Қазақстан кәсіпкерлер конгресінің мәселелері
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Президентінің 1991 жылғы 20 желтоқсандағы N 548 қаулысы
Экономиканың мемлекеттік емес секторындағы ұйымдар мен кәсіпорындар тобы, Қазақстан Республикасының Жоғары экономикалық кеңесі және Қазақстан Республикасының жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополистік қызметті шектеу жөніндегі мемлекеттік комитеті құрған Қазақстан кәсіпкерлерінің Конгресі кәсіпкерлікті жандандыру мен қорғауды, меншік нысанына қарамастан экономиканың тиімділігін арттыру үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауды, осы негізде халықтың әл-ауқатын жақсартуды өз мақсатына қояды.
Қазақстан кәсіпкерлер конгресінің қызметін тезірек өрістету үшін
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан кәсіпкерлері Конгресі өкілдерінің талқыланатын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу және тиісті материалдарды пысықтау құқығымен Қазақстан Республикасы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және оның Төралқасының отырыстарына қатысуы орынды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан кәсіпкерлерінің Конгресіне паспорттық-визалық мәселелерді шешуде қажетті жәрдем көрсетсін.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі Қазақстан кәсіпкерлері Конгресінің және оның құрамына кіретін кәсіпкерлік құрылымдардың сыртқы экономикалық қызметке кеңінен қатысуы жөніндегі нақты шараларды әзірлесін және жүзеге асырсын.
4. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлігі Қазақстан кәсіпкерлерінің конгресі мен оның ұйымдарын өтінім бойынша қажетті байланыс құралдарымен, оның ішінде халықаралық желілермен қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитеті мен Алматы қалалық атқару комитеті Қазақстан кәсіпкерлері Конгресінің жұмыс аппаратын орналастыруға арналған қызметтік үй-жайлар туралы мәселені шешсін.
6. Қазақстан Республикасының мемснабына Қазақстан кәсіпкерлер конгресінің 1992 жылғы 1-тоқсанда бөлінуін қамтамасыз ете отырып, жұмсақ және қатаң мүкәммал, ұйымдастыру техникасы, аудиовизуалды аппаратура және басқа да қажетті жабдықтарға, сондай-ақ құрылыс материалдарына қажеттілігі қаралсын.
7. Жарғылық міндеттерді шешу үшін Қазақстан кәсіпкерлерінің Конгресі Қазақстан кәсіпкерлерінің Орталық қорын және Қазақстан іскерлік орталығын, республикадағы өңірлік құрылымдарды және шетелдік өкілдіктерді құратынын назарға алсын;
Қазақстан кәсіпкерлері Конгресінің қызметіне мемлекеттік басқару органдарының лауазымды адамдарының қатысуы олардың кез келген нысанда материалдық сыйақы алуын болдырмайды.
8. Алматы қалалық атқару комитеті белгіленген тәртіппен Қазақстандық іскерлік орталықтың құрылысына жер учаскесін бөлуді қамтамасыз етсін.Қазақстан Республикасының Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы