Банктердiң жарғылық қорларындағы мемлекеттiк қаражат үлесiн шектеудi жою туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 12 сәуiр 1994 ж. N 1649
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ негiзiнде және мемлекеттiң банктер акцияларына салған қаражатын басқаруды жақсарту мақсатында қаулы етемiн:
1. Банктердiң акцияларына салынған мемлекеттiк қаражатқа құрылтайшылардың бiреуiнiң банктiң жарғылық қорындағы отыз бес процент шегiнде болатын үлесiмен шектеу қолданылмасын.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi "Қазақстан Республикасындағы банктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының жаңадан сайланған ЖоғарғыКеңесiнiң қарауына енгiзсiн.
3. Осы Жарлықтың Заң күшi бар және ол "Қазақстан Республикасындағы банктер туралы "Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанша қолданылады.
Алматы, 1994 жылғы 12 сәуiр N 1649
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы