Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Үкімет қаулылары / Қазақстан Республикасының агроэкономикасын дамытудың 2026 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының агроэкономикасын дамытудың 2026 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасының агроэкономикасын дамытудың 2026 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 мамырдағы № 394 қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының агроэкономикасын дамытудың 2026 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.

      2. Кешенді жоспардың орындалуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары, өзге де ұйымдары (келісу бойынша):

      1) Кешенді жоспардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

      2) жылдың қорытындысы бойынша, 15 қаңтардан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жылдың қорытындысы бойынша, 15 ақпаннан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан РеспубликасыныңПремьер-МинистріО. Бектенов

 

Қазақстан Республикасының агроэкономикасын дамытудың 2026 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспары

Кіріспе

      Осы Қазақстан Республикасының агроэкономикасын дамытудың 2026 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 13 қазандағы № 1042 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі "Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 27-тармағын орындау үшін әзірленді.

      АӨК дамыту саласында іске асырылып жатқан мемлекеттік саясат АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталған. Негізгі бағыттар өндіріске қарқын беру және оны әртараптандыру, заманауи агротехнологияларды ендіру, суды көп қажет ететін және монодақылдың үлесін қысқарту, жоғары рентабельді дақылдардың алаңдарын кеңейту, отандық тұқыммен қамтамасыз етуді арттыру, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту, мал басының өнімділігін және малдың генетикалық әлеуетін арттыру, қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін ұлғайту, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жөніндегі қуатты кеңейту, сондай-ақ шаралардың қолжетімділігін арттыру, мемлекеттік қолдау, оның ішінде жеңілдетілген кредит беру болып табылады.

      2023 жылмен салыстырғанда АӨК орнықты оң серпін көрсетіп отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,3 есе ұлғайып, 9,8 трлн теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі 105,9 % құрады. Азық-түлік өндірісінің көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 1,2 есе өсіп, 3,9 трлн теңгеге жетті. Азық-түлік өндірісінің нақты көлемінің индексі 2025 жылы 108,1 % құрады. АӨК өнімінің экспорты 10 жылда алғаш рет елге шамамен 3,5 трлн теңге валюталық түсім немесе 7 млрд АҚШ долларын әкелді.

      Өндірістік көрсеткіштердің өсуі ауқымды мемлекеттік қолдау және агротехнологияларды ендіру есебінен қамтамасыз етілді. 2025 жылы салаға жеңілдетілген кредит беру көлемі шамамен 1 трлн теңгені құрады. Сондай-ақ 2025 жылы дақылдарды нақты әртараптандыру жүргізілді: бидай монодақылының алқаптары 900 мың гектарға қысқартылды, бұршақ және майлы дақылдар алқаптары тиісінше 275 мың гектарға және 1 млн гектардан астам ұлғайтылды.

      Минералды тыңайтқыштарды қолдану деңгейі 1,8 млн тоннаға жетті, элиталық тұқымдардың үлесі 11,6 %-ға дейін өсті. Ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингінің көлемі алғаш рет 250 млрд теңгеге жетті, бұл екі жыл ішінде жаңарту деңгейін 6,5 %-ға дейін арттыруға, сондай-ақ техника паркінің тозу деңгейін 80 %-дан 70 %-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

      Алынған ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі ішкі нарықтың сұранысын толық қамтамасыз етеді және жоғары экспорттық әлеуетті қалыптастырады. Астық экспорты 2024 – 2025 жылдары 15,3 млн тоннаны құрады, бұл соңғы 20 жылдағы ең үлкен көрсеткіш. Экспорт географиясы әлемнің 50-ден астам елін қамтиды.

      Мал шаруашылығы секторы да тұрақты өсуді көрсетеді. Мал басы көбейіп, асыл тұқымды база дамып, өнімділік артып келеді. 2025 жылы алғаш рет 100,7 мың тонна ет экспортталды.

      Мал шаруашылығын белсенді дамыту, оның ішінде елдегі ветеринариялық қауіпсіздікті және эпизоотиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша жүргізілген жүйелі жұмыс есебінен қамтамасыз етілді. Эпизоотиялық жағдайдың айтарлықтай жақсарғаны байқалады: 2023 жылдан бері ауру ошақтарының саны 63 %-ға азайды. Вакцинация және диагностика саласында қолданылатын вакциналардың сапасын бақылау күшейтілді, сондай-ақ отандық вакциналар мен диагностикалық құралдардың үлесі 54 %-дан 77 %-ға дейін ұлғайды, бұл импортқа тәуелділікті төмендетуге және ветеринариялық қауіпсіздік жүйесінің тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді.

      Қадағалау жүйесін жетілдіру мақсатында ақпараттық жүйелер пысықталып, "ВетЛаб", "Карантиндеу", "РЭО" және "ВСС" модульдері іске қосылды, бұл ветеринариялық бақылаудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

      Сонымен қатар Дүниежүзілік жануарлар саулығын сақтау ұйымы аусыл, құс тұмауы, африкалық және классикалық доңыз обасы, сондай-ақ африкалық жылқы обасы сияқты бірқатар аса қауіпті аурулар бойынша Қазақстан Республикасының жекелеген өңірлері мен аумақтарының әл-ауқатын мойындады.

      Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және субсидия төлемдерінің тиімділігін арттыруға бағытталған субсидиялау тетіктерін жетілдіру бойынша жұмыстар ұдайы жүргізілуде.

      Айталық, өтеусіз негізде ұсынылатын, негізгі мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланған субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі әзірленіп, енгізілді. Жүйеде электрондық өтінім беру және өңдеу, өтінімдердің жария тізілімі және форматты‑логикалық бақылау іске асырылды. Бұл жүйе ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді, өйткені әрбір ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні қарау және субсидия беру процесін онлайн режимде бақылай алады, адами фактордың әсерін барынша азайтады және процестерді автоматтандырады.

      Сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мемлекеттік қолдау алу жауапкершілігін арттыру мақсатында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӨК жалпы өнімінің өсуі түріндегі субсидия алушылар үшін қарсы міндеттемелер енгізілді, бұл жиынтығында барлық салалық көрсеткіштердің өзгеруін көрсетеді және мемлекеттік қолдау шараларының нәтижелілігін объективті бағалауға мүмкіндік береді.

      2025 жылы АӨК-нің үдемелі дамуы өнеркәсіп, көлік, логистика және қойма инфрақұрылымы объектілерінің қосымша жүктемесін қамтамасыз ете отырып, экономиканың аралас салаларына 10 трлн теңгеден астам көлемде мультипликативтік әсерді қамтамасыз етті.

      Аграрлық секторда қабылданып жатқан шаралар отандық ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды, тыңайтқыштар, буып-түю материалдары мен ілеспе өнімдер өндірісін қоса алғанда, аралас өндірістердің белсенді дамуына ықпалын тигізеді, бұл өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының жүктемесінің өсуін қамтамасыз етті.

      Бұл әсерге ауыл шаруашылығы шикізатын өндіруден бастап оны өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және дайын өнімді сатуға дейінгі қосылған құнның толық тізбегін дамытуға бағытталған кешенді ведомствоаралық өзара іс-қимыл есебінен қол жеткізілді.

      Ирригациялық жүйелерді жаңғырту және ауыл шаруашылығы өнімдерін үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету көлік логистикасы мен инженерлік инфрақұрылым салаларын дамытуда маңызды рөл атқарды, бұл жиынтығында өндірістік процестердің тиімділігін арттырып, шығындарды азайтты.

      Сонымен қатар отандық өнімді өткізуді ынталандыру жөніндегі шаралар, оның ішінде мемлекеттік сатып алу тетіктері арқылы және фермерлер мен отандық тауар өндірушілердің ішкі нарыққа қатысуын кеңейту саудадағы айналымды ұлғайтуға және қойма қуаттарын жүктеуге ықпалын тигізеді.

      Лизинг пен кредиттеуді субсидиялауды қоса алғанда, АӨК субъектілерін қаржылық қолдау құралдарын кеңейту, сондай-ақ сақтандыру және кепілдік беру тетіктері экономиканың тоғыспалы секторларындағы инвестициялық белсенділікке қосымша серпін берді.

      Жеке бизнес сегменті, оның ішінде зертханалық және сертификаттық көрсетілетін қызметтер саласында бөлек дамуда. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен экспорттау көлемінің өсуі агрохимиялық, ветеринариялық және фитосанитариялық зерттеу жүргізуге сұраныстың артуына алып келді, бұл жеке зертханалар желісін кеңейтуге, оларды жаңғыртуға инвестиция тартуға және көрсетілетін қызметтердің сапасының артуына ықпалын тигізеді.

      АӨК-ні цифрландыруға бағытталған IT-саласының дамуы қосымша серпін алды. Егіс мониторингі, өндірістік процестерді басқару, өнімді есепке алу және қадағалау саласында цифрлық шешімдерді ендіру, сондай-ақ нарыққа қатысушылардың өзара іс-қимылы үшін платформалық сервистерді дамыту отандық IT-өнімдерге сұранысты қалыптастыруға ықпалын тигізеді және тиісті технологиялық құзыреттердің дамуын ынталандырды.

      Жиынтығында аталған факторлар аралас салаларды жедел дамытуға, өндірісті оқшаулау көлемі мен деңгейін арттыруға, сондай-ақ елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған тұрақты синергетикалық әсердің қалыптасуын қамтамасыз етті.

      АӨК дамыту саясаты салаға одан әрі қарқын беруге және оны әртараптандыруға, өндірістің тиімділігі мен технологиялылығын арттыруға, сондай-ақ елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталатын болады.

      Кешенді жоспар Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2026 – 2030 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді және өңірлер бөлінісінде қойылған мақсаттарды, міндеттер мен басымдықтарды іс жүзінде іске асыруға, сондай-ақ АӨК дамыту саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Паспорт

 

Жүктеу

1.Атауы Қазақстан Республикасының агроэкономикасын дамытудың 2026 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспары
2.Әзірлеу негізі Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 13 қазандағы № 1042 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 27-тармағы
3.Іске асыру мерзімі 2026 – 2028 жылдар
4.Әзірлеуші мемлекеттік орган мен бірлесіп орындаушылардың атауыАШМ, ҰЭМ, Қаржымині, СИМ, ЖАО, "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ, "ҰАҒББО" КеАҚ, "АНК" АҚ
5.Кешенді жоспарды қабылдаудың қажеттігі туралы негізгі проблемалар мен оларды шешу жөніндегі міндеттер көрсетілген қысқаша ақпарат Қазақстан Республикасының агроэкономикасын дамытудың 2026 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылдау АӨК-ні одан әрі жандандыру және әртараптандыру, өндірістің тиімділігі мен технологиялылығын арттыру, сондай-ақ елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту қажеттігімен негізделген

 

 

Жүктеу

Р/с №АтауыАяқталу нысаныЖауапты орындаушыларОрындалу мерзіміҚаржыландыру көлемі, млн теңгеҚаржыландыру көздері

 

 

Жүктеу

1234567
Күтілетін нәтижелер:
1. Дәнді дақылдарды жалпы жинау көлемін 2026 жылы 21,7 млн тонна, 2027 жылы 23,0 млн тонна, 2028 жылы 24,3 млн тонна деңгейінде қамтамасыз ету.
2. Майлы дақылдарды жалпы жинау көлемін 2026 жылы 4,1 млн тонна, 2027 жылы 4,3 млн тонна, 2028 жылы 4,5 млн тонна деңгейінде қамтамасыз ету.
3. Ғылыми негізделген сұранысқа қарай тыңайтқыш енгізу үлесі: 2026 жылы – 73 %, 2027 жылы – 85 %, 2028 жылы – 100 %.
4. Машина-трактор паркін жаңарту деңгейі: 2026 жылы – 8 %, 2027 жылы – 8,5 %, 2028 жылы – 9 %.
5. Ірі қара мал басының санын ұлғайту: 2026 жылы – 8 479 мың бас, 2027 жылы – 9 072 мың бас, 2028 жылы – 9 889 мың бас.
6. Ұсақ мал басының санын ұлғайту: 2026 жылы – 21 263 мың бас, 2027 жылы – 22 539 мың бас, 2028 жылы – 24 116 мың бас.
7. Жылқы санын ұлғайту: 2026 жылы – 4 848 мың бас, 2027 жылы – 5 212 мың бас, 2028 жылы – 5 681 мың бас.
8. АӨК-дегі өңделген өнімнің үлесі (сүт, ет, күнбағыс тұқымы, күріш, жүгері, қарақұмық) 2026 жылы – 70 %, 2027 жылы – кемінде 70 %, 2028 жылы – кемінде 70 %.
9. Тамақ өнімдерін өндіру көлемін 2026 жылы 4 000 млрд теңгеге, 2027 жылы 4 200 млрд теңгеге, 2028 жылы 4 500 млрд теңгеге дейін ұлғайту.
10. АӨК өнімдерінің экспортын ұлғайту: 2026 жылы – 6,8 млрд АҚШ доллары, 2027 жылы – 7,0 млрд АҚШ доллары, 2028 жылы – 7,2 млрд АҚШ доллары.
11. Азық-түлік тауарларымен (оның ішінде әлеуметтік маңызы бар) қамтамасыз етудің жыл сайынғы деңгейі кемінде – 80 %.
12. Диагностикалық зерттеулермен қамтылған жануарлардың аса қауіпті ауруларының үлесі – зерттелетін аурулардың кемінде 35,3 % қамту.
1-бағыт. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі
1.Өңірлер бөлінісінде егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру (Кешенді жоспарға 1-қосымша) *АШМ-ға ақпаратЖАО2026, 2027 және 2028 жылдардың төртінші тоқсаныталап етілмейдіталап етілмейді
2."Азық-түлік корпорациясы" ҰҚ" АҚ өндірістік объектілерінде логистикалық және инфрақұрылымдық базаны жаңғыртужобалық және басқа құжаттамаАШМ, "Азық-түлік корпорациясы" ҰҚ" АҚ (келісу бойынша)2026 және 2027 жылдардың төртінші тоқсаны2026 жыл – 8 000,0 млн теңге;2027 жыл – 4 000,0 млн теңгеРБ**
3.АӨК субъектілерін сақтандырумен қамтуАШМ-ға ақпарат"АНК" АҚ (келісу бойынша)2026, 2027 және 2028 жылдардың төртінші тоқсаны2026 жыл – 9 000 млн теңге;2027 жыл – 10 000 млн теңге;2028 жыл – 12 000 млн теңгеРБ**
4.Малдың орташа тәуліктік салмақ қосуын арттыруға және жоғары салмақ кондициясына жету кезеңін қысқартуға ықпалын тигізетін заманауи технологияларды пайдалану негізінде аустралиялық әдіс бойынша ірі қара мал мен ұсақ малды және мал базарларын өсіру бойынша ет кластерін құруАШМ-ға ақпаратЖАО2026, 2027 және 2028 жылдардың төртінші тоқсаны-РБ**
5.Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруАШМ-ға ақпаратЖАО2026, 2027 және 2028 жылдардың төртінші тоқсаныталап етілмейдіталап етілмейді
6."Инвестицияларға тапсырыс" бағдарламасын іске асыруҰЭМ-ге ақпаратАШМ2026, 2027 және 2028 жылдардың төртінші тоқсаныталап етілмейдіталап етілмейді
2-бағыт. АӨК-дегі цифрландыру
7.Өсімдік шаруашылығында қадағалаудың ақпараттық жүйесін әзірлеу және ендіруөсімдік шаруашылығындағы қадағалаудың ақпараттық жүйесін тәжірибелік пайдалануға ендіруАШМ2026 жылдың төртінші тоқсанықолда бар бюджет қаражаты шегіндеталап етілмейді
8.ЖИ деректері негізінде саланы басқару үшін АӨК (Е-АӨК) бірыңғай цифрлық платформасын әзірлеу және ендіруАӨК бірыңғай цифрлық платформасын тәжірибелік пайдалануға ендіруАШМ2026 жылдың төртінші тоқсаныталап етілмейдіталап етілмейді
9.QR кодтары мен блокчейнді пайдалана отырып, мал шаруашылығы өнімдерінің толық өмірлік циклін қадағалауды қамтамасыз етудемонстрация хаттамасыАШМ2027 жылдың төртінші тоқсаныталап етілмейдіталап етілмейді
10.Бірыңғай архитектуралық контурды қалыптастыру үшін ақпараттық жүйелерді "QazTech" платформасына көшіруАШМ-нің QazTech платформасына аударылған ақпараттық жүйелеріАШМ2027 жылдың төртінші тоқсаныталап етілмейдіталап етілмейді
11.Жүргізіліп жатқан селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды есепке алудың кеңейтілген функционалымен САТЖАҚ цифрлық платформасын жетілдірутехникалық құжаттамаАШМ2027 жылдың төртінші тоқсаныталап етілмейдіталап етілмейді
12.Е-АӨК-де деректерді шоғырландыру үшін цифрлық технологияларды пайдаланатын фермалардың цифрлық деректерін интеграциялау мүмкіндігі мәселесін пысықтауҚазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынысАШМ2028 жылдардың төртінші тоқсаныталап етілмейдіталап етілмейді
3-бағыт. Мемлекеттік қолдау шаралары
13.Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау (өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, қаржы құралдары, өңдеу кәсіпорындары және балық шаруалығы)АШМ- ға ақпаратЖАО2026, 2027 және 2028 жылдардың төртінші тоқсанықолда бар бюджет қаражаты шегіндеЖБ
14.Қаржы институттарының облигациялық қарыздары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау жолымен асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға жеңілдетілген кредит беруАӨК субъектілерімен жасалған кредиттік шарттарАШМ, ҰЭМ, Қаржымині, ЖАО2026, 2027 және 2028 жылдардың төртінші тоқсаны2026 жыл – 260 000 млн теңге;2027 жыл – 300 000 млн теңге;2028 жыл – 300 000 млн теңгеЕДБ мен қаржы институттарының тартылған қаражаты
15.Қаржы институттарының облигациялық қарыздары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау жолымен мал шаруашылықтарының айналым қаражатын толықтыруға жеңілдікпен кредит беруАӨК субъектілерімен жасалған кредиттік шарттарАШМ, ҰЭМ, Қаржымині, ЖАО2026, 2027 және 2028 жылдардың төртінші тоқсаны2026 жыл –104 000 млн теңге;2027 жыл – 250 000 млн теңге;2028 жыл –250 000 млн теңгеЕДБ мен қаржы институттарының тартылған қаражаты
16.Қаржы институттарының облигациялық қарыздары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау жолымен АӨК субъектілеріне жеңілдікпен кредит беруАШМ- ға ақпарат"АНК" АҚ (келісу бойынша)2026, 2027 және 2028 жылдардың төртінші тоқсаны2026 жыл –168 750,0 млн теңге;2027 жыл –213 767,9 млн теңге;2028 жыл –227 988,5 млн теңгеРБ**
17.Қаржы институттарының облигациялық қарыздары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау жолымен ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингіАШМ- ға ақпарат"АНК" АҚ (келісу бойынша)2026, 2027 және 2028 жылдардың төртінші тоқсаны2026 жыл – 115 000,0 млн теңге;2027 жыл – 144 932,5 млн теңге;2028 жыл – 185 932,5 млн теңгеРБ**
18.Элеваторлық қуаттарды салу мен жаңғыртуды жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасын іске қосужеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасын іске қосуАШМ, "АНК" АҚ (келісу бойынша)2026 жылдың төртінші тоқсаныталап етілмейдіРБ**
19.Элеваторлық қуаттарды салу мен жаңғыртуды жеңілдікпен қаржыландыруАӨК субъектілерімен жасалған кредиттік шарттарАШМ, "АНК" АҚ (келісу бойынша)2026, 2027 және 2028 жылдардың төртінші тоқсаны2026 жыл – 60 000,0 млн теңге;2027 жыл – 50 000,0 млн теңге;2028 жыл – 50 000,0 млн теңгеРБ**
20.Оператордың жемдік қорды сақтау жөніндегі шығыстарын республикалық бюджеттен өтеуАШМ-ға ақпарат"Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ (келісу бойынша)2026, 2027 және 2028 жылдардың төртінші тоқсаны2026 жыл – 1 440,0 млн теңге;2027 жыл – 1 440,0 млн теңге;2028 жыл – 1 440,0 млн теңгеРБ**
21.АӨК саласындағы жобаларды жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобаларды жылдық 2,5 %-бен іске асыру (Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі)АШМ-ға ақпаратЖАО2026, 2027 және 2028 жылдардың төртінші тоқсаны2026 жыл – 350 000 млн теңге;2027 жыл – 350 000 млн теңге;2028 жыл – 400 000 млн теңгеРБ**
22.Өңдеуші кәсіпорындардың айналым қаражатын толықтыруға жеңілдікпен кредит беруАӨК субъектілерімен жасалған кредиттік шарттарАШМ2026, 2027 және 2028 жылдардың төртінші тоқсаны2026 жыл-50 000 млн теңге;2027 жыл-150 000 млн теңге;2028 жыл-200 000 млн теңгеБТИ (ЕДБ мен қаржы институттарының тартылған қаражаты)
23.АӨК саласындағы жобаларды жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобаларды жылдық 2,5 %-бен іске асыру (Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі)АШМ-ға ақпаратЖАО2026, 2027 және 2028 жылдардың төртінші тоқсаны2026 жыл – 350 000 млн теңге;2027 жыл – 350 000 млн теңге;2028 жыл – 400 000 млн теңгеАӨК саласындағы жобаларды жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобаларды жылдық 2,5 %-бен іске асыру (Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі)
4-бағыт. Ауыл шаруашылығы өнімдерін бөлу
24.Жұмыс істеп тұрған қайта өңдеу кәсіпорындарының шикізатпен жүктелуін қамтамасыз ету (Кешенді жоспарға 2-қосымша)АШМ-ға ақпаратЖАО2026, 2027 және 2028 жылдардың төртінші тоқсаныталап етілмейдіталап етілмейді
25.Жыл сайын ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бойынша кемінде 1 кәсіпорын ашуҚазақстан Республикасының Үкіметіне ақпаратАШМ2026, 2027 және 2028 жылдардың төртінші тоқсаныталап етілмейдіталап етілмейді
26.2030 жылға дейінгі көліктік-логистикалық әлеуетті дамыту тұжырымдамасы шеңберінде трансшекаралық бес хабта ("Еуразия" ТСО, "Алатау" ИСЛК, "Орталық Азия" ХӨКО, Қорғас желісі, Каспий желісі) аграрлық экспортты дамытуҚазақстан Республикасының Үкіметіне ақпаратЖАО, СИМ, АШМ2026, 2027 және 2028 жылдардың төртінші тоқсаныталап етілмейдіталап етілмейді
27.Органикалық өнім өндірушілерді сертификаттауАШМ-ға ақпаратЖАО2026, 2027 және 2028 жылдардың төртінші тоқсанықолда бар бюджет қаражаты шегіндеЖБ
28.Негізгі елдерде, оның ішінде әлеуетті импорттаушыларда экспорттық өкілдіктер мен аграрлық атташелер құру мәселесін пысықтауҚазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынысАШМ2026 жылдың төртінші тоқсаныталап етілмейдіталап етілмейді
29.Қайта өңделген өнімнің экспортын кеңейту мақсатында ветеринариялық және фитосанитариялық келісімдерге, хаттамаларға қол қоюветеринариялық және фитосанитариялық келісімдер, хаттамаларАШМ2026, 2027 және 2028 жылдардың төртінші тоқсаныталап етілмейдіталап етілмейді
30.Ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін сатып алынатын аса қауіпті ауруларға қарсы ветеринариялық препараттарды халықаралық стандарттар бойынша сертификаттауҚазақстан Республикасының Үкіметіне ақпаратАШМ2026, 2027 және 2028 жылдардың төртінші тоқсаныталап етілмейдіталап етілмейді
31.Ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту мақсатында ветеринариялық объектілерді (ветеринариялық пункттер, ветеринариялық станциялар және мал қорымдары) салу, сатып алу және жарақтандыруАШМ-ға ақпаратЖАО2026, 2027 және 2028 жылдардың төртінші тоқсанықолда бар бюджет қаражаты шегіндеталап етілмейді
32.Жыл сайын қазақстандық кемінде 10 кәсіпорынды үшінші елдердің ЕАЭО нарықтарына жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты экспорттау құқығы бар кәсіпорындардың тізіліміне енгізуҚазақстан Республикасының Үкіметіне ақпаратАШМ2026, 2027 және 2028 жылдардың төртінші тоқсаныталап етілмейдіталап етілмейді
33.Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ағымдағы жай-күйі мен қызмет нәтижелеріне кешенді талдау жүргізуталдау есебіАШМ2026 жылдың төртінші тоқсаныталап етілмейдіталап етілмейді
34.Өңірлердегі табысты ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тәжірибесін зерделеу, кейіннен үздік практикаларды кеңінен тарату бойынша ұсынымдар әзірлеуЖАО-ға хатАШМ2026, 2027 және 2028 жылдардың төртінші тоқсаныталап етілмейдіталап етілмейді
35.Ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде жүн мен тері жинаудың сервистік-дайындау орталықтарын құруҚазақстан Республикасының Үкіметіне ақпаратАШМ2026 жылдың төртінші тоқсаны-БТИ (ЕДБ мен қаржы институттарының тартылған қаражаты)
36.ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін импорттық және отандық өнімдерге (сүт, сүт өнімдері, ет және ет өнімдері, жемістер мен көкөністерден алынған астық және шырын өнімдері) қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды күшейтуҚазақстан Республикасының Үкіметіне ақпаратАШМ, Қаржымині, ЖАОжыл сайын,2026 – 2028 жылдарталап етілмейдіталап етілмейді
37.Шикізатты және дайын ауыл шаруашылығы өнімдерін ел ішінде тасымалдау бойынша және шикізаттық емес тауарларды экспорттау кезіндегі ахуалды жақсарту үшін логистиканың проблемалы мәселелері бойынша (вагондардың тапшылығы, жүктерді жеткізу жылдамдығының төмен болуы, локомотивтік тартымның жетіспеушілігі, тасымалдау тарифтерінің жоғары болуы, шикізаттық емес тауарларды тиеп-жөнелту бойынша басымдықтың болмауы және т.б.) жедел шаралар қабылдауҚазақстан Республикасының Үкіметіне ақпаратАШМ, КМ, ҚТЖ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)жыл сайын, 2024 – 2028 жылдарталап етілмейдіталап етілмейді
5-бағыт. АӨК субъектілерін оқыту
38.Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің басшылары мен мүшелері үшін оқыту модульдерін әзірлеу және енгізуАШМ- ға ақпарат"УАҒБО" КеАҚ (келісу бойынша)2026 жылдың төртінші тоқсаныталап етілмейдіталап етілмейді
39.Табысты жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы кооперативтері базасында барлық өңірлерді қамти отырып, жеке кәсіпкерлер мен фермерлер үшін оқыту семинарларын өткізуАШМ- ға ақпаратЖАО2026-2027 жылдарталап етілмейдіталап етілмейді
40.Әкімдіктердің жергілікті жерлерде ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қатысудың артықшылықтары туралы түсіндіру семинарларын өткізуіАШМ- ға ақпаратЖАО2026 – 2027 жылдарталап етілмейдіталап етілмейді
41."Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің талаптары бойынша ет өндірісінің барлық субъектілері арасында оқыту жүргізуҚазақстан Республикасының Үкіметіне ақпаратАШМ, ЖАО, "УАҒБО" КеАҚ (келісу бойынша)жыл сайын, 2026 – 2028 жылдарреспубликалық бюджетте көзделген қаражат шеңберіндеРБ**

 

      Ескертпе:

      * Егіс алқаптарының құрылымы бюджет қаражатының бөлінуіне, нарық конъюнктурасының өзгеруіне, сондай-ақ іске асыру түрлеріне, дайындық деңгейіне және инвестициялық ірі жобалардың, оның ішінде шетелдіктер қатысатын жобалардың жүктемесіне байланысты жыл сайын қайта қаралуы мүмкін;

      ** АШМ 2026 – 2030 жылдарға арналған даму жоспарында көзделген қаражат.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      "АНК" АҚ – "Аграрлық несие корпорация" акционерлік қоғамы;

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ – "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;

      "Еуразия" ТСО – "Еуразия" трансшекаралық сауда орталығы;

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;

      ЖБ – жергілікті бюджет;

      ЖҚШ – жеке қосалқы шаруашылықтар;

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      ҚР – Қазақстан Республикасы;

      РБ – республикалық бюджет;

      САТЖАҚ – селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс ақпараттық қоры (асыл тұқымды жануарлар және селекциялық процеске тартылған жануарлар туралы деректерді жинау, жинақтау және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі, жануарлардың генетикалық әлеуетін жетілдіру және арттыру, сондай-ақ асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу үшін пайдаланылады, уәкілетті орган айқындаған оператор сүйемелдейді);

      СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;

      "Орталық Азия" ХӨКО – "Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы;

      ІҚМ – ірі қара мал;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      ҰҚМ – ұсақ мал.

 

 Қазақстан Республикасыныңагроэкономикасын дамытудың2026 – 2028 жылдарға арналғанкешенді жоспарына 1-қосымша

 

Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру: бидай, мың га

 

Жүктеу

Өңірлер

2025 жыл (факт)

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

 

 

Жүктеу

12345
Абай234,1234,1234,1234,1
Ақмола3 883,63 843,63 813,63 783,6
Ақтөбе319,7319,7319,7319,7
Алматы35,835,835,835,8
Атырау----
Шығыс Қазақстан162,9170,7168,9165,2
Жамбыл157,7145,1145,1145,1
Жетісу87,687,687,687,6
Батыс Қазақстан187,0202,7198,0196,0
Қарағанды779,2779,2779,2779,2
Қостанай3 401,53 371,53 331,53 301,5
Қызылорда10,38,91010
Маңғыстау----
Павлодар614,9614,9614,9614,9
Солтүстік Қазақстан2 137,02 107,02 077,02 037,0
Түркістан240,7240,7240,7240,7
Ұлытау17,62017,617,6
Астана қаласы1,01,01,01,0
Алматы қаласы----
Шымкент қаласы4,34,34,34,3
ҚР бойынша жиыны12 274,612 186,812 079,011 973,3

 

Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру: жүгері, мың га

 

Жүктеу

Өңірлер

2025 жыл (факт)

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

 

 

Жүктеу

12345
Абай8,19,09,012,0
Ақмола0,315,025,035,0
Ақтөбе1,51,51,51,5
Алматы48,758,060,070,0
Шығыс Қазақстан0,93,03,05,0
Жамбыл18,230,050,060,0
Жетісу42,247,455,065,0
Батыс Қазақстан2,02,02,02,0
Қостанай3,615,025,035,0
Қызылорда1,710,01517
Павлодар4,94,911,030,0
Солтүстік Қазақстан2,815,025,035,0
Түркістан39,655,06070
ҚР бойынша жиыны174,6265,8341,5437,5

 

Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру: майлы дақылдар, мың га

 

Жүктеу

Өңірлер

2025 жыл (факт)

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

 

 

Жүктеу

1

2

3

4

5

Абай

339,4

322,0

322,0

322,0

Ақмола

495,4

534,0

552,2

569,2

Ақтөбе

60,3

62,6

62,6

62,6

Алматы

23,8

24,5

24,5

24,5

Шығыс Қазақстан

259,5

232,3

232,3

232,3

Жамбыл

38,0

40,0

40,0

40,0

Жетісу

106,2

105,4

105,4

105,4

Батыс Қазақстан

137,0

123,1

123,1

123,1

Қарағанды

78,1

88,0

88,5

89,0

Қостанай

873,5

887,0

905,2

922,2

Қызылорда

6,4

6,1

6,1

6,1

Павлодар

518,8

530,0

530,0

530,0

Солтүстік Қазақстан

978,8

1 000,0

1 018,2

1 034,2

Түркістан

73,0

86,6

86,6

86,6

Шымкент қаласы

2,3

3,0

3,0

3,0

ҚР бойынша жиыны3 990,54 045,64 1004 150

 

Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру: азықтық дақылдар, мың га

 

Жүктеу

Өңірлер

2025 жыл (факт)

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

 

 

Жүктеу

1

2

3

4

5

Абай

134,7

137,0

143,0

151,0

Ақмола

336,6

353,0

370,0

389,0

Ақтөбе

262,8

264,0

274,0

285,0

Алматы

203,8

204,0

210,0

219,0

Атырау

4,9

5,0

5,0

5,0

Шығыс Қазақстан

108,1

132,0

137,0

142,0

Жамбыл

181,3

186,0

188,0

190,0

Жетісу

90,5

96,0

100,0

104,0

Батыс Қазақстан

208,8

210,0

224,0

240,0

Қарағанды

172,2

195,0

210,0

230,0

Қостанай

509,3

559,0

581,0

604,0

Қызылорда

69,4

74,0

78,0

82,0

Маңғыстау

0,1

-

-

-

Павлодар

263,7

264,0

282,0

302,0

Солтүстік Қазақстан

293,0

405,0

420,0

435,0

Түркістан

229,9

230,0

246,0

263,0

Ұлытау

5,1

5,0

5,0

5,0

Астана қаласы

0,8

-

-

-

Шымкент қаласы

2,1

2,1

2,1

2,1

ҚР бойынша жиыны3 077,33 3213 4753 648

 

Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру: күріш, мың га

 

Жүктеу

Өңірлер

2025 жыл (факт)

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

 

 

Жүктеу

1

2

3

4

5

Алматы

7,7

5,8

5,2

4

Жетісу

1,0

1,0

1,0

1,0

Қызылорда

80,9

70,0

70,0

70,0

Түркістан

10,9

3,5

3

2,5

 ҚР бойынша жиыны100,580,379,277,5

 

Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру: қант қызылшасы, мың га

 

Жүктеу

Өңірлер

2025 жыл (факт)

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

 

 

Жүктеу

1

2

3

4

5

Алматы

0,2

0,2

0,2

0,2

Жетісу

12,2

12,2

15,5

16,0

Жамбыл

6,6

8,5

23,5

24,0

ҚР бойынша жиыны19,120,939,040,0

 

Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру: картоп (АШТӨ), мың га

 

Жүктеу

Өңірлер

2025 жыл (факт)

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

 

 

Жүктеу

1

2

3

4

5

Абай

1,9

2,5

2,7

3,0

Ақмола

3,9

4,1

4,5

4,9

Ақтөбе

1,9

2,1

2,3

2,5

Алматы

4,6

4,8

5,2

5,7

Атырау

0,4

0,5

0,5

0,6

Шығыс Қазақстан

0,9

2,1

2,3

2,5

Жамбыл

6,0

6,2

6,8

7,4

Жетісу

3,7

3,8

4,1

4,5

Батыс Қазақстан

1,7

1,9

2,1

2,3

Қарағанды

10,7

11,2

12,2

13,4

Қостанай

7,1

7,3

8,0

8,7

Қызылорда

0,3

1

1,1

1,2

Маңғыстау

-

-

-

-

Павлодар

27,5

27,6

30,1

32,9

Солтүстік Қазақстан

5,3

7,5

8,2

9,0

Түркістан

8,7

11,5

12,5

13,7

Ұлытау

0,1

0,1

0,1

0,1

Астана қаласы

0,03

-

-

-

Алматы қаласы

-

-

-

-

Шымкент қаласы

0

-

-

-

ҚР бойынша жиыны84,594,2103112

 

 

 Қазақстан Республикасыныңагроэкономикасын дамытудың2026 – 2028 жылдарға арналғанкешенді жоспарына 2-қосымша

 

Жұмыс істеп тұрған өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі: бидай өңдеу, %

 

Жүктеу

Өңірлер

2025 жыл (факт)

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

 

 

Жүктеу

1

2

3

4

5

Абай

18,0

23,1

24,7

26,0

Ақмола

14,8

17,0

19,3

22,0

Ақтөбе

100

100

100

100

Алматы

100

85,7

88,5

90,0

Атырау

-

-

-

-

Батыс Қазақстан

66,0

68,4

69,1

73,0

Жамбыл

38,5

39,4

40,4

41,0

Жетісу

11,8

12,3

12,7

13,0

Қарағанды

26,9

27,1

29,8

33,0

Қостанай

40,3

40,7

42,6

45,0

Маңғыстау

61,3

62,5

65,6

68,0

Қызылорда    
Павлодар

27,5

31,8

33,1

35,0

Солтүстік Қазақстан

32,9

33,2

34,2

36,0

Түркістан

50,3

52,2

54,8

56,0

Ұлытау

42,1

44,4

47,6

50,0

Шығыс Қазақстан

39,9

40,6

41,5

42,0

Алматы қаласы

86,6

91,5

93,9

96,0

Астана қаласы

57,2

60,1

61,6

62,0

Шымкент қаласы

44,7

46,7

47,7

50,0

ҚР бойынша жиыны35,836,638,340,0

 

Жұмыс істеп тұрған өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі: майлы дақылдарды өңдеу, %

 

Жүктеу

Өңірлер

2025 жыл (факт)

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

 

 

Жүктеу

1

2

3

4

5

Абай

80,9

81,0

82,4

85,3

Ақмола

47,5

48,3

51,2

54,1

Ақтөбе

39,6

44,1

49,6

52,4

Алматы

57,1

60,4

66,5

70,5

Атырау    
Батыс Қазақстан

31,1

37,0

41,6

46,2

Жамбыл

18,8

28,8

32,4

36,1

Жетісу

33,1

36,7

39,5

50,8

Қарағанды    
Қостанай

69,0

69,2

70,1

71,8

Маңғыстау    
Қызылорда    
Павлодар

15,8

17,3

24,2

31,1

Солтүстік Қазақстан

38,6

38,7

43,2

49,3

Түркістан

14,0

15,3

22,9

30,6

Ұлытау    
Шығыс Қазақстан

64,9

69,4

70,4

71,6

Алматы қаласы

98,7

99,3

100,0

100,0

Астана қаласы    
Шымкент қаласы

21,4

22,3

22,3

28,3

ҚР бойынша жиыны50,451,053,256,3

 

Жұмыс істеп тұрған өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі: ет өңдеу, %

 

Жүктеу

Өңірлер

2025 жыл (факт)

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

 

 

Жүктеу

1

2

3

4

5

Абай

80

83

84

86

Ақмола

47

49

50

52

Ақтөбе

88

90

91

93

Алматы

77

79

81

82

Атырау

32

37

39

41

Батыс Қазақстан

88

90

91

93

Жамбыл

31

31

33

34

Жетісу

81

82

83

83

Қарағанды

68

69

71

72

Қостанай

56

62

66

72

Қызылорда

15

17

20

22

Павлодар

91

93

95

96

Солтүстік Қазақстан

79

80

81

82

Түркістан

43

44

46

50

Шығыс Қазақстан

76

78

84

85

Алматы қаласы

69

70

73

75

Астана қаласы

40

41

42

44

Шымкент қаласы

69

71

75

77

ҚР бойынша жиыны63656770

 

 

 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау