Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Ауғанстанда Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясын ашу туралы

Ауғанстанда Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясын ашу туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Ауғанстанда Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясын ашу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2002 жылғы 26 сәуір N 855

Қазақстан Республикасының халықаралық және ұлттық мүдделерін ескере отырып, түрлі салаларды Қазақстан - ауған ынтымақтастығын нығайту және дамыту мақсатында қаулы етемін:      1. Кабул қаласында (Ауғанстан) Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясы ашылсын.      2. Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы кеңесші-уәкіліне айына

 

2100 (екі мың бір жүз) АҚШ доллары мөлшерінде шетелдік валютадағы лауазымдық жалақы белгіленсін.

     3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы Дипломатиялық миссиясының штат кестесін және шығыстар

сметасын айқындасын.

     4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

     Қазақстан Республикасының

     Президенті

     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Багарова Ж.А. 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы