Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конвенция / Резолюция / Концепция / Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 470 қаулысы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 522 «Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлығының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Іс-қимыл жоспары) бекітілсін.

2. Іс-қимыл жоспарының орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):

1) Іс-қимыл жоспарын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) жарты жылда бір рет, 5 шілдеге және 20 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Іс-қимыл жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

Ескерту. 2-тармақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 18 тамыздағы № 637 қаулысымен жаңа редакцияда жазылды.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жарты жылда бір рет, 25 шілдеге және 5 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Іс-қимыл жоспарының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.

Ескерту. 3-тармақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 18 тамыздағы № 637 қаулысымен жаңа редакцияда жазылды.

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 495 қаулысымен алып тасталды.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 495 қаулысымен алып тасталды.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жүктелсін.

Ескерту. 6-тармақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 236 қаулысымен жаңа редакцияда жазылды (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-МинистріА. Мамин

|   | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 470 қаулысымен бекітілген || - | ---------------------------------------------------------------------------------- |

Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары

Ескерту. Жоспар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 18 тамыздағы № 637 қаулысымен жаңа редакцияда жазылды.

Жүктеу

Р/с №Реформалардың/негізгі іс-шаралардың атауыАяқтау нысаныАяқтау мерзіміЖауапты орындаушыларҚаржыландыру көлеміҚаржыландыру көздері

Жүктеу

1234567
1. Клиентке бағдарланған және ашық мемлекеттік аппарат қалыптастыру Нысаналы индикаторлар: Ақпарат алу құқығының жаһандық рейтингі (The Global Right to Information Rating), 2030 жылға қарай рейтингтегі орны – 85 балл; Дүниежүзілік банктің халықтың пікірін есепке алу және мемлекеттік органдардың есептілігі индексі (Voice and Accountability), 2030 жылға қарай 87 процентиль.      
1.Мемлекеттік органдардың мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы қызметін жақсартуға бағытталған шаралар кешенін қабылдау, оның ішінде: 1) мемлекеттік органдардың коммуникация арналарының жүйелі цифрлық инфрақұрылым моделін қалыптастыра отырып, жүйелендіру және оңтайландыру; 2) келіп түсетін өтініштерге ведомствоішілік талдау жүргізу арқылы халықтың коммуникация арналары бойынша сұрау салуларын құрылымдау және ден қоюдың жүйелі шараларын әзірлеу; 3) қолданыстағы коммуникация арналары арқылы келіп түсетін ақпарат массивін өңдеу және талдау бойынша кешенді талдамалық мүмкіндіктерді дамыту; 4) азаматтардың өтініштерін қарау және олармен жұмыс істеу саласындағы мамандарды даярлау мен қолдауды, сондай-ақ тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету үшін құзыреттер орталығын қалыптастыру, тағылымдамадан өту бағдарламаларын әзірлеу және енгізу, біліктілікті арттыру және қызмет көрсету стандарттары, мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік және жеке ұйымдардың қызметкерлерін ақпараттық жүйелермен жұмыс істеуге, бірыңғай қызмет көрсету стандарттары, жедел талдау негізінде өтініш берушілермен өзара іс-қимыл сапасын бағалауға және жақсартуға оқыту мәселелері.Үкімет Аппаратына ұсыныстар; жол картасы2025 жылғы қазан; 2026 жылғы ақпанМАМ, ЦДИАӨМ, ҚМ, МҚІА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (келісу бойынша); МАМ, ЦДИАӨМ, БП ҚСжАЕК (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар; ЦДИАӨМ, МАМ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (келісу бойынша), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар; ЦДИАӨМ, МАМ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (келісу бойынша)қажет етілмейді; қажет етілмейдіреспубликалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты; талап етілмейді; талап етілмейді; республикалық бюджет қаражаты
2.ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл саласындағы тәсілдерді, оның ішінде үздік тәжірибелер мен халықаралық стандарттарды енгізу арқылы әзірлеуҮкімет Аппаратына ұсыныстар2025 жылғы қарашаМАМ, СІМталап етілмейдіталап етілмейді
3.«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыруды бағалау өлшемшарттарын әзірлеуҮкімет Аппаратына ұсыныстар2026 жылғы қарашаМАМ, мүдделі мемлекеттік органдарталап етілмейдіталап етілмейді
4.Ақпараттық-талдамалық құралдарды кеңейту, оның ішінде өтініштер бойынша мемлекеттік құқықтық статистиканың анықтығын қамтамасыз ету процестерін автоматтандыру мәселелерін қоса алғанда, жасанды интеллектіні «е-Өтініш» АЖ-ға енгізуТехникалық шешім қабылдау2026 жылғы маусымЦДИАӨМ, БП ҚСжАЕК (келісу бойынша), МАМталап етілмейдіталап етілмейді
2. Оңтайлы және тиімді мемлекеттік аппарат қалыптастыру Нысаналы индикаторлар: Дүниежүзілік банктің мемлекеттік басқару тиімділігі индексінің мәні (–2,5-тен 2,5-ке дейінгі шкала бойынша), 2030 жылға қарай 1,12; халықтың мемлекеттік органдарға сенім деңгейі (әлеуметтанушылық сауалнама), 2030 жылға қарай 75%.      
5.Мемлекеттік органдар қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу әдістемесін өзектендіруҰЭМ бұйрығы2025 жылғы тамызҰЭМ, ЦДИАӨМ, МҚІА (келісу бойынша), Еңбекмині, ҚМталап етілмейдіталап етілмейді
6.Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында қайта бөлу арқылы мемлекеттік функцияларды ажыратуҮкімет Аппаратына ұсыныстар2025 жылғы желтоқсанҰЭМ, МҚІА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдарталап етілмейдіталап етілмейді
7.Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық қызметінің институционалдық әлеуеті мен тиімділігін арттыруҮкімет Аппаратына ұсыныстар2025 жылғы қыркүйекСІМ, ҰЭМталап етілмейдіталап етілмейді
8.Мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін реттейтін қолданыстағы заңнаманы жетілдіру, оның ішінде: 1) «бизнес-процесс» ұғымын енгізу; 2) мемлекеттік функциялардың санын оңтайландыруҮкімет Аппаратына ұсыныстар; Заң жобасы2025 жылғы қыркүйек; 2026 жылғы 1-жартыжылдықҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдарталап етілмейдіталап етілмейді
9.Орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру жөніндегі іс-шараларды «қайта іске қосу»Үкімет Аппаратына ұсыныс; Заң жобасы2025 жылғы қыркүйек; 2026 жылғы 1-жартыжылдықҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарталап етілмейдіталап етілмейді
10.Мемлекеттік қаржыны басқару жүйесіндегі бизнес-процестерді цифрландыру, мыналарды енгізу арқылы: 1) мемлекеттік мекемелердің алушылардың ақшасын карт-шоттарға аудару төлемдерін жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында мемлекеттік мекемелердің төлем құжаттарындағы мәліметтердің (тегі, аты, әкесінің аты (Т.А.Ә.) және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)) сәйкестігін тексеруді «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесін «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорымен интеграциялау арқылы жүзеге асыру; 2) құрылыс бойынша орындалған жұмыстар актілерінің негізінде мемлекеттік мекемелердің төлемге арналған шоттарын автоматты түрде қалыптастыруды «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесін «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы төлемдер жүргізу процесін цифрландыру; 3) мемлекеттік мекемелердің аударым операцияларының қауіпсіздігін арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесінде қол қою құқығы бар пайдаланушыларды Digital-ID жүйесімен интеграциялау арқылы биометриялық сәйкестендіруді енгізу.Іске асыру туралы есеп; іске асыру туралы есеп; іске асыру туралы есеп2025 жылғы желтоқсан; 2026 жылғы қараша; 2026 жылғы қарашаҚМ, ӘМ; ҚМ, ӨҚМ; ҚМ, ЦДИАӨМталап етілмейді; талап етілмейді; талап етілмейдіталап етілмейді; талап етілмейді; талап етілмейді
11.Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды жүзеге асыру саласындағы мемлекеттік аудит процестеріне цифрлық технологияларды енгізуҮкімет Аппаратына ақпарат2027 жылғы қарашаҚМ, ЦДИАӨМталап етілмейдіталап етілмейді
12.Экономика салаларында жасанды интеллектіні және инновациялық қызметті басқару жүйесін енгізу мен дамыту үшін жағдайлар жасау, оның ішінде: 1) ұғымдық аппаратты бекіту; 2) мемлекеттің, бизнестің және азаматтардың мүдделерін ескере отырып, әлемдік озық тәжірибеге сәйкес жасанды интеллектіні дамыту үшін құқықтық реттеу базасының қабылдануын қамтамасыз ету; 3) жасанды интеллект саласындағы техникалық стандарттарды әзірлеу және бекіту; 4) инновациялар жөніндегі халықаралық стандарттарды (ISO 56000-2022) ілгерілету және танымал етуЗаң жобасы; ҚР СИМ ТРМК төрағасының бұйрығы; Үкімет Аппаратына талдамалық есеп2026 жылғы қаңтар; 2025 жылғы желтоқсан; 2025 жылғы желтоқсанЦДИАӨМ, СИМ, мүдделі мемлекеттік органдар, «ҚазСтандарт» РМК (келісу бойынша)талап етілмейді; талап етіледіталап етілмейді; республикалық бюджет қаражаты; бюджеттен тыс қаражат
13.IT және қаржылық-технологиялық компанияларды тарту арқылы мемлекеттің және бизнестің жаппай цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі әріптестігін дамыту тәсілдерін жетілдіру: 1) жаңа буын сервистік орталықтары мен цифрлық терминалдарды құру; 2) мобильді сервистерді интеграциялау; 3) цифрлық шешімдер мен блокчейн технологияларын әзірлеу және енгізу; 4) Smart city технологияларын енгізуҮкімет Аппаратына ұсыныстар; Заң жобасы2025 жылғы қараша; 2026 жылғы 2-жартыжылдықЦДИАӨМ, ҰЭМ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (келісу бойынша), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдарталап етілмейдіталап етілмейді
14.Мемлекеттік органдардың сызықтық-функционалдық құрылымнан матрицалық құрылымға көшуі арқылы мемлекеттік органдарда жобалық басқаруды дамыту тәсілдерін қалыптастыру: жобалық қызметтің сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу, жобалық басқарудың ақпараттық жүйесін пайдалану, мемлекеттік органдардың жобалық кемелденуін бағалауды және жобалық қызметті жүргізу сапасын бақылауды енгізуҮкімет Аппаратына және Президент Әкімшілігіне ұсыныстар2026 жылғы ақпанЦДИАӨМ, мүдделі мемлекеттік органдарталап етілмейдіталап етілмейді
15.Шешімдер қабылдау кезінде артық келісулер мен формализмді болдырмау жөніндегі шараларды көздейтін дербес жауапкершілікпен алмасудағы сенім«Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы2027 жылғы желтоқсанМҚІА (келісу бойынша), БП (келісу бойынша)талап етілмейдіталап етілмейді
3. Азаматтардың қажеттіліктері негізінде проактивті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге көшу Нысаналы индикаторлар: БҰҰ-ның «электрондық үкіметті» дамыту индексі, 2030 жылға қарай – 0,89; 2030 жылға қарай ТОП-50 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша адам факторын толық алып тастау және көрсету мерзімдерін 20 минутқа дейін қысқарту – 50 бірлік; 2030 жылға қарай мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кемінде 90%-ы тек электрондық форматта алынуға тиіс; 2030 жылға қарай халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кемінде 50%-ы проактивті түрде көрсетілуге тиіс.      
16.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді проактивті форматқа ауыстыру, оның ішінде 2026 жылы 10 мемлекеттік көрсетілетін қызметті, 2027 жылы 20 мемлекеттік көрсетілетін қызметті ауыстыруЦДИАӨМ мен мемлекеттік органдардың бірлескен бұйрықтары2026 жылғы желтоқсан; 2027 жылғы желтоқсанЦДИАӨМ, мүдделі мемлекеттік органдар*республикалық бюджет қаражаты
4. Тиімді, оңтайлы және транспарентті квазимемлекеттік сектор қалыптастыру Нысаналы индикатор: экономикадағы мемлекеттің қатысу үлесін қысқарту, 2030 жылға қарай ЖІӨ-нің 13,0%-ы.      
17.Жекешелендіру процесін аяқтау және бәсекелес салаларда мемлекеттік кәсіпорындар санының қайта өсуіне кедергі келтіретін нормативтік жағдайлар қалыптастыру арқылы экономикадағы мемлекеттік сектордың үлесін қысқартуҮкімет Аппаратына ұсыныс2025 жылғы желтоқсан – 2028 жылдар, жыл сайынҰЭМ, БҚДА (келісу бойынша)талап етілмейдіталап етілмейді
18.Ведомстволық бағынысты ұйымдарды оңтайландыру мәселесін пысықтауҮкімет Аппаратына ұсыныстар енгізе отырып, функционалдық талдау жүргізу2026 жылғы желтоқсанҰЭМ, ҚМ, мүдделі мемлекеттік органдарталап етілмейдіталап етілмейді
5. Жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі жетілдіру Нысаналы индикатор: ауылдық округтердің өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі, 2030 жылға қарай 36,5%-ға дейін.      
19.Ауыл әкімдерінің сайланбалылығы институтын дамыту және бюджеттердің IV деңгейін енгізу ескеріле отырып, функцияларды аудандық және ауылдық деңгейлерге беру және қайта бөлу тәсілдерін әзірлеуҮкімет Аппаратына ұсыныстар2025 жылғы қазанҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдарталап етілмейдіталап етілмейді

Ескертпе:

* – республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша шығыстар көлемі тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру және нақтылау кезінде нақтыланатын болады.

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

| Аббревиатура | – | Толық атауы || ----------------------------------- | - | --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- || «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ | – | «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы || ӘМ | – | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі || БҚДА | – | Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі || БП ҚСжАЕК | – | Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті || Еңбекмині | – | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі || «ҚазСтандарт» РМК | – | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны || ҚМ | – | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі || МҚІА | – | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі || МАМ | – | Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі || ӨҚМ | – | Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі || ҚР СИМ ТРМК | – | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті || СІМ | – | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі || ҰЭМ | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі || «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ | – | «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы || ҮЕҰ | – | Үкіметтік емес ұйымдар || ЦДИАӨМ | – | Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер, даулар Қорғау Төрелік Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсіндірме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар