Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгеріс туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы N 338 Жарлығы.
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Маңғыстау облысының құрамында әкімшілік орталығы Маңғыстау ауылында болатын әкімшілік-аумақтық бірлік - Мұнайлы ауданы құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы