Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Хорватия Республикасы Сыртқы істер министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум
Меморандум, Загреб қ., 2001 жылғы 18 шілде
(Меморандум 2001 жылғы 18 шілдеде күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Хорватия Республикасы Сыртқы істер министрлігі, бұдан әрі Тараптар, екі мемлекет халықтары арасындағы достық қатынастарды, түсіністік пен сенімді дамыту және нығайтуды қалай отырып, мемлекет егемендікті сыйлау теңдік ішкі істеріне қол сұқпау принциптерін басшылыққа алып, БҰҰ Жарғысы, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық Кеңесінің Қорытынды Актісі, жаңа Еуропаға арналған Париж Жарғысы және ЕҚЫҰ шеңберіндегі қабылданған басқа да құжаттардың мақсаттары мен принциптеріне сәйкес, Тараптар арасында тұрақты консультация мен пікір алмасу пайдалы әрі маңызды деп қарай отырып, келесі мәселелер туралы келісті:
Тараптар өздері мүдделі екі жақты және халықаралық қатынастардағы көп жақты мәселелер бойынша тұрақты консультациялар өткізеді. Консультациялар міндетті түрде Астана және Загреб қалаларында өткізіледі. Консультация сондай-ақ БҰҰ және Тараптар мемлекеттер мүше болып табылатын басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде өткізілуі мүмкін. Өкілдері деңгейі, күн тәртібі, күні және консультация өткізілетін жер дипломатиялық арналар бойынша Тараптардың өзара келісімімен белгіленеді.
Осы Меморандум қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Ол үш жыл бойына қызмет етіп, келесі үш жылға өздігінен ұзартылып отырылады, Тараптардың біреуі екіншісіне жазбаша түрде оның қызметін тоқтатуы туралы ниет білдірілгеннен кейінгі үш айдан кейін тоқтатылады.
Загреб қаласында 2001 жылғы 18 шілдеде әрқайсысы қазақ, хорват, орыс және ағылшын тілдерінде екі түпнұсқа дана болып жасалды және де барлық мәтіннің күші бірдей. Осы Меморандум ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, ағылшын тіліндегі мәтін ұстанатын болады.
(Қолдары)
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау