Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Акциялардың мемлекеттiк пакетiн сатудан алынған қаражатты пайдалану туралы

Акциялардың мемлекеттiк пакетiн сатудан алынған қаражатты пайдалану туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Акциялардың мемлекеттiк пакетiн сатудан алынған қаражатты пайдалану туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 12 сәуiр 1994 ж. N 1643

Белсендi инвестициялық саясат жүргiзу мен жекешелендiру процесiн тереңдету мақсатында және "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес қаулы етемiн:      

1. Мемлекеттiк акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетiн сатудан алынған қаражат солардың шотына жазылып, тек қана өз өндiрiсiн және техникамен қайта жарақтануын инвестициялауға жұмсалады.      

2. Ұлттық, мемлекеттiк акционерлiк, соның iшiнде холдинг компанияларға кiретiн мемлекеттiк акционерлiк қоғамдар үшiн акциялардың мемлекеттiк пакетiн сатудан алынған қаражат солардың шоттарына жазылып, тек қана компанияларға кiретiн кәсiпорындардың өндiрiсiн және техникамен қайта жарақтануын инвестициялауға, компаниялар қызметiн сан салалы дамытуға жұмсалады.      

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне жүктелсiн.      

4. Осы Жарлықтың Заң күшi бар және "Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейiн қолданылады.      

5. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жаңадансайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына "Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын енгiзсiн.

6. Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының Президентi Алматы, 1994 жылғы 12 сәуiр N 1643 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы