⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Төрелік ескертпе және цессия шарттары

Төрелік ескертпе және цессия шарттары

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Төрелік ескертпе және цессия шарттары


Сот практикасында АК-нің 341-бабын қолданудың әртүрлі сот практикасы қалыптасты.
Кейбір соттар цессия шартын жасасқан сәттен бастап тӛрелік келісім ӛз күшін жояды және тӛрелікте туындаған даулар қаралмайды деп санайды.Мұндай сот практикасы дұрыс емес, ол АК-нің 341-бабының ережелеріне сәйкес келмейді.

Мысалы, Жоғарғы Соттың азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2022 жылғы 18 мамырдағы қаулысымен Алматы қалалық сотының азаматтық істер жӛніндегі алқасының 2022 жылғы 1 ақпандағы ұйғарымының күші жойылдыжәне «KPI «Коллекторлық агенттігі» ЖШС-ның (бұдан әрі – ЖШС) И.Я. 
Сағайдакқа берешекті ӛндіріп алу талап қоюы бойынша Еуразиялық экономикалық тӛреліктің 2021 жылғы 25 қазандағы шешімінің күшін жою туралы И.Я.Сағайдактың ӛтінішхатын қанағаттандырудан бас тартылды.

Іс бойынша 2020 жылғы 29 маусымда «Онлайн Қазқаржы» МҚҰ» ЖШС мен И.Я. Сағайдактың арасында 30 күн мерзімге 130 000 теңге мӛлшеріндемикрокредит беру туралы шарт (бұдан әрі – қарыз шарты) жасалғаны анықталды, оның 6-тармағында барлық даулар келіссӛздер жүргізу арқылы шешілетіні кӛзделген. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда Еуразиялық экономикалық 
тӛрелікте оның Регламентіне сәйкес шешіледі, оның шешімі тараптар үшін түпкілікті және міндетті болып табылады.
2021 жылғы 1 шілдедегі цессия шартының негізінде ЖШС-ғаИ.Я.Сағайдакпен жасалған қарыз шарты бойынша талап ету құқығы берілді.

Қарыз алушының қарызды қайтару жӛніндегі міндеттемелерін орындамауына байланысты, қарыз шартының 6-тармағына сәйкес ЖШС тӛрелікке талап қойып жүгінді, оның шешімімен талап қою қанағаттандырылды.
Апелляциялық сатыдағы сот тӛрелік шешімнің күшін жойып, оны жоюғацессия шарты жасалған сәттен бастап бұрынғы кредитор борышкермен шарттық қатынастардың субъектісі болуды тоқтатқаны себеп болғаны жӛнінде уәж келтірген. Талап қоюшыда міндеттемелерді орындауды материалдық талап ету құқығы қарыз шартының негізінде ғана емес, сонымен қатар талап ету құқығын беру шартына байланысты да туындады, ал И.Я. Сағайдак оның тарапы болып табылмайды.
Мұндай тұжырымдар құқық нормаларына сәйкес келмейді.

Кассациялық сатыдағы сот апелляциялық сатыдағы сот актісінің күшін жоя отырып, Заңның 8-бабының 1-тармағына сәйкес тараптардың арасында жасалған тӛрелік келісім болған кезде дау тӛреліктің қарауына берілуі мүмкін деп негіздеді. Тӛрелік келісімнің ұғымы Заңның 9-бабының 1-тармағында берілген.АК-нің 339-бабының 1-тармағына сәйкес мiндеттеме негiзiнде кредиторғатиесiлi құқықтың (талап етудiң) ол мәмiле (талап етудi беру) бойынша басқа адамға берiлуi немесе ол құқық заң құжатының негiзiнде басқа адамға ауыстырылуы мүмкiн.

Кредитордың басқа адамға берілген құқықтарының кӛлемін бағалау кезінде АК-нің 341-бабының ережелерін басшылыққа алу қажет.Азаматтық кодекстің 341-бабына сәйкес, егер заң құжаттарында немесе шартта ӛзгеше кӛзделмесе, бастапқы несие берушiнiң құқығы жаңа несие берушiге құқықтың ауысуы кезiнде болған кӛлемде және сондай жағдайларда ауысады. Атап айтқанда, жаңа несие берушiге мiндеттеменi орындауды қамтамасыз ететiн, сондай-ақ басқа да құқықты, соның iшiнде алынбаған сыйақыға (мүддеге) құқықты талап етуге байланысты құқықтар ауысады.

Осыған байланысты бастапқы кредитор мен қарыз алушының арасындағы жазбаша шартта кӛзделген тӛрелік ескертпе осы Шарттың бӛлігі және оны орындау шарты болып табылады.Кейінгі цессия шарттарында тӛрелік ескертпе туралы шарттарда бұрын келісілген шартты алып тастайтын қандай да бір ескертпелер болған кезде ерекшеліктер болуы мүмкін.
Осылайша, заңнаманы талдау цессия шартын жасасу кезінде жаңа кредитор Шарттан туындайтын кредитордың барлық құқықтарын, оның ішінде тӛрелікке талап қою құқығын алатынын кӛрсетеді, сондықтан соттар аталған санаттағы істерді қарау кезінде Жоғарғы Соттың осы ұстанымын негізге алуы қажет.

Назар аударыңыз!

       «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

         Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

Құжатты жүктеп алу