Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бұйрық / Мемлекеттік инспекторлардың құрылыс саласындағы қызметті тоқтата тұру туралы қаулыcының нысанын бекіту туралы

Мемлекеттік инспекторлардың құрылыс саласындағы қызметті тоқтата тұру туралы қаулыcының нысанын бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Мемлекеттік инспекторлардың құрылыс саласындағы қызметті тоқтата тұру туралы қаулыcының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы № 285 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 8 маусымда № 38918 болып тіркелді

  Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексі 24-бабының 56) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мемлекеттік инспекторлардың құрылыс саласындағы қызметті тоқтата тұру туралы қаулысының нысаны бекітілсін.

      2. "Мемлекеттік инспекторлардың құрылыс саласындағы қызметті тоқтата тұру туралы актісінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 333 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35125 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан РеспубликасыӨнеркәсіп және құрылыс министрініңміндетін атқарушыК. Кажкенов

 

 

 Қазақстан РеспубликасыӨнеркәсіп және құрылысминистрінің міндетін атқарушы2026 жылғы 5 маусымдағы№ 285 бұйрығынақосымша

 

Мемлекеттік инспекторлардың құрылыс саласындағы қызметті тоқтата тұру туралы қаулы

      1) Жедел ден қою шарасының түрі:________________________________________________________________

      2) Қаулының жасалған күні, уақыты мен орны:________________________________________________________________________________________________________________________________

      3) Мемлекеттік органның атауы:________________________________________________________________________________________________________________________________

      4) Қаулыны жасайтын адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке бастыкуәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы:________________________________________________________________

      5) Бақылау мен қадағалау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты(егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның басшысының тегі,аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), сондай-аққаулыны ресімдеу кезінде қатысушы бақылау мен қадағалау субъектісі өкілініңлауазымы:_______________________________________________________________________________________________________________________

      6) Жедел ден қою шарасын қолдану негізі: ___________________________

      7) Жедел ден қою шарасының қолданылу мерзімі (қажет болған кезде):________________________________________________________________________________________________________________________________

      8) Қаулыны алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы мәліметтер (күні жәнебақылау мен қадағалау субъектісі басшысының немесе бақылау мен қадағалаусубъектісі өкілінің қолтаңбасы):________________________________________________________________________________________________________________________________

      9) Қаулыны ресімдеген лауазымды адамның қолтаңбасы:________________________________________________________________________________________________________________________________

      10) Бақылау және қадағалау органы басшысының лауазымы, тегі, аты, әкесініңаты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және қолтаңбасы:________________________________________________________________________________________________________________________________

      Ескертпе:Осы қаулы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес прокурормен келісуге жатады.Осы қаулыға шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.Шағым беру жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұрмайды. 

 

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау