Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / "Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағын құру туралы

"Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағын құру туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

"Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағын құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 187 Жарлығы.

Қазақстан Республикасының Президенті

      мен Үкіметі актілерінің жинағында

      жариялануға тиіс

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 8-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. 2035 жылға дейінгі кезеңге "Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) АЭА туралы ереже;

      2) АЭА-ның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және АЭА-ның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторларына қол жеткізбеудің шекті деңгейі бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі АЭА-ның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын.

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының 
ПрезидентіН. Назарбаев

 

 

 Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2011 жылғы 29 қарашадағы№ 187 ЖарлығыменБЕКІТІЛГЕН

 

"Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағы туралыЕРЕЖЕ1. Жалпы ережелер

      1. "Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекарада Алматы облысының аумағында орналасқан.

      АЭА логистикалық арнайы экономикалық аймақ болып табылады.

      АЭА-ның аумағы 4591,5 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 07.07.2015 № 52 Жарлығымен.

      2. АЭА:

      1) Қазақстан Республикасының сауда-экспорт қызметінің және транзиттік әлеуетін іске асырудың мүддесін қамтамасыз ететін, сондай-ақ шектес мемлекеттермен экономикалық және мәдени алмасуды дамытуға ықпал ететін тиімді көліктік-логистикалық және индустриялық орталық құру;

      2) қазақстандық өнімнің жалпыәлемдік өндіріс пен өткізу жүйесіне кірігуін жүзеге асыру, халықаралық стандарттарға сәйкес инновациялық, бәсекеге қабілетті отандық өнім жасау;

      3) инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы инвестициялық климат жасау және отандық әрі шетелдік инвестицияларды тарту;

      4) республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруін жандандыру үшін өңірді жедел дамыту;

      5) нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетілдіру, басқару мен шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу;

      6) халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту мақсатында құрылады.

      3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

      4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:

      1) мыналарды:

      сусындар шығаруды;

      темекі бұйымдарын өндіруді;

      жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;

      сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

      жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

      жиһаз шығаруды;

      машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

      2) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;

      3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;

      4) жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес көрмелер ұйымдастыруға арналған ғимараттарды, музейлерді, қойма және әкімшілік ғимараттарды салу болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 25.11.2016 N 377 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

2. АЭА-ны басқару

      5. АЭА-ны басқару "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

3. АЭА-ның аумағында салық салу

      6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.

4. Кедендік реттеу

      7. АЭА-ның аумағында кедендік реттеу Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі АЭА аумағының қызметтің басым түрлері жүзеге асырылатын бөлігінде қолданылады.

      АЭА-ға қатысушы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар АЭА аумағында орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырады.

      9. АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. АЭА шекарасы кедендік бақылау жүргізу мақсатында оның периметрі бойынша жайластырылады және арнайы қоршаулармен жабдықталады.

      10. Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен АЭА-ның аумағында тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкін.

      11. АЭА-ның аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылмаған Кеден одағының тауарлары және өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылған шетелдік тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкін.

      12. АЭА аумағына әкелінген және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар кедендік баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшін Кеден одағының кедендік аумағынан тыс орналасқандар ретінде қаралады.

      13. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендік декларациялауға, кедендік тазалауға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендік бақылау жүргізуге байланысты кедендік операциялар Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Қоршаған ортаны қорғау

      14. АЭА-да қызметті жүзеге асыру өмір сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерінің теңгерімі негізінде орнықты дамуға және қоршаған ортаны қорғауға өту үшін жағдайлар жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды әрі тиімді пайдалануға негізделген.

6. АЭА-ны тарату тәртібі және мерзімдері

      15. АЭА құрылған мерзімі өткеннен кейін таратылады.

      АЭА Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен таратылады.

7. Қорытынды ережелер

      16. АЭА-ны мерзімінен бұрын тарату "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      17. АЭА-ның осы ережемен реттелмеген қызметі Қазақстан Республикасының және Кеден одағының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 "Қорғас - Шығыс қақпасы"арнайы экономикалық аймағытуралы ережегеҚОСЫМША

 

"Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағыныңЖОСПАРЫ

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 07.07.2015 № 52 Жарлығымен.     

 

Жүктеу

рет саны

Негізгі аймақтардың атауларыАуданы, га
1."Құрғақ порт" көлік-логистикалық кешені294,00
2.Логистикалық аймақ189,40
3.Индустриялық аймақ230,40
4.Резервтік аумақ3 877,70
Жиыны:4 591,5

 

 

 Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2011 жылғы 29 қарашадағы№ 187 ЖарлығыменБЕКІТІЛГЕН

 

"Қорғас – Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуінің НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАРЫжәне АЭА-ның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің шекті деңгейі

 

Жүктеу

Р/с

Мақсаты, міндеттері және көрсеткіштеріӨлшем бірлігіБазалық кезең2015 жылы қол жеткізу, оның ішінде2020 жылы қол жеткізу, оның ішінде
нысаналы индикаторшекті деңгейнысаналы индикаторшекті деңгей
12345678
1Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде:млн. теңге-211 11021 110415 51241 550
1.1Шетелдік инвестициялар көлемімлн. теңге-1 9461945 692569
1.2.Отандық инвестициялар көлемімлн. теңге-209 16420 916409 82040 981
2АЭА аумағында тауарларды және қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемімлн. теңге---520 61252 062
3Қатысушылар саны (компаниялар)бірлік-12102720
4Қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын адамдар саныадам-1 7007004 9001 400
5АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саныадам-7 2003 60016 2006 300
6АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі%-75%75%75%75%
7Тауарды тасымалдау көлемі (экспорт, импорт, транзит)мың тонна 150502 000650

 

      кестенің жалғасы

 

Жүктеу

Р/с

2025 жылы қол жеткізу, оның ішінде2030 жылы қол жеткізу, оның ішінде2037 жылы қол жеткізу, оның ішінде
нысаналы индикаторшекті деңгейнысаналы индикаторшекті деңгейнысаналы индикаторшекті деңгей
191011121314
1522 71653 465522 71653 465522 71653 465
1.110 2151 02110 2151 02110 2151 021
1.2512 50152 444512 50152 444512 50152 444
2780 91878 0921 171 377117 1381 687 891168 790
3423064408950
48 1002 10011 3002 80014 5003 500
519 7006 30020 5006 30022 0006 300
675%75%75%75%75%75%
72 4008002 7008503 00010 00

 

      Ескертпе:

      1) индикаторлар көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген;

      2) есептеу кезінде: 1 АҚШ доллары - 147 теңге бағамында қолданылған. 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы