Қазақстан Республикасының ғылыми-технологиялық одан әрі дамуы жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 311 Жарлығы.
- Президент пен Үкіметтің актілер
- жинағында және республикалық
- баспасөзде жариялануға тиіс
- Мемлекеттің тиімді ғылыми-технологиялық дамуы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
- 1) "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамын (бұдан әрі - "Самғау" ұлттық холдингі" АҚ) құрсын;
- 2) екі апта мерзімде:
- "Самғау" ұлттық холдингі" АҚ қызметінің негізгі принциптері туралы меморандумды бекітуді;
- акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) "Самғау" ұлттық холдингі" АҚ-ның жарғылық капиталына төлеуге берілетін заңды тұлғалардың тізбесін бекітуді қамтамасыз етсін;
- 3) бір ай мерзімде нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз етсін;
- 4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
- 2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
- 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
- Қазақстан Республикасының
- Президенті
- Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы