Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бұйрық / Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту қағидаларын, нысандары мен түрлерін бекіту туралы

Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту қағидаларын, нысандары мен түрлерін бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту қағидаларын, нысандары мен түрлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 5 мамырдағы № 10 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 5 мамырда № 38667 болып тіркелді

  "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 10) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту қағидалары, нысандары мен түрлері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Превенция және талдау әзірлемелері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан РеспубликасыҚаржылық мониторинг агенттігінің төрағасыЖ. Элиманов

 

 

 2026 жылғы 5 мамырдағы№ 10

 

Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту қағидалары, нысандары мен түрлері

1‑тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту қағидалары, нысандары мен түрлері (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 16‑бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына азаматтарды тарту тәртібін, нысандары мен түрлерін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:

      1) экономикалық тергеп-тексеру қызметі – Қазақстан Республикасының заңдарында қаржы мониторингі жөніндегі органдардың жүргізуіне жатқызылған қылмыстардың және құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге бағытталған қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыратын осы органдардың жедел-тергеу бөлімшелері. 2) экономикалық тергеп-тексеру қызметінің деректер қоры – құқық бұзушылық профилактикасына қатысуға ниет білдірген жеке тұлғалар туралы мәліметтерді есепке алу, өңдеу, сақтау үшін арналған деректер қоры.

2‑тарау. Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту тәртібі, нысандары мен түрлері

      3. Азаматтарды құқық бұзушылық профилактикасына тарту Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес экономикалық тергеп-тексеру қызметіне ерікті түрде жәрдем көрсету арқылы жүзеге асырылады.

      4. Азаматтар құқық бұзушылық профилактикасына өзінің қатысу құқығын Заңының 6-бабына сәйкес мынадай нысандарда іске асырады:

      1) жеке;

      2) ұжымдық.

      5. Азаматтар орын алып отырған тәуекелдер мен қатерлер туралы бірлескен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына, сондай-ақ экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылықпен байланысты алдын алу шараларын іске асыруға қатысу түрінде экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына тартылады.

      6. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтар өзара келісуі бойынша және экономикалық тергеп-тексеру қызметінің аумақтық органдарымен келісу бойынша тұрақты мекенжайы, жұмыс, оқу орны немесе өзінің меншігі орналасқан жерде құқық бұзушылық профилактикасына ұжымдаса отырып қатысуы мүмкін.

      7. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысуға ниет білдірген азамат экономикалық тергеп-тексеру қызметіне өтінішпен жүгінеді, оған Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және (бар болған жағдайда) өмірі мен денсаулығын сақтандыру туралы куәліктің көшірмесін қоса береді.

      Өтініште азамат құқық бұзушылық профилактикасына қатысу нысанын (жеке немесе ұжымдық) көрсетеді.

      8. Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің бөлімшесі өтініш келіп түскен күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте азаматты наркологиялық, психикалық-неврологиялық және өзге де есепке алу бойынша тексереді, содан кейін ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына тиісті өтінішхатпен жүгінеді, оған ұсынылған құжаттардың көшірмелерін қоса береді не өтініш берушіге жазбаша түрде бас тартып, қабылданған шешімнің себептерін көрсетеді.

      9. Ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы келіп түскен өтінішхатты жеті жұмыс күні ішінде қарайды, азаматты тіркеуді жүргізеді және оны қоғамдық көмекші ретінде есепке қояды, бұл туралы тиісті экономикалық тергеп-тексеру қызметінің бөлімшесіне жазбаша хабар береді.

      10. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысуға:

      1) кәмелет жасына толмаған;

      2) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан;

      3) Заңда көзделген профилактикалық есепте тұрған;

      4) өтініш бергенге дейін бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

      5) наркологиялық, психикалық-неврологиялық диспансерлерде есепте тұрған не сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған азаматтар жіберілмейді.

      11. Өтiнiштiң қабылданбауы оны қабылдаудан бас тартуға негiз болған себептер жойылған жағдайда, өтiнiш берушiнiң қайта жүгінуіне кедергi болмайды.

      12. Қоғамдық көмекшінің тіркелгені туралы ақпаратты алынғаннан кейін экономикалық тергеп-тексеру бөлімшесі есепке алу ісін ашады.

      Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтар ұжымына бір қадағалау ісі ашылады, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық бірлестіктерге қадағалау істерін тіркеу журналында есепке алынады.

      13. Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық көмекшілер өз қызметін:

      1) құқықтық насихатты ұйымдастыруға қатысу;

      2) консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысу;

      3) құқық бұзушылық профилактикасының басқа субъектілеріне жәрдемдесу;

      4) құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу арқылы жүзеге асырады.

      14. Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкерлері қоғамдық көмекшілердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру арқылы құқықтық даярлықты ұйымдастырады.

      15. Жергілікті атқарушы органда тіркелгеннен кейін экономикалық тергеп-тексеру қызметінің аумақтық органының басшылығы қоғамдық көмекшіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жыл мерзімге қоғамдық көмекші куәлігін береді.

      16. Қоғамдық көмекшілерді есепке алу осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды есепке алу журналына сәйкес жүзеге асырылады.

      17. Профилактикалық іс-шаралардың нәтижелері бойынша қоғамдық көмекші экономикалық тергеп-тексеру қызметінің бөлімшесіне атқарылған жұмыс туралы анықтама береді, ол тиісті есепке алу ісіне қоса тігіледі.

      18. Қоғамдық көмекшінің қызметі туралы мәліметтерді осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қоғамдық көмекшінің жұмыс нәтижелерін есепке алу табелінде қоғамдық көмекшілердің есеп істерін жүргізетін экономикалық тергеп-тексеру қызметінің бөлімшесімен тоқсан сайын қорытындыланады.

      19. Қоғамдық көмекшінің қызметін ұйымдастыруға құқық бұзушылық профилактикасына көмек көрсету ниетін білдірген экономикалық тергеп-тексеру қызметінің аумақтық органының бірінші басшысы жауапты.

      20. Қоғамдық көмекшінің құқық бұзушылық профилактикасына қатысуын тоқтату негіздері Заңның 45-бабының 7-тармағында белгіленген.

      21. Осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезде ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы экономикалық тергеп-тексеру қызметінің ұсынысы бойынша аталған азаматты қоғамдық көмекшілердің есебінен шығарады.

      Азаматтың құқық бұзушылық профилактикасына қатысуын тоқтату туралы материалдардың дайындығын ол есепте тұрған экономикалық тергеп-тексеру қызметі қамтамасыз етеді.

 

 Экономикалық (қаржылық)құқық бұзушылықпрофилактикасына қатысатыназаматтарды тартудыңқағидалары, нысандары ментүрлері1-қосымша

 

Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық бірлестіктерге қадағалау істерін тіркеу журналы

№ _____

__________________________________________

(аумақтық органның атауы)

      20__ ж. "___" __________ басталды

      20__ ж. "___" __________ аяқталды

      Қоғамдық бірлестіктерді тіркеу журналының ішкі мазмұны

 

Жүктеу

р/с №Қоғамдық өзінше қызмет көрсету бірлестігінің атауыМекенжайы,телефоныБасшының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), үй және қызметтік телефондары, мекенжайымен тұрғылықты жеріӘкімдікте тіркелген нөмірі, күні
12345
     

 

 

 Экономикалық (қаржылық)құқық бұзушылықпрофилактикасына қатысатыназаматтарды тартудыңқағидалары, нысандары ментүрлері2-қосымша

 

Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қоғамдық көмекшісі куәлігінің үлгісі

 

Жүктеу

   
 Алдыңғы жағы Артқы жағы 

 

      1. Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қоғамдық көмекшісі куәлігі (бұдан әрі – куәлік) – құқық бұзушылық профилактикасының іс-шараларына оның заңды түрде қатысуын растайтын құжат.

      2. Куәлік тозуға төзімді көпқабатты материалдан дайындалады.

      3. Куәліктің өлшемі 85,72 х 54,03 миллиметр, бұрыштары дөңгеленген.

      4. Куәліктің алдыңғы беті ақ түсті, көгілдір реңкі бар және сызықтық толқын бейнесімен безендірілген.

      5. Куәліктің алдыңғы бетінде мыналар орналастырылады:

      1) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің логотипі (қою көк фонда сары түспен), оның төменгі жағында мемлекеттік тілде: "Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі" деген жазу;

      2) ортасында қою көк түспен мемлекеттік тілде көрсетіледі: куәліктің сериялық нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және "Экономикалық тергеп-тексеру көмекшісі", төменде "Билік өкілеттіктері берілмеген. Құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ғана тартылады." деген сөздер көрсетіледі;

      3) сол жағында азаматтың түрлі-түсті фотосуреті (анфас), өлшемі 2х3 см. Азамат ақ фонда, бас киімсіз, іскерлік үлгідегі киіммен суретке түсіріледі;

      4) төменгі бөлігінде куәліктің жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

      6. Куәліктің артқы беті ақ түсте, сызықтық толқын бейнесімен орындалған.

      7. Куәліктің артқы бетінде мыналар орналастырылады:

      1) жоғарғы бөлігінің ортасында көк түспен орыс тілінде: "Агентство Республики Казахстан по финансовому мониторингу" деген жазу;

      2) ортасында қою көк түспен орыс тілінде көрсетіледі: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және "Общественный помощник службы экономических расследований" деген сөздер, төменде "Не наделен властными полномочиями. Привлекается исключительно для проведения праворазъяснительной работы." деген мәтін орналастырылады;

      3) төменгі бөлігінде Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің логотипі және машинамен оқылатын аймақ (QR-код) орналасады. Бұл QR-код Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми сайтында орналастырылған қоғамдық көмекшілер тізіліміне сілтемені қамтиды.

 

 Экономикалық (қаржылық)құқық бұзушылықпрофилактикасына қатысатыназаматтарды тартудыңқағидалары, нысандары ментүрлері3-қосымша

 

Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды есепке алу журналы __________________________________________ (аумақтық органның атауы)

      20__ жылғы "___" __________ басталды

      20__ жылғы "___" __________ аяқталды

      Журналдың ішкі мазмұны

      1-бөлім

 

Жүктеу

№ р/сТАӘ (ол болған жағдайда), туған жылыМекенжайы, үй телефоныЖұмыс орны, телефоныБіліміЕсепке алу ісін бастау негізі ((ауданның, қаланың) әкімдігінде нөмірі, тіркеу күні)
123456
      

 

      2-бөлім

 

Жүктеу

Қоғамдық көмекші куәлігінің нөміріҚоғамдық көмекші куәлігінің қолданылу мерзіміКуәлікті алу туралы қолы және күніШығару негізі және күніКуәлікті тапсыру туралы белгіЕсептік істі жүргізетін бөлімше және қызметкерЕскертпе
78910111213

 

      Ескертпе: Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды есепке алу журналын жүргізуді экономикалық тергеп-тексеру қызметі жүзеге асырады.

 

 Экономикалық (қаржылық)құқық бұзушылықпрофилактикасына қатысатыназаматтарды тартудыңқағидалары, нысандары ментүрлері4-қосымшаБекітемінБастық ____________________(аумақтық органның атауы,атағы, қолы, тегі, аты-жөні(бар болған жағдайда)20__ жылғы "___" __________

 

Қоғамдық көмекшелердің жұмыс нәтижелерін есепке алу табелі

20 __ жылғы _________ айы ішінде

      1-бөлім

 

Жүктеу

№ р/сТегі, аты, әкесінің аты(ол болған жағдайда)Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысу сағатының саныЭкономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысу түрлері
    

 

      2-бөлім

 

Жүктеу

Марапаттау туралы мәліметтерЕскертпе
марапаттау соммасыМарапаттаудың басқа да түрлері
   

 

      Толтырған: қызметкердің ТАӘ (ол болған жағдайда), бөлініс атауы. 

 

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау