Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конвенция / Резолюция / Концепция / Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің гидрометеорологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы шешім

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің гидрометеорологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы шешім

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің гидрометеорологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы шешім

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі шешімі

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесі ТМД-ға қатысушы мемлекеттерді гидрометеорологиялық қамтамасыз етудің қажетті деңгейі мен сапасына қол жеткізу, қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстардың халықтың тіршілік әрекетіне және экономиканың жұмыс істеуіне теріс әсерін төмендету мақсатында,

шешім қабылдады:

1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің гидрометеорологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы бекітілсін (қоса беріледі).

2. Осы Тұжырымдама ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гидрометеорологиялық қауіпсіздігі саласындағы бағдарламалар мен өзге де құжаттарды әзірлеу үшін негіз болып табылатыны белгіленсін.

3. Осы Шешім оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді, ал заңнамасында Шешімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындау талап етілетін мемлекеттер үшін – олардың орындалғаны туралы депозитарийге хабарлама тапсырылған күннен бастап күшіне енеді.

2004 жылғы 16 сәуірде Чолпон-Ата қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дана Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Шешімге қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

Әзербайжан Республикасының Үкіметі үшін                     Молдова Республикасының Үкіметі үшін

Армения Республикасының Үкіметі үшін                        Ресей Федерациясының Үкіметі үшін

Беларусь Республикасының Үкіметі үшін                       Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін

Грузия Үкіметі үшін                                                Түрікменстан Үкіметі үшін

Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін                     Өзбекстан Республикасының Үкіметі үшін

Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін                         Украина Үкіметі үшін

Бекітілді

ТМД Үкімет басшылары кеңесінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің гидрометеорологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы шешімімен

ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТАСТЫҒЫНА ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ГИДРОМЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

I. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гидрометеорологиялық қауіпсіздігі

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің гидрометеорологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын дамыту жөніндегі іс-қимыл бағдарламасына сәйкес және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының, БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымға (бұдан әрі – ДМҰ) халықаралық, өңірлік және ұлттық деңгейлерде елдердің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу және халықтың өмірі мен мүлкін қорғау мақсатында қабылданып жатқан іс-қимылдарға оның құзыреті шеңберінде үлес қосу туралы үндеуіне байланысты әзірленді.

Тұжырымдамада гидрометеорологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің аса маңызды мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары тұжырымдалған.

1.1. Жалпы ережелер

Қауіпті гидрометеорологиялық және гелиогеофизикалық құбылыстар (циклондар, дауылдар, құйындар, найзағайлы екпінді желдер, шаңды дауылдар, құрғақшылық, нөсер жауындар, су тасқындары, ауа температурасының кенет төмендеуі, қар жаууы, бұршақ, қар көшкіндері, селдер және т.б.) адам шығынына әкеп соғады және экономика мен азаматтардың мүлкіне айтарлықтай залал келтіреді.

Бұдан басқа, бұл құбылыстар басқа да апаттарды, соның ішінде орман өрттерін, шегірткелердің қаптауын, жұлдызқұрттардың ірі шоғырларының орын ауыстыруын, аурулардың (іш сүзегі, безгек, тырысқақ және т.б.) таралуын, улы газдардың шығарылуын, мұнайдың төгілуін және радиациялық аварияларды туындатуы немесе күшейтуі мүмкін.

Жағалаудағы және су тасқынына ұшырайтын аудандардағы немесе қауіпті құбылыстарға аса осал басқа да аймақтардағы халық санының өсуі, елді мекендер мен қалалар тұрғындарының көбеюі қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстардың әсер ету қаупіне ұшырайтын адамдар санының барған сайын артуына алып келеді.

ДМҰ сарапшыларының бағалауы бойынша, 1991–2000 жылдардағы он жылдық кезең ішінде материалдық шығындардың 70 пайыздан астамы және табиғи апаттардан зардап шеккен адамдардың 90 пайызына дейіні метеорологиялық және гидрологиялық себептерге байланысты қауіпті табиғи құбылыстардың құрбаны болған.

Мұндай статистика қауіпті табиғи құбылыстар қатарында гидрометеорологиялық сипаттағы құбылыстардың ең қауіпті болып табылатынын және ең алдымен халық пен экономиканы дәл осы құбылыстардан қорғауды ұйымдастыру қажеттігін негіздеуге мүмкіндік береді.

Осындай жағдайларда қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар туралы уақтылы ескертулер беру адамдардың өмірі мен мүлкін сақтап қалу түрінде тиімді нәтиже бере алады.

Құрғақшылық, су аздығы, су тасқындары сияқты ұзақ уақытқа созылатын қауіпті құбылыстар туралы алдын ала ескертулердің, сондай-ақ ұзақ мерзімді (маусымдық және климаттық) болжамдарды ұсынудың экономика үшін оң әсерін асыра бағалау қиын.

Экономиканың тұтас салалары белгілі бір дәрежеде ауа райы-климаттық жағдайлар мен қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстарға тәуелді. Ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, орман шаруашылығы және су шаруашылығы қызметін басқару, энергетика, құрлық, теңіз және авиациялық көлік, құрылыс және қалалық шаруашылық, рекреациялық және туристік индустрия, байланыс жүйелері мен қорғаныс уақтылы әрі сапалы гидрометеорологиялық қамтамасыз етусіз қалыпты жұмыс істей алмайды.

Ауа райы мен климат үшін мемлекеттік шекаралар жоқ. Осыған байланысты қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстардан өмір мен мүлікке төнетін қатерді азайту жөніндегі міндеттерді ұлттық деңгейде орындау гидрометеорологиялық бақылаулар мен болжамдардың деректерімен халықаралық алмасусыз мүмкін емес.

Бұл ретте гидрометеорология саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негізгі қағидаты – деректер мен болжамдармен еркін және шектеусіз алмасуды жүзеге асыру мен сақтаудың қажетті шарты әрбір елде ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің жұмыс істеуі және мемлекеттің өз азаматтары мен олардың мүлкін қауіпті табиғи құбылыстардан қорғау жөніндегі міндеттерін орындауы болып табылады.

1.2. Терминдер мен анықтамалар

Осы Тұжырымдаманың мақсаттары үшін онда пайдаланылатын терминдер мынадай мағыналарға ие:

ұлттық гидрометеорологиялық қызмет (ҰГМҚ) – негізінен мемлекеттік қаражат есебінен құрылатын және жұмыс істейтін, азаматтардың өмірі мен мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның Конвенциясы, басқа да шарттар мен келісімдер шеңберіндегі халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатында мемлекет міндетті деп танитын гидрометеорологиялық және онымен байланысты функцияларды орындауға ел үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік ұйым;

қауіпті гидрометеорологиялық және/немесе гелиогеофизикалық құбылыс – өзінің маңыздылығы, қарқындылығы, ұзақтығы немесе туындау уақыты бойынша адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін, сондай-ақ елеулі материалдық залал келтіруі мүмкін гидрометеорологиялық және/немесе гелиогеофизикалық құбылыс;

гидрометеорологиялық қауіпсіздік – жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпті гидрометеорологиялық және/немесе гелиогеофизикалық құбылыстардың, ауа райы-климаттық жағдайлардың жаһандық өзгерістерінің әсерінен қорғалу жай-күйі.

1.3. Тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттері

Тұжырымдаманың басты мақсаты – гидрометеорологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің әрқайсысының ұлттық қауіпсіздігінің ажырамас бөлігі ретіндегі рөлі мен маңызы туралы ресми көзқарасты қалыптастыру.

Тұжырымдаманың басты міндеті – қауіпті гидрометеорологиялық және/немесе гелиогеофизикалық құбылыстардың адамдардың өмірі мен мүлкінің қауіпсіздігіне, сондай-ақ елдер экономикасының жұмыс істеуіне теріс әсерін төмендетуге мүмкіндік беретін ТМД-ға қатысушы мемлекеттерді гидрометеорологиялық қамтамасыз етудің қажетті деңгейі мен сапасына қол жеткізуге ықпал ететін жағдайларды қамтамасыз ету.

Тұжырымдама ұзақ мерзімді перспективаға арналған және ТМД үкімет басшыларының 1992 жылғы 8 ақпанда қабылдаған гидрометеорология саласындағы өзара іс-қимыл туралы Келісіміне, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы қабылдаған «Гидрометеорологиялық қызмет туралы» модельдік заңға және Дүниежүзілік метеорологиялық конгрестің Он үшінші сессиясының Женева декларациясына негізделеді.

Тұжырымдама ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гидрометеорологиялық қауіпсіздігі саласындағы нақты бағдарламалар мен ұйымдастырушылық құжаттарды әзірлеу үшін негіз болып табылады.

II. Гидрометеорологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық мүдделері

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гидрометеорологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық мүдделері, ең алдымен, төтенше жағдайлар туралы жедел хабардар ету және оларға ден қою арқылы қауіпті гидрометеорологиялық және/немесе гелиогеофизикалық құбылыстардың теріс әсерінен халықтың қауіпсіздігі мен тіршілік әрекетінің деңгейін арттыру қажеттілігіне байланысты.

Елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету энергетика, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және т.б. сияқты экономика салаларындағы қызметті жоспарлау кезінде ұзақ мерзімді (маусымдық және климаттық) болжамдардың деректерін есепке алуды көздейді.

Көрсетілген міндеттерді табысты шешу үшін барынша толық және шынайы гидрометеорологиялық және онымен байланысты ақпаратқа ие болу қажет, оны тек осы саладағы халықаралық ынтымақтастыққа белсенді қатысу арқылы ғана алуға болады.

III. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гидрометеорологиялық қауіпсіздігіне төнетін қатерлердің түрлері мен көздері

Гидрометеорологиялық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің көздеріне, ең алдымен, қауіпті табиғи құбылыстар санының арту үрдісін жатқызуға болады. Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, 1986 жылдан 1995 жылға дейінгі кезеңде 1960 жылдардағы деректермен салыстырғанда «ірі» деп жіктелетін табиғи апаттардың саны 4 еседен астам өскен.

Климаттың жаһандық жылынуы және онымен қатар жүретін процестер де гидрометеорологиялық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін.

Бұдан басқа, соңғы жылдары бірқатар кәсіпорындар мен ұйымдардың күрделі қаржылық-экономикалық жағдайына байланысты ТМД-ға қатысушы мемлекеттер экономикасының қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстарға осалдығы артты. Бұл шаруашылық қызметтің көптеген салаларындағы жабдықтардың техникалық жай-күйінің нашарлауымен және табиғи-техногендік сипаттағы авариялар санының көбеюімен түсіндіріледі.

Осындай жағдайда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ҰГМҚ-ларының ыдырау қаупінің артуы ерекше алаңдаушылық туғызады. Бұл қауіп мемлекеттің гидрометеорология және онымен сабақтас салалардағы қызметті реттеудегі рөлінің төмендеуімен, қоғамның гидрометеорологиялық ақпаратқа ұлттық, өңірлік және жаһандық деңгейлердегі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін қажетті базалық инфрақұрылымды қолдауға арналған бюджеттік қаржыландыру көлемінің азаюымен байланысты.

Қаржылық-экономикалық жағдайдың нашарлауы ҰГМҚ-лардың жұмыс істеуін қиындатып, олардың гидрометеорологиялық ақпаратты алу және онымен алмасудың халықаралық жүйесіне қатысуын шектеуі мүмкін, бұл ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гидрометеорологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге теріс әсер етуі ықтимал.

Бұл процесс, өз кезегінде, қызметтердің мәртебесінің төмендеуіне және соның салдарынан олардың мемлекеттік және халықаралық жобалар мен бағдарламаларға қатысуының шектелуіне, сондай-ақ өз елдерінің азаматтары мен экономикасы үшін де, халықаралық алмасу үшін де ұсынатын гидрометеорологиялық ақпарат көлемінің қысқаруына алып келеді.

Соңғы уақытта бірқатар елдерде, әдетте, нақты клиентке арналған мамандандырылған метеорологиялық қызметтер көрсету арқылы табыс табуға ұмтылатын мемлекеттік емес метеорологиялық сектор пайда болып, дамып келеді.

Бұдан басқа, қазіргі уақытта Интернетте өз қызметкерлері немесе мемлекеттік емес сектор дайындаған метеорологиялық ақпаратты ұсынатын көптеген сайттар мен бірқатар халықаралық телевизиялық хабар тарату желілері пайда болды. Бұл ретте ерекше алаңдаушылық туғызатын жайт – мұндай ақпаратта қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар туралы мәліметтердің жиі кездесуі (көптеген жағдайларда олардың шынайылығы жеткіліксіз), ал оларды дайындау және шығару құзыреті тек ҰГМҚ-лардың жауапкершілік саласында болуға тиіс.

Осы жаңа жағдайлар мемлекеттік деңгейде метеорологиялық болжамдар мен қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар туралы ескертулерді дайындау кезінде осындай ақпаратты жеткізушілердің немесе таратушылардың барлығының іс-қимылдарын үйлестіру қажеттігін көрсетеді. Егер ТМД-ға қатысушы мемлекеттер халыққа қауіпті табиғи құбылыстардың туындауы және ықтимал төтенше жағдайлар туралы тиісті деңгейде хабар бермеуді болдырмауға ұмтылса, бұл мәселені шешу ерекше маңызға ие болады.

IV. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гидрометеорологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы негізгі міндеттер және оларды шешу әдістері

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің әрқайсысы үшін гидрометеорологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы негізгі міндеттердің бірі – өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықтың мүлкін қорғау және экономикаға ықтимал залалдың алдын алу жөніндегі жұмыстарды уақтылы ұйымдастыруға мүмкіндік беретін қауіпті гидрометеорологиялық және климатқа байланысты құбылыстар туралы сенімді әрі толық ақпаратты, болжамдар мен ескертулерді уақтылы алу болып табылады.

Бұл міндетті әрбір елде гидрометеорологиялық ақпаратты жинаудың, өңдеудің және таратудың жақсы жолға қойылған жүйесі болған жағдайда ғана шешуге болады.

Мұндай жүйені қалыптастырудың негізі ұлттық және халықаралық жобалар мен бағдарламаларға тиісті деңгейде қатысуын қамтамасыз ететін және гидрометеорология саласындағы ақпараттық ресурстарды қалыптастырудың, сақтаудың және ұтымды пайдаланудың мемлекеттік жүйесін жетілдіруге мүмкіндік беретін мәртебесі бар ҰГМҚ-лар болуға тиіс.

Мұндай тәсіл бақылау желілерінің жоғары деңгейдегі стандартталуы мен үздіксіз жұмыс істеуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл ұлттық климаттық мұрағаттардың біртектілігі мен жоғары сапасын, азаматтардың өмірі мен мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында болжамдарды дайындаудың жоғары кәсіби тұтастығы мен объективтілігін, сондай-ақ гидрометеорологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде елдің халықаралық міндеттемелерін орындау үшін келісілген әрі шынайы ақпарат дайындауды қамтамасыз етеді.

Бұған, ең алдымен, ҰГМҚ-лардың тиімді жұмысын және олардың өз елдерінің халықаралық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру арқылы қол жеткізуге болады.

Гидрометеорология саласындағы халықаралық және ұлттық нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, соның ішінде гидрометеорологиялық ақпарат пен өнімдерді ұсыну саласындағы мемлекеттік емес сектордың қызметін реттеуге бағытталуға тиіс. Бұл ретте гидрометеорологиялық деректер мен өнімдердің еркін халықаралық алмасуына қатысудың негізгі қағидаты сақталуға тиіс.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гидрометеорологиялық қауіпсіздігін арттыру мақсатында гидрометеорологиялық ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерінің интеграциясын, сондай-ақ шектес аумақтар үшін қауіпті гидрометеорологиялық процестер мен құбылыстар туралы уақтылы ескертулер беру бөлігінде күш-жігерді үйлестіруді қамтамасыз ету қажет.

Бұл ретте ұлттық деңгейде дауылды ескерту қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету жауапкершілігі заңнамалық түрде ҰГМҚ-ларға (қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар туралы шұғыл ақпаратты дайындау мен шығаруға айрықша құқық берілген арнайы уәкілетті мемлекеттік басқару органына) жүктелуге тиіс.

Қоршаған табиғи ортаның жай-күйін бағалау мен болжауды жүзеге асыратын техникалық құралдарды (оның ішінде ғарыштық жүйелерді) және есептеу кешендерін қазіргі заманғы технологиялық деңгейде ұстап тұру, сондай-ақ оларды тұрақты түрде жаңартып отыру мәселесіне елеулі назар аударылуға тиіс. Бұл, ең алдымен, қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстарды бақылау мен ескертудің мемлекеттік жүйесіне қатысты.

Гидрометеорологиялық ақпаратты әртүрлі режимдерде алу, өңдеу және беру құралдарын (оның ішінде ғарыштық құралдарды) құру және пайдалану бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу маңызды болып табылады.

Гидрометеорология, есептеу техникасы және бағдарламалау салаларындағы білікті мамандармен ҰГМҚ-ларды нығайтуға бағытталған кадр саясатын жүзеге асыру қағидаттық маңызға ие.

V. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гидрометеорологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі саясатының негізгі ережелері

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гидрометеорологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы ел азаматтары мен экономикасының қауіпті гидрометеорологиялық және/немесе гелиогеофизикалық құбылыстардан қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұлттық қауіпсіздіктің бір бөлігі болып табылатынын және мемлекеттің жауапкершілік саласына жататынын негізге алуға тиіс.

Ұлттық деңгейде гидрометеорологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттердің үкіметтері өз елдерінің ұлттық міндеттерін, қажеттіліктерін, ресурстары мен ұмтылыстарын толық түсіне отырып, болашақта гидрометеорологиялық және онымен байланысты қызметтерді ұсынудың өз еліне тән нақты стратегиясын бағалап, ол жөнінде шешім қабылдауға тиіс.

Бұл ретте ҰГМҚ-лардың жұмыс істеуі, мәні бойынша, мемлекеттің азаматтардың өмір қауіпсіздігін және олардың мүлкін қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстардан қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындауының, сондай-ақ осы саладағы халықаралық міндеттемелерді орындауының қажетті элементтерінің бірі болып табылады.

Мемлекеттің жауапкершілік саласына елдің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын қалыптастыру кезінде гидрометеорологиялық жағдайларды толық әрі дұрыс есепке алу мәселесі де жатады.

VI. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гидрометеорологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастығы

Синхронды бақылаулардың, гидрометеорологиялық және онымен байланысты деректерді жинаудың, өңдеудің және таратудың кешенді жүйелері көптеген дамыған елдерде 100 жылдан астам уақыт бойы әлемдік қоғамдастықтың игілігіне қызмет етіп келеді.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық гидрометеорологиялық бақылау жүйесін дамытуға қосқан маңызды үлесі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің үкіметтері 2001 жылғы 16 наурызда ТМД мемлекетаралық гидрометеорологиялық желісі туралы Келісімді қабылдауы болды.

Осы халықаралық Келісімге қатысу гидрометеорологиялық қамтамасыз етудің уақтылы әрі сапалы болуына тек халықаралық деңгейдегі кең ауқымды ынтымақтастық жағдайында ғана қол жеткізуге болатынын терең түсінетіндікті көрсетеді. Бұл ретте олардың елдерінде қолданылатын ұлттық практика гидрометеорологиялық және онымен байланысты деректер мен өнімдердің халықаралық алмасуы жөніндегі ДМҰ саясаты мен практикасына, оның ішінде мамандандырылған гидрометеорологиялық қызметке қатысты, ақылы шарттық негізде ақпарат ұсынылатын қызмет түрлеріне арналған басшылық қағидаттарына сәйкес келуі қамтамасыз етілуге тиіс.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гидрометеорологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастығының аса маңызды бағыттарының бірі қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар туралы уақтылы ескерту бөлігінде күш-жігерді үйлестіру болып табылады.

Гидрометеорология және онымен сабақтас пәндер саласында ұлттық кадрларды даярлау жөніндегі мемлекетаралық бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға ерекше орын берілуге тиіс.

VII. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гидрометеорологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің саяси, экономикалық және әлеуметтік әсері

ТМД және ДМҰ шеңберіндегі кең ауқымды халықаралық ынтымақтастыққа қатысу елдің халықаралық қоғамдастық алдындағы беделін қалыптастыруға оң әсер етеді.

Гидрометеорологиялық және онымен байланысты ақпаратты, оның ішінде ұзақ мерзімді (маусымдық және климаттық) болжамдарды тиімді пайдалану елеулі экономикалық залалдың алдын алуға немесе оны барынша азайтуға ықпал етуі мүмкін. Мәселен, халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, қауіпті табиғи құбылыстардан әлемдік экономиканың жыл сайынғы шығындары 50-ден 100 млрд АҚШ долларына дейін жетеді.

Қазіргі уақытта метеорологиялық-экономикалық модельдеу және шаруашылық қызметте қолайсыз ауа райы-климаттық құбылыстардан болатын шығындарды бағалау әдістері қалыптасу сатысында тұр және мамандар тарапынан мойындалып үлгерді, бұл қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстардан экономиканың шеккен шығындарын барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Тұжырымдаманы іске асыру Достастықтың әрбір мемлекетінің ұлттық экономикасын орнықты дамыту мүдделеріне қызмет етеді және халықтың өмірі мен мүлкін қауіпті гидрометеорологиялық және/немесе гелиогеофизикалық құбылыстардан қорғауға елеулі үлес қоса алады.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар