Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Шешім / Тұтынушылық қаптамадағы құрылыс материалдарының жекелеген түрлерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы

Тұтынушылық қаптамадағы құрылыс материалдарының жекелеген түрлерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Тұтынушылық қаптамадағы құрылыс материалдарының жекелеген түрлерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 50 шешімі.

2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімнің 7-бабы 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеңесі шешті:

1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) тұтынушылық қаптамадағы құрылыс материалдарының жекелеген түрлерін (бұдан әрі – тауарлар) сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды (бұдан әрі – таңбалау) енгізу күнін және тәртібін өз аумақтарында осы Шешімге сәйкес дербес айқындайды және Еуразиялық экономикалық комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) осындай күн басталғанға дейін кемінде 6 ай бұрын бұл туралы хабардар етеді.

2. Мыналар белгіленсін:

таңбалауға осы Шешіммен бекітілген сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын тауарлар тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) енгізілген тауарлар жатады;

таза салмағы 300 кг-нан асатын тауарлар таңбалауға жатпайды;

тауарларды таңбалау осы Шешіммен бекітілген сипаттамаларға сәйкес келетін сәйкестендіру құралдарымен жүзеге асырылады;

тізбеге енгізілген тауарлардың қалдықтарын таңбалау қажеттілігін, сондай-ақ таңбаланбаған тауарлардың айналымда болу мерзімдерін мүше мемлекеттің заңнамасы айқындайды;

мүше мемлекеттер тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық компоненттерінің ұлттық операторларын (әкімшілерін) айқындайды;

мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жүйесінің 2021 жылғы 5 наурыздағы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің № 19 Шешімімен бекітілген базалық технологиялық ұйымдастырушылық моделінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

мүше мемлекеттер өз аумағында осы Шешімге сәйкес таңбалауды енгізу кезінде сәйкестендіру құралдарын криптографиялық қорғауды Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау кезінде криптографиялық қорғаудың бірыңғай тетіктері туралы 2021 жылғы 23 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің № 41 Шешіміне сәйкес қамтамасыз етеді.

3. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін:

сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын тауарлар тізбесі;

тауарды сәйкестендіру құралының сипаттамалары, тауарды сәйкестендіру құралындағы ақпараттың құрамы мен құрылымына қойылатын талаптар, осындай сәйкестендіру құралын генерациялау және түсіру тәртібі;

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары арасында және мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында берілетін таңбаланған тауарлар туралы мәліметтердің форматына, құрамына және құрылымына, сондай-ақ осындай мәліметтерді беру мерзімдеріне қойылатын талаптар;

тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға, оның ішінде тауарларды таңбалау ақпараттық жүйесінің ұлттық компоненттері мен интеграциялық компоненті құрамындағы ақпараттық сервистер арқылы қолжетімділігі берілетін, тауарларды таңбалау ақпараттық жүйесінде қамтылған таңбаланған тауар туралы мәліметтердің ең аз құрамы.

4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения РеспубликасынанБеларусь РеспубликасынанҚазақстан РеспубликасынанҚырғыз РеспубликасынанРесей Федерациясынан
М. ГригорянН. ПеткевичС. ЖұманғаринД. АмангелдиевА. Оверчук

 

 Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 50 шешімімен БЕКІТІЛГЕН

Сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын тауарлар ТІЗБЕСІ

Жүктеп алу

ЕАЭО СЭҚ ТН кодыТауардың атауы
2520Гипс; ангидрит; гипсті байланыстырғыш заттар (күйдірілген гипс немесе кальций сульфаты болып табылатын), боялған немесе боялмаған, құрамында үдеткіштердің немесе баяулатқыштардың аз мөлшері бар немесе жоқ
2523 (2523 10 000 0 қоспағанда)Портландцемент, глиноземді цемент, қожды цемент, суперсульфатты цемент және осыған ұқсас гидравликалық цементтер, боялмаған немесе боялған, дайын
3214 (3214 90 000 1 қоспағанда)Шыны және бақ замазкалары, шайырлы цементтер, тығыздауға арналған құрамдар және өзге де мастикалар; сырлау жұмыстарына арналған сылақтық қоспалар; ғимараттардың қасбеттерінің, ішкі қабырғаларының, едендерінің, төбелерінің беттерін дайындауға арналған отқа төзімді емес құрамдар
3816 00 000 0Отқа төзімді цементтер, құрылыс ерітінділері, бетондар және осыған ұқсас құрамдар, оның ішінде доломитті толтырма қоспасы, 3801 тауар позициясының тауарларын қоспағанда
3824 50 900 0Отқа төзімді емес құрылыс ерітінділері мен бетондар

 

 Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 50 шешімімен БЕКІТІЛГЕН

Тауарды сәйкестендіру құралының СИПАТТАМАЛАРЫ, тауарды сәйкестендіру құралында қамтылған ақпараттың құрамы мен құрылымына қойылатын талаптар, осындай сәйкестендіру құралын генерациялау және түсіру тәртібі

1. Осы құжат 2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімнің 5-бабы 1-тармағының «а» тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 50 шешімімен бекітілген сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын тауарлар тізбесіне енгізілген тұтынушылық немесе топтық қаптамадағы құрылыс материалдарының жекелеген түрлерін (бұдан әрі – тауарлар) таңбалау үшін машиналық оқуға жарамды және «Ақпараттық технологиялар. Автоматты сәйкестендіру және деректерді жинау технологиялары. Data Matrix штрих-код символикасының ерекшелігі» халықаралық ИСО/МЭК 16022:2006 стандартына (ISO/IEC 16022:2006 "Information technology – Automatic identification and data capture techniques – Data Matrix bar code symbology specification") немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) соған ұқсас ұлттық стандартына сәйкес қалыптастырылған Data Matrix GS1 форматындағы екі өлшемді штрих-код түрінде ұсынылған символдардың бірегей тізбегі болып табылатын сәйкестендіру құралы пайдаланылады. Таңбалау кодын сәйкестендіру құралына түрлендіру кезінде GS1 қолдану идентификаторларының (AI) үлгілік форматына деректердің сәйкестігін білдіретін белгі ретінде FNC1 белгісін пайдалана отырып, ECC 200 символикасы қолданылуға тиіс.

3. Сәйкестендіру құралы мынадай деректерді қамтиды:

деректердің бірінші тобы (қолдану идентификаторы (01)) – 14 цифрлық символдан тұратын сауда бірлігінің жаһандық сәйкестендіру нөмірі (GTIN);

деректердің екінші тобы (қолдану идентификаторы (21)) – 13 символдан (цифрлардан, латын әліпбиінің кіші және бас әріптерінен, сондай-ақ арнайы символдардан (! ” % & ’ * + - . / _ , : ; = < > ?)) тұратын тауардың (тауар қаптамасының) жеке сериялық нөмірі. Бірінші символ ретінде осы код эмиссияланған мүше мемлекеттің идентификаторы көрсетіледі (1 немесе А (a) – Армения Республикасы, 2 немесе B (b) – Беларусь Республикасы, 3 немесе C (с) – Қазақстан Республикасы, 4 немесе D (d) – Қырғыз Республикасы, 5 немесе E (е) – Ресей Федерациясы). Осы топтың соңғы символы ретінде ASCII символдар кестесінде 29 коды бар арнайы бөлгіш символ пайдаланылады;

деректердің үшінші тобы (қолдану идентификаторы (91)) – 4 символдан (цифрлардан, латын әліпбиінің кіші және бас әріптерінен) тұратын тексеру кілті. Осы топтың соңғы символы ретінде ASCII символдар кестесінде 29 коды бар арнайы бөлгіш символ пайдаланылады;

деректердің төртінші тобы (қолдану идентификаторы (92)) – 44 символдан (цифрлардан, латын әліпбиінің кіші және бас әріптерінен, сондай-ақ арнайы символдардан) тұратын тексеру коды.

Деректердің үшінші және төртінші топтары Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау кезінде криптографиялық қорғаудың бірыңғай тетіктері туралы 2021 жылғы 23 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің № 41 Шешімінің 1-тармағының «а» және «б» тармақшаларына сәйкес пайдаланылады (бұдан әрі – Комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 41 Шешімі).

Егер тауарлар айналымына қатысушының тұтынушылық қаптаманың өлшемдеріне байланысты осы құжаттың 2-тармағында көрсетілген халықаралық стандарттың немесе оған ұқсас мүше мемлекеттің ұлттық стандартының талаптарына сәйкес келетін өлшемі мен сапасындағы Data Matrix символын орналастыруға мүмкіндік болмауына байланысты төрт деректер тобын қамтитын сәйкестендіру құралын түсіру мүмкіндігі болмаса, мұндай тауарлар айналымына қатысушы үш деректер тобын қамтитын сәйкестендіру құралын қолдануға құқылы.

Бұл жағдайда деректердің үшінші тобы (қолдану идентификаторы (93)) 4 символдан (цифрлардан, латын әліпбиінің кіші және бас әріптерінен, сондай-ақ арнайы символдардан) тұратын тексеру кодын қамтиды және Комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 41 Шешімінің 1-тармағының «в» тармақшасына сәйкес пайдаланылады.

Төрт немесе үш деректер тобын қамтитын сәйкестендіру құралын қолдану туралы шешімді тауарлар айналымына қатысушы осы тармақтың ережелерін ескере отырып, дербес қабылдайды.

4. Тауарлардың сәйкестендіру құралдары мүше мемлекеттердің сәйкестендіру құралдарының эмитенттері немесе тауарлар айналымына қатысушылар тарапынан қалыптастырылады.

5. Тауарлар тұтынушылық қаптамаға сәйкестендіру құралын немесе сәйкестендіру құралын қамтитын материалдық тасымалдағышты сәйкестендіру құралына зақым келтірмей материалдық тасымалдағышты бөліп алуға жол бермейтін тәсілмен түсіру арқылы таңбаланады.

6. Таңбаланған тауарларды топтық қаптамаға жинақтау кезінде мұндай қаптамаға осы қаптамаға салынған тауарлардың сәйкестендіру құралдарын біріктіре отырып, сәйкестендіру құралын немесе сәйкестендіру құралын қамтитын материалдық тасымалдағышты түсіруге болады.

7. Таңбаланған тауарларды көліктік қаптамаға жинақтау кезінде мұндай көліктік қаптамаға осы қаптамаға салынған тауарлардың сәйкестендіру құралдарын біріктіре отырып, көліктік қаптаманы сәйкестендіру кодын қамтитын көліктік қаптаманың сәйкестендіру құралын түсіруге болады.

Көліктік қаптаманың сәйкестендіру құралын қалыптастыру және көліктік қаптаманы таңбалау GS1 халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Көліктік қаптаманы таңбалау кезінде көліктік қаптамаға түсірілетін міндетті емес ақпараттық өрістердің құрамы тауарларды көліктік қаптамаға жинақтауды жүзеге асыратын тауарлар айналымына қатысушы тарапынан айқындалады.

 

 Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 50 шешімімен БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары арасында және мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында берілетін таңбаланған тауарлар туралы мәліметтердің форматына, құрамына және құрылымына, сондай-ақ осындай мәліметтерді беру мерзімдеріне қойылатын ТАЛАПТАР

1. Тауарларды таңбалау ақпараттық жүйесінің ұлттық компоненттерінің ұлттық операторлары (әкімшілері) (бұдан әрі – операторлар) арасында ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыру кезінде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 50 шешімімен бекітілген сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын тауарлар тізбесіне енгізілген тұтынушылық қаптамадағы таңбаланған құрылыс материалдары және олардың сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтер (бұдан әрі тиісінше – тауарлар, тізбе) мынадай стандарттарға сәйкес XML форматында беріледі:

"Extensible Markup Language (XML) 1.0 (Fifth Edition)" (ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісінде http://www.w3.org/TR/REC-xml мекенжайы бойынша жарияланған);

"Namespaces in XML 1.0 (Third Edition)" (ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісінде http://www.w3.org/TR/REC-xml-names мекенжайы бойынша жарияланған);

"XML Schema Part 1: Structures Second Edition" және "XML Schema Part 2: Datatypes Second Edition" (ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісінде http://www.w3.org/TR/xmlschema1/ және http://www.w3.org/TR/xmlschema2/ мекенжайлары бойынша жарияланған).

2. Мәліметтердің форматына, құрамына және құрылымына қойылатын талаптар Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жүйесінің 2021 жылғы 5 наурыздағы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің № 19 Шешімімен бекітілген базалық технологиялық ұйымдастырушылық моделінің қосымшасындағы 1 – 4, 7 – 8, 11 – 12-кестелерде (бұдан әрі – базалық модель), сондай-ақ осы Талаптардың 1 – 4-кестелерінде келтірілген.

3. Осы Талаптардың 1 – 4-кестелерінің өрістерін (бағандарын) қалыптастыру, сондай-ақ элементтердің еселігін көрсету үшін белгілерді қолдану базалық модель қосымшасының 3 және 4-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Мәліметтер базалық модельдің ережелерін ескере отырып, нақты уақыт режимінде беріледі.

 

 1-кесте

Тауардың сипаттамалары туралы мәліметтер тізбесі

Жүктеп алу

№АтауыСипаттамасыЕскертпеЕселігі
1.Тауардың функционалдық атауы (тауар түрі)Тауар бірлігінің функционалдық атауыТауардың жалпы сипаттамасы (тауар жататын өнім түрінің атауы, мысалы: портландцемент, монтаж көбігі, герметик және т.б.)1
2.Жапсырмадағы тауардың атауы Еркін нысанда қалыптастырылады1
3.Тауар белгісі (бренд)Тауар белгісі (бренд, сауда маркасы) туралы мәліметтерНақты өндірушінің тауарларын мақсатты нарықта орналастыру кезінде пайдаланылатын белгі. Болмаған жағдайда «жоқ» деп көрсетіледі1
4.Қаптама түріGS1 стандарттарымен үйлестірілген қаптама түрлерінің атауларын пайдалана отырып қалыптастырылған тұтынушылық қаптама түрінің сипаттамасы 1
5.Қаптама материалыGS1 стандарттарымен үйлестірілген қаптама материалдарының атауларын пайдалана отырып қалыптастырылған тұтынушылық қаптама материалдарының сипаттамасы 1
6.Тауардың таза салмағы немесе көлеміТұтынушылық қаптамадағы тауардың таза салмағы немесе өлшем бірлігі көрсетілген көлемі (г, кг, мл, л) 1
7.ҚұрамыТауар құрамына кіретін компоненттерді көрсете отырып, тауардың сапалық құрамының сипаттамасыЕркін нысанда қалыптастырылады1
8.Тауар маркасы Элемент ЕАЭО СЭҚ ТН 2520, 3214 10 100 1 позицияларында сыныпталатын тауарлар үшін міндетті0..1
9.Кебу уақытыТауарды пайдалану (қолдану) кезінде кебу (қатаю) уақыты, өлшем бірлігі көрсетіле отырып (с, мин, сағ, тәулік)Элемент ЕАЭО СЭҚ ТН 2520 позициясында сыныпталатын тауарлар үшін міндетті0..1
10.Адаптер түрі Элемент ЕАЭО СЭҚ ТН 3214 10 100 1 позициясында сыныпталатын тауарлар үшін міндетті0..1
11.Пайдаланудың ең төменгі температурасыБелсенді заттың сұйық және (немесе) қатқан агрегаттық күйінің мәлімделген сипаттамаларын жоғалтпай тауарды қолдануға болатын қоршаған ортаның ең төменгі температурасыЭлемент ЕАЭО СЭҚ ТН 3214 10 100 1 позициясында сыныпталатын тауарлар үшін міндетті0..1
12.Кепілдік мерзімі ЕАЭО СЭҚ ТН 2523 тауар позициясында сыныпталатын портландцемент, глиноземді цемент, қожды цемент және осыған ұқсас гидравликалық цементтер үшін элемент міндетті0..1

 

 2-кесте

Тауар бірлігі туралы мәліметтер тізбесі

Жүктеп алу

№Элемент атауыЭлемент сипаттамасыЕскертпеЕселігі
1ҚҚС-ты ескере отырып, тауар бірлігінің бағасы*Тауардың ҚҚС-ты ескере отырып бағасы туралы мәліметтерМәліметтер импорттаушы мүше мемлекеттің валютасында көрсетіледі0..1
2Тауар бірлігіне салынатын ҚҚС*Тауар бірлігіне салынатын ҚҚС сомасыИмпорттаушы мүше мемлекетте төленуге жататын тауардың әрбір бірлігі бойынша ҚҚС сомасы туралы мәліметтер импорттаушы мүше мемлекеттің валютасында көрсетіледі0..1
3Өндірілген күніӨндірілген күні туралы мәліметтерЕАЭО СЭҚ ТН 2523 тауар позициясында сыныпталатын тауарларды қоспағанда, тізбеге енгізілген барлық тауарлар үшін элемент міндетті0..1
4Кепілдікті сақтау мерзімінің аяқталу күніКепілдікті сақтау мерзімінің аяқталу күні туралы мәліметтерЕАЭО СЭҚ ТН 2523 тауар позициясында сыныпталатын тауарларды қоспағанда, тізбеге енгізілген барлық тауарлар үшін элемент міндетті0..1

 

*Мәліметтерді экспорттаушы импорттаушымен шарттық қатынастар шеңберінде және экспорттаушы тіркелген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) операторының техникалық мүмкіндіктері болған жағдайда ерікті негізде береді. Мәліметтер берілген жағдайда 2-кестенің 1 және 2-тармақтарында көрсетілген екі элемент те толтырылуға тиіс.

 

 3-кесте

Тізбеде көрсетілген тауарларды таңбалау кезінде пайдаланылатын қолдану идентификаторларының (AI) тізбесі

AI кодыAI толық атауыЭлементтік жол форматыСипаттамасыЕскертпе
00Көліктік қаптаманың (ыдыстың) сериялық коды – SSCC (Serial Shipping Container Code)N2+N18Деректер өрісінде SSCC нөмірі қамтыладыҚолдану идентификаторы AI (00) өзінен кейін тікелей келетін 18 символдан тұратын цифрлық өрісте логистикалық бірлікті таңбалау үшін пайдаланылатын көліктік қаптаманың (ыдыстың) сериялық коды (SSCC) қамтылғанын көрсетеді
01Тауардың сауда бірлігінің жаһандық сәйкестендіру нөмірі – GTIN (Global Trade Item Number)N2+N14GTIN (Global Trade Item Number) – GS1 ашық стандарттар жүйесіндегі бір атаудағы (артикулдағы) тауар түрінің жаһандық сәйкестендіру нөмірі. 14 таңбалы цифрлық идентификаторҚолдану идентификаторы AI (01) өзінен кейін тікелей келетін 14 символдан тұратын цифрлық өрісте тауар бірлігін сәйкестендіру үшін пайдаланылатын сауда бірлігінің жаһандық сәйкестендіру нөмірі (GTIN) қамтылғанын көрсетеді
21Тауардың жеке сериялық нөмірі (Serial Number)N2+X..13Сериялық нөмір (Serial Number)Қолдану идентификаторы AI (21) өзінен кейін тікелей келетін 13 символдан тұратын өрісте оператор немесе дайындаушы тауарға оның бүкіл қызмет ету мерзіміне беретін тауардың жеке сериялық нөмірі қамтылғанын көрсетеді. GTIN-мен бірге сериялық нөмір әрбір тауар бірлігінің бірегей идентификаторы болып табылады. Түсіндірме: тауарларды сәйкестендіру мақсатында 13 символдан (цифрлардан, латын әліпбиінің кіші және бас әріптерінен, сондай-ақ арнайы символдардан (! " % & ' * + - . / _ , : ; = < > ?)) тұратын тауардың жеке сериялық нөмірі пайдаланылады
91Тексеру кілтіN2+X..4Тексеру кілтінің идентификаторы (жеке реттік нөмірі)Мүше мемлекеттің заңнамасына және Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін актілерге сәйкес қолданылады
92Тексеру кодыN2+X..44Асимметриялық криптографиялық алгоритмдерді пайдалана отырып жасалатын тексеру кодының мәніМүше мемлекеттің заңнамасына және Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін актілерге сәйкес қолданылады
93Тексеру кодыN2+X..4Симметриялық криптографиялық алгоритмдерді пайдалана отырып жасалатын тексеру кодының мәніМүше мемлекеттің заңнамасына және Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін актілерге сәйкес қолданылады

 

 4-кесте

Тізбеде көрсетілген тауарларды таңбалау кезінде пайдаланылатын «Сәйкестендіру құралының деректер блогы» деректемесін қалыптастыру қағидалары

Сәйкестендіру құралының түрі«Сәйкестендіру құралының деректер блогы» деректемесін қалыптастыру қағидасы
I. Тұтынушылық немесе топтық қаптамаға түсірілген сәйкестендіру құралы бөлігіндегі «Сәйкестендіру құралының деректер блогы» деректемесін қалыптастыру қағидалары 
3011. «Сәйкестендіру құралының деректер блогы» деректемесінің жасалатын даналарының ең аз саны: 3. 2. «Сәйкестендіру құралының деректер блогы» деректемесінің бірінші данасына қойылатын талаптар: «Қолдану идентификаторы (AI)» деректемесінің мәні: «01»; «Ақпарат блогының символдық мәні» деректемесінің мәні: деректемеде тауардың сәйкестендіру нөмірі (GTIN) қамтылуға тиіс. 3. «Сәйкестендіру құралының деректер блогы» деректемесінің екінші данасына қойылатын талаптар: «Қолдану идентификаторы (AI)» деректемесінің мәні: «21»; «Ақпарат блогының символдық мәні» деректемесінің мәні: тауардың жеке сериялық нөмірі (SN) қамтылуға тиіс. 4. «Сәйкестендіру құралының деректер блогы» деректемесінің үшінші данасына қойылатын талаптар: «Қолдану идентификаторы (AI)» деректемесінің мәні: «91» немесе «93»; «Ақпарат блогының символдық мәні» деректемесінің мәні: тексеру кілтінің идентификаторы немесе тексеру кодының мәні (мүше мемлекеттің заңнамасына және Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін актілерге сәйкес қолданылады). 5. «Сәйкестендіру құралының деректер блогы» деректемесінің төртінші данасына қойылатын талаптар: «Қолдану идентификаторы (AI)» деректемесінің мәні: «92»; «Ақпарат блогының символдық мәні» деректемесінің мәні: тексеру кодының мәні (мүше мемлекеттің заңнамасына және Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін актілерге сәйкес қолданылады)
II. Көліктік қаптамаға түсірілген сәйкестендіру құралы бөлігіндегі «Сәйкестендіру құралының деректер блогы» деректемесін қалыптастыру қағидалары 
101 немесе 3011. «Сәйкестендіру құралының деректер блогы» деректемесінің жасалатын даналарының ең аз саны: 1. 2. «Сәйкестендіру құралының деректер блогы» деректемесінің данасына қойылатын талаптар: «Қолдану идентификаторы (AI)» деректемесінің мәні: «00» немесе GS1 халықаралық стандарттарына сәйкес деректеменің өзге мәні. «Ақпарат блогының символдық мәні» деректемесінің мәні: деректемеде көліктік қаптаманың бірегей идентификаторы қамтылуға тиіс (көліктік қаптаманың сәйкестендіру коды 18-ден 74 символға дейін қоса алғанда қамтуы мүмкін және цифрлардан (0 – 9), латын әліпбиінің әріптерінен (A – Z (a – z)) және арнайы символдардан (% & ' " ( ) * + , - _ . / : ; < = > ?) тұруы мүмкін)

 

 Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 50 шешімімен БЕКІТІЛГЕН

Тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға, оның ішінде тауарларды таңбалау ақпараттық жүйесінің ұлттық компоненттері мен интеграциялық компоненті құрамындағы ақпараттық сервистер арқылы қолжетімділігі берілетін, тауарларды таңбалау ақпараттық жүйесінде қамтылған таңбаланған тауар туралы мәліметтердің ең аз құрамы

1. Сауда бірлігінің жаһандық сәйкестендіру нөмірі (GTIN).

2. Тауар бірлігінің жеке сериялық нөмірі (SN).

3. Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 10 таңбалы коды (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН).

4. Тауардың функционалдық атауы (тауар түрі).

5. Жапсырмадағы тауардың атауы.

6. Тауар белгісі (бренд).

7. Тауар туралы мәліметтер:

құрамы;

тауардың таза салмағы немесе көлемі;

қаптама түрі;

қаптама материалы;

кепілдік мерзімі (ЕАЭО СЭҚ ТН 2523 позициясында сыныпталатын портландцемент, глиноземді цемент, қожды цемент және осыған ұқсас гидравликалық цементтер үшін);

кепілдікті сақтау мерзімінің аяқталу күні (таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне енгізілген, ЕАЭО СЭҚ ТН 2523 позициясында сыныпталатын портландцементті, глиноземді цементті, қожды цементті және осыған ұқсас гидравликалық цементтерді қоспағанда, барлық тауарлар үшін);

өндірілген күні (ЕАЭО СЭҚ ТН 2523 позициясында сыныпталатын портландцементті, глиноземді цементті, қожды цементті және осыған ұқсас гидравликалық цементтерді қоспағанда, таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне енгізілген барлық тауарлар үшін);

ЕАЭО СЭҚ ТН 2520 позициясында сыныпталатын тауарлар үшін:

тауар маркасы;

кебу уақыты;

ЕАЭО СЭҚ ТН 3214 10 100 1 позициясында сыныпталатын тауарлар үшін:

адаптер түрі;

тауар маркасы;

пайдаланудың ең төменгі температурасы.

8. Тауардың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына немесе Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжат жөніндегі мәліметтер (құжаттың түрі, нөмірі және күні).

9. Тауардың шығарылған елі.

10. Таңбаланатын тауар туралы ақпаратты ұсынған шаруашылық жүргізуші субъект туралы ақпарат (заңды тұлғаның қысқаша атауы, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), сәйкестендіру коды (нөмірі) (Армения Республикасы үшін – салық төлеушінің есептік нөмірі (УНН), Беларусь Республикасы үшін – төлеушінің есептік нөмірі (УНП), Қазақстан Республикасы үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), Қырғыз Республикасы үшін – салықтық сәйкестендіру нөмірі (ИНН), Ресей Федерациясы үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (ИНН)), заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің орналасқан жерінің мекенжайы).

11. Тауар өндіруші туралы ақпарат (заңды тұлғаның қысқаша атауы, жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (Одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген тауарлар үшін толтырылады).

 

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Ережелер Жолдаулар