Қазақстан Республикасы, Әзірбайжан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңізі түбінің шектес учаскелерін ажырату сызықтарының түйісу нүктесі туралы келісімге қол қою туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2003 жылғы 27 ақпан N 1031
Қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы, Әзірбайжан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңізі түбінің шектес учаскелерін ажырату сызықтарының түйісу нүктесі туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы, Әзірбайжан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңізі түбінің шектес учаскелерін ажырату сызықтарының түйісу нүктесі туралы келісімге қол қойылсын.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер бірінші вице-министрі Қайрат Қуатұлы Әбусейітовке Келісімнің мәтініне қағидатты емес сипаттағы өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасы атынан Қазақстан Республикасы, Әзірбайжан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңізі түбінің шектес учаскелерін ажырату сызықтарының түйісу нүктесі туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы