Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасында Сауда өкілдігін ашу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 15 қазандағы N 945 Жарлығы
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы үкіметаралық сауда-экономикалық келісімді іске асыру, сондай-ақ Қытайдағы сыртқы экономикалық қызметке қазақстандық қатысушылардың қызметін үйлестіру және олардың мүдделерін қорғау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Бейжің қаласында Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Сауда өкілдігі ашылсын.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Сауда өкілдігінің штат кестесі мен шығыстар сметасын белгілесін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы