Өсімдіктерді қорғау жөніндегі Еуропалық және Жерорта теңізі ұйымын құру туралы конвенцияға қосылу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы № 263 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
- 1951 жылғы 18 сәуірде Париж қаласында жасалған Өсімдіктерді қорғау жөніндегі Еуропалық және Жерорта теңізі ұйымын құру туралы конвенцияға қосылу.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан РеспубликасыныңПремьер-Министрі
Өсімдіктерді қорғау жөніндегі Еуропалық және Жерорта теңізі ұйымын құру туралы конвенция
(1999 жылғы редакциядағы мәтін)
Өсімдіктерді қорғау жөніндегі Еуропалық және Жерорта теңізі ұйымын құру туралы конвенция
(1999 жылғы қыркүйекке дейін енгізілген өзгерістері бар бастапқы нұсқада бекітілген)
1951 жылғы 18 сәуірдегі Өсімдіктерді қорғау жөніндегі Еуропалық және Жерорта теңізі ұйымын құру туралы конвенция, 1955 жылғы 27 сәуірде, 1962 жылғы 9 мамырда, 1968 жылғы 18 қыркүйекте, 1973 жылғы 19 қыркүйекте, 1982 жылғы 23 қыркүйекте, 1988 жылғы 21 қыркүйекте және 1999 жылғы 15 қыркүйекте Кеңес түзетулер енгізген.
I бап. – Мақсаттары
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) ұйымдастырған Өсімдіктерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенция негізінде өсімдіктерді қорғау жөніндегі танылған өңірлік ұйым ретінде Өсімдіктерді қорғау жөніндегі Еуропалық және Жерорта теңізі ұйымы (бұдан әрі – Ұйым) құрылуға тиіс. Ұйымның мақсаттары:
a) өсімдіктердің саулығын қамтамасыз ету мақсаттарына қол жеткізуде, бұл ретте адамдардың, жануарлардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауды сақтай отырып, мүше Үкіметтерге қолдау көрсету;
b) мүше Үкіметтер арасындағы ынтымақтастық арқылы өсімдіктер мен өсімдік өнімдерін зиянкестерден қорғауды жалғастыру және дамыту, сондай-ақ олардың халықаралық таралуына, әсіресе залалданбаған аумақтарға әкелінуіне жол бермеу;
c) өсімдіктерді қорғау саласындағы халықаралық келісілген фитосанитариялық және өзге де ресми шараларды әзірлеу және, тиісінше, осындай шаралардың тиімділігін арттыру;
d) ФАО-да, ДСҰ-да, басқа да өсімдіктерді қорғау жөніндегі өңірлік ұйымдарда және ұқсас функциялары бар кез келген басқа ұйымдарда мүше Үкіметтердің ортақ ұстанымдарын білдіру.
1 Өсімдіктерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияның 1951 жылғы 6 желтоқсандағы VIII бабы; ФАО Конференциясының 1997 жылғы қарашадағы жиырма тоғызыншы сессиясының 12/97 қарарымен бекітілген Өсімдіктерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияның жаңа түзетілген мәтінінің IX бабы.
II бап. – Анықтамалар
Осы Конвенцияның мақсаттары үшін төменде көрсетілген терминдер мынадай мағынаны білдіреді:
«Қауіп-қатерге ұшыраған аймақ» – экологиялық факторлары зиянкестің орнығуына қолайлы болатын, ал оның осы аймақта болуы елеулі экономикалық залалға әкелетін аймақ;
«Халықаралық стандарттар» – Өсімдіктерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға сәйкес белгіленген халықаралық стандарттар;
«Интродукция» – зиянкестің орнығуына әкелетін басып кіруі;
«Зиянкес» – өсімдіктерге немесе өсімдік өнімдеріне зиян келтіретін өсімдіктердің, жануарлардың кез келген түрі, штамы немесе биотипі не патогендік агент;
«Зиянкестер қаупін талдау» – зиянкестің реттелуге жататынын және оған қарсы қабылдануға тиіс фитосанитариялық шаралардың көлемін анықтау мақсатында биологиялық немесе өзге де ғылыми және экономикалық деректерді бағалау процесі;
«Фитосанитариялық шара» – зиянкестердің енуін немесе таралуын болдырмауға бағытталған барлық заңнамалық, нормативтік немесе ресми рәсімдер;
«Өсімдік өнімдері» – өсімдік тектес өңделмеген материал (оның ішінде астық) және өзінің табиғаты бойынша немесе өңдеу нәтижесінде зиянкестердің әкелінуі немесе таралуы қаупін тудыруы мүмкін өңделген өнімдер;
«Өсімдіктер» – тірі өсімдіктер және олардың бөліктері, оның ішінде тұқымдар мен ұрықтық плазма;
«Карантиндік зиянкес» – өзі жұқтыру қаупі бар аймақ үшін әлеуетті экономикалық маңызы бар және онда әлі кездеспейтін немесе кездескенімен, кеңінен таралмаған әрі ресми бақылауда болатын зиянкес;
«Өңірлік стандарттар» – өсімдіктерді қорғау жөніндегі өңірлік ұйым осындай ұйымның мүшелеріне басшылық ретінде белгілейтін стандарттар;
«Реттелетін карантиндік емес зиянкес» – отырғызуға арналған өсімдіктерде болуы осындай өсімдіктерді болжамды пайдалануға экономикалық тұрғыдан қолайсыз әсер ететін және осы себепті импорттаушы елдің аумағында реттелетін карантиндік емес зиянкес;
«Реттелетін зиянкес» – карантиндік зиянкес немесе реттелетін карантиндік емес зиянкес.
III бап. – Мүшелік
a. Ұйымға мүшелік осы Конвенцияның XX бабындағы ережелерге сәйкес оны қатаң сақтайтын мынадай мемлекеттердің Үкіметтері үшін ашық болуға тиіс:
- II тізбеде көрсетілген елдердің Үкіметтері;
- Ұйым Кеңесі мүшелікке кіруге шақыруы мүмкін кез келген басқа елдердің Үкіметтері.
b. XXI баптың талаптарына сәйкес мәлімдеме жасалған кез келген аумақтың Үкіметі Ұйым Кеңесінің шешімімен мүшелікке қабылдануы мүмкін, бірақ тек осындай мәлімдеме жасаған Мүшенің ұсынысы бойынша ғана. Мұндай әрбір шешім берілген дауыстардың үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылдануға тиіс. Осылайша қабылданған аумақтар, Кеңестің пікірінше, Ұйымның жұмысына нақты әрі дербес үлес қоса алатындай болуы керек.
IV бап. – Орналасқан жері
a. Ұйымның орналасқан жері – Париж қаласы.
b. Ұйымның отырыстары, әдетте, оның орналасқан жерінде өткізіледі.
V бап. – Функциялары
Ұйымның функциялары:
a. мыналарды әзірлеу:
- фитосанитариялық шараларды қолданудағы жалпыға бірдей қабылданған практиканың, ең алдымен өсімдіктерді қорғау саласындағы қағидаттарын;
- өңірлік стандарттарды;
b. мыналарға жәрдемдесу:
- фитосанитариялық және өсімдіктерді қорғау жөніндегі басқа да ресми шараларды үйлестіруге;
- фитосанитариялық қағидалар мен сертификаттарды оңайлатуға және біріздендіруге;
c. мүше Үкіметтерге мына мәселелер бойынша консультация беру:
- реттелетін зиянкестердің енуі мен таралуын болдырмау үшін қажетті техникалық шаралар, әсіресе қарап-тексеру және тексеру, сертификаттау, өңдеу, инспекциялау және жою шаралары;
- реттелетін зиянкестердің енуі мен таралуын болдырмау үшін қажетті әкімшілік және заңнамалық шаралар, оның ішінде, атап айтқанда, зиянкестер қаупін талдау, реттелетін зиянкестер тізімдерін жасау және жаңарту;
- өсімдіктерді қорғау құралдарын тіркеу немесе пайдалануға рұқсат алу үшін, сондай-ақ олармен сауда жасауды және оларды пайдалануды бақылау үшін қажетті шаралар, өсімдіктерді қорғау саласындағы жалпыға бірдей қабылданған практика қағидаттарына, сондай-ақ мүмкіндігінше өсімдіктерді кешенді қорғау қағидаттарына сәйкес тиісті аумақтарда жүзеге асырылатын шаралар;
d. қажет болған жағдайда, зиянкестерге қарсы мүше Үкіметтер арасындағы халықаралық өзара көмекті үйлестіру және ынталандыру;
e. зиянкестер мен олармен күресу әдістерін зерттеудегі, сондай-ақ тиісті ғылыми ақпарат алмасудағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу;
f. ақпаратты мынадай жолдармен тарату:
- мүше Үкіметтерден зиянкестердің болуы, олардың өршуі немесе таралуы туралы ақпарат алу және осындай ақпаратты мүше Үкіметтерге беру;
- өсімдіктер мен өсімдік өнімдерінің еркін қозғалысына әсер ететін ұлттық фитосанитариялық заңнама, реттелетін зиянкестер тізімдері немесе өзге де шаралар туралы ақпарат алмасуды қамтамасыз ету;
- құжаттамалық және ақпараттық қызметтерді ұйымдастыру және техникалық немесе ғылыми прогреске қатысты материалдарды тиісті нысанда жариялау;
g. жалпы алғанда, Ұйымның мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті және тиісті барлық іс-шараларды орындау.
VI бап. – Мүше Үкіметтердің міндеттері
a. Мүше Үкіметтер Ұйымға оның функцияларын орындау мақсатында негізді түрде сұратылуы мүмкін барлық ақпаратты, оның ішінде, атап айтқанда, V баптың f1 және V баптың f2 тармақтарында аталған ақпаратты мүмкіндігінше ұсынуға тиіс.
b. Мүше Үкіметтер Ұйым Кеңесі берген ұсынымдарды, оның ішінде, атап айтқанда, өңірлік стандарттарды орындау үшін күш салуға тиіс.
VII бап. – Басқа ұйымдармен қарым-қатынастар
Ұйым осы Конвенцияның мақсаттарына қол жеткізу үшін ФАО-мен және өсімдіктерді қорғау жөніндегі басқа да өңірлік ұйымдармен ынтымақтасатын болады және тиісті қызмет бағыттары бойынша ДСҰ-мен және ұқсас функциялары бар басқа да органдармен ынтымақтаса алады. Мұндай қызметке фитосанитариялық және өсімдіктерді қорғау жөніндегі өзге де ресми шаралар бойынша стандарттарды әзірлеу және Ұйымның өңірлік стандарттарын халықаралық стандарттарға үміткер ретінде қарау кіреді. Ол қызмет түрлерінің ішінара қайталануына жол бермеу үшін барлық күш-жігерін жұмсауға тиіс.
VIII бап. – Ұйымның құрылымы
Ұйым мыналардан тұрады:
a. Кеңес;
b. Әкімшілік, оның құрамына Атқарушы комитет, Бас директор және қызметкерлер штаты кіреді;
c. Есептілікті тексеру тобы;
d. Кеңес XIII баптың a.5 тармағына сәйкес жұмыс топтарын құру туралы шешім қабылдай алады.
IX бап. – Кеңес
a. Ұйым Кеңесі Ұйымға мүше Үкіметтердің өкілдерінен тұруға тиіс.
Әрбір мүше Үкімет Кеңеске бір өкілді және бір өкілдің орынбасарын тағайындауға құқылы.
Мүше Үкіметтер тағайындаған өкілдер мен өкілдердің орынбасарларының көмекшілері мен кеңесшілері болуы мүмкін.
b. Әрбір мүше Үкімет Кеңесте бір дауысқа ие.
X бап. – Кеңес сессиялары
a. Кеңес, әдетте, жылына бір рет кезекті сессияларға жиналады.
b. Кеңес Төрағасының атына мүше Үкіметтердің кемінде үштен бірінен жазбаша өтініш түскен жағдайда, Кеңестің кезектен тыс сессиялары кез келген уақытта шақырылуға тиіс.
XI бап. – Қағидалар
Кеңес Ұйымның рәсімдік қағидалары мен қаржылық қағидаларын бекітеді.
XII бап. – Байқаушылар
Кеңестің келісімімен мүше болып табылмайтын кез келген Үкімет және міндеттері осындай Ұйымдардың міндеттерімен байланысты кез келген үкіметаралық орган Кеңестің кез келген сессиясында дауыс беру құқығынсыз бір немесе бірнеше байқаушымен ұсынылуы мүмкін.
XIII бап. – Кеңестің функциялары
Кеңес:
a. мыналарды қарайды және олар бойынша шешімдер қабылдайды:
- Кеңестің алдыңғы кезекті сессиясынан бастап Ұйымның жұмысы туралы Бас директордың даму жөніндегі есебін;
- Ұйымның саясаты мен қызмет бағдарламасын;
- бюджетті;
- жылдық шоттар мен баланстық есепті;
- Ұйымның жұмысы үшін әрбір жеке жағдайда құрылатын немесе уақытша органдарды құру және тарату мәселелерін;
- осындай органдардың есептерін;
- Атқарушы комитет енгізген барлық ұсыныстарды;
b. Ұйым Жарғысында көзделген сайлауларды өткізеді;
c. Кеңес белгілеген шарттарда Бас директорды тағайындайды.
XIV бап. – Төраға және Төрағаның орынбасары
a. Кеңес Ұйымға мүше Үкіметтердің өкілдері арасынан Төраға мен Төрағаның орынбасарын сайлайды.
b. Төраға мен Төрағаның орынбасары үш жыл мерзімге сайланады және олардың өкілеттік мерзімі тағы бір мерзімге ұзартылуы мүмкін.
c. Төраға мен Төрағаның орынбасары Кеңесте де, Атқарушы комитетте де бірдей міндеттерді орындайды.
d. Төраға мен Төрағаның орынбасары Атқарушы комитетті сайлау кезінде өз елдерінің өкілдері болмауға тиіс.
XV бап. – Атқарушы комитет
a. Атқарушы комитет Төраға мен Төрағаның орынбасарынан және Кеңес сайлайтын мүше Үкіметтердің жеті өкілінен тұрады.
b. Атқарушы комитет мүшелерінің өкілеттік мерзімі, әдетте, үш жылды құрайды және олар қайта сайлана алады.
c. Егер Атқарушы комитетте тағайындау мерзімі аяқталғанға дейін бос орын пайда болса, Атқарушы комитет мүше Үкіметтен қалған мерзімге бос орынды толтыру үшін өкіл тағайындауды сұрауға тиіс.
d. Атқарушы комитет жылына кемінде бір рет жиналуға тиіс.
XVI бап. – Атқарушы комитеттің функциялары
Атқарушы комитет:
a. Ұйымның саясаты мен қызмет бағдарламасы бойынша Кеңеске ұсыныстар енгізеді;
b. VII бапта айқындалған басқа ұйымдар жасаған ұсынымдарды қарайды және Кеңеске тиісті ұсыныстар енгізеді;
c. Ұйым қызметінің Кеңес шешімдеріне сәйкестігін қамтамасыз етеді;
d. Кеңеске бюджет жобасын, жылдық есепті және баланстық есепті ұсынады; Атқарушы комитет Кеңестің қарауына дейін алдын ала бюджетті бекіте алады;
e. осы Конвенцияға сәйкес оған жүктелуі мүмкін немесе Кеңес жүктейтін басқа да міндеттерді өзіне алады;
f. өзінің ішкі рәсімдерін қабылдайды.
XVII бап. – Бас директор
Бас директор:
a. Ұйымның хатшылығына басшылық жасайды және оның жұмысына жауапты болады;
b. Кеңес бекіткен бағдарламаны және Атқарушы комитет жүктеуі мүмкін тапсырмаларды орындайды;
c. Кеңестің әрбір кезекті сессиясында Ұйымның қызметі мен қаржылық жағдайы туралы есеп береді.
XVIII бап. – Қаржы
a. Ұйымның шығыстары мүше Үкіметтердің жыл сайынғы жарналары және Кеңес немесе Атқарушы комитет мақұлдаған басқа да түсімдер есебінен төленуге тиіс.
b. Әрбір мүше Үкіметтің жыл сайынғы жарнасының мөлшері I тізбеде белгіленген жарна мөлшерлемелерінің шкаласына негізделеді.
c. Конвенцияға жаңадан қосылған Үкіметтер, егер олар ФАО мүшелері болып табылса, I тізбенің жарна шкаласындағы тиісті санатқа енгізіледі, ал егер мүше болмаса, олардың санатын Кеңес айқындайды. I тізбе және I тізбенің шкаласы бойынша мүше Үкіметтердің санаты Кеңестің мүше Үкіметтердің үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылданған шешімі бойынша ғана өзгертілуі мүмкін.
d. Атқарушы комитеттің ұсынымы бойынша Кеңес Ұйымның қызметіне немесе ағымдағы экономикалық жағдайға сәйкес келтіру үшін I тізбеде белгіленген негізгі жарнаға коэффициент қолдану туралы шешім қабылдай алады. Шешім қатысып отырған және дауыс беруге қатысқан мүше Үкіметтердің үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылданады.
e. Жыл сайынғы жарналар Ұйымның қаржы жылының басында төленуге тиіс.
f. Мүше Үкіметтердің жарналары тиісті жарна төлеуші Үкіметтің келісімімен Атқарушы комитет айқындайтын валюталарда төленуге тиіс.
g. Конвенцияға жаңадан қосылған Үкіметтің бірінші жылдық жарнасы XX баптың ережелері орындалатын Ұйымның қаржы жылы ішінде төленуге тиіс.
h. Ұйым белгілі бір Үкіметтің немесе Үкіметтер тобының мүддесі үшін жүзеге асыруы мүмкін арнайы бағдарламаларға немесе зиянкестермен күрес жөніндегі науқандарға қатысты жекелеген Үкімет немесе Үкіметтер тобы қосымша жарналар төлей алады.
i. Үш мүше Үкіметтің өкілдерінен тұратын тексерушілер тобы Кеңес тарапынан сайлануға тиіс. Топ мүшелері үш жыл мерзімге сайланады және келесі үш жыл ішінде қайта сайлана алмайды.
j. Атқарушы комитет Кеңестің мақұлдауымен Ұйымның шоттарына жыл сайынғы аудит жүргізу үшін аудитор тағайындауға тиіс.
k. Тексерушілер тобы жыл сайын аудиторымен бірге Ұйымның шоттары мен басқару қызметін тексеруге және Кеңеске есеп беруге тиіс.
XIX бап. – Түзетулер
a. Осы Конвенцияға және оған қосымша I тізбеге ұсынылатын түзетулердің мәтіндерін Бас директор Кеңесте қаралғанға дейін кемінде үш ай бұрын мүше Үкіметтерге ұсынуға тиіс.
b. Конвенцияға түзетулер Кеңес мүшелерінің қатысып отырған және дауыс беруге қатысқан бөлігінің үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылданғаннан кейін күшіне енеді, алайда мүше Үкіметтерге жаңа міндеттер жүктейтін түзетулер – төмендегі параграфта көрсетілген I тізбеге енгізілетін түзетулерді қоспағанда – әрбір осындай Үкімет үшін тек сол түзетулерді қабылдаған жағдайда ғана күшіне енеді.
c. I тізбеге түзетулер Кеңес тарапынан мүше Үкіметтердің үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылдануға тиіс.
d. Қабылданған түзетулер Франция Үкіметіне сақтауға беріледі, ол барлық мүше Үкіметтерді олардың алынғаны және күшіне енгені туралы хабардар етуге тиіс.
XX бап. – Қол қою және қабылдау
a. Осы Конвенция III баптың ережелеріне сәйкес оның қатысушылары болатын Үкіметтердің қол қоюы немесе оған қосылуы үшін мынадай тәртіппен ашық:
- кейіннен ратификациялаусыз, қабылдаусыз немесе бекітусіз қол қою арқылы;
- кейіннен ратификациялау, қабылдау немесе бекіту шартымен қол қою арқылы;
- қосылу арқылы.
b. Ратификациялау, қабылдау немесе бекіту туралы не қосылу туралы құжаттар Франция Үкіметінде сақтауға беріледі. Құжаттар тапсырылған тұлға барлық мүше Үкіметтерді әрбір құжатқа қол қойылған немесе ол сақтауға тапсырылған күн туралы хабардар етуге тиіс.
XXI бап. – Аумақтық қолданылуы
a. Әрбір Үкімет кез келген уақытта өзінің Конвенцияға қатысуы өзі халықаралық қатынастары үшін жауапты болатын барлық аумақтарға немесе олардың кез келгеніне қолданылатыны туралы мәлімдей алады. Мұндай мәлімдеме Франция Үкіметіне сақтауға тапсырылуға тиіс.
b. Алдыңғы параграф негізінде мүше Үкімет жасаған әрбір мәлімдеме Франция Үкіметі оны алған күннен бастап отызыншы күні күшіне енеді.
c. Франция Үкіметі осы бапқа сәйкес жасалған мәлімдемелер туралы Конвенцияға қатысушы барлық Үкіметтерді дереу хабардар етуге тиіс.
XXII бап. – Конвенциядан шығу
a. Әрбір мүше Үкімет екі жыл мүшелік еткеннен кейін кез келген уақытта Франция Үкіметіне шығу туралы жазбаша хабарлама беру арқылы Конвенциядан шыға алады. Шығу туралы хабарлама алынған күннен бастап бір жылдан кейін күшіне енеді.
b. Екі жыл қатарынан жыл сайынғы жарналарды әдеттегі тәртіппен төлемеу өз міндеттемелерін орындамаған мүше Үкіметтің Конвенциядан шығуына әкеп соғады.
c. XXI бап негізінде Конвенцияның қандай да бір аумаққа немесе аумақтарға қолданылуы осындай аумақтың немесе аумақтардың халықаралық қатынастары үшін жауапты қатысушы Үкіметтің Франция Үкіметіне жазбаша хабарлама беруі арқылы тоқтатылуы мүмкін. Хабарлама алынған күннен бастап бір жылдан кейін күшіне енеді.
d. Франция Үкіметі осы бап негізінде берілген хабарлама туралы барлық қатысушы Үкіметтерді дереу хабардар етуге тиіс.
XXIII бап. – Күшіне енуі
a. Осы Конвенция бес Үкімет XX баптың ережелеріне сәйкес оның қатысушылары болған күні күшіне енеді.
b. Франция Үкіметі Конвенцияға қол қойған немесе оны қабылдаған барлық Үкіметтерді Конвенцияның күшіне енген күні туралы дереу хабардар етуге тиіс.
c. Конвенция осы баптың а параграфына сәйкес күшіне енгеннен кейін ратификациялау, қабылдау немесе бекіту туралы не қосылу туралы құжаттарды сақтауға тапсырған әрбір Үкімет үшін Конвенция тиісті Үкімет осындай құжаттарды сақтауға тапсырған күннен бастап күшіне енеді.
I тізбе
Жыл сайынғы жарналар мөлшерлемелерінің шкаласы
1968 жылғы 18 қыркүйекте Кеңес бекіткен фунт стерлингтер шкаласынан алынған және 1966–1967 жылдары ФАО бюджетіне мүше Үкіметтер енгізген үлестерге негізделген француз франкімен көрсетілген.
(XVIII бапты қараңыз)
| Санат | ФАО-ға төленген пайыз | Француз франкімен жыл сайынғы жарналар |
|---|---|---|
| 1 | 0,01-ден аз | 4 590 |
| 2 | 0,01 – 0,15 | 9 180 |
| 3 | 0,16 – 0,45 | 13 770 |
| 4 | 0,46 – 0,75 | 18 360 |
| 5 | 0,76 – 1,35 | 22 950 |
| 6 | 1,36 – 2,00 | 27 540 |
| 7 | 2,01 – 2,50 | 32 130 |
| 8 | 2,51 – 5,00 | 36 720 |
| 9 | 5,01 – 7,50 | 41 310 |
| 10 | 7,51 – 10,00 | 45 900 |
II тізбе
А. 1951 жылы Конвенцияны қабылдауға шақырылған Еуропа және Жерорта теңізі аймағы елдері
Албания Венгрия ПортугалияАвстрия Исландия РумынияБельгия Ирландия Сан-МариноБеларусь Израиль ИспанияКеңестік Италия ШвецияСоциалистікРеспублика Болгария Италия ШвейцарияЧехословакия Ливан СирияДания Лихтенштейн ТүркияЕгипет Люксембург Федеративтік Монако Украина КеңестікГермания СоциалистікРеспублика РеспубликаФинляндия Нидерланды Кеңестік Социалистік Республикалар ОдағыФранция (сондай-ақ Норвегия ҰлыбританияАлжир, Тунис жәнеМарокко үшін)Грекия Польша Югославия
В. 1996 жылы Кеңес Конвенцияға қосылуға шақырған елдер
АрменияӘзербайжанБосния және ГерцеговинаБұрынғы Югославия Республикасы МакедонияГрузияИорданияҚазақстанҚырғызстанЛивияЛитваМолдоваТәжікстанТүрікменстанӨзбекстанЮгославия (Федеративтік Республикасы)
Бастапқы мәтінге қол қойған мемлекеттер
Осыны куәландыру үшін төменде қол қоюшы, өз Үкіметтері тиісті түрде уәкілеттік берген тұлғалар осы Конвенцияға және оған қосымшаларға қол қойды.
1951 жылғы 18 сәуірде Париж қаласында бір ғана данада жасалды, ол Франция Үкіметінің мұрағатында сақталатын болады (*).
Дания атынан Halvor SkovБельгия атынан P. Bovien Guillaume H. Van OrshovenИспания атынан Miguel BenllochФранция атынан R. ProtinИрландия атынан D. DelaneyИталия атынан A. MelisЛюксембург атынан E. WlrionНидерланды атынан C. J. BriejerПортугалия атынан Francisco AranhaГермания Федеративтік Республикасы атынан H. DreesҰлыбритания атынан J. HensleyШвейцария атынан A. ChaponnierЮгославия Федеративтік Республикасы атынан G. NonveillerАвстрия атынан F. BeranГрекия атынан D. Koulopoulos
Құжаттың түпнұсқасының куәландырылған көшірмесі Француз Республикасының мұрағатында сақталады.
(*) Конвенция мәтінінің түзетулер енгізілген әрбір басылымының, оның ішінде Ұйым Кеңесі 1955 жылғы 27 сәуірде, 1962 жылғы 9 мамырда, 1968 жылғы 18 қыркүйекте, 1973 жылғы 19 қыркүйекте, 1982 жылғы 23 қыркүйекте, 1988 жылғы 21 қыркүйекте және 1999 жылғы 15 қыркүйекте қабылдаған түзетулердің баспа көшірмелері де Франция Үкіметіне сақтауға тапсырылған.
Өсімдіктерді қорғау жөніндегі Еуропалық және Жерорта теңізі ұйымы
1999 жылғы 14 қыркүйектегі жағдай бойынша мүше Үкіметтер және I тізбедегі санаты
| Ел | Санат | Ел | Санат |
|---|---|---|---|
| Албания | 2 | Иордания | 2 |
| Алжир | 2 | Латвия | 2 |
| Австрия | 4 | Литва | 2 |
| Бельгия | 6 | Люксембург | 2 |
| Болгария | 3 | Мальта | 2 |
| Хорватия | 2 | Марокко | 2 |
| Кипр | 2 | Нидерланды | 6 |
| Чехия | 3 | Норвегия | 4 |
| Дания | 5 | Польша | 6 |
| Эстония | 2 | Португалия | 3 |
| Финляндия | 4 | Румыния | 4 |
| Франция | 10 | Ресей | 9 |
| Македония БЮР | 2 | Словакия | 2 |
| Германия | 10 | Словения | 2 |
| Грекия | 3 | Испания | 5 |
| Гернси | 2 | Швеция | 6 |
| Венгрия | 3 | Швейцария | 5 |
| Ирландия | 3 | Тунис | 2 |
| Израиль | 3 | Түркия | 4 |
| Италия | 8 | Украина | 6 |
| Джерси | 2 | Ұлыбритания | 10 |
ҚР Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығының ескертпесі: бұдан әрі мәтін ағылшын тілінде. (Қағаз нұсқасын қараңыз)
Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар