Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / "Қазақстан халқының рухани даму қоры" акционерлік қоғамын құру және қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

"Қазақстан халқының рухани даму қоры" акционерлік қоғамын құру және қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

"Қазақстан халқының рухани даму қоры" акционерлік қоғамын құру және қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы N 703 Жарлығы

  Қазақстан халқының мәдени құндылықтарын сақтау және салт-дәстүрін дамыту мақсатында 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:      

1. "Қазақстан Республикасында Мәдениет пен өнерді қолдау мемлекеттік қоры" мемлекеттік мекемесі жойылсын.      

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен:      1) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақстан халқының рухани даму қоры" акционерлік қоғамын (бұдан әрі - Қоғам) құрсын;      2) Қоғам қызметінің негізгі мәні:      Қазақстан халқы мәдени құндылықтары мен салт-дәстүрінің дамуына тұрақты мониторинг жүргізуді және оны қолдауды жүзеге асыру;      қазақстандық мәдениеттің дамуы мен оның әлемдік мәдени кеңістікке кірігуін тереңдету жөніндегі серпінді жобаларды іске асыру;      Қазақстан Республикасының әлемдік мәдени кеңістікке сәйкестенуін зерттеу және негіздеу;      мәдениет пен өнер саласындағы жобаларды талдау және оларды іске асырылуды қамтамасыз ету;      Қазақстан халқы ұлттық мәдениетін рухани байытуға және олардың халықаралық мәдени алмасуларға қатысуына жәрдемдесу;      елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына бағытталған жыл сайынғы байқау-конкурстар, фестивальдар, семинарлар, мұражай мен кітап көрмелерін ұйымдастыруға, өткізуге көмек көрсету болып айқындалсын;      3) нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгертулер мен толықтыруларды енгізсін;      4) Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін;      5) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын. 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы