адам ағзаларын немесе тіндерін ұрлау және олармен сауда жасау;
жалдамалылық, жаппай қырып-жою қаруын заңсыз өндіру немесе тарату, халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдар мен мекемелерге шабуыл жасау және адамзаттың бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қарсы өзге де қылмыстар;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік шекарасын террористік топтардың және басқа да қылмыстық элементтердің заңсыз кесіп өтуі;
заңсыз көші-қон;
жалған ақша жасау, контрабанда, заңсыз жолмен алынған қаражаттар мен мүлікті заңдастыру, ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге залал келтіретін салықтық және экономика саласындағы басқа да қылмыстар;
қару-жарақтың, радиоактивті материалдардың, оқ-дәрілердің, жарылғыш және улы заттардың, жарылғыш құрылғылардың заңсыз өндірісімен және айналымымен байланысты қылмыстар;
есірткі құралдары мен психотроптық заттарды заңсыз өндіру және олардың айналымы;
зияткерлік меншік саласындағы қылмыстар;
компьютерлік ақпарат саласындағы қылмыстар;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекетаралық, экономикалық және басқа да қатынастары саласындағы парақорлық, коммерциялық сатып алу;
қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманы бұзу, суларды, атмосфераны, теңіз ортасын ластау және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мүдделерін қозғайтын басқа да экологиялық қылмыстар;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге залал келтіретін көлік қозғалысы қауіпсіздігі мен көлікті пайдалану қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар;
ұжымдық бітімгершілік күштер құрамындағы адамдарға қарсы жасалатын қылмыстар;
заңсыз алкоголь, антиквариат, ойын бизнесі, сондай-ақ порнография және жезөкшелік;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумақтарында әрекет ететін «гастролер» қылмыскерлер немесе трансұлттық қылмыстық байланыстары бар адамдар жасайтын кез келген қылмыстар;
заңсыз автомобиль бизнесі және автокөлік құралдарына қарсы өзге де қылмыстық қол сұғушылықтар.
3. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздігіне ерекше қатер төндіретін ұйымдасқан және трансұлттық қылмысқа қарсы күрестегі бірлескен күш-жігер басым мәнге ие болады. Бұл қатер мынадай салаларда қауіп төндіреді:
а) әлеуметтік салада:
қылмыстық қызметке барған сайын көп адамдардың, ең алдымен жастардың тартылуы;
қоғамда үрей, сенімсіздік және әлеуметтік шиеленіс ахуалының қалыптасуы;
экологиялық қылмыстар, азық-түлік өнімдерін, алкогольдік және басқа да сусындарды қолдан жасау салдарынан келтірілетін зиянның артуы;
б) экономикалық салада:
экономикалық қатынастардың жаһандық криминалдануы және қылмыстық капиталдың позицияларының нығаюы;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық негіздерін әлсірететін көлеңкелі экономиканың өсуі;
инвестициялық саясат, сыртқы экономикалық, кредиттік-қаржылық қызмет және экономиканың басқа да салаларында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің күш-жігеріне деген халықаралық сенім деңгейінің төмендеуі;
в) саяси салада:
ірі капиталға ие қылмыстық құрылымдардың саяси өмірге араласуы, өз мүдделерін билік құрылымдарында лоббилеуі, оның ішінде өздері бақылайтын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өздеріне қолайлы қоғамдық пікір қалыптастыру, олардың қызметіне қолайлы жағдайлар жасайтын заңнамалық және өзге де нормативтік актілер қабылдау жолымен ықпал етуі;
мемлекеттік қызметшілерді сатып алу;
ұлтаралық қақтығыстар мен саяси жанжалдарды арандату, өздеріне ұнамайтын адамдарды физикалық тұрғыдан жою.
4. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарының, сондай-ақ қылмысқа қарсы күресте үйлестіру мен өзара іс-қимыл жасау үшін өзара келісім бойынша құрылған ТМД-ның жарғылық органдары мен салалық ынтымақтастық органдарының өзара іс-қимылының негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
трансұлттық қылмыстылықтың жай-күйін, құрылымын, серпінін және салдарын, қылмыстарды анықтау, алдын алу, ашу, тергеп-тексеру және жазаларды орындау жөніндегі жұмыс нәтижелерін бірлесіп талдау;
өз құзыреті шегінде қылмысқа және оның жекелеген түрлеріне қарсы күрестің бірлескен бағдарламаларын орындау;
күресу үшін үйлестірілген күш-жігерді талап ететін қылмыстар бойынша нақты істер мен материалдар жөніндегі бірлескен тергеу, жедел-іздестіру іс-қимылдары және басқа да іс-шаралар;
ТМД шеңберінде қабылданған мемлекетаралық шарттардың орындалу практикасын жинақтау;
ТМД-ның Мемлекет басшылары кеңесіне, басқа да органдарына, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарына қылмысқа қарсы күрес туралы ақпарат дайындау;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қылмысқа қарсы күрестегі бірлескен қызметін құқықтық реттеуді, оның ішінде қылмыстық қудалауды беру мәселелері бойынша жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарының қылмысқа қарсы күрестегі бірлескен күш-жігерінің тиімділігін зерделеу және бағалау, осы саладағы тәжірибені тарату;
қылмыс жасаған адамдарды берудің оңайлатылған тәртібінің құқықтық негізін құру;
жәбірленушілердің, куәлардың және қылмыстық процестің басқа да қатысушыларының құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің ерекшеліктерін ескере отырып, ұлттық заңнамада пайдалану үшін ұсынымдарды келісілген түрде әзірлеу;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарының кадрларын кәсіби даярлау және қайта даярлау;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарының қажеттіліктері үшін криминалистикалық техника мен арнайы құралдарды әзірлеу, жасау, өндіру және жеткізу.
III. Өзара іс-қимылдың негізгі нысандары
1. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарының қылмысқа қарсы күрестегі өзара іс-қимылының негізгі нысандары деп мыналар танылады:
а) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумақтарында бірлескен тергеу, жедел-іздестіру іс-қимылдарын және өзге де іс-шараларды жүзеге асыру;
б) бір мемлекеттің құзыретті органдарының қызметкерлеріне басқа мемлекеттің құзыретті органдары қызметкерлерінің қылмыстардың жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге, қылмыс жасады деп күдік келтірілген адамдарды ұстауға, қылмыскерлерді іздестіруге жәрдем көрсетуі. Бұл жәрдем екінші тарапқа көлік құралдарын, криминалистикалық техниканы, байланыс құралдарын, кеңсе техникасын, қажетті жедел ақпаратты ұсыну, аудармашылар мен сарапшылардың жұмысын ұйымдастыру, басқа да нақты іс-шараларды жүзеге асыру нысанында көрсетіледі;
в) қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ашу мәселелері бойынша құзыретті органдардың ақпарат және жұмыс тәжірибесімен алмасуы, бірлескен семинарлар, оқу-жаттығулар, жиындар, консультациялар мен кеңестер өткізу;
г) ТМД-ға қатысушы басқа мемлекеттердің құзыретті органдарынан келіп түсетін сұрау салулар мен өтініштерді орындау;
д) қылмыстық жауаптылыққа тарту, үкімді орындауға келтіру үшін адамдарды беру және тиісті шарттарда көзделген тәртіппен сотталғандарды жазасын одан әрі өтеу үшін беру;
е) басқа ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумақтарында қылмыс жасағаны үшін өз мемлекетінің азаматтарын қылмыстық жауаптылыққа тартуды қамтамасыз ету;
ж) бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу;
з) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарының халықаралық ұйымдардағы ынтымақтастығы;
и) құзыретті органдардың кадрларын даярлау саласындағы ынтымақтастық;
к) қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алудың келісілген нысандары мен әдістерін дамыту.
2. Өзара іс-қимылдың жеделдігін арттыру мақсатында шарттық негізде бір мемлекеттердің құзыретті органдары қызметкерлерінің басқа ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумақтарында болу тәртібін реттеу, оларға мынадай құқықтар беру қажеттігі танылады:
а) бір мемлекеттің құзыретті органдары өкілдерінің басқа мемлекеттің аумағында өтініш немесе сұрау салу бойынша жүргізілетін тергеу және іздестіру іс-қимылдарына қатысуы;
б) жіберілетін сұрау салулар бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарынан жедел ақпарат алу;
в) ТМД-ға қатысушы басқа мемлекеттің аумағында жүрген қылмыс жасады деп күдік келтірілген адамдарға қатысты алдын ала жіберілген сұрау салу және оған алынған рұқсат бойынша, болатын мемлекеттің құзыретті органдарының қатысуымен және бақылауымен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу;
г) болатын мемлекеттің құзыретті органдарының рұқсатымен, бақылауымен және қатысуымен адамды қудалауды жүзеге асыру және оны ұстау;
д) ТМД-ға қатысушы шектес мемлекеттердің шекара маңындағы аумақтарындағы құзыретті органдардың басшыларына қылмысқа қарсы күрес жөніндегі ұзақ мерзімді бірлескен іс-шараларды дербес әзірлеу, қажетті құжаттарды (жоспарларды, шешімдерді, келісімдерді және т.б.) тиісті құзыретті органдардың орталық ведомстволарына сараптамаға және бекітуге міндетті түрде жіберу құқығын беру.
3. Өзара іс-қимылдың жеделдігін арттыру мақсатында қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың, қызметтік мақсаттарда құзыретті органдар қызметкерлерінің ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шекараларын кесіп өту тәртібін, сондай-ақ қылмыстық және әкімшілік істер бойынша заттай дәлелдемелерді, қылмыскерлерден алынған құндылықтар мен қылмыстардың жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге байланысты басқа да заттарды осы шекаралар арқылы өткізу тәртібін оңайлатуға бағытталған шаралар жүйесін әзірлеу қажеттігі де танылады.
4. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестің міндеттері мен жағдайларына қатысты шарттық негізде мыналар қажет деп танылады:
жалпы пайдалануға арналған мынадай ақпараттық деректер банктерін құру: ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумақтарындағы қылмыстылықтың жай-күйі мен үрдістері туралы; қылмыстық ұйымдар мен қоғамдастықтардың қызмет бағыттары, қылмыстық қызмет салалары, құрылымы, басшылары, белсенді қатысушылары, трансұлттық байланыстары туралы; қылмыстық қоғамдастықтар дайындап жатқан және жасайтын қылмыстар туралы; қылмыстық ұйымдар мен қоғамдастықтар бақылайтын немесе олармен өзгеше түрде байланысты жеке және заңды тұлғалар туралы; қылмыстық қоғамдастықтардың қаржылық және мүліктік базасы, қылмыстық кірістерді заңдастыру салалары мен тәсілдері туралы; қылмыстық қоғамдастықтардың сыбайлас жемқорлық байланыстары туралы; қылмыстық қоғамдастықтардың өз қызметін қамтамасыз ету үшін қабылдайтын шаралары туралы;
криминалданған экономикалық құрылымдар, есірткі бизнесі, қарудың заңсыз айналымы, қылмыстық кірістерді жылыстату, қылмыстық ортадағы беделді тұлғалар, сыбайлас жемқорлыққа ұшыраған шенеуніктер және ұйымдасқан қылмысқа қатысы бар адамдардың басқа да санаттары арасындағы трансұлттық қылмыстық байланыстар салаларында берік жедел позицияларға қол жеткізу мақсатында, оның ішінде қажет болған жағдайда біріккен топтар құру жолымен, ұзақ мерзімді негізде бірлескен жедел-іздестіру жұмысын қамтамасыз ету, бақыланатын жеткізілімдерді жүзеге асыру, бүркемеленген кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар құру, күрделілігі жоғары басқа да жедел-іздестіру шараларын жүргізу.
IV. Өзара іс-қимылды ақпараттық қамтамасыз ету
1. Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету мыналарды қамтиды:
а) қылмыс проблемалары, бірінші кезекте ұйымдасқан және трансұлттық қылмыс проблемалары бойынша бірлескен зерттеулер жүргізу, қылмыстық көріністердің неғұрлым сипатты түрлерін, оның ішінде олардың шекара маңындағы аудандардағы ерекшеліктерін зерделеу. Осы мақсаттарда ТМД-ға қатысушы мүдделі мемлекеттерді оның жұмысына тарта отырып, Талдау орталығының жұмыс істеуі көзделеді;
б) Талдау орталығының ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге жүргізілген талдамалық жұмыстың нәтижелерін Мемлекет басшылары кеңесіне, Үкімет басшылары кеңесіне, Бас прокурорлардың үйлестіру кеңесіне, Ішкі істер министрлері кеңесіне, Қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтер басшыларының кеңесіне, Кеден қызметтері басшыларының кеңесіне, Шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесіне, салық қызметтерінің басшыларына тұрақты түрде ұсынуы;
в) қылмыстық ахуалды, оның үрдістерін, қылмысқа қарсы күрестің перспективаларын және өзара мүдделілік тудыратын басқа да мәселелерді талқылау үшін құзыретті органдардың ақпараттық-талдамалық қызметтері өкілдерінің кеңестерін, семинарларын өткізу;
г) қылмыстық-статистикалық және өзге де ақпараттың салыстырмалылығын қамтамасыз ететін ақпараттық-талдамалық жұмыстың бірыңғай әдістемелерін бірлесіп әзірлеу;
д) пайдаланушыларға қылмыстылық, оған қарсы күрес жөніндегі шаралар мен оның нәтижелері туралы ақпаратты келісілген көлемдер мен нысандарда ұсыну жүйесін әзірлеу;
е) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдары ақпараттық деректер банктерін іс жүзінде өтеусіз пайдалана алуы мақсатында мемлекетаралық компьютерлік желілер құру;
ж) ақпараттық-жедел қамтамасыз етудің байланыс тораптарын құру.
2. Ақпараттық-жедел қамтамасыз ету мыналарды көздейді:
а) ТМД-ға қатысушы екі және одан да көп мемлекеттің мүдделерін қозғайтын жағдайларда, Тұжырымдаманың II бөлімінің 2, 3-тармақтарында көзделген дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы хабардар ету;
б) Тұжырымдаманың II бөлімінде көзделген қауіпті қылмыскерлерді ұстау және қылмыстардың жолын кесу жөніндегі жүргізіліп жатқан операциялар мен олардың нәтижелері туралы, егер олар ТМД-ға қатысушы екі және одан да көп мемлекеттің мүдделерін қозғайтын болса, хабардар ету;
в) байланыс офицерлерінің тікелей байланыстары және кейінге қалдыруға болмайтын мәселелерді шұғыл шешу мақсатында мүдделі қызметтердің, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құзыретті және басқа да органдары өкілдерінен бірлескен жұмыс топтарын шұғыл түрде шақыру;
г) жалпы пайдалануға арналған мынадай қылмыстар туралы компьютерлік деректер банктерін құру:
ұйымдасқан және кәсіби қылмыстылықтың құрылымдары туралы;
өңіраралық және мемлекетаралық қылмыстар туралы істер бойынша өтетін айыпталушылар мен сотталғандар туралы (дактилоскопиялық есепке алумен);
қылмыстарды жасау тәсілдері туралы (өңіраралық, мемлекетаралық қылмыстарды жасау кезінде қолданылатын немесе сапалық жағынан жаңа тәсілдер);
мемлекеттік шекаралар арқылы тасымалдануы мүмкін ұрланған, іздеуде жүрген құндылықтар туралы;
хабар-ошарсыз кеткен адамдар туралы;
жеке басы анықталмаған мәйіттер туралы;
анықтау, тергеу, сот органдарынан жасырынған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан қашып кеткен адамдар туралы;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар туралы, олар шекараны бұзуға әрекет жасағаны үшін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің біріне кіруден заңды негіздерде бас тартылған адамдар туралы;
ұрланған және алынған қару-жарақ, оқ-дәрілер, радиоактивті, улы және жарылғыш заттар туралы (оқтар мен гильзалардың картотекасын құру арқылы);
салықтар мен кедендік төлемдерді төлеуден жалтару, заңсыз кәсіпкерлікке қатысу, жалған банкроттық және трансұлттық сипаттағы өзге де экономикалық қылмыстар жасау арқылы елеулі залал келтірген жеке және заңды тұлғалар туралы;
кеден органдары ұстаған немесе іздестіріп жатқан тауарлық құндылықтар туралы;
айдап әкетілген, ұрланған көлік құралдары мен нөмірлік агрегаттар, оларды заңдастыру тәсілдері және шекарадан өту бағыттары туралы;
ұсталған немесе алынған есірткілік, радиоактивті, психотроптық және күшті әсер ететін заттар туралы.
Деректер банктерінде қамтылған ақпарат келісім бойынша ақпараттық-талдамалық мақсаттарда да пайдаланылуы мүмкін.
3. Ақпараттық-құқықтық қамтамасыз ету мыналарды көздейді:
а) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің заңнамасы және оны қолдану практикасы туралы ақпаратты жинау, сақтау және жүйелеу;
б) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекетаралық қатынастарының құқықтық базасы мен олардың ұлттық заңнамасына кешенді талдау жасау;
в) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастығы процесінде құқықтық қайшылықтардың алдын алу және оларды жою жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
г) қылмысқа қарсы күрес проблемалары бойынша ғылыми әзірлемелерді жинау, сақтау және жүйелеу.
V. Өзара іс-қимылды материалдық-техникалық, қаржылық және өзге де ресурстық қамтамасыз ету
1. Өзара іс-қимылды материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастығының нақты бағыттары мен нысандары туралы жекелеген шарттарда айқындалатын тәртіппен және талаптарда жүзеге асырылады.
2. Қажет болған жағдайларда бір мемлекеттің құзыретті органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ қылмыстық сот ісін жүргізудің жәбірленушілерінің, куәларының және басқа да қатысушыларының басқа ТМД-ға қатысушы мемлекеттің аумағында болуы кезінде олардың функционалдық өкілеттіктерін орындауын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әдетте, осы болуды бастамашылық еткен мемлекеттің құзыретті органдарының қаражаты есебінен жүргізіледі.
Бір мемлекеттің құзыретті органдары қызметкерлерінің осы Тұжырымдамада көзделген іс-шараларды орындау мақсатында басқа мемлекеттің аумағында болуы оларды қабылдаушы мемлекетке жіберген құзыретті органдардың қаржылық қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.
3. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұйымдастырушылық-техникалық, күзет, жедел-іздестіру, тергеу және өзге де іс-шараларды орындау болатын мемлекетке жүктеледі.
Жұмыс кабинеттерін, ұсталған және қамауға алынған адамдарды ұстауға арналған үй-жайларды беруге, оларды күзету мен конвоймен алып жүруге, құзыретті органдар қызметкерлерінің қауіпсіздігіне байланысты техникалық, көлік, тұрғын үй-коммуналдық және өзге де қамтамасыз ету қабылдаушы мемлекеттің құзыретті органдарына жүктеледі.
4. Кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру ұйымдастырушылық және қаржылық қамтамасыз ету мәселелері көрсетілетін шарттар негізінде жүзеге асырылады.
5. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің көпжақты және екіжақты келісімдерінде өзара іс-қимылды ресурстық қамтамасыз етудің өзге де талаптары көзделуі мүмкін.
VI. ТМД шеңберінде қабылданған қылмысқа қарсы күрестегі өзара іс-қимыл туралы шешімдердің орындалуын үйлестіру
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық деңгейінде осы Тұжырымдама негізінде қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды олардың құзыретті органдары жүзеге асырады.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қылмысқа қарсы күрестегі өзара іс-қимылы туралы келісілген шешімдердің орындалу барысын талдау және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Мемлекет басшылары кеңесі мен Үкімет басшылары кеңесіне ақпарат дайындауды ТМД-ның Атқарушы Хатшылығы жүзеге асырады.
Конституция Заң Кодекс Норматив Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар