Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Үкімет қаулылары / 2010 жылғы 11 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

2010 жылғы 11 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

2010 жылғы 11 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 тамыздағы № 785 қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2010 жылғы 11 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақовқа 2010 жылғы 11 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан РеспубликасыПремьер-Министрінің міндетін атқарушыО. Бектенов

 

 

 Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің2026 жылғы 29 тамыздағы№ 785 қаулысыменмақұлданғанЖоба

 

2010 жылғы 11 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері

      қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қылмыстық мақсатта пайдаланылу ауқымына алаңдаушылық білдіре отырып;

      электрондық дәлелдемелерді сақтау үшін және виртуалдық активтер арқылы қылмыстық кірістерді жылыстатуға қарсы күресте трансшекаралық өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру қажеттілігін мойындай отырып;

      трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, оның ішінде қаруды заңсыз өндіру саласында және айналымына қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында;

      2010 жылғы 11 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 12-бабын басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1-баптың 1-тармағының алтыншы абзацындағы "және терроризмді қаржыландыру" деген сөздер алып тасталсын.

      2. 1-баптың 1-тармағының он төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы немесе оларды пайдалана отырып жасалған, оның ішінде жасанды интеллектіні пайдалана отырып жасалған қылмыстар;".

      3. 1-баптың 1-тармағының он бесінші абзацындағы "заңсыз көші-қонға байланысты қылмыстар негізгі бағыттары бойынша қылмыстардың, оның ішінде ұйымдасқан топтар жасайтын қылмыстардың алдын алуда, жолын кесуде, оларды анықтауда және ашуда ынтымақтасады." деген сөздер "заңсыз көші-қонға байланысты қылмыстар;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "терроризмді, сепаратизмді және экстремизмді қаржыландыру негізгі бағыттары бойынша қылмыстардың, оның ішінде ұйымдасқан топтар жасайтын қылмыстардың алдын алуда, жолын кесуде, оларды анықтауда және ашуда ынтымақтасады.".

      4. 3-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы "ақпарат алмасу нысандарында ынтымақтасады." деген сөздер "ақпарат алмасу;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) – 11) тармақшалармен толықтырылсын:

      "9) цифрлық деректердің жоғалуын немесе өзгертілуін болғызбау үшін оларды уақытша сақтауға және виртуалдық активтерді шұғыл жағдайларда тоқтатуға қатысты сұрау салуларды орындау;

      10) Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес және Тараптар айқындайтын тәртіппен трансшекаралық қылмыстарды тергеп-тексеру үшін бірлескен жедел-тергеу немесе тергеу-үйлестіру топтарын құру;

      11) қылмыстық әрекеттен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді, сепаратизмді, экстремизмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына және ШЫҰ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес виртуалдық активтермен жасалатын операциялар туралы ақпарат алмасу, оның ішінде осындай ақпаратты алуға жәрдемдесу нысандарында ынтымақтасады.".

      5. 5-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сұрау салу немесе ақпарат Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасы ескеріле отырып жазбаша немесе электрондық нысанда жіберіледі.

      Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда сұрау салу немесе ақпарат техникалық құралдар (оның ішінде қорғалған байланыс арналары арқылы) пайдаланылып немесе ауызша нысанда берілуі мүмкін.

      Сұрау салу немесе ақпарат техникалық құралдар пайдаланылып немесе ауызша нысанда берілген жағдайда сұрау салудың немесе ақпараттың түпнұсқасы жазбаша нысанда ресми арналар арқылы 72 сағаттан кешіктірілмей жіберілуге тиіс.

      Тараптар берілетін ақпаратты өз мемлекеттерінің заңнамасына және ШЫҰ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес криптографиялық қорғау құралдарын пайдалану бойынша шаралар қабылдайды.".

      6. 7-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Тараптар берілетін деректерді өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамасында және қолданылатын халықаралық міндеттемелерде көзделген деңгейден төмен емес деңгейде қорғауды қамтамасыз етеді.".

2-бап

      Осы Хаттама Келісімнің 12-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.

3-бап

      Осы Хаттама күшіне енгеннен кейін ШЫҰ-ға мүше кез келген мемлекеттің депозитарийге қосылу туралы құжатты беру арқылы қосылуы үшін ашық болады.

      Қосылатын мемлекет үшін осы Хаттама депозитарий қосылу туралы құжатты алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      20__ жылғы "____" ______ ________ қаласында орыс және қытай тілдерінде бір төлнұсқа данада жасалды, бұл ретте екі мәтіннің де күші бірдей.

 

Жүктеу

Беларусь РеспубликасыныңҮкіметі үшінҚырғыз РеспубликасыныңМинистрлер Кабинеті үшін 
Үндістан РеспубликасыныңҮкіметі үшін Пәкістан Ислам РеспубликасыныңҮкіметі үшін 
Иран Ислам РеспубликасыныңҮкіметі үшін Ресей ФедерациясыныңҮкіметі үшін 
Қазақстан РеспубликасыныңҮкіметі үшін Тәжікстан РеспубликасыныңҮкіметі үшін 
Қытай Халық РеспубликасыныңҮкіметі үшін Өзбекстан РеспубликасыныңҮкіметі үшін

 

 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау