Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану туралы келісімді ратификациялау туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 9 шiлдедегi № 345-VIII ҚРЗ.
2025 жылғы 15 қарашада Ташкентте жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану туралы келісім ратификациялансын.
| Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті | Қ. ТОҚАЕВ |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындагы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп баскару және ұтымды пайдалану туралы келісім
Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатып Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі
1998 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Мәңгілік достық туралы шарттың және 2022 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шарттың ережелерін негізге ала отырып,
Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған басқа да нормаларына бейілділігін растай отырып,
1992 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Түркіменстан арасындағы мемлекетаралық көздердің су ресурстарын пайдалану мен қорғауды бірлесіп басқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, 1992 жылғы 17 наурыздағы Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенцияға және 1997 жылғы 21 мамырдағы Халықаралық су ағындарын кеме қатынасынан басқаша пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенцияға сәйкес Тараптар мемлекеттерінің міндеттемелерін растай отырып,
трансшекаралық әсерді болғызбау, шектеу және қысқарту, сондай-ақ трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқаруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісімде пайдаланылатын ұтымдар мыналарды білдіреді:
1) трансшекаралық су обьектісі -Тараптар мсмлекеттері арасындағы Мемлекеттік шекара сызығын кесіп өтетін және/немесе ол бойынша ағатын су режимі белгілері бар су ағыны не судың тұрақты немесе уақытша шоғырлануы;
2) мемлекетаралык пайдаланудағы су шаруашылығы құрылысжайлары - екі Тараптың су тұтынушыларына су беру жүзеге асырылатын мемлекетаралық пайдаланылатын гидротехникалық құрылысжайлар мен каналдар, сондай-ақ қайтарымды суларды бұру бойынша коллекторлар;
3) су шаруашылығы құрылысжайларын қауіпсіз пайдалану - су шаруашылығы құрылысжайларының бұзылуына жол бермеуге бағытталған шаралар;
4) гидрологиялық жыл - 1 қазаннан 30 қыркүйекке дейініі кезеиде гидрологиялық процестердің бір жылдық даму циклі (1 қазан - 31 наурыз аралығы вегетацияаралық кезең, 1 сәуір - 30 қыркүйек аралығы вегетациялық кезең);
5) трансшекаралық әсер - физикалық көзі Тараптардың бірінің мемлекетінің аумағында толық немесе ішінара орналасқан, адамның іс-әрекетінен туындайтын трансшекаралық сулардың жай-күйінің өзгеруі нәтижесінде екінші Тарап мемлекетінің қоршаған ортасы үшін туындайтын кез келген елеулі зиянды салдар;
6) бірлескен комиссия - трансшекаралық су объектілерін, сондай-ақ мемлекетаралық пайдаланылатын су шаруашылығы құрылысжайларын бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану жөніндегі Қазақстан-Өзбекстан үкіметаралық комиссиясы.
2-бап
1. Осы Келісімнің мақсаттары трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану, сондай-ақ мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылысжайларын қауіпсіз пайдалану болып табылады.
2. Әрбір Тарап трансшекаралық су объектілерінің су ресурстарын екінші Тарапқа елеулі нұсқан келтірмейтіндей етіп пайдаланады.
3. Тараптар өз мемлекеттерінің гидрометеорологиялық қызметтерінің ақпараты негізінде жыл сайын су ресурстарының болжамын және олардың бөлінуін 10 сәуірге дейінгі вегетациялық кезең және 10 қазанға дейінгі вегетацияаралық кезең мерзімінде қалыптастырады, тиісті болжам бірлескен комиссияның хаттамасымен ресімделеді. Трансшекаралық су объектілерінің су ресурстарын болу әділдік пен ашықтық негізінде жүзеге асырылады.
4. Тараптар трансшекаралық су объектілерінің сулылығын қамтамасыз ету мақсатында Тәжікстан Республикасы және Қырғыз Республикасымен келісу бойынша жыл сайын жүйелі негізде "Бахри Точик" су қоймасы мен Тоқтоғұл су қоймасынан қажетті су жіберуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды. Бұл ретте трансшекаралық су объектілерінің су ресурстарын бөлу жоғарыда көрсетілген су қоймаларының сулылығы мен олардан су жіберу ескеріле отырып жүзеге асырылатын болады.
3-бап
1. Осы Келісімнің ережелері Сырдария, Шыршық, Келес, Өгем өзендеріне, мемлекетаралық пайдаланудағы Достық (Дустлик), Үлкен Келес магистральдық каналына, Зах, Ханым, Ачинау, Аққойлы, Солтүстік Ташкент каналдарына, Жоғарғы Ташкент каналына және В-12, В-15, В-24, B-25 шаруашылықаралық каналдарына қолданылады.
2. Тараптар КСРО Мемлекеттік жоспарының Мемлекеттік сараптама комиссиясының 1982 жылғы 5 мамырдағы № II қаулысы бойынша жасалған, КСРО Мелиорация және су шаруашылығы министрлігі ғылыми-техникалық кеңесі отырысының 1984 жылғы 29 ақпандағы № 413 хаттамасымен бекітілген Сырдария өзені бассейінінің су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың нақтыланған схемасын түзету жазбасының ережелерін орындайды.
4-бап
Тараптар трансшекаралық су объектілерінің су ресурстарын бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану, мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылысжайларын қауіпсіз пайдалану мәселелерінде тығыз ынтымақтастықты жүзеге асырады. Tapaптap осы мақсатта:
1) трансшекаралық су объектілерінің шекара маңындағы гидропосттарында (оның ішінде үшінші елдермен және "Сырдария" БСБ), мемлекетаралық және шаруашылықаралық пайдаланудағы, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында орналасқан су шаруашылығы құрылыстарында судың есебін жүргізеді және бірлескен комиссия бекіткен тәртіппен ақпарат алмасады;
2) су тартудың белгіленген лимиттері шеңберінде трансшекаралық су объектілерінде және мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылысжайларында су ресурстарының келісілген бөлінуін камтамасыз етеді;
3) деректерді онлайн режимде беруді қамтамасыз ете отырып, трансшекаралық су объектілерінде және мемлекетаралық және шаруашылық аралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылысжайларында су алуды есепке алудың бірлескен автоматтандырылған жүйесін құрады;
4) трансшекаралық су объектілерінде су үнемдеу және су ысырабын азайту, сондай-ақ мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылысжайларын реконструкциялау, жөндеу, пайдалану және техникалық қызмет көрсету, автоматтандыру және жаңғырту жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде үлестік қаржыландыру арқылы бірлесіп іске асырады, су үнемдеу технологияларын қолдану тәжірибесімен алмасуды жүзеге асырады;
5) Сырдария өзенінің бассейні су ресурстарының пайдаланылуына мониторинг жүргізеді және олардың сарқылуына жол бермеу бойынша бірлескен шаралар қабылдайды;
6) Сырдария өзенінің бассейнінен лимиттен тыс қайтарымсыз су алуға жол бермеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
7) су тасу (топан су басу), су тасқыны, құрғақшылық салдарының алдын алу және азайту жөніндегі бірлескен бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;
8) мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылысжайларына (жағалауларға, қорғаныш дамбаларына және басқа да құрылысжайларға) тұрақты бірлескен тексеру жүргізеді;
9) трансшекаралық су объектілерінде және мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөнінде бірлескен шаралар қабылдайды;
10) Тараптар мемлекеттерінің суармалы жерлерінің мелиорациялық жай-күйіне трансшекаралық су объектілері мен мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылысжайларының теріс әсерін азайту мәселесін бірлесіп зерделеуді жүргізеді және қажетіне қарай бірлескен қаржыландыруды қоса алғанда, тиісті теріс әсерді азайту/жою жөнінде шаралар қабылдайды;
11) персонал мен техниканың мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы объектілеріне қызмет көрсету және пайдалану үшін Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын оңайлатылған тәртіппен кесіп өтуіне байланысты мәселелерді шешуге ықпал көрсетеді;
12) дренаждық суларды (қайтарымды суларды) қалыптастыру орындарында суару үшін пайдалану бойынша шаралар қабылдайды.
5-бап
1. Тараптар осы Келісімнің 3-бабының 1-тармағында көрсетілген мемлекетаралық пайдаланудағы каналдарды пайдалануға және жөндеуге арналған шығындарды қаржыландыру мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады.
2. Тараптар Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы сызығы мен оған іргелес аумақтарда орналасқан суармалы алқаптарда коллекторлық-дренаждық суларды бөгеуді болғызбауға міндеттенеді. Коллекторлық-дренаждық суларды бөгеу орын алған жағдайда аумағында су бөгелген мемлекет Тарапы оны жою бойынша шұғыл шаралар қабылдайды.
3. Тараптар өзара келісім бойынша шекара маңындағы аумақтарда коллекторлық-дренаждық жүйелерге жоспарлы механикаландырылған тазарту жұмыстарын жүргізуді жүзеге асырады.
4. Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетінің аумағында орналасқан қолда бар және құрылатын гидротехникалық құрылысжайларды тиісінше пайдалануға жауапты болады.
6-бап
Тараптар мемлекеттерінің осы Келісімді іске асыру жөніндегі құзыретті органдары:
Қазақстан Республикасынан - Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі;
Өзбекстан Республикасынан - Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрлігі.
Тараптар құзыретті органдардың атаулары немесе функциялары өзгергені туралы бірін-бір дипломатиялық арналар арқылы уақтылы хабардар етеді.
7-бап
1. Осы Келісімнің ережелерін іске асыру мақсатында Тараптар бірлескен комиссия құрады.
2. Бірлескен комиссия Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес Тараптардың әрқайсысы тағайындайтын екі тең төрағаның басшылығымен жұмыс істейді.
3. Бірлескен комиссиянын жұмыс тәртібі бірлескен комиссия қабылдаған және Тараптар бекіткен Ережемен регламенттеледі.
Бірлескен комиссияның отырыстары жылына екі рет Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында кезекпен өткізіледі. Бірлескен комиссияның шешімдері оның отырыстарының хаттамаларымен ресімделеді. Бірлескен комиссияның жұмыс тілі - орыс тілі.
4. Бірлескен комиссия қажет болған жағдайда осы Келісімнін ережелерін іске асыруға қатысты мәселелерді шешу үшін сарапшылардың жұмыс топтарын қалыптастырады.
8-бап
1. Бірлескен комиссияның негізгі функциялары:
1) Тараптардың мемлекеттік органдарының осы Келісімнің ережелерін іске асыру жөніндегі іс-қимылдарын үйлестіру;
2) Достық (Дустлик) каналы және мемлекетаралық пайдаланудағы басқа да каналдар арқылы су беруді қамтамасыз ету;
3) мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылысжайларының суару жүйелерін бірлесіп жөндеу жөнінде шешімдер қабылдау;
4) трансшекаралық суды кешенді пайдаланудың және қорғаудың бірлескен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
5) жоспарланған іс-шаралардың қоршаған ортаға әсерін бағалау мәселелері бойынша қосымша консультацияларды алты ай ішінде өткізу;
Бірлескен комиссия Тараптарының бірінің жоспарланған шараларды бағалауда туындаған ерекше қиындықтар жөнінде өтініші болған жағдайда, бұл мерзім алты және одан да көп айға ұзартылады;
6) осы Келісімнің ережелерін іске асыруға байланысты өзге де функциялар.
9-бап
1. Бірлескен комиссияның отырыстарын және сарапшылардың жұмыс топтарының кездесулерін ұйымдастыруға және өткізуге байланысты шығыстарды мемлекет аумағында аталған іс-шаралар жүргізілетін Тарап көтереді.
2. Бірлескен комиссия отырыстарына және сарапшылардың жұмыс топтарының кездесулеріне қатысушыларды іссапарға жіберу жөніндегі шығыстарды жіберуші Тарап көтереді.
3. Тараптар осы Келісімді орындау барысында туындайтын шығыстарды, егер әрбір нақты жағдайда өзге тәртіп келісілмесе, Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларында көзделген қаражат шегінде дербес көтереді.
10-бап
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру және қолдану жөніндегі даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер мен консультациялар арқылы шешіледі.
11-бап
Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөліктері болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар жекелеген хаттамалармен ресімделеді және осы Келісімнің 12-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
12-бап
1. Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
2. Осы Келісім 5 жыл мерзімге жасалады және егер Тараптардың ешқайсысы ағымдағы кезең аяқталғанға дейін 6 ай бұрын екінші Тарапты оның қолданысын тоқтату ниеті туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабардар етпесе, келесі бес жылдық кезеңге автоматты түрде ұзартылатын болады. Бұл жағдайда осы Келісім осындай хабарламаны алған күннен бастап өз қолданысын тоқтатады.
Осы Келісімнің қолданысын тоқтату Тараптардың оның қолданылу кезеңінде басталған және оның қолданылуы тоқтатылған кезде аяқталмаған жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруына әсер етпейді.
2025 жылғы "15" қарашада Ташкент қаласында әркайсысы қазақ, өзбек және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, бұл ретте барлык мәтіннің күші бірдей.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру мақсатында Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
| Қазақстан РеспубликасыныңҮкіметі үшін | Өзбекстан РеспубликасыныңҮкіметі үшін |
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау