Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау туралы меморандум
1995 жылғы 10 ақпандағы меморандум, Алматы қаласы
(Меморандум 1995 жылғы 10 ақпанда күшіне енді – Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының бюллетені, 2003 ж., № 1, 1-бап)
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер олардың арасында тарихи қалыптасқан байланыстарға сүйене отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қақтығыстардың реттелмеуі Достастықтың өмір сүру негізіне алынған негізгі қағидаттарға қайшы келетінін негізге ала отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Жарғысында және Достастық шеңберінде қабылданған құжаттарда жарияланған мақсаттар мен қағидаттарға өздерінің бейілділігін білдіре отырып және мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастарда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жұмыс істеуінің ажырамас шарты болып табылатынын, әрбір мемлекеттің де, жалпы Достастықтың да экономикалық, әлеуметтік-саяси дамуын қамтамасыз ететінін ескере отырып, жалпы Достастық шеңберінде де, әрбір мемлекеттің өз ішінде де жалпыға бірдей танылған шекаралар шегінде бейбітшілікті сақтау осы мемлекеттер халықтарының мүдделеріне сай келетінін мойындай отырып, төмендегілер туралы мәлімдейді:
1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер бір-біріне әскери, саяси, экономикалық және қысым көрсетудің өзге де нысандарын қолданудан бас тартады.
2. Осы Меморандумға қол қойған мемлекеттер өздерінің ұлттық заңнамасына сәйкес өз аумақтарында тәуелсіздікке, аумақтық тұтастыққа және шекаралардың қол сұғылмаушылығына қарсы бағытталған не ұлтаралық қатынастарды шиеленістіруге, сондай-ақ осы Меморандумға қол қойған мемлекеттердің мемлекеттік құрылысына сырттан қол сұғуға бағытталған ұйымдардың, топтардың немесе жекелеген адамдардың құрылуы мен қызметінің жолын кесуге ниет білдіреді.
3. Мемлекеттер бір-бірінің қолданыстағы шекараларының мызғымастығын растайды және олардың беріктігіне нұқсан келтіретін кез келген әрекеттерге қарсы болады, сондай-ақ шекаралар мен аумақтар мәселелері бойынша туындайтын барлық дауларды тек бейбіт құралдармен шешетін болады.
4. Осы Меморандумға қол қойған қандай да бір мемлекеттің қауіпсіздік мүдделерін қозғайтын жағдай туындаған кезде, ол Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы басқа мемлекеттерге консультацияларды шұғыл түрде өткізу туралы өтінішпен жүгіне алады.
5. Мемлекеттер осы Меморандумға қол қойған басқа қатысушы мемлекеттің ішкі істеріне тікелей немесе жанама түрде кез келген араласудан бас тартады.
6. Мемлекеттер Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің кез келгеніне қарсы бағытталған одақтар мен блоктарға қатысудан бас тартады.
7. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер өз аумақтарында ұлттық заңнамаға және халықаралық нормаларға сәйкес сепаратизмнің, ұлтшылдықтың, шовинизмнің және фашизмнің кез келген көріністерінің жолын кесу жөнінде шаралар қабылдайды.
Олар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы басқа мемлекеттердегі қоғамдық-саяси процестерді объективті түрде жария етуге жәрдемдеседі.
8. Мемлекеттер басқа қатысушы мемлекеттердің аумақтарындағы сепаратистік қозғалыстарды, сондай-ақ егер олар пайда болған жағдайда, сепаратистік режимдерді қолдамауға; олармен саяси, экономикалық және өзге де байланыстар орнатпауға; олардың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтары мен коммуникацияларын пайдалануына жол бермеуге; оларға экономикалық, қаржылық, әскери және өзге де көмек көрсетпеуге міндеттенеді.
9. Мемлекеттер Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер арасындағы сенім мен қауіпсіздік шараларын одан әрі нығайту жөніндегі бір-бірінің күш-жігерін қолдайды.
1995 жылғы 10 ақпанда Алматы қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа дана Беларусь Республикасы Үкіметінің Мұрағатында сақталады, ол осы Меморандумға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер, даулар Қорғау Төрелік Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсіндірме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар