Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Қазақстан Республикасының Республикалық ұланын құру туралы

Қазақстан Республикасының Республикалық ұланын құру туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасының Республикалық ұланын құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 16 наурыз 1992 ж. N 673

 

"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес қаулы етемiн:      

1. Қазақстан Республикасының егемендiгiн қамтамасыз ету, азаматтарының конституциялық хұқтары мен бостандықтарын, сондай-ақ басқа да өмiрлiк маңызы бар мүдделерiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы құрылсын.      

2. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы жеке әскери құрама және Қарулы Күштердiң резервi болып табылады деп белгiленсiн. Республикалық ұлан Қазақстан Республикасының Президентiне бағынады, тiкелей басшылық жасау Республикалық ұланның Қолбасшысына жүктеледi.      

3. Республикалық ұланды жасақтау қолданылып жүрген заңдарға сәйкес ерiктiлiк негiзiнде Қазақстан Республикасының азаматтарынан жүргiзiлсiн.     

 4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:      

Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы ереженi, оның құрылымы мен штаттары жөнiндегi ұсыныстарды 1992 жылғы 15 сәуiрге дейiн әзiрлеп, бекiтуге табыс етсiн;      

қаржыландыруды, арнаулы және әскери техникамен, қару-жарақпен, байланыс құралдарымен және басқа мүлiкпен жабдықтауды қамтамасыз етсiн; 

Республикалық ұланның жеке құрамына тұрғын үй беру және өзге де әлеуметтiк-тұрмыстық жағдай жасау тәртiбiн анықтайтын болсын.

 

Қазақстан Республикасының Президентi

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы