Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бұйрық / 2026 жылы әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы

2026 жылы әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

2026 жылы әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 29 мамырдағы № 345/қе-қа бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 1 маусымда № 38861 болып тіркелді

  "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. 2026 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жетісу, Жамбыл және Атырау облыстары бойынша департаменттерінде әскери жиындардан өту үшін 270 әскери міндетті күнтізбелік 30 күн мерзімге шақырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-майор Ерлан Ерғалиұлы Алдажұмановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері таныстырылсын.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан РеспубликасыҰлттық қауіпсіздік комитетінің ТөрағасыЕ. Сагимбаев

 

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі 

 

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау