⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Төрелік ескертпе және қарыз шарттары

Төрелік ескертпе және қарыз шарттары

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Төрелік ескертпе және қарыз шарттары


Құқықтық актілер туралы заңның 43-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес, егер Заңның бұрын пайда болған қатынастарға қолданылуы туралы арнайы ескерту болмаса, қабылданған заңның кері күші болмайды.

2019 жылғы 21 қаңтардағы Заңмен Заңның 8-бабының 4-тармағы коммерциялық ұйым мен дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға арасындағы қарыз шарты бойынша дауды шешу туралы тӛрелік келісімнің, егер мұндай келісім талап қою үшін негіздер туындағаннан кейін жасалса, жарамды болатын нормамен толықтырылды.

Мұндай ӛзгерісті заң шығарушы дара кәсіпкер болып табылмайтын қарыз шартындағы әлсіз тарапты қорғау үшін қабылдады.
2019 жылғы 21 қаңтардағы аталған Заңда заңның кері күші туралы ереже жоқ, сондықтан бұл ӛзгерістер тек 2019 жылдың 3 ақпанынан бастап жасалған тӛрелік келісімдерге қолданылады.

Бұл кӛрсетілген уақыттан бастап коммерциялық ұйым мен дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға арасында жасалған қарыз шартына тӛрелік ескертпе енгізілген жағдайда, талап қою үшін негіздер туындағанға дейін мұндай тӛрелік келісім жарамсыз болып табылатынын білдіреді.

Тӛрелікте қарыз шарты бойынша дауларды шешу үшін талап қою үшін негіздер пайда болғаннан кейін (яғни дау туындағаннан кейін) тӛрелік келісім жасасу қажет. Мұндай келісім қосымша келісім түрінде ресімделуі мүмкін.

Талап қою үшін негіздер туындағаннан кейін тӛрелік келісім болмаған жағдайда, мұндай даулар жалпы юрисдикциядағы сотта шешіледі.Бұл ретте, егер шартта талап қою үшін негіздер туындағанға дейін енгізілген тӛрелік ескертпе болса, онда бұл ескертпенің заңды күші болмайды.2019 жылғы 21 қаңтардағы Заңның аталған ережесінің күші заң ӛзгерістері 2019 жылғы 3 ақпанда күшіне енген күннен кейін жасалған тиісті қарыз шарттарына қолданылады.

2019 жылғы 3 ақпанға дейін жасалған және тӛрелік ескертпесі бар қарыз шарттары бойынша даулар тиісті тӛрелікте қаралуға жатады.Мысалы, Жоғарғы Соттың азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2019 жылғы 19 маусымдағы қаулысымен Алматы қалалық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының Э. В. Сихарулидзенің (бұдан әрі – талап қоюшы) «Р-Финанс «Автоломбард» ЖШС-ға (бұдан әрі - ЖШС) 2018 жылғы 15 наурыздағы қарыз шартындағы (бұдан әрі – шарт) тӛрелік ескертпені жарамсыз деп тану туралы талап қою арызын қараусыз қалдыру туралы 2019 жылғы 6 наурыздағы ұйғарымы күшінде қалдырылды. 

Іс бойынша 2018 жылғы 15 наурызда талап қоюшы мен ЖШС-ның арасында 1.1-тармаққа сәйкес шарт жасалғаны анықталды. ЖШС талап қоюшыға 2018 жылғы 15 наурыздан 15 маусымға дейін 92 күн мерзімге 2 600 000 теңге сомасында қысқа мерзімді қарыз берді.

Талап қоюшының қарыз нысанасын уақтылы қайтару жӛніндегі міндеттемелерін орындамауына байланысты ЖШС 2018 жылғы 13 маусымда талап қоюшының атына міндеттемелердің орындалмағаны және борыш ӛтелмеген жағдайда талап қоюды тӛрелікке жіберетіні туралы хабарлама жолдаған.

Э.В. Сихарулидзе сотқа шағыммен жүгінуі үшін даудың тӛреліктің ведомстволық қарауына жатпайтындығына, ӛйткені Заңның 8-бабына сәйкестӛрелік ескертпе, егер ол талап қою үшін негіздер пайда болғаннан кейін жасалған болса, жарамды болады деп уәж келтірген.Апелляциялық сатыдағы сот бұл даудың жалпы юрисдикциядағы соттардың ведомстволық қарауына жатпайтыны туралы қорытындыға келді, осыған байланысты бірінші сатыдағы соттың соттылығы бойынша істі беру туралы ұйғарымының күшін жойып, талапты қараусыз қалдырды.

Кассациялық сатыдағы сот соттың ұйғарымын күшінде қалдырып, шарт тараптары осы даудың тӛрелікке ведомстволық қарауына жататындығынайқындады, сондықтан тӛрелік ескертпені жарамсыз деп тану туралы талапты шартта тараптар айқындаған тӛрелік қарауға тиіс деген қорытындыға келді.

Бұл ретте талап қоюшының даулы қатынастарға Заңның 8-бабын жаңа редакцияда қолдануға дәлелдері дәрменсіз деп танылды, ӛйткені Заңға ӛзгерістер 2019 жылғы 21 қаңтарда енгізілді және 2018 жылғы тамызда орындалуына байланысты қолданысы тоқтатылған 2018 жылғы 15 наурыздағы шарттан туындаған тараптардың құқықтық қатынастарына қолданылмайды.
Аталған құқық нормасына енгізілген толықтыруларға байланысты тӛреліктердің кепілге қойылған мүлікке ӛндіріп алу туралы талап қоюларды қарауға құқығының бар-жоғы туралы пікірталас мәселесі енді ӛзекті емес.

Заңның 8-бабының 8-10-тармақтарында қандай даулар тӛреліктің ведомстволық қарауына жатпайтыны кӛзделген.
Борышкердің мүлкіне ӛндіріп алуды қолдануға байланысты даулар бұл тізбеде жоқ, яғни тікелей тыйым салынбаған, сондықтан тӛреліктер мұндай дауларды Заңның 8-бабының 4-тармағындағы ережелер сақталған жағдайда қарауға құқылы.

Назар аударыңыз!

       «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

         Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

Құжатты жүктеп алу