Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 724 Жарлығы
- Республикалық баспасөзде мазмұны жариялануға тиіс Дарынды балалардың элитарлық білім алуы үшін жағдай жасау мақсатында
- ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- 1. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының "Өркен" білім беру гранты тағайындалсын.
- Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 21.09.2016 № 340 Жарлығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
- 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
- 1) "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекітсін;
- 2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
- Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2010.06.28 № 1014 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз); 21.09.2016 № 340 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
- 3. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
- Қазақстан Республикасының
- Президенті
- Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы