Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Үкімет қаулылары / Қазақстан Республикасында контейнерлік тасымалдарды дамытудың 2026 – 2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасында контейнерлік тасымалдарды дамытудың 2026 – 2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасында контейнерлік тасымалдарды дамытудың 2026 – 2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 449 қаулысы.

Контейнерлік тасымалдарды одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында контейнерлік тасымалдарды дамытудың 2026 – 2030 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.

      2. Кешенді жоспарды орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары, өзге де ұйымдары (келісу бойынша):

      1) Кешенді жоспарды іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;

      2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпаратты беріп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына беріп тұрсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан РеспубликасыныңПремьер-МинистріО. Бектенов

 

 

 Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің2026 жылы "29" мамырдағы№ 449 қаулысыменбекітілген

 

Қазақстан Республикасында 2026 – 2030 жылдарға арналған контейнерлік тасымалдарды дамыту жөніндегі кешенді жоспар

Паспорт

 

Жүктеу

1АтауыҚазақстан Республикасында 2026 – 2030 жылдарға арналған контейнерлік тасымалдарды дамытудың кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар)
2Әзірлеу үшін негіздемеҚазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 13 қазандағы № 1042 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (41-тармақ)
3Іске асыру мерзімдері2026 – 2030 жылдар
4Әзірлеуші мемлекеттік орган және бірлесіп орындаушылардың атауы1)      Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі (әзірлеуші мемлекеттік орган);2)      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;3)      Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;4)      Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі;5)      Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі;6)      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі;7)      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;8)      Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі;9)      астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары;10)      "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;11)      "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;12)      "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
5Негізгі проблемалар мен оларды шешу жөніндегі міндеттерді көрсете отырып Кешенді жоспарды қабылдау қажеттілігі туралы қысқаша ақпарат2026 – 2030 жылдарға арналған контейнерлік тасымалдарды дамытудың кешенді жоспарын қабылдау Қазақстан Республикасында контейнерлік технологияларды пайдалану деңгейінің төмен болуымен, сонымен қатар елеулі транзиттік, экспорттық және ішкі жүк әлеуетінің бар болуымен негізделеді. Әлемдік саудада жаһандық контейнерлендіру мен жүк ағындары үшін халықаралық бәсекелестіктің күшеюі жағдайында контейнерлік тасымалдарды дамытуға жүйелі әрі нысаналы тәсіл қажет. Контейнерлік тасымалдар көлік-логистикалық кешеннің тиімділігін арттырудың, экономиканың логистикалық шығындарын төмендетудің және елдің экспорттық-транзиттік рөлін нығайтудың негізгі элементі болып табылады.Негізгі проблемалар1. Контейнерлік тасымалдар үлесінің төмен болуы. Контейнерлік тасымалдар жалпы тасымалдар көлемінің8 %-ын ғана құрайды, ал республика ішіндегі қатынастағы үлесі өте төмен (0,3 %), бұл контейнерлердің ішкі нарыққа қызмет көрсетуге әлсіз интеграциясын көрсетеді.2. Жүк әлеуетінің жеткіліксіз іске асырылуы. Жылына шамамен 68,7 млн тонна көлеміндегі контейнерге жарамды жүк базасының болуына қарамастан, қазіргі тасымалдар көлемі әлеуетті деңгейден үш есе төмен.3. Тасымал құрылымындағы теңгерімсіздік. Контейнер айналымының негізгі көлемі транзит есебінен қалыптасады, ал экспорттық және импорттық тасымалдар ұқсас транзиттік әлеуеті бар елдермен салыстырғанда жеткіліксіз дамыған.4. Инфрақұрылымдық және технологиялық шектеулер. Контейнерлік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы, жүк номенклатурасы мен жөнелту пункттері бойынша жоғары шоғырлану оны мақсатты және кезең-кезеңімен дамытуды талап етеді.5. Тасымал жылдамдығы мен болжамдылығының төмендеуі. Негізсіз тексерулер, ұзаққа созылатын бақылау рәсімдері және контейнерлердің қозғалысына қойылатын уақытша шектеулер жеткізу мерзімдерін ұзартып, қазақстандық маршруттардың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.Проблемаларды шешу жөніндегі негізгі міндеттер:-      экономикалық тұрғыдан бәсекеге қабілетті және технологиялық жағынан орнықты контейнерлік тасымалдар жүйесін қалыптастыру;-      ішкі, экспорттық және импорттық қатынастарда контейнерлерді қолдануды кеңейту;жүк базасының шоғырлануын ескере отырып контейнерлік инфрақұрылымды кезең-кезеңімен дамыту;-      бақылау және тексеру рәсімдерін оңтайландыру арқылы тасымалдардың жылдамдығы мен сенімділігін арттыру;-      теңгерімді тарифтік модельді және жеке инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру;контейнерлік тасымалдарды халықаралық көлік-логистикалық дәліздерге интеграциялау.

 

 

Жүктеу

Р/с№АтауыАяқталу нысаныОрындау мерзіміЖауапты орындаушыларҚаржыландыру көлеміҚаржыландыру көзі
1234567
Күтілетін нәтижелер:
1) контейнерлік тасымалдар үлесін тасымалдардың жалпы көлемінен 2030 жылға қарай 15 % – ға дейін ұлғайту (2025 жылы – 8 %)
2)      2025 жылғы деңгеймен салыстырғанда контейнерлік тасымалдардың жылдамдығын арттыру: 2030 жылы – транзиттік тасымалдар бойынша 20 % – ға, 2030 жылы - экспорттық тасымалдар бойынша 15 % – ға
1-бағыт. Логистикалық орталықтардың инфрақұрылымы және дамуы
1.1Бос контейнерлерді шоғырландыру үшін тірек көлік-логистикалық орталықтарды айқындау және дамытуКЛО желісін қалыптастыру жоспары2026 жылғы желтоқсанКМ, ҚТЖ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)талап етілмейдіталап етілмейді
1.2Контейнерлік тасымалдарды дамытуға арналған инфрақұрылымдық жобаларды талдау және айқындаужобалар тізімі2026 жылғы желтоқсанКМ, ҚТЖ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)талап етілмейдіталап етілмейді
1234567
1.3Контейнер қайта тиеу бойынша жеткілікті қуаттарды қамтамасыз ету және контейнерлік пойыздарды қалыптастыру үшін логистикалық инфрақұрылымды кеңейтуКМ ақпарат2030 жылғы желтоқсанҚТЖ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)талап етілмейдіталап етілмейді
1.4Екі қабатты контейнерлік тасымалдарды іске қосуКМ ақпарат2027 жылғы желтоқсанҚТЖ (келісу бойынша)талап етілмейдіталап етілмейді
1.5Көлік-логистикалық инфрақұрылымды халықаралық көлік дәліздерімен интеграциялау (ОА, ТМД, ҚХР, ЕО және басқалар)халықаралық келісімдержыл сайын 2026 - 2028 жылдарКМ, ҚТЖ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)талап етілмейдіталап етілмейді
1.6Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент, Ақтау және Қарағанды қалаларындаКМ ақпарат2027 жылғы желтоқсанАлматы, Астана, Ақтөбе,талап етілмейдіталап етілмейді
 контейнерлік алаңдар (хабтар) құру мәселесін қарау  Шымкент, Ақтау және Қарағанды қалаларының әкімдіктері, ҚТЖ (келісу бойынша)  
2-бағыт. Реттеу саясаты және саланы дамыту
2.1Терминалдар арасындағыКМ ақпарат2027ҚТЖ (келісуталап етілмейдіталап етілмейді
1234567
 нақты кестелік байланыстар негізінде ішкі тасымалдарды дамыту үшін контейнерлік сервистерді ұйымдастыру жылғы желтоқсанбойынша), облыс әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)  
2.2TRACECA қатысушы елдердің мемлекетаралық деңгейінде елдердің шекараларын кесіп өту кезінде жүкті қайта ресімдеу қажеттілігін болдырмау үшін барлық бағыт бойынша контейнерлік пойыздармен жүкқұжат ЦИМ/СМГС қолдану туралы мәселені пысықтаухалықаралық келісімдер2027 жылғы желтоқсанКМ, ҚТЖ (келісу бойынша)талап етілмейдіталап етілмейді
2.3Контейнерлік парктің бірыңғай дерекқорын қалыптастыруКМ бұйрығы2028 жылғы желтоқсанКМ, ҚТЖ (келісу бойынша)талап етілмейдіталап етілмейді
2.4Контейнерлік тасымалдарды ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру және енгізу:контейнерлерді қауіпсіз пайдалануға, техникалық жай-күйіне және жөндеугеКМ бұйрығы2028 жылғы желтоқсанКМ, ҚТЖ (келісу бойынша)талап етілмейдіталап етілмейді
1234567
 талаптарды қалыптастыру;контейнерлерді есепке алу мен таңбалауға қойылатын талаптарды регламенттеу;     
2.5Тасымалдау процесіне қатысушылармен олардың өзара іс-қимылын ретке келтіруге бағытталған көлік-логистикалық орталықтардың қызметіне бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру және енгізу, сондай-ақ инфрақұрылымға қойылатын талаптарды және контейнерлік тасымалдау саласында қызметтер көрсету тәртібін айқындау, оның ішінде бос жүрісті регламенттеу КМ бұйрығы2028 жылғы желтоқсанКМ, ҚТЖ (келісу бойынша)талап етілмейдіталап етілмейді
2.6Контейнерлік тасымалдарды жобалауға, пайдалануға және олардың тиімділігін бағалауға бірыңғай тәсілді қалыптастыру және енгізу, соның ішінде контейнерлендіру деңгейініңКМ бұйрығы2028 жылғы желтоқсанКМ, ҚТЖ (келісу бойынша)талап етілмейдіталап етілмейді
1234567
 көрсеткіштерін айқындау     
2.7Бір контейнерлік поезға тек біртекті жүкке бір декларация беру бөлігінде кедендік жүктерді декларациялау рәсімін оңайлату (бір жөнелту станциясы, бір жүк жөнелтуші, бір мемлекетаралық түйісу пункті)Үкімет Аппаратына ақпарат2027 жылғы желтоқсанҚаржымині, КМ, ҚТЖ (келісу бойынша)талап етілмейдіталап етілмейді
2.8Контейнерлік тасымалдарды дамыту, оның ішінде "жасыл" дәлізді енгізу үшін әкімшілік кедергілерді азайту мәселесін пысықтауҮкімет Аппаратына ақпарат2027 жылғы желтоқсанҚаржымині, КМ, ҚТЖ (келісу бойынша)талап етілмейдіталап етілмейді
2.9Мультимодальды логистика саласындағы мамандардың құзыреттілігін арттыру және кәсіби тәжірибесін дамыту, сондай-ақ мамандандырылған білім беру бағдарламаларын енгізуҒЖБМ бұйрығы2027 жылғы желтоқсанҒЖБМ, КМ, ҚТЖ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)талап етілмейдіталап етілмейді
2.10Контейнерлік жүктерді қабылдауға, өңдеуге және жөнелтуге рұқсат етілгенҮкімет Аппаратына ақпарат2030 жылғы желтоқсанКМ, ҚТЖ (келісу бойынша),талап етілмейдіталап етілмейді
1234567
 теміржол инфрақұрылымы мен терминалдарына талаптар жүйесінің стандарттары мен параметрлерін әзірлеу және бекіту  "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)  
2.11Фитингтік платформалардың қажетті паркіне және отандық вагон құрылысы зауыттарының мүмкіндіктеріне талдау жүргізуКМ қорытындысы2027 жылғы желтоқсанКМ, ӨҚМ, ҚТЖ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)талап етілмейдіталап етілмейді
2.12Отандық контейнерлер өндірісін ұйымдастыру мәселесін зерделеуҮкімет Аппаратына ақпарат2027 жылғы желтоқсанКМ, ӨҚМ, ҚТЖ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)талап етілмейдіталап етілмейді
2.13Контейнерлеуді дамытуға бағытталған инновациялық, ғылыми және стартап-жобаларды іске асыру үшін отандық және шетелдік қаржы ұйымдарын тартумеморандумдар2027 жылғы желтоқсанКМ, ҚТЖ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)талап етілмейдіталап етілмейді
3-бағыт. Тарифтік саясат
3.1Контейнерлеу деңгейі 15 % -КМ ақпарат2026ҚТЖ (келісуталап етілмейдіталап етілмейді
1234567
 ға жеткенге дейін контейнерлерде жүктерді тасымалдау тарифтерінің қолданыстағы деңгейін сақтау жылғы тамызбойынша)  
3.2Өндірістік емес қосалқы сілтемелермен жүктелуін барынша азайту мақсатында бос контейнерлердің қалыптасуы басым өңірлерден экспорттық контейнерлік бағыттар үшін экономикалық орындылығын және (немесе) субсидияларды ескере отырып жеңілдіктер жүйесін енгізуКМ ақпарат2028 жылғы желтоқсанҚТЖ (келісу бойынша)талап етілмейдіталап етілмейді
3.3Каспий теңізіндегі теңіз порттарында контейнерлерді тасымалдау тарифтерін белгілеудің бірыңғай қағидаттарын қалыптастыру мен қолдануҮкімет Аппаратына ақпарат2028 жылғы желтоқсанКМ, ҚТЖ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)талап етілмейдіталап етілмейді
4-бағыт. Цифрландыру және технологиялар
4.1Халықаралық контейнерлік тасымалдарға қатысатын барлық мүдделі тараптарКМ ақпарат2028 жылғы желтоқсанҚТЖ (келісу бойынша)талап етілмейдіталап етілмейді
1234567
 арасында деректер алмасу үшін электрондық теміржол ЦИМ/СМГС жүкқұжаттарын енгізу     
4.2Маршруттарды онлайн жоспарлау, мөлшерлемелерді есептеу және тасымалдарды ресімдеу үшін тасымалдау процесіне қатысушыларға ашық қолжетімділігі бар цифрлық экспедиторды енгізуді пысықтаусандық платформа2027 жылғы желтоқсанҚТЖ (келісу бойынша), КМ, ЖИЦДМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)500 млн теңгеҚТЖ бюджетінен тыс қаражаты
4.3Хабарламалар тізілімін (ЖБ) цифрландыруды қоса алғанда, жылжымалы құрамды техникалық тексеру мен жөндеуді цифрлық есепке алу және бақылау жүйесін пысықтауКМ ақпарат2027 жылғы желтоқсанҚТЖ (келісу бойынша), КМ, ЖИЦДМталап етілмейдіталап етілмейді

 

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

 

ҒЖБМҚазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі;
ЖИЦДМҚазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі;
КМҚазақстан Республикасы Көлік министрлігі;
ҚаржыминіҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
ӨҚМҚазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;
СИМҚазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі;
ҰЭМҚазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;
ЭМҚазақстан Республикасы Энергетика министрлігі;
ҚТЖ"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;
"Атамекен" ҰКП"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
ЦИМ/СМГСЕуропа мен ТМД/Азия елдері арасында тасымалдау үшін пайдаланылатын бірыңғай халықаралық теміржол жүкқұжаты;
ЖБвагондарды есепке алуға, жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге байланысты бастапқы құжаттама нысандары;
ЖСҚжобалау-сметалық құжаттама.

 

 

 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау