Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конвенция / Резолюция / Концепция / Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер бір тараптан және Өзбекстан Республикасы екінші тараптан Еуразиялық экономикалық одақтың және Өзбекстан Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар мен халықаралық тасымалдау көлік құралдары туралы ақпарат алмасу туралы келісім жобасының тұжырымдамалық ережелері туралы

Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер бір тараптан және Өзбекстан Республикасы екінші тараптан Еуразиялық экономикалық одақтың және Өзбекстан Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар мен халықаралық тасымалдау көлік құралдары туралы ақпарат алмасу туралы келісім жобасының тұжырымдамалық ережелері туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер бір тараптан және Өзбекстан Республикасы екінші тараптан Еуразиялық экономикалық одақтың және Өзбекстан Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар мен халықаралық тасымалдау көлік құралдары туралы ақпарат алмасу туралы келісім жобасының тұжырымдамалық ережелері туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 26 қарашадағы № 88 шешімі.

Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеңесі шешті:

1. Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер бір тараптан және Өзбекстан Республикасы екінші тараптан Еуразиялық экономикалық одақтың және Өзбекстан Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар мен халықаралық тасымалдау көлік құралдары туралы ақпарат алмасу туралы келісім жобасының қоса беріліп отырған тұжырымдамалық ережелері мақұлдансын.

2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения РеспубликасынанБеларусь РеспубликасынанҚазақстан РеспубликасынанҚырғыз РеспубликасынанРесей Федерациясынан
М. ГригорянН. ПеткевичС. ЖұманғаринД. АмангелдиевА. Оверчук

| | Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 26 қарашадағы № 88 шешімімен МАҚҰЛДАНҒАН || - | ---------------------------------------------------------------------------------------------- |

Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер бір тараптан және Өзбекстан Республикасы екінші тараптан Еуразиялық экономикалық одақтың және Өзбекстан Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар мен халықаралық тасымалдау көлік құралдары туралы ақпарат алмасу туралы келісім жобасының ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ

I. Кіріспе

1. Осы тұжырымдамалық ережелер Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер бір тараптан және Өзбекстан Республикасы екінші тараптан Еуразиялық экономикалық одақтың және Өзбекстан Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар мен халықаралық тасымалдау көлік құралдары туралы ақпарат алмасу туралы келісім жобасын (бұдан әрі тиісінше – келісім, Тараптар) әзірлеудің мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ келіссөздер барысында Тараптардың түпкілікті ұстанымына нұқсан келтірмей, келісімде реттелуге жататын негізгі мәселелерді айқындайды.

II. Мақсаттары

2. Келісім жасасудың мақсаттары мыналар болып табылады:

а) Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) және Өзбекстан Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар мен халықаралық тасымалдау көлік құралдары туралы ақпарат алмасуды ұйымдастыру, бұл мыналарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді:

Одақтың және Өзбекстан Республикасының кедендік аумақтарына әкелінетін тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасауды жеделдету;

тауарларды кедендік декларациялаудың анықтығын және тауар ағындарының ашықтығын арттыру;

тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануды қоса алғанда, кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру;

Одаққа мүше мемлекеттердің кедендік заңнамасын, кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен Одақ органдарының актілерін және Өзбекстан Республикасының кедендік заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу;

Одақтың және Өзбекстан Республикасының кедендік аумақтарына кедендік бақылаудан жалтару арқылы өткізуге әлеуетті түрде қауіпті, тыйым салынған және шектеу қойылған тауарларды әкелуге байланысты тәуекелдерді және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Тараптардың мүдделерін қозғайтын өзге де тәуекелдерді төмендету;

Одаққа мүше мемлекеттер мен Өзбекстан Республикасының сауда-экономикалық қатынастарына мониторинг және талдау жүргізу;

б) кедендік ынтымақтастықты кеңейту, Одаққа мүше мемлекеттердің және Өзбекстан Республикасының кеден қызметтері арасындағы сенімді арттыру.

III. Міндеттері

3. Келісім жасасудың міндеттері Одақтың және Өзбекстан Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар мен халықаралық тасымалдау көлік құралдары туралы ақпарат алмасуды жүзеге асыру шарттарын айқындау және тәртібін қалыптастыру болып табылады.

IV. Негізгі мәселелер

4. Келісім шеңберінде мынадай негізгі мәселелер реттелуге жатады:

а) алмасуға арналған ақпараттың көлемі, құрамы, құрылымы және форматы;

б) алмасуға арналған ақпарат көздері;

в) ақпарат алмасуды жүзеге асырудың техникалық шарттары;

г) ақпарат алмасуға қатысушылардың өзара іс-қимыл тетігі;

д) алмасу шеңберінде берілген ақпаратты қорғауға және пайдалануға қойылатын талаптар;

е) ақпарат алмасуды жүзеге асыру кезеңдері.

5. Келісім оны іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимылға, келіспеушіліктерді шешуге, сондай-ақ келісімге өзгерістер енгізуге, Одаққа жаңа мемлекеттер қосылған жағдайда оған қосылуға, одан шығуға, келісімнің күшіне енуіне және оның қолданысын тоқтатуға қатысты тәртіпті айқындауға тиіс.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар