Қазақстан Республикасының Үкіметтік байланыс әскерлері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 31 тамыздағы N 902 Жарлығы
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып және бейбіт уақытта, сондай-ақ ерекше кезеңде және төтенше жағдайлар кезінде Қазақстан Республикасының жоғары билік және басқару органдарын үкіметтік байланыспен сенімді қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясы Президенті жанындағы үкіметтік байланыс және ақпарат федералды агенттігінің үкіметтік байланыс әскерлерінің 8 жеке бригадасының базасында Қазақстан Республикасының Үкіметтік байланыс әскерлері құрылсын, оны үкіметтік байланыс полкіне айналдырсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс басқармасының құрамында үкіметтік байланыс полкі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бағынсын.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс басқармасы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс Бас басқармасы болып қайта құрылсын.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мүдделі министрліктермен және ведомстволармен бірлесіп бір ай мерзімде Қазақстан Республикасындағы үкіметтік байланыс туралы Ережені әзірлесін және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетіне бекітуге ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Үкіметтік байланыс Бас басқармасының әскери қызметшілеріне, жұмысшыларына, мамандарына және үкіметтік байланыс полкінің қызметшілеріне еңбекақы төлеудің қазіргі жағдайларын, заттай және үлестің басқа да түрлерін сақтау және оларға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің тиісті санаттары үшін көзделген жеңілдіктерді тарату.
4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті 1992 жылғы 1 қазанға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс бас басқармасын қаржыландыру, материалдық-техникалық және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету мәселелерін шешсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы