Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 698 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентімен Үкіметі актілерінің жинағындажариялануға тиіс
Мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесін жетілдіру және мемлекеттік қызметті кәсіби мамандармен қамтамасыз ету мақсатында
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" мемлекеттік мекемесін"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" РМҚК) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырсын; 2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігін"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" РМҚК-ның мемлекеттік басқару органы деп белгілесін; 3) "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" РМҚК құрылымында Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін құруды қамтамасыз етсін; 4) бұрын шығарылған өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін; 5) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарынаөзгерістер енгізілсін: 1) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі N 1611 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 29, 362-құжат; 2006 ж., N 26, 265-құжат): 1-тармақ алып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі N 648 және 2005 жылғы 8 шілдедегі N 1611 жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 8 шілдедегі N 145 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 26, 265-құжат): 1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.
3. Осы Жарлық, "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" РМҚК-ның әділет органдарында тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармағын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы