Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Үкімет қаулылары / "Оңтүстік Алтай" республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалының (кешенді) аумағын кеңейту туралы

"Оңтүстік Алтай" республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалының (кешенді) аумағын кеңейту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

"Оңтүстік Алтай" республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалының (кешенді) аумағын кеңейту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 284 қаулысы

"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ бағалы, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерін сақтау және қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Оңтүстік Алтай" республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалының (кешенді) аумағы Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданы шегінде 5244,2799 гектарға кеңейтілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. "Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:

      "Шығыс Қазақстан облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 116-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

 

Жүктеу

116"Оңтүстік Алтай" республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалы (кешенді)

202 420,3799

Күршім ауданы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

 

      ".

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан РеспубликасыныңПремьер-МинистріО. Бектенов

 

 

 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау