Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бұйрық / Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 23 ақпандағы № 13 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 наурызда № 38070 болып тіркелді

   Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 147-бабының 5-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын есепке алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан РеспубликасыПремьер-Министрінің орынбасары –Ұлттық экономика министріС. Жумангарин

 

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыСтратегиялық жоспарлау жәнереформалар агенттігініңҰлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыныңҚаржы министрлігі

 

 Қазақстан РеспубликасыПремьер-Министрініңорынбасары – Ұлттықэкономика министрі2026 жылғы 23 ақпандағы № 13бұйрығымен бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын есепке алуды жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын есепке алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 147-бабының 5-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын есепке алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер – жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша белгілі бір күнге мемлекеттік әріптес, концедент қабылдаған және орындамаған қаржылық міндеттемелердің бюджеттен бөлінетін сомасы бойынша мемлекеттік әріптестің, концеденттің құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы;

      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі белгіленетін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және пайдалану арқылы бір немесе бірнеше әлеуметтік-экономикалық міндетті шешу мақсатында жасалатын жазбаша келісім;

      3) мемлекеттік қазынашылық – бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы органның бюджетті қазынашылық атқару жөніндегі уәкілетті органның функциялары жүктелген ведомствосы.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын есепке алуды жүзеге асыру тәртібі

      3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын есепке алуды мемлекеттік қазынашылық "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "е-Қаржымині" ИААЖ) арқылы жүзеге асырады.

      4. Тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары мемлекеттік қазынашылыққа электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі жасаған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша ақпаратты тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оны) күніне дейін ұсынады.

      5. Мемлекеттік қазынашылық тиісті саланың орталық мемлекеттік органдары ұсынған ақпарат келіп түскеннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептерден алынған деректерге сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

      Тиісті саланың орталық мемлекеттік органдары ұсынған ақпарат республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептерден алынған деректермен сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік қазынашылық ұсынылған ақпаратты пысықтауға жібереді.

      Тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей ақпаратты пысықтайды және мемлекеттік қазынашылыққа қайтадан енгізеді.

      6. Мемлекеттік қазынашылық осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуы туралы есепті (бұдан әрі – Есеп) қалыптастырады.

      Есеп тиісті саланың орталық мемлекеттік органдары ұсынатын ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінен алынған деректер негізінде қалыптастырылады.

      7. Мемлекеттік қазынашылық Есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесі) күніне дейін жібереді.

      8. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 10 (оны) күнінен кешіктірмей, Кодекстің 40-бабының 7-тармағына сәйкес Есепті жариялауды қамтамасыз етеді.

 

 Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің мемлекеттік-жекешелікәріптестік жобалары бойыншамемлекеттік міндеттемелердіңорындалуын есепке алудыжүзеге асыру қағидаларына1-қосымша.Әкімшілікдеректерді жинауғаарналған нысан

 

      Ұсынылады: мемлекеттік қазынашылыққа.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      Әкімшілік нысанның атауы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша ақпарат.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 1-ҚРҮ МЖӘ ЖША.

      Кезеңділігі: тоқсан сайын.

      Есепті кезең: __ тоқсан __ жыл.

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды өтеусіз ұсынатын тұлғалар тобы: тиісті саланың уәкілетті орталық мемлекеттік органдары.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оны) күніне дейін.

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі:

      Жинау әдісі: электронды түрде.

 

Жүктеу

Мемлекеттік әріптестің атауыМемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының атауыМемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын тіркеу күніМемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын тіркеу нөміріМемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша жекеше әріптесМемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жалпы сомасыТөлем түріЖиыны, төлемдер кестесі бойынша мемлекеттік міндеттемелер сомасыЖиыны, мемлекеттік міндеттемелердің нақты төленген сомасыЖоспар(жыл)Факт(жыл)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

            
            
            
            
            

 

      теңге

      Атауы ______________________ Мекенжайы ______________________________

      Телефоны ___________________ Электрондық поштаның мекенжайы ______________

      Орындаушы ____________________________________________ _________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолтаңбасы, телефоны

      Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам

      ______________________ _______________ ____________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолтаңбасы

      Мөрдің орны

 

 "Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарыбойынша ақпарат" әкімшілікдеректерді өтеусіз негіздежинауға арналған нысанғақосымша

 

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша ақпарат" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме(индекс: 1-ҚРҮ МЖӘ ЖША, кезеңділігі: тоқсан сайын)

      1. Осы түсіндірме тиісті саланың уәкілетті орталық мемлекеттік органдары жасаған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша ақпарат жасауына және ұсынуына арналған.

      2. Құндық мәндегі барлық көрсеткіштер теңгемен толтырылады.

      3. Есеп мемлекеттік қазынашылыққа ұсынылады.

      Бағандарда мыналар көрсетіледі:

      1-бағанда жобаның реттік нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша мемлекеттік әріптес көрсетіледі;

      3-бағанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша жобаның атауы көрсетіледі;

      4-бағанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес жобаны іске асыру күні көрсетіледі;

      5-бағанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына тіркеу нөмірі көрсетіледі;

      6-бағанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша жекеше әріптес көрсетіледі;

      7-бағанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жалпы сомасы көрсетіледі;

      8-бағанда "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Заңның 9-бабына сәйкес жекеше әріптестің шығындарын өтеу және кірістер алу түрлері көрсетіледі;

      9-бағанда төлемдер кестесі бойынша мемлекеттік міндеттемелердің жалпы сомасы көрсетіледі;

      10-бағанда мемлекеттік міндеттемелердің нақты төленген сомасы көрсетіледі;

      11-бағанда төлемдер кестесі бойынша тиісті жылға арналған мемлекеттік міндеттемелерді төлеу жоспары көрсетіледі;

      12-бағанда төлемдер кестесі бойынша тиісті жылға арналған мемлекеттік міндеттемелерді төлеу фактісі көрсетіледі.

 

 Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің мемлекеттік-жекешелікәріптестік жобалары бойыншамемлекеттік міндеттемелердіңорындалуын есепке алудыжүзеге асыру қағидаларына2-қосымша.Әкімшілік деректердіжинауға арналған нысан

 

      Ұсынылады: бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға, бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің орындалуы туралы есеп.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 2-ҚРҮ МЖӘ МЕ.

      Кезеңділігі: тоқсан сайын.

      Есепті кезең: __ тоқсан __ жыл.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: мемлекеттік қазынашылық.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесі) күніне дейін.

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі:

      Жинау әдісі: электронды түрде.

      теңге

 

Жүктеу

Мемлекеттік әріптестің атауыМемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының атауыМемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жалпы сомасыТөлем түріЖиынтығы, төлемдер кестесі бойынша мемлекеттік міндеттемелер сомасыЖиынтығы, мемлекеттік міндеттемелердің нақты төленген сомасыЖоспар(жыл)Факт(жыл)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

         
         
         
         
         

 

      Атауы ______________________ Мекенжайы ______________________________

      Телефоны ____________________ Электрондық поштаның мекенжайы ______________

      Орындаушы ____________________________________________ _________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолтаңбасы, телефоны

      Басшы немесе оның міндеттерін орындайтын адам

      ______________________ _______________ ____________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолтаңбасы

      Мөрдің орны

 

 "Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің мемлекеттік-жекешелікәріптестік жобалары бойыншамемлекеттік міндеттемелерініңорындалуы туралы есеп" әкімшілікдеректерді өтеусіз негіздежинауға арналған нысанғақосымша

 

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің орындалуы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме(индекс: 2-ҚРҮ МЖӘ МЕ, кезеңділігі: тоқсан сайын)

      1. Осы түсіндірме Мемлекеттік қазынашылықтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер туралы жиынтық есепті жасауына және ұсынуына арналған.

      2. Құндық мәндегі барлық көрсеткіштер теңгемен толтырылады.

      3. Есеп бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға, бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылады.

      Бағандарда мыналар көрсетіледі:

      1-бағанда жобаның реттік нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша мемлекеттік әріптестің атауы көрсетіледі;

      3-бағанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша жобаның атауы көрсетіледі;

      4-бағанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жалпы сомасы көрсетіледі;

      5-бағанда "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Заңның 9-бабына сәйкес жекеше әріптестің шығындарын өтеу және кірістер алу түрлері көрсетіледі;

      6-бағанда төлемдер кестесі бойынша мемлекеттік міндеттемелердің жалпы сомасы көрсетіледі

      7-бағанда мемлекеттік міндеттемелердің нақты төленген сомасы көрсетіледі;

      8-бағанда төлемдер кестесі бойынша тиісті жылға арналған мемлекеттік міндеттемелерді төлеу жоспары көрсетіледі;

      9-бағанда тиісті жылға арналған мемлекеттік міндеттемелерді төлеу фактісі көрсетіледі. 

 

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау