Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конвенция / Резолюция / Концепция / Қазақстан Республикасының 2023–2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2023–2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасының 2023–2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 247 қаулысы.

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2023–2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.
  2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орталық, жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар (келісу бойынша):
    1. Тұжырымдаманы іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;
    2. Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде» белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынсын.
  3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктелсін.
  5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-МинистріА. Смайылов
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасының 2023–2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы

Мазмұны

1-бөлім. Паспорт

2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау

3-бөлім. Халықаралық тәжірибеге шолу

4-бөлім. Жастар саясатын дамыту пайымы

5-бөлім. Дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері

1-бағыт. Азаматтық қатысу және шешімдер қабылдауға қатысу

2-бағыт. Әлеуетті іске асыру және кәсіпкерлік

3-бағыт. Ағарту және мәдениет

4-бағыт. Заманауи құндылықтар және патриоттық тәрбие

5-бағыт. Ақпараттық кеңістік

6-бағыт. Салауатты өмір салты

7-бағыт. Жастар және ауыл

6-бөлім. Нысаналы индикаторлар мен күтілетін нәтижелер

Қосымша. Қазақстан Республикасының 2023–2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары

1-бөлім. Паспорт

Жүктеу

1. АтауыҚазақстан Республикасының 2023–2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы
2. Әзірлеу негіздемесі1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 шілдедегі № 21-02/3693 Қазақстан Республикасының 2023–2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын әзірлеу туралы тапсырмасын орындау үшін. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан – баршаға және әрқайсысына. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының № 118-тармағын орындау үшін.
3. Тұжырымдаманы әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органдарҚазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, жергілікті атқарушы органдар.
4. Іске асыру мерзімдері2023–2029 жылдар

2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау

Жастарды дамытудың сапалы жағдайлары тұтастай алғанда ұлттың табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілігін айқындайды. Жастар саясатының рөлі мемлекетті дамытудың кешенді стратегиясын қалыптастыруда шешуші мәнге ие. Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында жас адамдардың өзін-өзі іске асыруы үшін әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасауға бағытталған бағдарламалар мен жобалардың заңнамалық және институционалдық базасы қалыптастырылды. Әрбір нормативтік құқықтық актіні қабылдау кезінде мемлекеттік даму стратегиясындағы негізгі өзгерістер мен халықаралық саясат факторлары ескерілді.

Бүгінгі таңда мемлекеттің ішкі саясатының құрамдас және болашақты айқындайтын бөлігі болып табылатын жастар саясаты мемлекет пен қоғам институттарының өзара іс-қимылының үрдістерін ескере отырып, ағымдағы сұраныстарға нақты іс-қимыл алгоритмін талап етеді. Қарастырылып отырған әлеуметтік топтың өмірінің құқықтық, саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларын қамтитын шаралар кешені болып табылатын ойластырылған жастар саясатын қалыптастыру мақсатында Қазақстан жастары дамуының ағымдағы үрдістерін айқындау қажет.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 2250 қарарында ұлттық үкіметтердің жастар саясатын әзірлеуінің маңыздылығы ерекше атап көрсетілген. Қазақстанда 2020 жылға дейінгі кезеңге есептелген мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру мақсатында әзірленді. 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасының жастарын қолдаудың 2021–2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының қабылдануына байланысты жастар саясатын іске асырудың жаңа кезеңі басталды. Бұдан басқа, жастарды қолдаудың арнайы мемлекеттік шаралары бірқатар жобалар мен бағдарламалар шеңберінде де ұсынылған. Мәселен, бүгінгі таңда елде жастарға арналған «Дипломмен – ауылға!», «Серпін», «Жастар практикасы», «Жас маман», «Жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй» және басқа да бағдарламалар іске асырылуда. Сонымен қатар, елде және әлемде орын алып отырған белгілі бір даму үрдістері қолданыстағы жастар саясаты стратегиясын жаңартуды және жаңа тұжырымдама әзірлеуді қажет ететінін атап өткен жөн.

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 26 желтоқсанда «Мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Оның тұжырымдамалық жаңалықтарының бірі жастардың жас шегін 35 жасқа дейін ұлғайту болып табылады, бұл халықтың жалпы құрылымындағы жастардың үлесін 3,7 млн-нан 6 млн адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік жастар саясатының негізгі шаралары «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы және Жастарды қолдаудың 2021–2025 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде көзделген.

Кешенді жоспар білім алуға және жұмысқа орналастыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, рухани-адамгершілік тәрбиеге, тұрғын үй мәселелерін шешуге, құқықтық және экологиялық мәдениет деңгейін арттыруға қатысты міндеттерді қоса алғанда, 10 бағыт шеңберінде 55 іс-шараны іске асыруды көздейді.

«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының (бұдан әрі – Ұлттық жоба) құрылымында жастар саясаты мәселелері III «Тәуелсіздік ұрпақтары» бағыты шеңберінде көрсетілген және жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді дамытуды, жас қазақстандықтарды әлеуметтендіру мен жұмысқа орналастыруды, сондай-ақ жастарды қоғамдық пайдалы қызметке тартуды көздейді.

Азаматтық қатысу және шешімдер қабылдауға қатысу

Қазақстандық жастардың құндылықтары мен негізгі бағдарлары негізінен саяси емес салада жатыр, ал саяси жаңалықтарға қызығушылық дағдарысты оқиғаларға назар аудару күрт артатын кезеңдерді қоспағанда, қалыпты деңгейде қалып отыр. Елдегі саяси реформалар мен өзгерістердің қарқындылығына қарамастан, жастардың саяси жаңалықтар мен оқиғаларға қызығушылығы төмен деңгейде сақталуда. Сонымен бірге, жас қазақстандықтар болашақ азаматтық қоғамның негізгі тірегі болып табылады, оның функциялары заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мемлекеттік билік институттары мен бизнестің қызметіне мониторинг жүргізу және қоғамдық бақылауды жүзеге асыру болуға тиіс.

Жалпы алғанда, интернет-контентті тұтынатын жастар жаңа пікір көшбасшылары үшін әлеуетті аудитория болып табылады. Олар жастарға тартымды идеологияны көрсете алады, жастар арасында беделге ие болып, болып жатқан оқиғаларға қатысты өздерінің субъективті бағаларын насихаттай алады.

«BRIF Research Group» зерттеуіне сәйкес, Қазақстан жастары күн сайын әлеуметтік желілерде бірнеше сағат өткізеді. Қазақстан жастары арасында ең танымал әлеуметтік желілер: «Instagram», «ВКонтакте» және «YouTube» (қалаға қарамастан).

Бұл ретте жас қазақстандықтар арасында ең танымал әлеуметтік желі – «ВКонтакте» (71 %), ол әсіресе кіші жас тобында (15–18 жас) кеңінен танымал. Екінші орында – «Instagram» (59 %), ол мектеп оқушылары мен студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырады. Өз кезегінде, «Facebook» (10 %) Қазақстан жастары арасында аса танымал емес (әсіресе кіші жас тобында – 7 %).

Жалпы алғанда, зерттеулердің өзекті деректері көшбасшы орындарды әлеуметтік желілер, мессенджерлер, блогтар иеленетінін көрсетеді – 60,3 %. Кең таралған дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрі – БАҚ) жастар арасында танымал еместігі туралы стереотиптерге қарамастан, одан кейінгі орында қазақстандық теледидарды, газеттер мен радионы атап өткен респонденттер – 36,1 %. Әрбір үшінші респондент жаңалықтар мен оқиғалар туралы қазақстандық интернет-ресурстардан біледі (29,5 %). Сауалнамаға қатысқандардың әрбір бесіншісі ақпараттың негізгі көзі ретінде жақын ортасын атаған – 22,2 %.

«Еститін мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, 2019 жылдан бастап адам құқықтарын нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында аса маңызды демократиялық реформалардың төрт пакеті жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 2020 жылдан бастап заңнамалық деңгейде партиялық сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастар үшін 30 % квота көзделген. Бұл шара жастар мен әйелдердің мүдделерін білдіруге және оларды саяси деңгейде қорғауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде 2021 жылғы қаңтарда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жетінші шақырылымына сайлаудан кейін Мәжіліс депутаттары арасындағы әйелдердің үлесі 27,4 %-ды құрады.

Жастардың елдің қоғамдық-саяси процестеріне тартылуы жастардың мемлекеттік басқару жүйесіне қатысуымен, саяси партияларға мүшелігімен, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарда өкілдік етуімен, сондай-ақ жастар ұйымдарының қызметіне қатысуымен айқындалады. Жас қазақстандықтардың басым көпшілігі саяси партиялардың мүшесі болып табылмайды (90,9 %). 2022 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде 35 жасқа дейінгі 7 депутат болды, ал 2021 жылы сайланған мәслихат депутаттары арасындағы жастардың үлесі шамамен 7 %-ды немесе 228 адамды құрады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің деректеріне сәйкес, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 29 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметшілер саны 14 990 адамды немесе қызметшілердің нақты санының (83 963 адам) 17,9 %-ын құрады. 29 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметшілердің жалпы құрылымында 57,5 %-ы орталық мемлекеттік органдарға тиесілі, ал 42,5 %-ы жергілікті атқарушы органдарда жұмыс істейді. 2016–2023 жылдар аралығындағы мемлекеттік қызмет саласында жастардың өкілдік етуіне жүргізілген талдау орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардағы жастар үлесінің тұрақты түрде төмендеп келе жатқанын көрсетеді.

Жастардың саяси және азаматтық қатысуының қолданыстағы арналары мен қолжетімді нысандарына билік органдарында өкілдік ету және волонтерлік әрі өзге де қоғамдық ұйымдардың қызметіне қатысу жатады. Волонтерлік жастар арасында белсенді қызмет бағыты болып табылады, ал мемлекеттік қызметте және биліктің өкілді органдарында (мәслихаттарды қоспағанда) жастардың үлесі төмендеуде.

Әлеуетті іске асыру және кәсіпкерлік

Мемлекет жастарға жеңілдетілген ипотека, жұмысқа орналастыру және кәсіпкерлік бағдарламалары бойынша өзін-өзі іске асырудың кең ауқымды құралдарын ұсынады.

Тұрғын үйдің қолжетімділігі мен жеңілдетілген кредиттеу бағдарламаларының ішінде жалдамалы тұрғын үй, жеңілдетілген ипотека, сондай-ақ жастар өкілдеріне арналған жеңілдетілген кредиттеу бағдарламаларының әртүрлі түрлері қолданылады. 2022 жылғы желтоқсанда «Мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойылды. Осы құқықтық құжатпен жергілікті атқарушы органдарға жастарға жеңілдікті шарттармен жалдамалы тұрғын үй беру бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі жаңа құзырет беру көзделген.

Қазіргі уақытта Қазақстанда жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында мынадай бағдарламалар іске асырылуда.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жастарды алғашқы жұмыс орнына жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналастыру алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектерге (оның ішінде жоғары оқу орындарының түлектеріне), жұмыс іздеп жүрген адамдарға, халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелгеніне қарамастан, жұмыссыз адамдарға, сондай-ақ 29 жастан аспаған, оның ішінде NEET санатындағы, жұмыс тәжірибесі жоқ жастарға жүзеге асырылады. Жобада алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектерді жұмысқа орналастыру кәсіптік білім туралы дипломда көрсетілген мамандыққа (кәсіпке) немесе білім беру бейініне жақын мамандыққа сәйкес жүзеге асырылады. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасалған шарт негізінде қатысушыны кемінде 24 ай мерзімге тұрақты жұмысқа орналастырады, бұл ретте халықты жұмыспен қамту орталығы 1 жыл жұмыс істеген кезеңдегі еңбекақы төлеуді субсидиялайды. Жергілікті бюджеттен айына төленетін субсидия мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банктік қызметтерді ескере отырып), экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда.

«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша зейнеткерлік жасқа жеткен қазіргі қызметкерді кейіннен алмастыра отырып, жобаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасалған шарт негізінде жобаға қатысушыны кемінде 18 ай мерзімге тұрақты жұмысқа орналастырады, бұл ретте халықты жұмыспен қамту орталығы 6 ай жұмыс істеген кезеңдегі еңбекақы төлеуді субсидиялайды. Жергілікті бюджеттен айына төленетін субсидия мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банктік қызметтерді ескере отырып), экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда.

Жас педагогтер үшін жағдай жасалған. Дарынды жастарды тарту және педагогикалық мамандықтарға үміткерлерді сапалы іріктеуді жүзеге асыру мақсатында оқуға түсу үшін Бірыңғай ұлттық тестілеудің (бұдан әрі – ҰБТ) шекті балы 50-ден 75 балға дейін арттырылды.

Жастар – қоғамның өмірдегі кез келген өзгерістерге тез жауап беретін ең белсенді бөлігі. Осы тұрғыда жастар кәсіпкерлігі жастарды әлеуметтендірудің маңызды тетігі және әлеуметтік лифт болып табылады. «Қазақстан жастары» зерттеуі сауалнамаға қатысқан жастардың басым бөлігінде кәсіпкерлік қызмет тәжірибесі жоқ екенін көрсетті (79,2 %). Қалған 20 %-дың ішінде: 5,6 %-ында табысты да, сәтсіз де тәжірибе бар; 4,9 %-ында табысты тәжірибе бар; 4,4 %-ы қазіргі уақытта кәсіпкерлікпен айналысады; 4,1 %-ында сәтсіз тәжірибе бар. Қазіргі уақытта кәсіпкерлікпен айналысатындардың ішінде: 7,3 %-ы – 24–28 жастағы респонденттер, 4,7 %-ы – 19–23 жастағы және 1,2 %-ы – 14–18 жастағы респонденттер. Ауыл жастары кәсіпкерлік қызмет тәжірибесінің бар екенін қала жастарына қарағанда жиірек көрсеткен (20,9 % және 17,7 %).

Жас қазақстандықтар арасындағы жұмыссыздық мәселесі өзекті болып қала береді. 2019–2021 жылдар кезеңінде жастар жұмыссыздығының деңгейі 2019 жылғы 3,7 %-дан 2021 жылы 3,8 %-ға дейін 0,1 пайыздық тармаққа өсті, бұл ретте қалада – 4,1 %, ауылдық жерлерде – 3,2 %. Білім деңгейі төмен жастар жұмыссыздыққа көбірек ұшырайды. 2021 жылы 15–28 жас аралығындағы 77,6 мың жұмыссыз адамның 33,9 мыңы немесе 43,7 %-ы орта кәсіптік (арнаулы) білімге, ал 12,5 мыңы немесе 16,1 %-ы бастауыш және орта білімге ие болған. 2019–2021 жылдар кезеңінде NEET санатындағы жастардың (15–28 жас) үлесі 0,5 %-ға аздап төмендеді (2019 ж. – 7,4 %, 2020 ж. – 7,1 %; 2021 ж. – 6,9 %). 2021 жылдың қорытындысы бойынша елде біліммен және жұмыспен қамтылмаған NEET санатындағы жастар саны 234,5 мың адамды құрады. Ел бойынша жастар арасындағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 2019 жылғы 478,1 мың адамнан 2021 жылы 420,7 мың адамға дейін, ал 2022 жылы 399,1 мың жасқа дейін біршама қысқарды.

Жұмысқа орналасудағы қиындықтардан бөлек, жастар еңбек нарығының талаптарына бейімделу қажеттілігіне тап болады. Фрилансерлер мен жеке кәсіпкерлердің серіктестік жұмыспен қамтылуы сияқты жаңа өндірістік технологиялардың пайда болуы да еңбек нарығы мен білім беру саласын түбегейлі өзгертуде. Инновациялар мен жұмыстың жаңа гибридті тәсілдерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мансаптағы үзілістер мен оқуға қол жеткізу мүмкіндігін беру үшін жұмыс күшінің өзгерістерге икемді болуы қажет. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды «көлеңкелі» аймақтан шығару мәселесі де өзекті болып қала береді, бұл Үкіметтің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың және депутаттық корпустың бірлескен жұмысы болуға тиіс.

Қазіргі уақытта жұмысшы кәсіптерінің беделі жоғары емес. Сонымен бірге, бүгіннің өзінде Қазақстанда шаштараздар, визажистер, косметологтар, химиялық тазалау орындарының жұмысшылары мен киім тігетін және жөндейтін жеке шеберлер, пәтерлерді, жиһазды, электр тұрмыстық құралдарын, теледидар аппаратурасын жөндеу жөніндегі мамандар, фотостудия қызметкерлері және басқа да мамандарға сұраныстың өсуі байқалады. Орта мерзімді перспективада еңбек нарығын дамытудың әлемдік үрдістері қызмет көрсету саласындағы жұмыспен қамтудың өсуін көрсетеді.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта ЖРО-ның (бұдан әрі – ЖРО) қолда бар функционалын орындаумен қатар, көрсетілген қосымша функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін әлеуеті мен мүмкіндіктері маңызды мәселе болып табылады. Бұл ұйымдардың қызметінің тиімділігіне қатысты бірқатар мәселелер бар, атап айтқанда, ЖРО-ның енжар жұмысы және жастардың олардың бар екенінен хабардар болуының төмен деңгейі, ЖРО рөлінің айқындалмауы және қолданыстағы бейінді қызметтердің функцияларының қайталануы, ЖРО-дағы еңбекақының төмендігі, соның салдарынан кадрлардың тұрақтамауы мен қызмет көрсету сапасының төмендігі, сондай-ақ жастардың әлеуметтік осал бөлігінің ресурстық орталықтардың қызметіне тартылуының төмендігі. Аталған жағымсыз факторлар ЖРО-ны стартап-инкубаторлар мен өңірлік даму орталықтары ретінде іске асыруды қиындатады.

Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, ЖРО-ның ең нәтижелі қызметтеріне «Жастар ортасында волонтерлік қызметті қолдау және дамыту», «Жастарды жұмысқа орналастыруға дайындық пен кәсіптік бағдар беруге жәрдемдесу», «Жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға және технологияларды дамытуға жәрдемдесу» жатады. ЖРО-ның негізгі міндеттерінің бірі жастармен, әсіресе NEET жастары сияқты осал топтармен атаулы жұмыс жүргізу болып табылады.

Гранттық қолдау көрсетілген жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізу мәселесі бар. Дегенмен бұл міндет кәсіпкерлікті ұйымдастырушылық, қаржылық және өзге де қолдау проблемаларын анықтау, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық міндеттерінің орындалуымен нақты жағдайды салыстыру тұрғысынан өзекті болып табылады.

Ағарту және мәдениет

Білім беру саласында 2022 жылы бакалавриат бағдарламаларына шамамен 56 мың грант бөлінді, ал мектеп түлектерінің саны 170 мыңды құрады, бұл ретте білім беру гранттарын тағайындау конкурсына шамамен 80 мың адам ғана қатысты. Магистратура және докторантура бағдарламаларына тиісінше шамамен 13 мың және 2 мың грант бөлінді. Сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы мен Назарбаев Университеті жұмыс істейді, оларға шамамен 445 және 1 мыңнан астам грант бөлінді. IT-мамандарын даярлауға арналған «Tech Orda» бағдарламасы іске асырылуда. Жалпы алғанда, 2025 жылдың соңына дейін Қазақстанның 20 мың азаматы үшін IT-мамандықтары бойынша оқыту қаржыландырылатын болады.

ЮНЕСКО деректері бойынша, Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі – ТжКБ) бағдарламаларымен қамтылған 15–24 жас аралығындағы жастардың үлесі 14,66 %-ды құрайды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы бойынша орташа көрсеткіш 18 %-ды құрайды. Қазақстанда оқу құны жылына 250 мың теңгеден бірнеше ондаған миллион теңгеге дейін өзгереді. Жоғары құн мектеп түлектері мен студенттердің шетелге кетуіне ықпал етуі мүмкін.

«Қазақстан жастары» зерттеуінің нәтижелері жастардың алған біліміне қанағаттану деңгейі алдыңғы деңгейде қалғанын көрсетті – 2022 жылы 79,3 %, 2021 жылы 79,5 %. Қазіргі еңбек нарығындағы байқалып отырған өзгерістер жұмыс берушілердің жұмысқа қабылдау кезінде дипломның болуына неғұрлым икемді қарайтынын және белгілі бір дағдылар жиынтығына – skill set – деген қажеттіліктің артып келе жатқанын көрсетеді. Жұмысқа орналастыру нарығындағы үрдістер біліктілікті арттыруға неғұрлым саналы көзқарас пен lifelong learning қағидатына бағдарлануға алып келеді: жас қазақстандықтардың 23,5 %-ы үздіксіз білім алуға тартылған.

Заманауи құндылықтар және патриоттық тәрбие

Қазақстандағы жастардың басым бөлігі тұрғын үй, су және санитария, тамақтану және базалық медициналық көмек, негізгі білімге, ақпарат пен коммуникацияға қол жеткізу сияқты базалық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген. Сонымен бірге, жеке құқықтар, инклюзивтілік, денсаулық пен әл-ауқат, жеке қауіпсіздік сияқты постматериалистік құндылықтар мен қажеттіліктер толық көлемде қамтамасыз етілмеген.

Қазақстандық жастардың құндылықтық бағдарлары біртіндеп өзгеруде. Дәстүрлі құндылықтардың басымдығы қоғамдық дамудың негізгі үрдісі болып қалуда. Отбасы жас қазақстандықтардың өмірлік стратегиялары мен мақсаттарының, дүниетанымы мен қоршаған әлемге деген сенімінің қалыптасуына ықпал етеді. Постматериализм мен индивидуализмге ұрпақаралық көшу Қазақстанда болжанғаннан баяу жүруде. Жас қазақстандықтар қоғамдық ұйымдар мен көлденең бастамалардың құрамына сирек кіреді.

2017 жылғы Р. Инглхарттың мәдени құндылықтар картасы бойынша жүргізілген өлшемдер қорытындысы бойынша Қазақстанның ұстанымы жалпы алғанда бейтарапқа жақын, зайырлы құндылықтарға қарағанда дәстүрлі құндылықтарға аздап бейім және өзін-өзі көрсету құндылықтарымен салыстырғанда өмір сүру құндылықтарына айтарлықтай бейім деп сипатталған.

«Қазақстан жастары» зерттеуінің деректері бойынша, жас респонденттердің құндылықтар қатарында алғашқы орындарда тұрақты түрде отбасы (респонденттердің 83,3 %-ының жауаптарына сәйкес), денсаулық (64,2 %), достық (40,7 %), материалдық жағынан қамтамасыз етілген өмір (39,3 %), махаббат (22,8 %), қызықты жұмыс, кәсіп (19,6 %) және білім, білім алу (19,5 %) тұр. Отбасы мен денсаулық құндылықтарының білімнен басым болуы жастар арасында өмір сүру құндылықтары деп аталатын құндылықтардың басымдығын көрсетеді.

Отбасының құндылықтар шкаласына ғана емес, практикалық мінез-құлыққа да ықпал ететінін World Value Survey зерттеуінің 7-толқынының (2018 ж.) нәтижелері растайды. Қазақстандағы жастардың 92 %-ы үшін өмірдегі маңызды мақсаттардың бірі – ата-анасын өзімен мақтандыру.

Алайда жаһандық үрдістер қазіргі қазақстандық жастардың құндылықтарының өзгеруіне сөзсіз ықпал етеді. Адамзат бастан кешіп отырған BANI дәуірі (ағылшын тіліндегі fragile – осал, anxious – мазасыз, nonlinear – сызықтық емес, incomprehensible – түсініксіз сөздерінің акронимі) жас қазақстандықтар бейімделуі қажет жаңа болжап болмайтын шындыққа айналды. Воук-мәдениеттің (ағылшын тілінен «woke» – оянған) пайда болуы, әлеуметтік, этникалық және гендерлік теңдік мәселелеріне ерекше назар аудару, гомогенизацияны тудыратын жаһандану, COVID-19 пандемиясы және экологиялық күн тәртібі мүлдем жаңа құндылықтық негізді қалыптастыруда.

Ақпараттық кеңістік

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасында барлық мүдделі тараптардың күш-жігері жастардың қажеттіліктері мен жастар ортасындағы үрдістерді ескеретін нысаналы ақпараттық сүйемелдеу арқылы қамтамасыз етілетіні айқындалған. Іске асырылатын бағдарламаларды нысаналы ақпараттық сүйемелдеу мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың негізгі қағидаттарының бірі ретінде белгіленген.

Бұдан басқа, ақпараттық аспект салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастарды мәдени құндылықтарға баулу сияқты жастар саясатын іске асыру бағыттары шеңберінде де қамтылған. Сонымен бірге, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы (бұдан әрі – «Жастар» ҒЗО) жүргізген «Қазақстан жастары» әлеуметтанулық зерттеуінің нәтижелері бірыңғай ақпараттық кеңістікті құрудағы маңызды мәселелерді көрсетеді. Респонденттердің төрттен бірі (24,8 %) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қолданыстағы жобалар туралы хабардар емес.

Жастар өкілдері арасында «Zhas Project» (71 %), Президенттік жастар кадр резерві (69 %), «Серпін-2050» (64,5 %), «Жас кәсіпкер» және баршаға арналған тегін техникалық білім беру (59,1 %), «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй» (55,1 %) және «Жастар практикасы» (53 %) сияқты жобалар туралы хабардар болу деңгейі төмен.

Салауатты өмір салты

Жастарды дамытудың қазіргі жағдайлары, оның ішінде COVID-19 пандемиясының жаһандық салдары жас ұрпақтың денсаулығына қатысты жаңа тәуекелдер мен сын-қатерлерді анықтады. Елде менталдық және репродуктивтік денсаулық, буллинг, лудомания, спорт инфрақұрылымының қолжетімділігі мәселелері өзекті бола түсті. Нәтижесінде жастар денсаулығына әсер ететін жаңа проблемаларға тап болуда.

Дене белсенділігі салауатты өмір салты мен өмір сапасының жоғары болуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. «Жастар» ҒЗО-ның 2022 жылғы әлеуметтанулық сауалнамасының деректері бойынша, ел жастарының тек 22,5 %-ы ғана дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде айналысады. Жастардың 39,1 %-дан астамы дене шынықтырумен және спортпен айналыспайды немесе тұрақты түрде айналыспайды. Ұсынылған деңгейдегі күнделікті дене белсенділігі оқушылардың 34 %-ында анықталған және 13 жастан 15 жасқа дейін төмендеу үрдісі байқалады, бұл әсіресе қыздар арасында айқын көрінеді.

Темекі тұтыну қазақстандық жасөспірімдердің мінез-құлқындағы проблема болып қалуда. 18–29 жас аралығындағы жастар арасында темекі шегудің таралуы 27,4 %-ды құрайды. Электрондық темекіні (вейптерді) жастардың 15,8 %-ы тұтынады, бұл ретте электрондық темекіні күнделікті тұтынушылардың үлесі 4,9 %-ды құрайды. Темекі шегуге әуестену тәжірибесі бар жасөспірімдердің үлесі ұлдар арасында да, қыздар арасында да жас ұлғайған сайын (11 жастан 15 жасқа дейін) үш есе артады, бұл ретте көрсеткіштер 13 жастан 15 жасқа дейінгі кезеңде айтарлықтай өседі. Ауылдық жерлерде тұратын жасөспірімдер қаладағы құрдастарымен салыстырғанда темекіні сирек шегетіні назар аудартады.

Рационалды емес тамақтану (алкогольді, тәтті газдалған сусындарды тұтыну) инфекциялық емес аурулардың дамуының жетекші тәуекел факторларының бірі болып табылады. Жастар арасында қауіпті мөлшерде алкоголь тұтыну көрсеткіші (p<0,001) 6,4 %-ды құрайды. 18–29 жастағы адамдар арасында көкөністер мен жемістердің күнделікті нормасын тұтынудың таралуы 35,9 %-ды құрайды. Тәтті газдалған сусындарды күнделікті тұтыну жастар арасында жиі кездеседі – 20,6 %.

Қазақстан суицид жағдайларының саны бойынша әлемде жетекші орындардың бірін алады. Суицид 15–29 жас аралығындағы жастар өлімінің негізгі себептерінің бірі болып табылады және жол-көлік оқиғаларынан, туберкулезден және тұлғааралық зорлық-зомбылықтан кейін төртінші орында тұр. 15–17 жас аралығындағы жасөспірімдер тобында 5 жыл ішінде (2017–2021 жж.) аяқталған суицидтер саны 13,3 %-ға, суицид жасау әрекеттері 37,1 %-ға өсті. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының зерттеу деректері бойынша, әрбір бесінші қазақстандық жасөспірім буллингтің құрбаны немесе қатысушысы болады. Сапалы әрі қолжетімді психологиялық көмек алу мүмкіндігінің болмауы мәселесі өзекті болып қала береді.

Жас ұрпақтың репродуктивтік денсаулығының жай-күйін талдау жасөспірімдердің өздерінің репродуктивтік денсаулығын қорғау бойынша ақпарат пен медициналық қызметтерге қол жеткізу деңгейінің төмен екенін көрсетеді.

Жыныстық өмір тәжірибесі бар 15–19 жас аралығындағы жастардың үлесі тиісті жас тобының 29,4 %-ын құрайды. Жастардың 20 %-ы әлеуметтік-демографиялық параметрлеріне қарамастан, бірнеше серіктесінің болуы және тосқауылдық қорғану құралдарын пайдаланбауы салдарынан жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды (бұдан әрі – ЖЖБИ) жұқтыру қаупіне ұшырайды. Жыныстық белсенді 15–19 жастағы жастардың 14,8 %-ы соңғы 12 ай ішінде ЖЖБИ белгілерінің кемінде біреуі болғанын атап өткен, олардың басым көпшілігі (62,6 %) медициналық мекемелерге дәрігерлік көмекке жүгінбеген.

«Қазақстан жастары – 2022» ұлттық баяндамасының деректеріне сәйкес, 2016–2021 жылдар аралығында жастар ортасында жыныстық жолмен берілетін инфекциялар бойынша жағдай аса қолайсыз болып қалуда, өйткені олармен сырқаттану деңгейі дамыған елдердегі көрсеткіштен ондаған есе жоғары. Сондай-ақ Қазақстан – адамның иммун тапшылығы вирусын (бұдан әрі – АИТВ-инфекциясы) тіркеу жағдайларының өсуі байқалатын әлемдегі санаулы елдердің бірі. Мәселен, 2016–2021 жылдары 15–19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында АИТВ-инфекциясының таралуы 39-дан 53-ке дейін өсті. Денсаулық сақтау жүйесінде жасөспірімдер мен жастар заманауи контрацепция құралдарымен тегін қамтамасыз ету үшін тәуекел топтарына енгізілмеген, бұған қарамастан Қазақстан Республикасы халқының репродуктивтік мінез-құлқына жүргізілген ұлттық зерттеулер 15–19 жас аралығындағы жыныстық белсенді қыздардың заманауи контрацепция құралдарымен қамтылуының төмен екенін көрсетеді.

Жастар және ауыл

Жастардың ішкі көші-қоны, атап айтқанда, жастардың қалалық жерлерге қоныс аударуы ауыл үшін елеулі әлеуметтік проблеманы білдіреді. Ауыл тұрғындарының жалпы көші-қон деңгейімен салыстырғанда, ауылдан қалаға 30 жасқа дейінгі жастар 2–3 есе көп қоныс аударады.

Ішкі көші-қонның негізгі факторы жастарды жұмыспен қамту мәселесі болып табылады. Ауыл жастарының жұмыссыздығы мәселесін шешу үшін жаңа жұмыс орындарын құруды ынталандыру қажет, бұл тек экономикалық өсу және аграрлық саланы жедел дамыту жағдайында ғана мүмкін болады.

Ауыл жастарының еңбекке қабілетті халықтың басқа топтарымен салыстырғандағы бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі оқу орнын аяқтағаннан кейін жеткілікті біліктіліктің болмауымен, сондай-ақ жұмыс берушілердің жас қызметкерлерді кәсіптік оқытуға байланысты қаржылық және ұйымдастырушылық шығындарды көтергісі келмеуімен байланысты. Сонымен бірге, кемшіліктермен қатар, ауылдық жерлерден шыққан жастар жас ерекшеліктеріне байланысты елеулі артықшылықтарға ие: алда еңбек етуге арналған ұзақ кезең, денсаулығы мен төзімділігінің жақсы көрсеткіштері және жоғары көші-қон ұтқырлығы.

Өңірлік проблема ауылдық жерлерден жастардың көші-қон ағыны болып қала береді, соның салдарынан өңірлердегі жұмыс күшінің үлесі төмендейді. Сонымен бірге, ауыл жастары жұмысқа орналасуда, оның ішінде қалаға қоныс аударған кезде де үлкен кедергілерге тап болады. Бұдан басқа, ауыл және қала жастарының цифрлық сауаттылық деңгейінде алшақтық бар.

Жастар саясатын дамытудың жүргізілген SWOT-талдауының қорытындысы бойынша қолданыстағы жүйенің күшті және әлсіз жақтары айқындалды.

Күшті жақтары:

  1. «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы», «Ұрпақтар келісімшарты», «Қоғамдық жұмыстар», «Әлеуметтік жұмыс орындары» және басқа да жастарды жұмысқа орналастыру бағдарламаларын іске асыру;
  2. 2019–2021 жылдар кезеңінде NEET жастарының (15–28 жас) үлесінің 0,5 пайыздық тармаққа, 6,9 %-ға дейін төмендеуі;
  3. Әйелдер мен жастарға арналған партиялық сайлау тізімдеріндегі орындарға квота белгілеу (міндетті 30 % квота);
  4. Педагогикалық мамандықтарға үміткерлерді сапалы іріктеуді жүзеге асыру үшін оқуға түсуге арналған Бірыңғай ұлттық тестілеудің (бұдан әрі – ҰБТ) шекті балы 50-ден 75 балға дейін арттырылды;
  5. Жастардың алған біліміне қанағаттану деңгейінің жоғары болуы (79,3 %);
  6. Біліктілікті арттыруға және lifelong learning қағидатына бағдарлануға саналы көзқарас: жас қазақстандықтардың 23,5 %-ы үздіксіз білім алуға тартылған;
  7. Қазақстандық жастардың құндылықтық бағдарларының біртіндеп өзгеруі.

Әлсіз жақтары:

  1. Жастарды жұмысқа орналастыру бағдарламаларының жүйесіз сипаты және еңбек нарығының ағымдағы қажеттіліктерімен әлсіз үйлестірілуі. Қалада жастар жұмыссыздығының деңгейі 4,1 %-ды, ауылдық жерлерде – 3,2 %-ды құрайды.
  2. Жастардың саяси өмірге және олардың мүдделерін қозғайтын шешімдер қабылдауға қатысу деңгейінің төмендігі. Жас қазақстандықтардың 90 %-дан астамы саяси партиялардың мүшесі болып табылмайды. 2016–2023 жылдар аралығында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардағы жастардың өкілдік етуі тұрақты түрде төмендеген.
  3. Әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер құрамының жастар саясатын тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен байланыстылығы. Әдетте, Кеңестің төрағасы әкім, ал қатысушылары – әкімдік қызметкерлері болып табылады. Кейбір жағдайларда Кеңестің болуы формалды сипатта болады немесе Кеңес мүлдем болмайды. Сондай-ақ Кеңестер қызметінің ақпараттық жариялануының төмен деңгейі олардың жұмысының ашық болмауына алып келеді.
  4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің жоғары құны мектеп түлектері мен студенттердің шетелге кетуіне ықпал етеді. 170 мың мектеп түлегінің тек 80 мыңға жуығы ғана білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысты.
  5. Қалалық және ауылдық білім беру ұйымдарында білім алушылар көрсететін нәтижелердегі елеулі айырмашылық. Білім сапасындағы айырмашылық өңірлер арасында да байқалады.
  6. Жастарға арналған қолданыстағы ипотекалық бағдарламаларда бірқатар шектеулер бар. Қолжетімді тұрғын үй сатып алу бағдарламаларының шарттарына тек мемлекеттік қалалық және республикалық мекемелерде жұмыс істейтін жастар ғана сәйкес келеді. Жалдамалы тұрғын үй тек елорда мен республикалық маңызы бар қалалардың айына 100 мың теңгеден бастап табыс табатын жұмыс істейтін жастарына қолжетімді. Сонымен бірге, «Жастар» ҒЗО жүргізген әлеуметтанулық сауалнама нәтижелері бойынша жастардың шамамен 15 %-ының табысы 100 мың теңгеден төмен. Бұл ретте республиканың басқа қалаларында тұратын жастардың басым бөлігі өңірлерде мұндай бағдарламалардың болмауына байланысты оларға қатысу мүмкіндігінен автоматты түрде айырылады;
  7. Жастар ортасында салауатты өмір салтын ұстануды ынталандыру бойынша ақпараттық жұмыстың жеткіліксіздігі. Жас қазақстандықтардың дене белсенділігінің төмендігіне және рационалды емес тамақтануға бейімділігі бар. Бұдан басқа, жастар арасында никотин бар өнімдерді тұтынудың өсуі байқалады. Жастардың өздерінің репродуктивтік денсаулығын қорғау бойынша медициналық қызметтер туралы хабардар болуының төмендігі мәселесіне ерекше назар аудару қажет. Сонымен бірге, менталдық денсаулыққа ұқыпты қарау мәдениетін ілгерілету мәселесі өзекті болып табылады.
  8. Жастар бағдарламалары туралы онлайн қолжетімді жүйелендірілген ақпараттың болмауы: респонденттердің төрттен бірі (24,8 %) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қолданыстағы жобалар туралы хабардар емес;
  9. Ауылдың әлеуметтік проблемасы: жастардың қалалық жерлерге қоныс аударуы. Ауыл тұрғындарының жалпы көші-қон деңгейімен салыстырғанда, ауылдан қалаға 30 жасқа дейінгі жастар 2–3 есе көп қоныс аударады. Ауыл жастары еңбекке қабілетті халықтың басқа топтарымен салыстырғанда бәсекеге қабілеттілігі төмен.

Мүмкіндіктер:

  1. Жастар кәсіпкерлігін дамыту және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды «көлеңкелі» аймақтан шығару;
  2. Мансаптағы үзілістер мен оқуға қол жеткізу мүмкіндігі бар жұмыстың инновациялық, гибридті тәсілдерін енгізу;
  3. Өңірлерде цифрлық сауаттылықты дамыту;
  4. Қызмет көрсету секторының өсуіне байланысты жастар арасында жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру;
  5. ЖРО әлеуетін өңірлік даму орталықтары ретінде іске асыру;
  6. Жастарды волонтерлік және өзге де қоғамдық ұйымдардың қызметіне тарту арқылы олардың азаматтық қатысуын дамыту.

Қауіп-қатерлер:

  1. Азаматтық белсенділіктің төмен деңгейі әлеуметтік оқшаулану және кәсіби әлеуметтену мен еңбек нарығына бейімделудің баяу жүру факторларының бірі болып табылады;
  2. Жастардың қалаған табыстарының нақты табыстарынан айтарлықтай айырмашылығы. Ұлттық баяндама шеңберінде жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша, 2021 жылы респонденттердің 45,2 %-ы «100 мың теңгеден аз» мөлшерден «200 мың теңге шегіне дейін»гі табыс алған;
  3. Жастар арасында өзін-өзі көрсету құндылықтарымен салыстырғанда өмір сүру құндылықтарының басым болуы;
  4. Әлеуметтік желілердің жастарға деструктивті сипаттағы идеологияларды насихаттау бөлігінде ықтимал теріс әсері.

Осыған байланысты жастар саясатын дамытудың бірыңғай стратегиясын айқындау және бытыраңқы түрде іске асырылып жатқан жобаларды тұтас жүйеге біріктіру қажеттілігі туындады. Жаңа Тұжырымдама жастардың өзін-өзі іске асыруын ынталандырудың құқықтық өрісте бекітілген тетіктері мен құралдарын түгендеуге және біріктіруге мүмкіндік береді. Тұжырымдаманың іс-қимыл жоспарына енгізілген іс-шараларды іске асыру жастар саясатының мынадай салаларын дамытуға мүмкіндік береді:

  • жаңа білім беру кеңістігін қалыптастыру;
  • салауатты өмір салты;
  • құқықтық мәдениет және мәдени құндылықтар;
  • жастарды жұмысқа орналастыруға арналған жағдайлар;
  • жастарға арналған қолжетімді тұрғын үй жүйесі;
  • жастардың азаматтық және патриоттық тұрғыдан өзін-өзі іске асыруы;
  • ғылыми-зерттеу және ақпараттық қамтамасыз ету;
  • цифрлық сауаттылық.

Тұжырымдамада көзделген қолдау шараларын іске асыру жастардың зияткерлік қабілеттерінің деңгейі мен сапасын арттырады, креативті индустрияны дамытуға қатысудың тартымдылығын күшейтеді, экономиканың жаңа секторларында жастар үшін жаңа жұмыс орындарын құрады, халық шаруашылығының әртүрлі салаларында басқарушылардың жаңа пулын қалыптастырады, NEET санатындағы жастар мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтар санын азайтады.

Қазақстан жастары әлемдік еңбек және идеялар нарығында тең дәрежеде бәсекеге қабілетті болады.

 3-бөлім. Халықаралық тәжірибеге шолу

Жастар саясатын іске асыру тәсілдерін жаңарту контексінде мынадай үрдісті атап өткен жөн: үкіметтер осы әлеуметтік топты стратегиялар мен саяси сипаттағы өзге де құжаттарды әзірлеу процесіне белсенді әрі кеңінен тартуға ұмтылуда. Шетелдік тәжірибе мен жастар саясатын дамытудың қазіргі үрдістерін талдау жастарға арналған барлық стратегиялардың негізгі мақсаты жас ұрпақтың әлеуетін іске асыруы мен дамытуы үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылатынын көрсетеді. Еуропа Кеңесінің бағалауына сәйкес, жастар саясатының табыстылығы бес компонентпен («Бес «С» қағидасы») айқындалады:

1. Coverage – қамту (қамтылатын географиялық аудандар мен әлеуметтік топтар, сондай-ақ саясат салалары).

2. Capacity – әлеует (жастардың үкіметтік емес ұйымдарының рөлі және олардың үкіметпен өзара қарым-қатынасы).

3. Competence – кәсібилік (кадрларды даярлау және олардың біліктілігі мәселесі).

4. Co-operation, co-ordination and coherence – ынтымақтастық, үйлестіру және келісімділік (иерархиялық және көлденең деңгейлерде).

5. Cost – құн (қажетті қаржылық және адами ресурстар).

Бұл ретте Еуропа елдері жастар саясатының қолданыстағы моделін ескере отырып, аталған компоненттердің әртүрлі жиынтығын көрсетеді.

Жалпы алғанда, Қазақстанның жастар саясатын іске асыру моделі «Бес «С» қағидасына» сәйкес келетінін атап өткен жөн.

Жастар саясатын дамытудың өңірлік және ұлттық бағдарламалары

Қазіргі уақытта жастар саласындағы әлемдегі ең ірі алаңдардың бірі – 1996 жылы Брюссель қаласында (Бельгия) құрылған Еуропалық жастар форумы (бұдан әрі – ЕЖФ). Еуропалық деңгейдегі үкіметтік емес қауымдастық бола отырып, ЕЖФ Еуропалық одақ (бұдан әрі – ЕО) елдерінің 100-ден астам халықаралық үкіметтік емес жастар ұйымдары мен ұлттық жастар кеңестерін біріктіреді және Еуропа Кеңесі мен ЕО институттарының жастар саласындағы танылған әріптесі болып табылады. Жастарды қоғам өміріне белсенді тарту және олардың қатысуы ЕЖФ әзірлеген ЕО елдерінің ұлттық жастар саясатына арналған 11 негізгі индикатордың бірі болып табылады.

Сондай-ақ, жастардың азаматтық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және саяси қатысу мәселелері ЕО-ның 2019–2027 жылдарға арналған Жастар стратегиясының негізгі назарында. Атап айтқанда, ЕО-ға мүше мемлекеттер мен Еуропалық комиссияға жастардың әлеуметтік және азаматтық белсенділігін қолдаудың әртүрлі құралдары ұсынылады. Өңірлік бағдарламалардың ұсынымдарын ескере отырып, Еуропа елдері жастардың қоғамды дамытуға белсенді қатысуын қолдау жөніндегі өздерінің ұлттық бағдарламаларын әзірлеп, іске асырады.

Өзбекстан

- «Yoshlar — kelajagimiz» («Жастар – біздің болашағымыз») мемлекеттік бағдарламасы. Бағдарлама 2018 жылғы маусымда қабылданды және жастардың бизнес-бастамаларын, стартаптарын, идеялары мен жобаларын іске асыруға жәрдемдесу және қолдау көрсету, жұмыспен қамтылмаған жастарды сұранысқа ие мамандықтар мен бизнес жүргізу дағдыларына оқыту арқылы жастарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың жалпы әлеуметтік-экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған.

- Жастар дәптері

Жұмыссыз жастар «Жастар дәптеріне» енгізіледі. Осы тізімдердің негізінде халықтың мұқтаж топтарымен атаулы жұмыс ұйымдастырылады. «Жастар: 1+1» бағдарламасы шеңберінде ұлдар мен қыздарды кәсіпкерлерге бекіту, олардың іскерлік дағдыларын дамыту, жеңілдікпен кредиттер беру және өз ісін ашуға көмектесу ұсынылады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарында үй-жайларды, кеңсе техникасы мен шығыс материалдарын жеңілдікпен жалға беру, интернетке қол жеткізу және бизнес-жоспарлар әзірлеуді, консультациялық, заңгерлік, бухгалтерлік және басқа да қызметтер көрсетуді, форумдар, шеберлік сабақтары мен семинарлар ұйымдастыруды қоса алғанда, өзге де жәрдем көрсету үшін коворкинг-орталықтар салу жоспарланған.

Өзбекстан тәжірибесін жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін жағдайлар жасау кезінде, атап айтқанда, креативті кластерлер, хабтар, бизнес-инкубаторлар мен акселераторлар құруда қолдануға болады.

Финляндия

Өңірлік деңгейде жастармен жұмыс және жастар саясаты Білім және мәдениет министрлігінің басшылығымен облыстық мемлекеттік ведомстволар арқылы жүзеге асырылады. Олардың міндеттеріне мынадай бағыттар бойынша жұмыс жүргізу кіреді: жастарды жұмыспен қамту, табыстары, тұрғын үйі, білімі және кәсіптік даярлығы, денсаулық сақтау және бос уақыты. Олар жастардың өмір сүру жағдайларына өңірлік мониторинг, бағалау жүргізеді және оларды жақсарту бойынша жұмыс істейді. Экономикалық даму, көлік және қоршаған орта орталықтары жастар саясаты мәселелері бойынша жергілікті билік органдарымен белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Балалар мен жастар саясаты бағдарламасы муниципалитеттерді оны жергілікті деңгейде іске асыру жөніндегі қағидалармен және модельдермен қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, көптеген муниципалитеттер жастар саласындағы өз бағдарламаларын іске асырады. «Жұмыспен қамту және экономикалық даму офисі» (Employment Economic Development Office). Финляндия аумағында табысты жұмысқа орналасу үшін жоғары оқу орындарының түлектері белсенділік танытып, мансаптық мүмкіндіктермен және бос жұмыс орындарымен үнемі танысып, өздерінің кәсіби саласындағы оқиғалардан хабардар болып, жұмыс берушілермен байланыс орнатудан тартынбауы керек. Финляндия тәжірибесі Қазақстанда өңірлік ерекшелікті ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар тарапынан жастарға ақпараттық-консультациялық көмек (білім беру, заңгерлік, психологиялық және т.б.) ұйымдастыру бөлігінде енгізу үшін маңызды.

Австралия

Жастардың еңбек перспективалары

2006 жылғы 1 қаңтардан бастап «Жастардың еңбек перспективалары» бағдарламасы шеңберінде оқуды тастап кетуге бейім жастарға көмек көрсетіледі. Ол «Австралиядағы кәсіптік қызмет мәселелері жөніндегі консультациялар» деп аталатын ауқымды бастаманы толықтырады. Оның шеңберінде мектепті бітіргеннен кейін білімін жалғастырмайтын, мамандық алмайтын немесе жұмыс іздемейтін жағдайға тап болу қаупі туындаған жастарға белсенді түрде жекелендірілген көмек пен қолдау көрсетіледі.

Қазақстанда кәсіптік бағдар беру қызметін жетілдіру шеңберінде Австралияда қолданылатын жастармен атаулы кейс-жұмыс тәжірибесін интеграциялау көзделеді.

Катар

Катарда мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жастарды тәрбиелеу процесі жүйеленген. Әсіресе, елдегі, әлемдегі және өңірдегі оқиғалар туралы шынайы ақпарат беруге негізделген. Осыған байланысты «QatarDebate Center» ұлттық ұйымы орталық телеарнада жастардың қоғамдық және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасуына арналған арнайы бағдарлама ашты.

Қазақстанда жастардың дебат қозғалысын дамыту жобалары іске асырылуда. Катар тәжірибесін жастарды дамытудың өзекті үрдістерін талқылау шеңберінде өңірлік және халықаралық диалог алаңдарын ұйымдастыру үшін пайдалануға болады.

Біріккен Араб Әмірліктерінде (бұдан әрі – БАӘ) Үкімет жастардың қоғамның әл-ауқатына үлес қосудағы жауапкершілігін, жаңашылдығын, рөлі мен мүмкіндіктерін арттыруға үлкен мән береді. Жастардың таланттарын ашуына, шығармашылық қабілеттері мен идеяларын білдіруіне ынталандыру жасалады, олардың өмірлік маңызы бар салаларға қатысуына жәрдемдесу үшін федералдық және жергілікті деңгейлерде институттар құрылады.

БАӘ-де жастар саясатын іске асыру тәсілі стратегиялық және заңнамалық тәсілге негізделген, Қазақстанда да мемлекеттік жастар саясаты туралы заң және бірқатар тұжырымдамалық құжаттар қолданылады. Бұдан басқа, дарынды жастарды қолдау жөніндегі шаралар кешенін ұйымдастыру кезінде БАӘ тәжірибесін қолдану орынды.

Германия

Германияда Қазақстандағыдай мемлекет есебінен қаржыландырылатын жастар орталықтары бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін ғана емес, қажет болған жағдайда нақты көмек те ұсынады. Мысалы, жастар кәсіптік бағдар беру жөнінде консультация ала алады, мектептегі жанжалдарды немесе есірткіге байланысты проблемаларды қалай шешуге болатыны туралы сұрақтар қоя алады. Германия тәжірибесі бойынша Қазақстан психикалық және мінез-құлықтық бұзылулардың алдын алуға, патологиялық тәуелділіктердің туындауын болдырмауға бағытталған консультациялық қызметтердің функционалын кеңейте алады.

Жапония

Жапонияда 703-тен астам жастар орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықтардың басым көпшілігі жастармен және ата-аналармен мектептерде консультациялар өткізеді. Бұдан басқа, орталықтар қызметінің негізгі бағыттарының бірі – бас бостандығынан айыру орындарынан оралған жастарды әлеуметтендіру. Сондай-ақ салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттауға ерекше назар аударылады. Сонымен қатар елде орта білім туралы дипломы жоқ азаматтарға қолдау көрсететін 160-тан астам RYSS (Regional Youth Support Stations) орталығы жұмыс істейді. Жапонияның жастар орталықтарындағы салауатты өмір салтын насихаттау тәжірибесін Қазақстандағы 191 жастар денсаулығы орталығында жастардың психикалық және репродуктивтік денсаулығын қорғау қызметтерімен қамтылуын арттыру мақсатында қолдану орынды.

Эстония

Сондай-ақ Эстонияның жастар орталықтарының әлеуетін дамыту және сапалы пайдалану бөлігіндегі тәжірибесі назар аударуға тұрарлық. Эстонияда жастар орталығы – қызметін жергілікті өзін-өзі басқару органдары ұйымдастыратын жастармен жұмыс жөніндегі мекеме. Бұдан басқа, Эстония университеттерінде «Жастармен жұмыс» мамандығы оқытылады. Қазақстанның мемлекеттік жастар саясаты туралы заңына түзетулер қабылданғаннан кейін отандық заңнамада «жастармен жұмыс жөніндегі маман» ұғымы бекітіліп, оның шеңберінде біліктілік сипаттамалары мен лауазымдық нұсқаулықтар бекітілді.

4-бөлім. Жастар саясатын дамытудың пайымы

2029 жылға қарай орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қоғам институттары мен бизнестің құзыреттері мен жауапкершілік аймақтарын нақтылайтын ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімді моделі арқылы нәтижеге бағдарланған Қазақстанның мемлекеттік жастар саясаты қалыптастырылады.

Жастармен өзара іс-қимыл тетіктері қоғамдық қатынастардың барлық саласына интеграцияланады.

Патриоттық құндылықтар негізінде қалыптасқан азаматтық белсенді жас ұрпақ мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінде ұсынылатын болады.

Жастардың тұрақты жұмыспен қамтылуы мен жоғары табыстары ұлттың әл-ауқатының негізіне айналады.

Бәсекеге қабілетті ауыл жастары мемлекет өміріне белсенді қатысады.

Жастар ортасында салауатты өмір салтын сақтау мінез-құлық нормасына айналады.

Жас қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, жастардың білім алу және кәсіби өсуі, олардың қоғамның қоғамдық-саяси өміріне жоғары деңгейде тартылуы экономикалық дамуы жоғары елдер тобына кіруге мүмкіндік береді.

5-бөлім. Дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері

Мемлекеттік жастар саясаты мынадай қағидаттарға негізделеді:

  • мәдени, адамгершілік және рухани құндылықтардың басымдығы;
  • азаматтық ұстаным, жауапкершілік, еңбекқорлық;
  • конфессияаралық келісім және этносаралық толеранттылық;
  • ұрпақтар сабақтастығы, отбасылық тәрбиенің басымдығы;
  1. жастардың мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға қатысуы;
  2. мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыруда ғылыми, кешенді және дәйекті тәсілдің болуы.

Негізгі тәсілдер:

Тұжырымдаманы іске асыру мемлекеттік жастар саясаты саласындағы үйлесімді іс-қимылды, азаматтық белсенділік, кәсіпкерлік, патриоттық тәрбие, салауатты өмір салты, мәдениет және білім беру бағыттары бойынша үйлестіруді көздейді. Осы Тұжырымдаманың негізгі тәсілдері жастардың әлеуетін дамытуға, мемлекет, азаматтық қоғам институттары және бизнес-қоғамдастықтың кең ауқымды өзара іс-қимылы негізінде жастарды әлеуметтік-экономикалық және саяси процестерге интеграциялауға бағытталған.

5.1. Азаматтық қатысу және шешімдер қабылдауға қатысу

Азаматтық қатысу және шешімдер қабылдауға қатысу

Жастар саясаты әлеуметтік желілердің белсенді дамуы қазақстандықтардың нақты өмірдегі әлеуметтену қарқындылығының төмендеуіне алып келетінін, ал онлайн-әлеуметтену жастарға оқиғалардан үнемі хабардар болуға және кез келген ақпараттық себепке дерлік бірден ден қоюға мүмкіндік беретінін ескеретін болады. Жалпы алғанда, мемлекеттік басқару органдарының іс-қимылы жаһандық желіде белсенді болуға бағытталады.

Волонтерлік жобаларды әлеуеті мен тоғысатын тұстары бар салаларда, атап айтқанда, бейресми білім беру, ғылыми қызмет, спорт және тағы басқа салаларда бастамашылық ету және дамыту орынды, өйткені жинақталған тәжірибелер жиынтығында өзге салаларға да кумулятивтік әсер бере алады. Бұл бағыттар жастар волонтерлігі саласындағы гранттық қаржыландырудың тақырыптарын және көлемін кеңейту қажеттігін көрсетеді.

Бүгінде қоғамдық бақылаудың қолданыстағы институттарын қоғамдық пікір көшбасшыларын тарта отырып, нақты жұмыс істейтін тетіктерге айналдыру қажеттілігі туындады. Жастардың саяси қатысуы жергілікті өзін-өзі басқару тетігі арқылы іске асырылады. Атап айтқанда, қалалық және ауылдық жергілікті өзін-өзі басқару органдарына бәсекелі, әділ сайлау өткізу және жастардың оларға қатысуы маңызды қоғамдық әлеуетті тартуға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты жастардың мемлекеттік органдармен белсенді өзара іс-қимыл жасауға, жастардың ғана емес, жалпы қоғамның проблемаларын шешуге жәрдемдесуге деген ұмтылысы көтермеленетін болады. Әртүрлі елдердің тәжірибесі жастар парламентаризмінің идеясын ілгерілетудің орындылығын көрсетеді.

Кеңестердің сапалық құрамы мен функционалдылығы бөлігінде Кеңес мүшелерін ротациялау жүйесі енгізіліп, Кеңестер құрамында әртүрлі әлеуметтік топтар мен кәсіптердің (азаматтық сектор, бизнес, медиа саласы, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, өнер және т.б.) жастарының өкілдік етуі қамтамасыз етіледі, соның нәтижесінде жастармен кері байланыс жолға қойылады. Кеңестер 18-ден 35 жасқа дейінгі жастар қатарынан құрылады. Кеңестер құрамын қалыптастыру кезінде жастар саясаты мәселелері жөніндегі кураторлар, журналистер, кәсіпкерлер және азаматтық белсенділер, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының, «Дарын» сыйлығының иегерлері тартылады. Кеңес төрағасы Кеңес мүшелерінің дауыс беруі арқылы бір жылдан аспайтын мерзімге сайланады. Бұл ретте төраға қолданыстағы мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік ұйымның қызметкері немесе жергілікті өкілді органның не қоғамдық кеңестің өкілі бола алмайды.

5.2. Әлеуетті іске асыру және кәсіпкерлік

Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Тұрақты даму мақсаттары саласындағы күн тәртібінде әлемдік көшбасшылар жастарды әлеуметтендіру мен дамытуға бағытталған бірқатар міндеттерді шешуге күш-жігерді жандандыру жөніндегі міндеттер қойды. Жастарды қолдауға бағытталған жекелеген іс-шаралар, индикаторлар мен көрсеткіштер сапалы және қолжетімді білім беруді, тұрақты жұмыспен қамтуды және экономикалық өсуді қамтамасыз ету бөлігінде жаһандық мақсаттармен интеграцияланған.

Бұл бағыт 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Күн тәртібінің барлық кезеңдері мен деңгейлерінде, оның ішінде жоспарлау, іске асыру, сондай-ақ Тұрақты даму мақсаттарына қатысты мониторинг жүргізу және есептілік кезеңдерінде жастардың қатысуына жәрдемдесуді көздейді. Осы бағыт шеңберінде жастардың әлеуетін дамытуға қолдау көрсету және олардың тәжірибесінің әртүрлілігін мойындау жоспарланады.

Жастардың кәсіпкерлік бастамасы мен энергиясы елді, қалалар мен аудандарды дамыту жөніндегі перспективалы, ауқымды жобаларға қатысуды талап етеді. Жобалардың бағыттары мен мазмұны жастардың тиісті кәсіби және кәсіпкерлік құзыреттеріне қойылатын талаптарды айқындайды. Жастардың өзгермелі нарықтық жағдайларда өзін-өзі дұрыс айқындауына мүмкіндік беретін кәсіпкерлік құзыреттерді меңгеру қажеттігін біржақты айтуға болады. Жүйелі функционалдық ойлау, жобаларды басқару, ұйымдасқан коммуникация, қаржылық сауаттылық, жалпы кәсіптік қызмет теориясы негіздерін игеруге назар аударылатын болады. Мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында (бұдан әрі – ЖОО) рефлексивтік, аналитикалық, жобалау, цифрлық, коммуникативтік, келісу және ұйымдастырушылық қабілеттерді қалыптастыру тұрғысынан білім беру бағдарламалары жаңартылады. Олар дамыған кәсіпкерлік құзыреттерді қалыптастырудың басты шарттары болып табылады.

Жастардың бизнес-білімін дамыту және қолдау

Қазақстанда дамыған нарықтық экономиканың қалыптасуы жағдайында жергілікті өзін-өзі басқарудың әртүрлі институттары, өзін-өзі реттейтін ұйымдар біртіндеп қалыптасуда. Сонымен қатар барлық кәсіптердің субъектілері – басқарушылар, экономистер, заңгерлер, инженерлер, дәрігерлер және басқа да мамандар кәсіпкерлік негіздерін меңгеру қажеттігін түсіне бастады. Мәселен, қазіргі заманғы инженер тек техникалық білімнің кең көлеміне ғана емес, сонымен бірге кәсіпкерлік және менеджерлік дағдыларға да ие болуы тиіс. Ол идеяның пайда болуынан бастап, оны жобалау, эксперименттік тексеру, экономикалық негіздеу, ықтимал салдарын бағалау, дайын тауар өнімін өндіру және сату кезеңдеріне дейінгі барлық жолды көре білуі керек. Егер азаматтар, жастар өз бизнесі ресурстарының бір бөлігін қоғамды (елді), ортақ игілікті дамытуға бағыттау жөніндегі ортақ логикалық идеяны басшылыққа алса, ел экономикасы теңгерімді және бәсекеге қабілетті бола алады. Осылайша, мемлекеттік жастар саясаты барлық бизнес-білім беру жүйесін ұлттық патриотизм, келісу және барлық субъектілердің өзара тиімді әріптестік қатынастарын орнату логикасына бейімдеуді көздейтін болады.

Осыған байланысты, ең алдымен, республикалық және өңірлік деңгейлерде барлық мемлекеттік институттардың функционалдық өзара іс-қимылының тиісті жүйесін қарастыру қажет.

Инновациялық әдіснамалық құралдарды әзірлеу және оларды қазақстандық бизнес-білім беруде сынақтан өткізу мемлекеттік институттардың өзара іс-қимылының функционалдылығын арттырады.

Аудандардағы Жастар ресурстық орталықтарының желісі арқылы бизнес-білім беру секторын қайта іске қосу

Қазақстанда 231 Жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. ЖРО қызметі жастардың әлеуметтік және тұлғалық дамуына жәрдемдесуге және жастар ұйымдарының қызметін қолдауға бағытталған.

ЖРО желісі арқылы бизнес-білім беруді қайта іске қосу оларды қалалар мен аудандарды дамытудың жалпы жобаларына органикалық түрде енгізуді көздейді. Жергілікті мемлекеттік басқару органдары өңірлерді дамыту жобаларын іске асыруға жастар ресурсын тартуға мүдделі болуы тиіс.

ЖРО негізгі субъектілердің функционалдық өзара іс-қимылының модельдерін келісуге, өңірлерді дамыту жобаларын нақтылауға бастамашылық ете алады. Бұл оларға жастардың энергиясын іске асыру мен қатысуының нақты орындары мен нысандарын айқындауға көмектеседі, азаматтық сана-сезімнің жедел қалыптасуына, жастардың елді тұтастай дамыту үшін жауапкершілігін түсінуіне, жастардың рухани, зияткерлік және кәсіби әлеуетін ашуға және іске асыруға ықпал етеді.

Жастар ресурстық орталықтары тек стартап-инкубаторлар ғана емес, сонымен қатар пікірталас, білім беру, талдау, әзірлеу және келісу алаңдары, өңірлік даму орталықтары бола алады.

Сонымен бірге, қазіргі уақытта Алматы қаласының әкімдігі 8 аудандық ЖРО-ны Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорына басқаруға берді. Осыған байланысты ЖРО-ның шектеулі мүмкіндіктерін ескере отырып, Алматы қаласының үлгісі бойынша ЖРО-ларды аутсорсингке кезең-кезеңімен берудің артықшылықтары туралы аналитикалық зерттеу жүргізу, жастар кәсіпкерлігін дамытуға жәрдем көрсету жөніндегі жұмысты үйлестіруді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына бекіту мүмкіндігін қарастыру талап етіледі.

Гранттық қолдау көрсетілген жобалардың гранттық кезеңде және ол аяқталғаннан кейін «өміршеңдігін» талдау

Гранттық қолдау көрсетілген жобалардың гранттық кезеңде және ол аяқталғаннан кейін «өміршеңдігін» талдау үшін грант алушылар арасында мынадай негізгі критерийлер бойынша тиісті социологиялық сауалнама жүргізу қажет: жобаларды іске асыру тиімділігі, жобаларды іске асыруды жалғастыру және ауқымын кеңейту проблемалары, проблемаларды шешу тәсілдері, қажетті қолдау (талдамалық, білім беру, нормативтік-құқықтық, қаржылық), күтілетін нәтижелер.

2022 жылдан бастап жастарды жергілікті қоғамдастық қызметіне қайта интеграциялау мақсатында «Zhas Project» гранттық бағдарламасы іске асырылуда. Жоба өмірлік маңызы бар дағдыларды дамытуға және қоғам өміріне қатысуға, жеке тұлға мен әлеуметтік институттар арасында сенім орнатуға, әлеуметтік жобалардың тұрақты экономикалық моделін құруға бағытталған.

5.3. Ағарту және мәдениет

Мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруды еңбек нарығындағы ағымдағы және болжамды сұраныстың ерекшеліктеріне сәйкес келтіру қажет, өйткені Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің деректері бойынша, еңбек нарығындағы мамандардың негізгі дағдыларының 40 %-ы алдағы 5 жылда өзгеруі мүмкін және әрбір екінші қызметкер қайта даярлаудан өтуге мәжбүр болады.

Lifelong learning (өмір бойы оқу) қағидатын енгізу, мысалы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жетекші әлемдік университеттердің онлайн-курстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі бастамасын (оның ішінде Coursera, edX және басқа да оқыту платформалары арқылы) одан әрі жалғастыру.

Жоғары біліммен қамтуды арттыру үшін өңірлер және техникалық, кәсіптік және жоғары білім беру ұйымдарының мамандықтары бөлінісінде еңбек нарығының қажеттіліктеріне талдау жүргізіледі.

Аталған талдау кәсіпорындардың өтінімдері бойынша жұмысқа орналастыру міндеттемесімен кадрларды нысаналы даярлауды да ескеретін болады.

Кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту арқылы жастарды тегін техникалық және кәсіптік біліммен (ТжКБ) қамту кеңейтіледі.

Жастарға консультациялық кәсіптік бағдар беру көмегі шеңберінде жастарға арналған әлеуметтік қызметтердің жұмысы ұйымдастырылады.

Креативті индустриялар отандық мәдениеттегі оң трансформациялардың қозғаушы күшіне айналып, оның дотациялық саладан жоғары қосылған құн жасайтын секторға өтуін қамтамасыз етеді.

Креативті индустрияны дамыту жас таланттар үшін «әлеуметтік лифтілерді» іске қосады және Қазақстан мен оның мәдениетінің шетелде танымал болуына ықпал етеді.

Дарынды жастарды қолдау жөніндегі шаралар кешенін, оның ішінде әртүрлі гранттық жобаларды («Тәуелсіздік ұрпақтары», «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы) іске асыру жалғасады.

ЖРО базасында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында креативті кластерлер мен хабтар құру; Астана, Алматы және Шымкент қалаларында үш креативті бизнес-инкубатор мен акселератор құру; осы қалаларда үш көпфункционалды білім беру-көрме орталығын құру жоспарлануда.

Жастар волонтерлік бастамаларға белсенді тартылатын болады.

Жастар және волонтерлік бастамаларды дамытуға бағытталған жобаларды гранттық қаржыландыру ұлғайтылады.

Жастарды экологиялық қызметке тартуға, жастардың қоршаған әлемге экологиялық және этикалық жауапкершілікпен қарауын дамытуға ерекше қолдау көрсетіледі.

5.4. Заманауи құндылықтар және патриоттық тәрбие

Жастарға патриоттық тәрбие беру – елдің мемлекеттік жастар саясатының бір бөлігі.

Тұлғаны қалыптастыру құралы ретінде тәрбие және педагогика процестеріне ерекше назар аудару қажет. Педагогика адамды тәрбиелеуге күшті ықпал етеді, сондықтан педагогика патриотизмді тәрбиелеу тәжірибесінде белсенді пайдаланылуы тиіс. Патриоттық тәрбие азаматтық және патриоттық қасиеттерге ие, бейбіт және соғыс уақытында азаматтық міндеттерін табысты орындауға қабілетті тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.

Отанның өткеніне, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарауды тәрбиелеу шеңберінде мемлекеттік тілде заманауи зияткерлік командалық ойындар дамытылады.

Жастар арасында отбасылық құндылықтар Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жетілдіру және өмірлік қиын жағдайға тап болған балалары бар отбасыларды қолдау жөніндегі шаралар кешені арқылы нығайтылады.

Жастар арасында Отанға деген адалдықты және өз мемлекетін қорғауға дайындықты нығайту мақсатында әскери-патриоттық ойындар («Айбын», «Найза») ұйымдастырылады.

Патриоттық рух деңгейін арттыру үшін жастарға арналған әскери-патриоттық көрмелер ұйымдастырылады.

5.5. Ақпараттық кеңістік

Жастар өкілдерін олардың құқықтары, міндеттері және оларды қоғам мен мемлекет өмірінің барлық салаларында іске асыру мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру уәкілетті мемлекеттік органдар қызметінің басымдығына айналады.

Уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде осы бағдарламалар мен жобалардың мазмұны және іске асырылуы туралы жарияланымдардың, теле- және бейнесюжеттердің саны мен сапасы арттырылады.

Қазақстанның жастар ортасындағы өзекті мәселелерді, оқиғаларды, процестер мен үрдістерді және мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жариялау деңгейі артады.

Жастар тақырыбын жариялау және мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен жастар ұйымдарымен және мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастық тетіктерін ілгерілету жөнінде шаралар қабылданады.

Зияткерлік және шығармашыл жастар өкілдері мен жастар ұйымдары жастар тақырыбы бойынша ақпараттық өнімдерді жасауға және таратуға тартылады.

Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы уәкілетті органның қамқорлығымен бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жастар тақырыбын тұрақты негізде жариялайтын журналистер мен блогерлер пулы қалыптастырылады.

Нысаналы аудиторияны қамту жастар өкілдерінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың, жастар ұйымдарының және сарапшылар қоғамдастығының қатысуымен республикалық және жергілікті мемлекеттік телеарналарда бағдарламаларды (хабарларды) құру және тұрақты трансляциялау арқылы кеңейтіледі.

Іске асырылып жатқан мемлекеттік жастар саясатын және жастардың даму деңгейін жеті негізгі бағыт – білім беру, денсаулық және әл-ауқат, жұмыспен қамту және мүмкіндіктер, саяси қатысу, азаматтық қатысу, бос уақыт және қауіпсіздік бойынша талдау үшін Жастардың даму индексі пайдаланылатын болады.

Жастар зерттеулерінің нәтижелері негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасын дайындау және енгізу жөніндегі жұмыс жалғасады.

Жастар тақырыбы бойынша ғылыми жарияланымдар (монографиялар, аналитикалық баяндамалар, ғылыми басылымдардағы мақалалар) әзірлеу және республикалық, өңіраралық, өңірлік және халықаралық ғылыми-практикалық әрі оқу-әдістемелік іс-шаралар өткізу тәжірибесі дамытылады.

Жастар саясатын іске асырудың тиімділігі шешімдер қабылдауды ғылыми-талдамалық негіздеуге сапалы түрде байланысты. Осы тұрғыда жастардың даму үрдістерін түсіну үшін көршілес елдердің шектес өңірлерінде бойлық және салыстырмалы зерттеулер жүргізу маңызды. Қазақстан жастары туралы негізгі құжат ретінде «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасын жыл сайын емес, ретроспективалық түрде, жастардың әлеуметтік жағдайы мен көңіл-күйінің ең өзекті параметрлеріне баса назар аудара отырып жариялау орынды.

5.6. Салауатты өмір салты

Жасөспірімдер мен жастардың әлеуметтік көңіл-күйі, олардың аурушаңдық деңгейі, тәуекелді мінез-құлқы мен зиянды әдеттері проблемаларын зерделеу мемлекеттің экономикалық өсуі, әлеуметтік кепілдіктер және қалыптасқан шаралар жүйесі өскелең ұрпақтың толыққанды дамуы мен денсаулығын қорғауды жеткілікті деңгейде қамтамасыз етпейтінін көрсетеді. Бұл жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын сақтау саласындағы барлық шаралар жүйесін оңтайландыру қажеттігін білдіреді.

Жас ұрпақтың денсаулығын сақтау үшін психикалық және мінез-құлықтық бұзылулардың, оның ішінде психобелсенді заттарды тұтынуға байланысты бұзылулардың профилактикасына, сондай-ақ жастар арасындағы суицидтік әрекеттердің алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешені тұрақты түрде жүргізіледі.

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық жұмыс жүргізіліп, тиісті материалдар шығару көлемі ұлғайтылады.

Бұдан басқа, жастардың тұрақты жаттығуы үшін спорт инфрақұрылымын дамыту қажет.

Осы мақсатта әрбір елді мекенде спорт залдарының, алаңдардың және секциялардың қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

Жастарды салауатты өмір салтына тарту мақсатында әрбір өңірде кемінде 50 спорт алаңы салынады.

Профилактикалық іс-шаралар аурулардың алдын алу және ұлт денсаулығын сақтау үшін негізгі алғышарт болып табылады.

Жастардың репродуктивтік денсаулығын профилактикалық қорғау және сақтау мәдениеті ілгерілетіледі.

Жастар арасында АИТВ-инфекциясы туралы хабардар болу оның профилактикасының маңызды көрсеткіші болып табылады. АИТВ-инфекциясына тегін тестілеу, сондай-ақ Қазақстанда базалық медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру бойынша іске асырылып жатқан шаралар АИТВ-инфекциясының жаңа жағдайларын тіркеудің өсуіне елеулі үлес қосуды жалғастырады.

Қазақстан Республикасында жастардың денсаулығын профилактикалық қорғау және салауатты өмір салтын қалыптастыруда Жастар денсаулығы орталықтарына (бұдан әрі – ЖДО) ерекше рөл тиесілі. ЖДО жасөспірімдер мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулығын қорғау міндеттерін орындайды.

Жастар ортасында репродуктивтік аурулардың профилактикалық алдын алу мәдениетін дамыту шеңберінде жұмыс істеп тұрған ЖДО санын ұлғайту ұсынылады, бұл жасөспірімдер мен жастарға ЖДО қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға және оларды қамтуды кеңейтуге мүмкіндік береді.

5.7. Жастар және ауыл

Дамыған елдердің қоғамдық өмірін жаңғырту тәжірибесі жас ерекшеліктері мен әлеуметтік жағдайының маргиналдылығына байланысты жастардың әлеуметтік-демографиялық топтардың ішіндегі ең серпінді, барынша икемді, өзгермелі жағдайларға бейімделгіш топ болып табылатынын көрсетеді. Жастар жаңа әлеуметтік жағдайларға оңай бейімделеді, сондықтан олардың әлеуметтік жағдайы мен көңіл-күйі әлеуметтік өзгерістердің маңызды индикаторы болып табылады.

Ауылдағы жұмыссыздық проблемаларын шешудің нәтижелі жалғыз тәсілі – жаңа жұмыс орындарын құруды ынталандыру саясаты, бұл тек экономикалық өсу және аграрлық саланы жедел дамыту жағдайында ғана мүмкін болады.

Жастардың ауылдан қалаға көші-қоны проблемасы жастарды жұмысқа орналастыруға және ауылдық аумақтарда жастар кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу, 14-18 жастағы ауыл жастары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу, сондай-ақ ауылдағы жастар бастамаларын, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін белсенді тарту арқылы дамыту жолымен шешіледі.

Ауылдық аумақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында ауылдық жерлерде жастарды жұмысқа орналастыруға, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін тарту арқылы олардың әлеуетін кәсіпкерлік арқылы іске асыруға бағытталған іс-шаралар кешені іске асырылады.

14-18 жастағы ауыл жастары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысы тұрақты түрде жүргізіледі.

ЖРО базасында 18-23 жастағы ЖОО, ТжКБ түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылады.

Қазіргі әлемде цифрлық сауаттылық табысты әлеуметтенудің кепілі және жұмысқа орналасудың қажетті атрибуты болып табылады.

Осыған байланысты Тұжырымдамада цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша оқудан өткен өңірлік жастардың үлесін ұлғайту көзделген. Бұл шара өңірлік жастар мен қалалық жастар арасындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік береді.

6-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер

Мақсаттарға қол жеткізу осы Тұжырымдамаға 1-кестеде көрсетілген нысаналы индикаторлармен өлшенетін болады.

Халықаралық контексте NEET санатындағы жастар категориясы 15-28 жас аралығындағы жас кіші тобымен айқындалады. NEET санатындағы жастардың үлесін төмендетуге бағытталған іс-шаралардың нысаналы индикаторлары мен күтілетін нәтижелері 15-28 жас аралығындағы халыққа бағдарланған. Қалған күтілетін нәтижелер мен нысаналы индикаторлар 15-34 жас аралығындағы топты қамтитын іс-шараларды іске асыруды көздейді.

2029 жылға қарай күтілетін нәтижелер:

  1. Жастардың мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар болу деңгейін 90 %-ға дейін арттыру.
  2. Елдегі жастар саясатын іске асыруға қанағаттанатын жастардың үлесін 70 %-ға дейін ұлғайту.
  3. Жұмыспен қамтылған жастар санын 2,3 млн адамға дейін ұлғайту.
  4. Жас кәсіпкерлердің үлесін 20 %-ға дейін ұлғайту.

Ескертпе:

Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар осы Тұжырымдамаға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының 2023–2029 жылдарға арналған жастар саясаты тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

1-кесте. Нысаналы индикаторлар

№Нысаналы индикаторларӨлшем бірлігіАқпарат көзі2023 жыл2024 жыл2025 жыл2026 жыл2027 жыл2028 жыл2029 жылОрындауға жауаптылар
1Шешімдер қабылдау процесіне тартылған жастардың үлесін ұлғайту%МИОР23242526272830МИОР
2Орталық және жергілікті деңгейдегі Қоғамдық кеңестер құрамындағы жастар квотасын ұлғайту%МИОР10121416181920МИОР, ЖАО
3NEET санатындағы жастардың үлесін төмендету%БНСАСПиР6,76,25,65,04,54,03,5МИОР, ЖАО
4Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген жастар арасындағы жұмысқа орналасқандардың үлесін ұлғайту%МТСЗН55565758596061МТСЗН, МИОР, ЖАО
5Мемлекеттік қызметшілер арасындағы жастардың үлесін ұлғайту%ӘМҚІА18192021222425ӘМҚІА, МИОР
6Жоғары біліммен қамтылған жастар санын ұлғайту%ҒЖБМ63646668717375ҒЖБМ
7Дарынды жастар санын ұлғайтуадамМИОР, ЖАО500 мың600 мың700 мың800 мың900 мың1 млн1,1 млнМИОР, ЖАО
8Волонтерлік, қайырымдылық және экологиялық бастамаларға тартылған жастардың үлесін ұлғайту%МИОР20222426283032МИОР, ЖАО
9Әскери-спорттық іс-шаралар арқылы қоса алғанда, әскери-патриоттық тәрбиемен қамтылған жастар санын ұлғайтуадамҚМ700 мың730 мың760 мың790 мың820 мың850 мың880 мыңҚМ, МИОР, ЖАО
10Eljastary.kz инфонавигаторына келушілер деңгейіадамЖАО700 мың900 мың1,2 млн1,4 млн1,6 млн1,8 млн2 млнМИОР, ЖАО
11Жастар денсаулығы орталықтарында психикалық және репродуктивтік денсаулықты қорғау қызметтерімен жастарды қамтуды ұлғайту%ДСМ17202428333843МИОР, ДСМ, ЖАО
12Цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша оқудан өткен өңірлік жастардың үлесін ұлғайтуадамМИОР800 мың900 мың1 млн1,1 млн1,2 млн1,3 млн1,5 млнМИОР, ЖАО

Қазақстан Республикасының 2023–2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасына қосымша

Қазақстан Республикасының 2023–2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары

№ р/сРеформалардың / негізгі іс-шаралардың атауыАяқтау нысаныОрындау мерзімдеріОрындауға жауаптылар

1-бағыт. Азаматтық қатысу және шешімдер қабылдауға қатысу

Жастарды шешімдер қабылдау процесіне тарту үшін жағдайлар жасау

1-нысаналы индикатор. Шешімдер қабылдау процесіне тартылған жастардың үлесін ұлғайту (2023 ж. – 23 %, 2024 ж. – 24 %, 2025 ж. – 25 %, 2026 ж. – 26 %, 2027 ж. – 27 %, 2028 ж. – 28 %, 2029 ж. – 30 %)

№Іс-шараларАяқтау нысаныОрындау мерзіміОрындауға жауаптылар
1.Жастардың бастамашыл топтарымен, бейресми бірлестіктерімен өзара іс-қимыл бойынша кездесулер ұйымдастырухаттама2023–2029 жылдарМИОР, ЖАО
2.Жастармен диалогты дамыту және жастар бастамаларын іске асыру үшін қоғамдық кеңістіктер қалыптастыруұсынымдар2023–2029 жылдарМИОР, ЖАО
3.Жастардың азаматтық және саяси белсенділігін ынталандыру мақсатында ірі компаниялармен ынтымақтастық орнатужоба2023–2029 жылдарМИОР, ЖАО
4.Жастардың дамуының өзекті үрдістерін талқылау үшін республикалық жастар ұйымдарының базасында өңірлік және халықаралық диалог алаңдарын ұйымдастырухаттама2023–2029 жылдарМИОР, ЖАО
5.Жастар саясатын дамыту және өңірлік даму мәселелері бойынша жергілікті атқарушы және өкілді органдар жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына сарапшылар қоғамдастығын, зияткерлік элита өкілдерін, азаматтық қоғам және мәдениет қайраткерлерін тартуұсынымдар2023–2029 жылдарЖАО
6.Жастардың даму индексін енгізуМинистрдің бұйрығы2023 жылғы IV тоқсанМИОР, ЖАО

2-нысаналы индикатор. Орталық және жергілікті деңгейдегі Қоғамдық кеңестер құрамындағы жастар квотасын ұлғайту (2023 ж. – 10 %, 2024 ж. – 12 %, 2025 ж. – 14 %, 2026 ж. – 16 %, 2027 ж. – 18 %, 2028 ж. – 19 %, 2029 ж. – 20 %)

№Іс-шараларАяқтау нысаныОрындау мерзіміОрындауға жауаптылар
7.Жастардың белсенді азаматтық ұстанымын, сыни ойлау дағдыларын, өзге адамдардың пікіріне толеранттылықты қалыптастыругранттық жобаны іске асыру2023–2029 жылдарМИОР, ЖАО
8.Қылмыстық жазасын өтеген жастар қатарындағы адамдарды оңалту және бейімдеу жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізугранттық жобаны іске асыру2023–2029 жылдарМИОР, ЖАО
9.Алаяқтық жағдайларының алдын алу және алаяқтық схемалар мен «инфобизнесмендерді» әшкерелеу арқылы қаржылық сауаттылықты арттыругранттық жобаны іске асыру2023–2029 жылдарМИОР, ІІМ, ЖАО

5-нысаналы индикатор. Мемлекеттік қызметшілер арасындағы жастардың үлесін ұлғайту (2023 ж. – 18 %, 2024 ж. – 19 %, 2025 ж. – 20 %, 2026 ж. – 21 %, 2027 ж. – 22 %, 2028 ж. – 24 %, 2029 ж. – 25 %)

№Іс-шараларАяқтау нысаныОрындау мерзіміОрындауға жауаптылар
10.Жастарды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары мен құралдарын тиімді іске асыруға қоғамдық мониторинг жүргізуталдауIV тоқсан, жыл сайынМИОР, МТСЗН, ОАМ, ҒЖБМ, ҰЭМ, ДСМ, ИИДМ, МСМ
11.Жастардың құқықтық қорғалу деңгейін айқындау бойынша социологиялық зерттеу жүргізуталдамалық баяндамаIV тоқсан, жыл сайынМИОР, ЖАО, «Жастар» ҒЗО
12.Қалалық және ауылдық елді мекендерде жастарды шешімдер қабылдауға тарту және олардың қатысуын ілгерілетугранттық жобаны іске асыру2023–2029 жылдарМИОР, ЖАО

2-бағыт. Әлеуетті іске асыру және кәсіпкерлік

3-нысаналы индикатор. NEET санатындағы жастардың үлесін төмендету (2023 ж. – 6,7 %, 2024 ж. – 6,2 %, 2025 ж. – 5,6 %, 2026 ж. – 5,0 %, 2027 ж. – 4,5 %, 2028 ж. – 4,0 %, 2029 ж. – 3,5 %)

№Іс-шараларАяқтау нысаныОрындау мерзіміОрындауға жауаптылар
13.«Zhas Project» жобасын гранттарды «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы арқылы ұсына отырып, әдістемелік-талдамалық қамтамасыз етугранттар беру2023–2029 жылдарМИОР, ЖАО
14.Болашақ түлектер арасында кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша волонтерлік жобаларды ілгерілетугранттық жобаны іске асыру2023–2029 жылдарЖАО
15.NEET санатындағы жастардың әлеуметтік жағдайы мен көңіл-күйіне жүйелі мониторинг ұйымдастыруталдамалық баяндама2023–2029 жылдарМИОР, МТСЗН, ЖАО
16.«Жасыл ел» жобасы шеңберінде жыл сайын жазғы кезеңде 30 мың жасты, оның ішінде ауыл жастарының 10 мың өкілін жұмысқа орналастыружоба2023–2029 жылдарЖАО

Жас мамандардың өзін-өзі іске асыруы үшін жағдайлар жасау

4-нысаналы индикатор. Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген жастар арасындағы жұмысқа орналасқандардың үлесін ұлғайту (2023 ж. – 55 %, 2024 ж. – 56 %, 2025 ж. – 57 %, 2026 ж. – 58 %, 2027 ж. – 59 %, 2028 ж. – 60 %, 2029 ж. – 61 %)

№Іс-шараларАяқтау нысаныОрындау мерзіміОрындауға жауаптылар
17.Жастар арасында әлеуметтік бағдарлау жұмысын жүргізугранттық жобаны іске асыру2023–2029 жылдарМИОР, ЖАО
18.Жұмыс істейтін жастарды сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасауМинистрдің бұйрығы2023 жылғы IV тоқсанМИОР, ЖАО
19.Жас отбасыларға жеңілдікпен кредит берудің өңірлік бағдарламаларын әзірлеу және енгізуәкімдердің бұйрықтары, әкімдердің «Отбасы банк» АҚ-мен меморандумдары2023–2029 жылдарЖАО, «Отбасы банк» АҚ (келісу бойынша)
20.Қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде жастардың тұрғын үй мәселелерін шешу мониторингіталдамалық баяндама және ұсынымдар2023–2029 жылдарМИОР, ИИДМ, ОАМ, ҒЖБМ, ҰЭМ, ЖАО
21.Жас кәсіпкерлердің тәуекелдерін сақтандыру жүйесін қалыптастыру бойынша сұхбат жүргізу, ақпараттық сүйемелдеу және ұсыныстар әзірлеуұсынымдар2023–2029 жылдарМИОР, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша)
22.Жас кәсіпкерлерге конкурстық негізде жылдық 2,5 % мөлшерлемемен жеңілдікпен кредит беружеңілдікпен кредиттер беру2023–2029 жылдарМТСЗН, ЖАО
23.Жастарға ақпараттық-консультациялық көмек ұйымдастыру (білім беру, заңгерлік, психологиялық және т.б.)консультациялар2023–2029 жылдарЖАО
24.Жастар ресурстық орталықтарының қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар кешенін қабылдау (оның ішінде ЖРО қызметін бағалау және KPI енгізу), Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ЖРО базасында креативті кластерлер, хабтар, бизнес-инкубаторлар, акселераторлар, көпфункционалды білім беру-көрме орталықтарын құружыл сайынғы KPI бекіту туралы әкімдердің бұйрықтары2023–2029 жылдарЖАО

3-бағыт. Ағарту және мәдениет

Жаңа білім беру кеңістігін қалыптастыру

6-нысаналы индикатор. Жоғары біліммен қамтылған жастар санын ұлғайту (2023 ж. – 63 %, 2024 ж. – 64 %, 2025 ж. – 66 %, 2026 ж. – 68 %, 2027 ж. – 71 %, 2028 ж. – 73 %, 2029 ж. – 75 %)

№Іс-шараларАяқтау нысаныОрындау мерзіміОрындауға жауаптылар
25.2029 жылға қарай жұмысқа орналастыру міндеттемесімен кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрларды нысаналы даярлауды 80 мың адамға дейін кеңейтуесеп2023–2029 жылдарОАМ, ЖАО, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша)
26.Өңірлер және техникалық, кәсіптік және жоғары білім беру ұйымдарының мамандықтары бөлінісінде еңбек нарығының қажеттіліктеріне талдау жүргізуталдау2023–2029 жылдарМТСЗН, МИОР, ОАМ, ҒЖБМ, ЖАО
27.Кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту арқылы жастарды тегін ТжКБ-мен қамтуды кеңейту (2023 ж. – 130 мың, 2024 ж. – 140 мың, 2025 ж. – 150 мың)гранттар беру2023–2025 жылдарОАМ, ЖАО
28.«Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулеріне арналған 1000 грантгранттар беру2023–2029 жылдарҒЖБМ
29.Жастарға консультациялық көмек көрсетуді арттыруға бағытталған жастарға арналған әлеуметтік қызметтердің жұмысын ұйымдастыруконсультациялар2023–2029 жылдарМИОР, ЖАО

Жастардың мәдени дамуы үшін мүмкіндіктерді кеңейту

7-нысаналы индикатор. Дарынды жастар санын ұлғайту (2023 ж. – 500 мың, 2024 ж. – 600 мың, 2025 ж. – 700 мың, 2026 ж. – 800 мың, 2027 ж. – 900 мың, 2028 ж. – 1 млн, 2029 ж. – 1,1 млн)

№Іс-шараларАяқтау нысаныОрындау мерзіміОрындауға жауаптылар
30.Дарынды жастарды қолдау жөніндегі шаралар кешенін ұйымдастыруіс-шараларды ұйымдастыру2023–2029 жылдарМИОР, МСМ, ЖАО
31.«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын іске асыругранттар беру2023–2029 жылдарМИОР
32.«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын табыстаусыйлықты табыстау2023–2029 жылдарМИОР
33.Жастар арасында ақпараттық сауаттылықты дамытугранттық жобаны іске асыру2023–2029 жылдарМИОР, ЖАО
34.Жастардың әртүрлі жас санаттарына қолайлы қоғамдық кеңістіктер құругранттық жобаны іске асыру2023–2029 жылдарМИОР, ЖАО

8-нысаналы индикатор. Волонтерлік, қайырымдылық және экологиялық бастамаларға тартылған жастардың үлесін ұлғайту (2023 ж. – 20 %, 2024 ж. – 22 %, 2025 ж. – 24 %, 2026 ж. – 26 %, 2027 ж. – 28 %, 2028 ж. – 30 %, 2029 ж. – 32 %)

№Іс-шараларАяқтау нысаныОрындау мерзіміОрындауға жауаптылар
35.Волонтерлік қызметке тарту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыружоспар2023–2029 жылдарМИОР, ЖАО
36.Жастар және волонтерлік бастамаларды дамытуға бағытталған жобаларға арналған гранттарды қаржыландыруды ұлғайтугранттарды қаржыландыруды ұлғайту2023–2029 жылдарМИОР
37.Жастарды экологиялық қызметке тарту және өңірлік деңгейде жастардың экологиялық бастамаларын қолдаужобаны іске асыру2023–2029 жылдарЖАО
38.Жастардың экологиялық мәдениетінің деңгейін, жастар тобының экологиялық мінез-құлық және экологиялық өмір салтын жүргізу туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыружобаны іске асыру2023–2029 жылдарЖАО
39.Жастардың қоршаған әлемге экологиялық және этикалық жауапкершілікпен қарауын дамытугранттық жобаны іске асыру2023–2029 жылдарМИОР

4-бағыт. Заманауи құндылықтар және патриоттық тәрбие

Патриоттық тәрбие

9-нысаналы индикатор. Әскери-спорттық іс-шаралар арқылы қоса алғанда, әскери-патриоттық тәрбиемен қамтылған жастар санын ұлғайту (2023 ж. – 700 мың, 2024 ж. – 730 мың, 2025 ж. – 760 мың, 2026 ж. – 790 мың, 2027 ж. – 820 мың, 2028 ж. – 850 мың, 2029 ж. – 880 мың)

№Іс-шараларАяқтау нысаныОрындау мерзіміОрындауға жауаптылар
40Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар кешені және өмірлік қиын жағдайға тап болған балалары бар отбасыларды қолдау арқылы жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайтугранттық жобаны іске асыру2023–2029 жылдарМИОР, ЖАО
41Мүгедектігі бар балалары бар отбасыларға әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсетугранттық жобаны іске асыру2023–2029 жылдарМИОР, ЖАО
42Мемлекеттік тілде заманауи зияткерлік командалық ойындарды дамытугранттық жобаны іске асыру2023–2029 жылдарМИОР, ЖАО
43Жас ұрпақ арасында психологиялық көмекке жүгіну мәдениетін дамытугранттық жобаны іске асыру2023–2029 жылдарМИОР, ЖАО
44Жастардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыруталдамалық баяндама және ІІМ-ге ұсынымдар2023–2029 жылдарМИОР, ІІМ, ЖАО
45Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілетугранттық жобаны іске асыру2023–2029 жылдарМИОР
46Жастар арасында берік отбасы құндылықтарын қалыптастыругранттық жобаны іске асыру2023–2029 жылдарМИОР, ЖАО
472029 жылға қарай 22 мың қатысушыны тарта отырып, «Айбын», «Найза» әскери-патриоттық ойындарын ұйымдастыруМИОР-ға есеп2023–2029 жылдарҚМ, ЖАО
48Патриоттық рух деңгейін арттыру мақсатында кемінде 75 мың жастың әскери музейлер мен әскери-патриоттық көрмелерге баруыМИОР-ға есеп2023–2029 жылдарҚМ, ЖАО
49Әскери қызмет туралы теледидар өнімдерін жасау2029 жылға қарай кемінде 160 бейнеролик орналастыру2023–2029 жылдарМИОР, ҚМ

5-бағыт. Ақпараттық кеңістік

Жастар үшін цифрлық және ақпараттық кедергілерді төмендету

10-нысаналы индикатор. Eljastary.kz инфонавигаторына келушілер деңгейі (2023 ж. – 700 мың, 2024 ж. – 900 мың, 2025 ж. – 1,2 млн, 2026 ж. – 1,4 млн, 2027 ж. – 1,6 млн, 2028 ж. – 1,8 млн, 2029 ж. – 2 млн)

№Іс-шараларАяқтау нысаныОрындау мерзіміОрындауға жауаптылар
50Жаңа кәсіби санатты – жастармен жұмыс жөніндегі маманды енгізу (оның қызметі жастардың тұлғалық және әлеуметтік дамуын қолдауға бағытталады)МИОР бұйрығы2023 жылМИОР, ЖАО
51Мемлекеттік жастар саясаты шараларын ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуEljastary.kz сайтының ақпараттық мазмұнын толықтыру2023–2029 жылдарМИОР, «Жастар» ҒЗО (келісу бойынша)
52Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы бірыңғай интернет-ресурсты сүйемелдеуEljastary.kz сайтына келушілер санын ұлғайту2023–2029 жылдарМИОР, «Жастар» ҒЗО (келісу бойынша)
53Жастарды іске асырылып жатқан мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратпен қамтуталдамалық баяндама және ұсынымдар2023–2029 жылдарЖАО
54Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы объектілерді жастар саясатын іске асыру туралы ақпараты бар интерактивті стендтермен қамтамасыз етуМИОР-ға есеп2023–2029 жылдарЖАО
55«Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасын дайындау және таныстыруПрезидентке арналған ұлттық баяндама2023–2029 жылдарМИОР, «Жастар» ҒЗО (келісу бойынша)

6-бағыт. Салауатты өмір салты

11-нысаналы индикатор. Жастар денсаулығы орталықтарында психикалық және репродуктивтік денсаулықты қорғау қызметтерімен жастарды қамтуды ұлғайту (2023 ж. – 17 %, 2024 ж. – 20 %, 2025 ж. – 24 %, 2026 ж. – 28 %, 2027 ж. – 33 %, 2028 ж. – 38 %, 2029 ж. – 43 %)

№Іс-шараларАяқтау нысаныОрындау мерзіміОрындауға жауаптылар
56Аудан орталықтары мен шағын қалаларда жастарға арналған мәдени-демалыс орталықтарының желісін, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін белсенді тарту арқылы дамытуМИОР-ға есеп2023–2029 жылдарЖАО
57Жастарды салауатты өмір салтына тарту мақсатында әрбір өңірде кемінде 50 спорт алаңын салуорындалған жұмыстар актісі2023–2029 жылдарМИОР, ЖАО
58Әрбір елді мекенде спорт залдарының, алаңдардың және секциялардың қолжетімділігін қамтамасыз етуорындалған жұмыстар актісі2023–2029 жылдарЖАО
59Ауладағы спорт алаңдарының базасында балалар мен жастар арасында спорттық іс-шаралар өткізуМИОР-ға есеп2023–2029 жылдарЖАО
60Жастар арасында ақпараттық жұмыс жүргізу, атап айтқанда, материалдар шығаруды ұлғайту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау (2023 ж. – 3000 материал, 2024 ж. – 3500 материал, 2025 ж. – 4000 материал, 2026 ж. – 4500 материал, 2027 ж. – 5000 материал, 2028 ж. – 5500 материал, 2029 ж. – 6000 материал)ЖАО-ның талдамалық баяндамасы және ұсынымдары2023–2029 жылдарМИОР, МСМ, ДСМ, ЖАО
61Жастардың репродуктивтік денсаулығын профилактикалық қорғау және сақтау мәдениетін ілгерілетугранттық жобаны іске асыру2023–2029 жылдарМИОР, ДСМ, ЖАО
62Жастар арасында суицидтердің профилактикасы жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыругранттық жобаны іске асыру2023–2029 жылдарМИОР, ДСМ, ІІМ, ОАМ, ҒЖБМ, ЖАО
63Психобелсенді заттарды тұтынуға байланысты бұзылуларды (ауруларды) қоса алғанда, жастар арасында психикалық және мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың) профилактикасына бағытталған іс-шаралар кешенін насихаттаудың заманауи әдістері арқылы өткізугранттық жобаны іске асыру2023–2029 жылдарЖАО
64Жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділіктің және құмар ойындардың профилактикасы жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыругранттық жобаны іске асыру2023–2029 жылдарМИОР, ЖАО
65ҮЕҰ-ны тарта отырып, мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған іс-шаралар кешенін іске асыружобаларды іске асыру2023–2029 жылдарМИОР, ЖАО
66Жасөспірімдер мен жастардың девиантты мінез-құлқының профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізужобаларды іске асыру2023–2029 жылдарМИОР, ОАМ, ҒЖБМ, ІІМ, ЖАО
67Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу бойынша түсіндіру жұмысын жүргізужобаларды іске асыру2023–2029 жылдарМИОР, ДСМ, ЖАО
68Дағдарыс орталықтарының қызметін жетілдіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы және агрессорлармен жұмыс жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыругранттық жобаны іске асыру2023–2029 жылдарМИОР, ЖАО
69Жастар арасында синтетикалық есірткінің таралуының профилактикасыгранттық жобаны іске асыру2023–2029 жылдарМИОР, ІІМ, ЖАО
70Жастар ортасындағы нашақорлық проблемалары туралы талдамалық баяндама дайындауталдамалық баяндама2023 жылМИОР, ІІМ, ДСМ, «Жастар» ҒЗО (келісу бойынша)

7-бағыт. Жастар және ауыл

12-нысаналы индикатор. Цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша оқудан өткен өңірлік жастардың үлесін ұлғайту (2023 ж. – 800 мың, 2024 ж. – 900 мың, 2025 ж. – 1 млн, 2026 ж. – 1,1 млн, 2027 ж. – 1,2 млн, 2028 ж. – 1,3 млн, 2029 ж. – 1,5 млн адам)

№Іс-шараларАяқтау нысаныОрындау мерзіміОрындауға жауаптылар
71Қоғамдық кеңестерде жастар квотасын енгізу, оның ішінде өңірлердегі ауыл жастарын кеңестер құрамына қосужұмыс тобы отырысының хаттамасы2023–2029 жылдарМИОР, ЖАО
72«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты негізінде ғылым, мәдениет, IT, медиа, бизнес салаларындағы жастар бастамаларына арналған өңірлік гранттарды іске асыругранттар беру2023–2029 жылдарЖАО
73Ауылда жастар бастамаларын іске асыру, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін белсенді тарту арқылыжобалар2023–2029 жылдарЖАО
74Жастарды, оның ішінде ауылдық жерлерден шыққан жастарды және NEET санатындағы жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесужоба2023–2029 жылдарЖАО
7514-18 жастағы ауыл жастары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізужобаларды іске асыру2023–2029 жылдарЖАО
76Жастар ресурстық орталықтары арқылы 18-23 жастағы ЖОО, ТжКБ түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін өткізубос жұмыс орындары жәрмеңкелерін ұйымдастыру2023–2029 жылдарМИОР, МТСЗН, ЖАО, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша)
77Ауыл жастарының мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар болуын арттыруға бағытталған өңірлік жастар слеттерін ұйымдастыружобаларды іске асыру2023–2029 жылдарЖАО
78Ауылдық аумақтарда жастар кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесугранттық жобаны іске асыру2023–2029 жылдарМИОР, ЖАО
79Өңірлердегі жастар арасында цифрлық сауаттылық мәселелері бойынша семинар-тренингтер өткізуіс-шараларды ұйымдастыру2023–2029 жылдарЖАО
80Ауылдарда ағартушылық және спорттық жастар клубтарын (орталықтарын) құруорындалған жұмыстар актісі2023–2029 жылдарЖАО

Аббревиатуралар мен қысқартулардың түсіндірмесі:

ҚысқартуларТолық атауы
МИОРҚазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
«Атамекен» ҰКПҚазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы
ҒЖБМҚазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
ДСМҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
МТСЗНҚазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
«Жастар» ҒЗО«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС
ЖАОжергілікті атқарушы органдар
ИИДМҚазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
ҚМҚазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
МСМҚазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
ОАМҚазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
«Отбасы банк» АҚ«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы
ҰЭМҚазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ІІМҚазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қосымша

«____» __________ жылғы № _____

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1. «Қазақстан Республикасының 2021–2025 жылдарға арналған жастарды қолдаудың кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысы.

2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 «Қазақстан Республикасының 2021–2025 жылдарға арналған жастарды қолдаудың кешенді жоспарын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 тамыздағы № 589 қаулысы.

3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 «Қазақстан Республикасының 2021–2025 жылдарға арналған жастарды қолдаудың кешенді жоспарын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1145 қаулысы.

 

 

 

Конституция Закон Кодекс Норматив Указ Приказ Решение Постановление Адвокат Алматы Юрист Юридическая услуга Юридическая консультация Гражданские Уголовные Административные дела споры Защита Арбитражные Юридическая компания Казахстан Адвокатская контора Судебные дела Декларация Указ Приказ Постановление Решение Доклад Заключение Заявление Заключение Конвенция Контракт Меморандум Методика Нормы Нота Правила Программа Устав Хартия Статья Комментарий Резолюция Регламент Протокол Проект Программа Правила Послания