Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Меморандум / Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Словак Республикасының Мәдениет министрлігі арасындағы Мәдени ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Словак Республикасының Мәдениет министрлігі арасындағы Мәдени ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Словак Республикасының Мәдениет министрлігі арасындағы Мәдени ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы

Братислава қ., 2007 жылғы 21 қарашадағы Меморандумы

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Словак Республикасының Мәдениет министрлігі арасындағы Мәдени ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралыМЕМОРАНДУМ*

(Меморандум қол қойылған күннен бастап күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Словак Республикасының Мәдениет министрлігі, бұдан әрі "Тараптар", өз мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуға және тереңдетуге ұмтыла отырып, Тараптар мемлекеттерінің мәдениет, өнер және тарих салаларындағы өзара түсіністіктерін нығайтуға ниет білдіре отырып,      төмендегілер туралы келісті:      1. Тараптар мәдениет және өнер саласындағы ақпараттармен алмасуға ықпал етеді.      2. Тараптар мемлекеттерінің түрлі мекемелері мен жеке тұлғалары арасында әдебиет, визуальды өнер, дизайн, музыка, би, аудиовизуальды қызмет, кино, мәдени ескерткіштер, мұражайлар, галереялар, кітапханалар және дәстүрлі фольклорлық өнер салаларындағы ынтымақтастықтың дамуына Тараптар ықпал етеді.      3. Осы Меморандумға Тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.      Осы Меморандумның ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар оларды келіссөздер немесе консультациялар жолымен шешеді.      Осы Меморандум қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және шектеусіз мерзімге жасалады.      Осы Меморандум Тараптардың бірінің осы Меморандумның қолданысын тоқтату туралы келесі Тараптың жазбаша хабарламасын алған күннен бастап өзінің қолданысын тоқтатады.      2007 жылы қарашаның 21-де Братислава қаласында екі түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, словак және орыс тілдерінде жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.      Осы Меморандумның ережелерін талдауда келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

(Қолдары)  

 

 

 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау