Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қорғаныс комитетін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі етіп қайта құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 7 мамырдағы N 738 Жарлығы
Қазақстан Республикасының қауіпсіздікке егемендік құқығын жүзеге асыра отырып, оның қорғаныс қабілетін нығайту, аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету, әскери саясатты әзірлеу және жүзеге асыру, әскери құрылысты мемлекеттік құқықтық реттеу және әскери қызметшілердің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау мақсатында
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті:
Қорғаныс министрлігінің қызметін қаржылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін қарасын;
бір ай мерзімде ұйымдық-штаттық құрылым және Қорғаныс министрлігі туралы ереже бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы