⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Төрелік шешімдердің күшін жою негіздері

Төрелік шешімдердің күшін жою негіздері

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Төрелік шешімдердің күшін жою негіздері

1.1 Төрелік келісім және даудың төреліктің ведомстволық қарауына жатпайтыныЗаңның 52-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында төрелік шешімнің күшін жоюға әкеп соғуы мүмкін екі түрлі негіз көрсетілген.

1) төрелiк шешiмде төрелiк келiсiмде көзделмеген немесе оның шарттарына дөп келмейтін мәселе бойынша шешім қамтылса не төрелiк келiсiмнiң шегiнен шығатын мәселелер жөнiндегi қаулы қамтылса;
2) даудың төрелiктiң ведомстволық қарауына жатпауына байланысты.
Егер тӛрелік шешімнің күші кӛрсетілген негіздер бойынша жойылса, онда тараптың дауды шешу үшін құзыретті сотқа жүгіну құқығынан айырылмағанынатап ӛткен жӛн.
Соттың тӛрелік шешімнің күшін жоюдың бірінші негізі, мысалы, кепіл немесе кепіл шартында тӛрелік ескертпе болған жағдайда, ал негізгі қарыз шартында тӛрелік ескертпе болмаған жағдайда қолданылады. Бұл жағдайда, егер тӛрелік дауды қараса, онда сот тӛреліктің шешімін Заңның 52-бабы 1-тармағының 
1) тармақшасына сәйкес күшін жоюға тиіс.

Екінші негіз бойынша, егер тарап даудың тӛрелікке ведомстволық қарауына жатпайтындығын дәлелдесе, сот тӛрелік шешімнің күшін жоя алады.Заңның 8-бабының 1-тармағына сәйкес тараптардың арасында жасалған тӛрелік келісім болған кезде дау тӛреліктің қарауына берілуі мүмкін.
Заңның 2-бабының 4) тармақшасында тӛрелік келісім ұғымы берілген -азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған немесе туындауы мүмкін дауды тӛрелікте қарауға беру туралы тараптардың жазбаша келісімі.

Заңның 9-бабының мағынасы бойынша тӛрелік келісім:
- тараптар қол қойған құжаттағы тӛрелік ескертпені (әдетте, тӛрелік ескертпе
негізгі шарттың мәтініне енгізіледі);
- негізгі шартқа тәуелсіз дербес тӛрелік келісімді;
- субъектілердің құрамы мен олардың ерік білдіру мазмұнын айқындайтын хаттар, жеделхаттар, телефонограммалар, факстер, электрондық құжаттар немесе ӛзге де құжаттар алмасу арқылы жасалатын тӛрелік келісімді;
- талап қоюларды алмасу және талап қоюды қайтарып алу арқылы жасалатын, онда тараптардың бірі келісімнің бар екенін растайтын, ал екінші тарап бұған қарсы болмайтын тӛрелік келісімді жасау арқылы әртүрлі тәсілдермен жасалуы мүмкін.

Сондай-ақ, егер шарт жазбаша нысанда жасалған және бұл сілтеме тӛрелік келісімді шарттың бір бӛлігі ретінде қарастырған жағдайда, шартта дауды тӛреліктің шешуіне беру туралы талапты қамтитын құжатқа сілтемені кӛздейді.

Тӛрелік шешімнің немесе атқару парағын беру туралы ӛтініштің күшін жою туралы ӛтінішхатты қарау кезінде сот тексеруге жататын маңызды мәселе -тараптардың тӛрелік келісім жасасу мәселесі болып табылады. Мұндай құжатты атқару парағын беру туралы ӛтінішке қосу міндетін заң шығарушының жүктеуі кездейсоқ емес, ӛйткені тӛрелік келісімнің тараптары үшін тӛрелік келісім заңды салдарға әкеп соғады және тӛрелік үшін заңды маңызы бар - тӛрелік талқылауды жүргізуге ӛкілеттігін растайды. Сондай-ақ, соттар тӛрелік келісімге енгізілген шарттарға тиісті құқықтық баға беруі тиіс. Себебі, 2019 жылдан бастап тараптар 
тӛрелік келісімнің шарттарын тек ӛз қалауы бойынша анықтайды, яғни Заңның 9-бабының қолданыстағы редакциясы тӛрелік келісімге тараптардың дауды тӛрелікке беру ниеті; тӛрелік қарауға жататын нысананы кӛрсету; нақты тӛрелікті кӛрсету сияқты шарттарды енгізуді енді талап етпейді. Барлық шарттар тараптардың келісімімен айқындалады.

Тӛрелік келісім азаматтық-құқықтық шарт болғандықтан, демек оған АК-ніңшарттар туралы тиісті нормалары қолданылуы тиіс. 
АК-нің 393-бабының 1-тармағына сәйкес тараптардың арасында шарттың барлық елеулi ережелерi бойынша тиiстi жағдайларда талап етiлетiн нысанда келiсiмге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледi. Шарттың мәнi туралы ережелер, заңдарда елеулi деп танылған немесе шарттардың осы түрi үшiн қажеттi ережелер, сондай-ақ бiр тараптың мәлiмдеуi бойынша келiсiмге қол жеткiзуге тиiстi барлық ережелер елеулi ережелер болып табылады. Шарттың мәнін анықтамайынша, бірде-бір шартты жасалған деп санауға болмайды.

Тӛрелік келісімнің нысанасына тараптардың белгілі бір дауларды тӛреліктің қарауына беру міндетін жатқызуға болады, сондықтан тараптар бұрыннан туындаған немесе туындауы мүмкін дауды қарау үшін беруге міндеттенген сол немесе ӛзге тӛрелікті дараландыруға мүмкіндік беретін мәліметтер тӛрелік келісімде болуға тиіс. Тӛрелік келісімде мұндай мәліметтер болмаған кезде, сондай-ақ толықтырушы нормаларды (атап айтқанда, Сыртқы сауда тӛрелігі туралы Еуропалық конвенцияның ережелерін) қолдану мүмкін болмаған кезде мұндай тӛрелік келісімдер жасалмаған болып есептелуі тиіс.

Еуропалық конвенцияның IV бабында, егер тараптар дау қаралатын нақты тӛрелікті кӛрсетпеген жағдайда, тӛрелік сотты дараландыру тетігі қамтылған.
Конвенцияны қолдану кезінде соттар оның қолданылу аясын ескеруі, сондайақ Конвенцияға қатысушылар болып табылатын мемлекеттердің мәртебесін тексеруі керек.

Мәселен, 1-баптың 1-тармағының а) тармақшасына сәйкес Еуропалық конвенция осындай келісім жасалған кезде тұрақты тұрғылықты жері немесе тиісінше әртүрлі уағдаласушы мемлекеттерде ӛзінің орналасқан жері бар жеке және заңды тұлғалардың сыртқы сауда жӛніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде туындайтын дауларды тӛрелік тәртіппен шешу туралы тӛрелік келісімдерге қолданылады.

Қазақстан Республикасы 1961 жылғы 21 сәуірде Женева қаласында қабылданған Сыртқы сауда тӛрелігі туралы Еуропалық конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 4 қазандағы № 2484 Жарлығына сәйкес Еуропа конвенциясына қосылды.
Мысалы, Жоғарғы Соттың азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2022 жылғы 19 шілдедегі қаулысымен Нұр-Сұлтан қаласы сотының азаматтық істер жӛніндегі алқасының 2022 жылғы 22 ақпандағы ұйғарымының күші жойылып, «Крокус инжиниринг» ДК С.А. Колесниченконың «Тисса» ЖШҚ-ға шартты бұзу, шығындарды, шыққан шығыстарды ӛндіріп алу туралы талап қоюына қатысты азаматтық іс бойынша «Бірінші Экономикалық Тӛрелік» ЖШСның 2021 жылғы 13 желтоқсандағы шешімінің күшін жою туралы жаңа ұйғарым шығарылды.

«Тисса» ЖШҚ сотқа шешімнің күшін жою туралы ӛтінішхат бере отырып, дәлелдердің бірі ретінде даудың тӛреліктің қарауына жатпайтындығын кӛрсетті.
Іс материалдары бойынша тараптар 2017 жылғы 21 сәуірде сатып алу-сату шартын жасасқан.
Беларусь Республикасының Минск облысы экономикалық сотының 2021 жылғы 24 наурыздағы шешімімен «Тисса» ЖШҚ-ның «Крокус Инжиниринг» ДК С.А. Колесниченкоға мемлекеттік бажды тӛлеу бойынша талапқоюшының шығындарын ӛтеу үшін 6 214 560 Ресей рублі, 7 081,51 Беларусь рублі мӛлшерінде берешекті ӛндіріп алу туралы талабы қанағаттандырылды (жоғарыда кӛрсетілген шарт бойынша дау).

Нұр-Сұлтан қаласы МАЭС-тің 2021 жылғы 2 тамыздағы ұйғарымымен шетелдік соттың жоғарыда кӛрсетілген шешімі борышкердің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының аумағында танылды және орындалды, ӛндіріп алуға атқару парағы жазылды.
«Бірінші Экономикалық Тӛрелік» ЖШС-ның 2021 жылғы 13 желтоқсандағы шешімімен «Крокус инжиниринг» ДК С.А. Колесниченконың «Тисса» ЖШҚ-ға шартты бұзу, шығындар мен келтірілген шығыстар сомасын ӛндіріп алу туралы талабы қанағаттандырылды.

Дау айтылған Шарттың 7.2-тармағына сәйкес осы Шарт бойынша туындаған даулар мен келіспеушіліктер, оларды келіссӛздер арқылы реттеу мүмкін болмаған жағдайда, талап қоюшы елінің тӛрелік сотында шешілуге тиіс. Соттың шығарған шешімі екі тарап үшін де түпкілікті және міндетті болып табылады.

Даудың тӛреліктің ведомстволық қарауына жататындығы мәселелері тӛрелік ескертпенің мазмұнында айқындалады.
Осы іс бойынша тӛрелік келісімнің пророгациялық келісіммен араласуы болды. Мұндай келісім соттылық туралы жалпы ережені ӛзгертеді және тараптардың таңдауы бойынша дауды шешу юрисдикциясына жатқызылған шет мемлекеттің құзыретті сотын анықтайды. Шарттың 7.2-тармағының құқықтық мәні даулы болып кӛрінеді, ӛйткені Беларусь пен Қазақстан Республикасында «Тӛрелік сот» термині әртүрлі түсініледі. Қазақстанда және Беларуссияда мемлекеттік тӛрелік соттар жоқ.

Заңның 2-бабының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес сот деп ҚазақстанРеспубликасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес бірінші саты бойынша азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар туралы істерді қарауға уәкілетті Қазақстан Республикасы сот жүйесінің соты; ал тӛрелік деп –тӛрелік – нақты дауды қарау үшін арнайы құрылған тӛрелік немесе тұрақтыжұмыс істейтін тӛрелік түсініледі.

Заңда «Тӛрелік сот» деген ұғым кӛзделмеген.Шарттың 7.2-тармағында тӛреліктің нақты атауы қамтылмаған, егер тараптар тӛрелік келісім жасасуға ниет білдірсе, Қазақстан Республикасында тұрақты жұмыс істейтін тӛреліктерді нақты дараландыруға мүмкіндік бермейді. Бұл ретте, Заңның 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, егер ол тӛрелік келісімде кӛзделмеген тӛрелікке берілсе, тӛрелік талап қоюды қайтарады. Талап қоюшыныңӛз таңдауы бойынша нақты тұрақты жұмыс істейтін тӛреліктің екінші тараппен алдын ала жазбаша келісімінсіз тӛрелікке жүгінуге құқығы жоқ. Бұл жағдайда тараптар тӛрелік емес, пророгациялық келісім жасасады. Онда талап қоюшыелінің сотына нұсқау берілгендіктен, бұл келісімді салыстырмалы түрде 
анықталған пророгациялық келісімдерге жатқызуға болады. Осылайша, ҚазақстанРеспубликасының соты болып табылатын тиісті мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот құзыретті сот болады, оған АПК-нің ведомстволық қарауы мен соттылығы туралы ережелеріне сәйкес жүгіну қажет болды.

Шарт талаптарының сӛзбе-сӛз мазмұны кассациялық сатыдағы соттың мынадай тұжырымдарға келуіне мүмкіндік берді:
1) Шарттың 7.2-тармағының ережелері дауларды шешетін субъектіні - талап қоюшының Тӛрелік сотын айқындайды. Бұл жағдайда талап қоюшы - Қазақстан Республикасының резиденті, демек, Қазақстан Республикасының Тӛрелік соты туралы сӛз қозғалып отыр. Конституцияның 75-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында сот тӛрелігін тек сот жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының сот жүйесіне Тӛрелік соттар кірмейді.

2) Шарттың осы 7.2.- тармағында шығарылатын актінің атауы да - сот шешімі деп кӛрсетілген. Демек, тараптар сотқа жүгінуді кӛздеді. Сонымен қатар, Заңның 2-бабының 8) тармақшасына сәйкес тӛрелік - тӛрелік шешім деп аталатын акт шығарады.
3) заң тӛрелік сотта тӛрелік талқылауды жүргізуді кӛздемейді. Заң шығарушы тӛрелік талқылауды жүзеге асыруды тӛрелікке немесе тӛрешіге жүктейді. Бұл ретте заңда дефинициялардың жеке анықтамасы берілген: тӛрелік, тӛреші, сот, сонымен дауды шешетін әртүрлі субъектілер кӛрсетілген.
4) «Тисса» ЖШҚ тӛрелік шешімінің күшін жою туралы ӛтінішке Беларусь Республикасының Минск облысы экономикалық сотының 2021 жылғы 20 наурыздағы №140-2/20 шешімі қоса берген, оның мазмұнынан жауапкер тӛрелік сот ұғымын аралық сот деп ескерту ретінде (тиісті Заңның нормасына сілтемені ескере отырып), талап қоюшы - сот тӛрелігін жүзеге асыратын мемлекеттік орган ретінде түсіндіреді; шарттың мазмұнынан ескертпенің болу фактісі мен түрін, оның ішінде жауапкердің оның түрі туралы ұстанымын ескере отырып, бірмағыналы айқындау мүмкін емес. Осылайша, шет мемлекеттің құзыретті соты шартта тӛрелік ескертудің жоқтығы туралы қорытынды жасады. 

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2021 жылғы 2 тамыздағы ұйғарымымен шетелдік соттың жоғарыда кӛрсетілген шешімі борышкердің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының аумағында танылды және орындалды, ӛндіріп алуға атқару парағы берілді. Сот шешімінің заңды күшін тану сот атісінің құқықтық салдарының басталғанын куәландырады, бұл ретте тану тӛрелік талқылау басталғанға дейін 2021 жылғы 8 қарашаға дейін жүзеге асырылды, осы шешімнің бар екендігі туралы «Тисса» ЖШҚ тӛрешінің назарына жеткізді. Алайда, Нұр-Сұлтан қаласы сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасы «Тисса» ЖШҚ-ның даудың тӛрелікке ведомстволық қарауына жатпайтындығы туралы дәлелін шешкен кезде бұл фактіге тиісті құқықтық баға бермеген.

Апелляциялық сатыдағы соттың тӛрелік ескертпенің бӛлігіндегі шарттыңталаптарын тиісінше бағаламауы даудың дұрыс шешілмеуіне әкелді, бұл жоғары тұрған сотта апелляциялық сатыдағы сот актісін қайта қарау үшін негіз болды.Сондықтан, Заңның 52-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында кӛзделген негіздер бойынша тӛрелік шешімдердің күшін жою туралы ӛтінішхаттарды қарау кезінде сотта анықталуға жататын маңызды мәселе - тӛрелік келісімді жасасу мәселесі және оның талаптары болып табылады.

Заңның 8-бабының 1) тармақшасында тараптардың арасында жасалған тӛрелік келісім болған кезде дау тӛреліктің қарауына берілуі мүмкін деп кӛзделген.
Заңның 8-бабының 7-тармағына сәйкес тӛрелік келісімнің қолданысы тараптар оны қандай тәртіппен жасасса, сондай тәртіппен тоқтатылуы мүмкін.Аталған құқық нормаларының сӛзбе-сӛз мазмұны тӛрелік келісімніңқолданылуын тоқтату үшін тараптардың тиісті жазбаша келісім жасасуы қажет екенін білдіреді. Егер тараптар мұндай әрекеттерді жүзеге асырмаса, онда дау тӛрелік келісімнің талаптарына сәйкес шешіледі және оны жалпы юрисдикциядағы сотта қаралуы мүмкін емес.
Мысалы, Жоғарғы Соттың азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2021 жылғы 11 тамыздағы қаулысымен Алматы облысы Қарасай аудандық сотының 2020 жылғы 15 қаңтардағы шешімінің және Алматы облыстық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі қаулысының күші жойылды.

Кассациялық сатыдағы сот А.А. Еркебаевтың «STORY KZ» ДК А.А.Рахманованың (Демидованың) құрылыс мердігерлік шартын бұзу, соманы ӛндіріп алу туралы талабын қараусыз қалдырды.АПК-нің 279-бабының 5) тармақшасына сәйкес, егер заңда ӛзгеше кӛзделмесе, тараптардың арасында заңға сәйкес осы дауды тӛреліктің шешуінеберу туралы келісім жасалса, сот талап қоюды қараусыз қалдырады.Кодекстің кӛрсетілген нормасының мәні бойынша, егер шартта тӛрелік ескертпе болса, бұл дау жалпы юрисдикциядағы соттың ведомстволық қарауына жатпайды, ол тӛрелікте, оның ішінде тӛрелік ескертпеге дау айту бӛлігінде 
қаралуға тиіс.

Тараптар Шартта даудың Қазақстандық Халықаралық Тӛреліктіңведомстволық қарауына жататындығын айқындаған.
Тӛрелік келісім болған кезде сот мұндай дауды қарауға құқылы емес.Егер А.А. Еркебаев сотқа жүгінген, ал жауапкер «STORY KZ» ДК А.А.Рахманова (Демидова) соттың дауды қарауына қарсылық білдірмейтінінкӛрсеткен талап қоюға пікір (ӛзге жазбаша растау) білдірген жағдайда, дау сотта қаралуға жатады. Мұндай позиция Заңның 8-бабы 7-тармағының ережесіне сәйкес келеді.
Жоғарғы Соттың азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2021 жылғы 

7 қыркүйектегі қаулысымен «Platinum» ЖШС-ның пайдасына (бұдан әрі - ЖШС)Э.Т. Масановадан 829 914 теңге мӛлшеріндегі соманы ӛндіріп алу туралы «Әділет» тӛрелігінің 2016 жылғы 12 шілдедегі сырттай шешімінің күшін жою туралы Э.Т.Масанованың ӛтінішхатын қанағаттандырудан бас тарту туралыАлматы қалалық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2021 жылғы 9 маусымдағы ұйғарымының күші жойылды.

.Т.Масанованың шешімнің күшін жою туралы ӛтінішхатпен сотқа жүгіну кезінде келтірген дәлелдерінің бірі тараптардың арасында қол қойылған тӛрелік шешімнің жоқтығы болды.

Сонымен, сырттай шешімнің мазмұны бойынша ЖШС-ның тӛрелікке жүгінуіне тараптар қол қойған тӛрелік (аралық) келісім негіз болып табылады, алайда іс материалдарында тараптар қол қойған тӛрелік келісім болмаған.Борышкердің дауды тӛрелікте қарауға және тӛрелік талқылауға қатысуға жазбаша келісімінің дәлелі сотқа ұсынылмаған, ал Заңның 9-бабына сәйкес тӛрелік келісімнің болуы міндетті болып табылады.

Дау «ForteBank» АҚ мен Э.Т.Масаноның арасында 2012 жылғы 25 шілдедежасалған банктік қарыз шарты бойынша туындады. Кейін кредиттік шарт бойынша құқықтар 2015 жылғы қарашадағы сенімгерлікпен басқаруға беру шартының негізінде ЖШС-ға берілген, Сырттай шешім осы ЖШС-ның пайдасына шешілген.

ЖШС бұрынғы кредитордың қарызды талап ету құқығын басқаға беруіне сілтеме жасай отырып, Э.Т. Масановамен жеке құжат түрінде немесе кредиттік шартта кӛзделген тӛрелік ескертпе түрінде тӛрелік келісім жасасудың дәлелдерін ұсынбады, ӛзінің тӛрелікке жүгіну құқығының бар екенін дәлелдеген жоқ.Кассациялық сатыдағы соттың қорытындысы бойынша тараптар жеке 
жазбаша құжатқа қол қою не кредиттік шартқа толықтырулар енгізу жолымен олардың арасында туындаған дауларды тӛрелікте қарау мүмкіндігін келіспеген, даудың тӛреліктің ведомстволық қарауына жататындығын анықтамаған, сондықтан тӛрелік тиісті келісімнің болмауына байланысты ЖШС-ның талабын қабылдап, құзыреттілікті бұза отырып қараған.

1.2 Заңның 52-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында соттың төрелік шешімнің күшін жоюға әкеп соғуы мүмкін екі бұзушылық белгіленген:
- сот төрелiк келiсiм тараптарының бiрiн әрекетке қабiлетсiз деп таныған:
- тараптар төрелік келісімді жасауға негізге алған заң бойынша, ал мұндай заңға сілтеме болмаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша төрелiк келiсiмнің күшінің жоқтығы.

Әрекет қабілеттілігі ұғымы Қазақстан Республикасында жеке тұлғаларға қатысты қолданылады; құқық қабілеттілігі заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.
Кӛрсетілген құқық нормасында «әрекетке қабілетсіз» термині қолданылады.Соттардың практикасында осы негіздер бойынша тӛрелік шешімдер дау тудырмады.

Сондықтан соттарда осы негіз бойынша заңды тұлғаға қатысты тӛрелік шешімнің күшін жоюға болатыны-болмайтыны туралы сұрақ туындауы мүмкін.

М.К.Сүлейменовтің, А.Е.Дүйсенованың редакциясымен шығарылған Заңға ғылыми-практикалық түсініктемеде: «Заңды тұлғаларға қатысты қазақстандық құқық «құқық қабілеттілігі ұғымын қолданады» деп түсіндірме берілген. Алайда, түсініктеме берілген баптың 1-тармағының 2) тармақшасында «әрекеткеқабілетсіздік» терминін қолдану осы негіз бойынша сот заңды тұлғаға қатысты тӛрелік шешімнің күшін жоя алмайды дегенді білдірмейді.

Қазақстандық заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі АК-нің 35-бабына сәйкес айқындалады. Заңды тұлғаның азаматтық құқық қабілеттілігі АК-нің 1101-бабының 1-тармағына сәйкес заңды тұлғаның заңында айқындалады. АК-нің 1100-бабына сәйкес заңды тұлғаның заңы деп осы заңды тұлға құрылған елдің құқығы болып саналады.».

Тӛрелік шешімнің жарамсыздығы тӛрелік келісімнің жасалмағанын, жарамсыз екенін, күші жойылғанын немесе оны орындау мүмкін еместігін білдіреді. Мұндай тәсіл дұрыс, ӛйткені тӛрелік келісімнің «жарамсыздығына»шектеулі түсініктеме берілген кезде жасалмаған, күші жойылған тӛрелік келісім немесе орындалуы мүмкін емес тӛрелік келісім болған кезде сот тӛреліктердің шығарған тӛрелік шешімдерінің күшін жоя алмайтын еді.

1.3 Заңның 52-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы бойынша төрелік шешімнің күшін жою үшін күшін жою туралы өтінішхатты мәлімдеген тарап мынадай дәлелдемелерді ұсынуға тиіс:
- тарапқа төрешінің тағайындалғаны туралы немесе төрелік талқылау туралы тиісті түрде хабарланбаған;
- сот дәлелді деп таныған себептер бойынша өз түсініктемелерін бере алмады.

Бұл жағдайда соттар АПК-нің 11-тарауының ережелерін қолданбайтыны, Заңның 26-бабы 3-тармағының және 30-бабының талаптарына сәйкес тӛрелік талқылау тараптарын хабардар ету жӛніндегі тӛрелік іс-әрекеттерінің тараптың сәйкестігіне дәлелдерін тексеретіні анықталды.

Жауапкер тарапына тӛрешіні тағайындау туралы немесе тӛрелік талқылау туралы тиісті түрде хабарланбағандықтан, тӛрелік шешімдердің ең кӛп саныныңкүші жойылды.
Заңның 5-бабына сәйкес тӛрелік талқылау қағидаттарды сақтай отырып жүзеге асырылады, оларды бұзу маңыздылығына қарай қабылданған тӛрелік шешімнің күшін жоюға әкеп соғады.

Тараптың тӛрешіні тағайындау туралы немесе тӛрелік талқылау туралы тиісінше хабарламауы тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы қағидатының бұзылғанын куәландырады, ӛйткені тараптың тӛрелік талқылауға тікелей қатысу құқығы бұзылған, бұл Заңның 52-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тӛрелік шешімнің күшін жою үшін дербес негіз болып 
табылады.

Егер тӛрелік шешім қарсы шығарылған тарап тӛрелік талқылау туралы хабардар етілмеуіне байланысты оның күшін жою туралы талаппен сотқа жүгінсе, онда сот кӛрсетілген дәлелді тӛреліктің тиісті хабарлау туралы талаптарды орындағаны туралы құжаттық растау негізінде тексереді.

Тӛрелікте дауларды қарау рәсімі тӛрелік келісіммен, тӛрелік талқылау ережелерімен реттелетіндіктен, соттар мұндай құжаттарда тараптарды тӛрелік отырысының уақыты мен орны туралы хабардар етудің ӛзге мерзімдері мен қағидалары белгіленуі мүмкін екенін назарда ұстауы қажет, сондықтан соттар осы мән-жайларды анықтап, оларға құқықтық баға беруі тиіс.

Тараптың тараптың тӛрешiнiң тағайындалуы туралы немесе тӛрелiк талқылау туралы тараптың тиiстi түрде хабардар болмағандығын немесе сот дәлелдi деп таныған басқа да себептер бойынша ӛзiнiң түсiндiрулерiн ұсына алмағандығын дәлелдеу ауыртпалығы сотқа ӛтінішхатпен жүгінген тарапта болады.

Сонымен қатар, соттар кейбір ерекшеліктерді ескеруі керек.Егер тӛрелік талқылауды тұрақты жұмыс істейтін тӛрелік емес, нақты дауды қарау үшін құрылған тӛрелік жүзеге асырған болса, бұл жағдайда тараптың тӛрешiнiң тағайындалуы туралы немесе тӛрелiк талқылау туралы тараптың тиiстi түрде хабардар болмағандығын немесе сот дәлелдi деп таныған басқа да себептер бойынша ӛзiнiң түсiндiрулерiн ұсына алмағандығын дәлелдеу ауыртпалығы әрқашан сотқа ӛтінішхатпен жүгінген сол тарапта болады.

Тӛрелік талқылауды тұрақты жұмыс істейтін тӛрелік жүзеге асырған кезде, егер бұл жағдайда тарап тиiстi түрде хабардар болмағандығын мәлімдесе, бірақ объективті себептерге байланысты оған дәлелдемелер ұсына алмаса, сот тараптыңдәлелді ӛтінішхаты бойынша не ӛз бастамасы бойынша тӛрелік талқылау тараптарын тиісінше хабардар ету туралы мәселені шешу үшін тӛреліктен АПКнің 15-бабының тӛртінші бӛлігі, 73-бабының тӛртінші бӛлігі негізінде қажетті құжаттарды талап етеді.

Тӛрелік істі талап етудің қажеті жоқ, ӛйткені соттың тӛрелік шешімді қайта қарауға құқылы емес (Заңның 52-бабының 3-тармағы).

Сонымен қатар, керісінше дәлелдеу ауыртпалығын сот екінші тарапқа жүктеуі мүмкін. Бұл жағдайда екінші тарап қарсы тараптың хабарламасын растайтын құжаттарды ұсыну туралы ӛтінішпен тӛрелікке жүгіне алады.Заңның 5-бабының 6) тармақшасында кӛзделген құпиялылық қағидатын бұзу бұл жағдайда орын алмайды, ӛйткені заң шығарушы азаматтық сот ісін жүргізу міндеттерін іске асыру мақсатында соттың қажетті құжаттарды талап ету құқығын кӛздеген.
Сондықтан сот тарапқа тӛрешіні тағайындау туралы немесе тӛрелік талқылау туралы хабарламағанын анықтауға міндетті, ол үшін сот тӛреліктен тараптарды тиісті түрде хабардар ету жӛніндегі құжаттарды талап етеді.

Мұндай құжаттар хабарламалар, шақыру қағаздары, жүкқұжаттар, жӛнелту тізілімдері, түбіртектер, пошта ұйымдарының хаттары, SMS хабарламаларынан үзінді кӛшірмелер және тӛрелік куәландыруы тиіс тараптарды хабардар ету фактісін растайтын ӛзге де құжаттар болуы мүмкін.

Мысал ретінде Н.Е. Құлшынбектен «Халыққа ақша» ЖШС-ның пайдасына сома ӛндірілген тӛрелік шешімге дау айту туралы істі келтіруге болады.Н.Е. Құлшынбек тӛрелік істің ӛткізілетін орны мен уақыты туралы хабардар болмағанын кӛрсете отырып, тӛрелік шешімнің күшін жою туралы ӛтінішхатпен жүгінді.

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының №2 сотының 2020 жылғы 4 ақпандағы ұйғарымымен ӛтінішхат қанағаттандырылды, тӛрелік шешімнің күші жойылды.Сот тӛрелік істі талап етті, одан 2018 жылғы 15 қаңтарда Н.Е. Құлшынбекке 2018 жылғы 31 қаңтарда тӛрелік талқылау ӛтетіні туралы хабарлама жіберілген. Осы хабарлама жауапкердің тұрғылықты жері бойынша пошта байланысы арқылы жолданған. Алайда, тӛрелік іс материалдарында жауапкердің хабарлама
алғаны туралы дәлелдемелер жоқ.
Хабарлама жай хатпен жіберілген, ал заңнамада тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберілген хабарлама, телефонограмма немесе жеделхат, сондай-ақ хабарламаның тіркелуін қамтамасыз ететін ұялы байланыстың абоненттік нӛмірі бойынша мәтіндік хабарламаның жеткізілгенін растайтын есеп тараптың тиісті хабарлануы деп танылады.
Бұдан басқа, 2018 жылғы 15 қаңтарда Н.Е. Құлшынбекке тӛрелік талқылау күні туралы телефонограмма жолданды, бұл ретте телефонограммада хабарламаның кім және қай уақытта берілгені кӛрсетілмеген, сондай-ақ оның алынғаны туралы мәліметтер жоқ.

Осылайша, жауапкерге хабарламалардың нақты тапсырылғанын растайтын мәліметтер болмаған. Осыған байланысты сот тӛрелік арыз берушінің сот арқылы қорғалу құқығын бұзды деген қорытындыға келді.Тӛрелік талқылау тараптарын хабардар ету жӛніндегі іс-қимылдардың заңда егжей-тегжейлі регламенттенуіне қарамастан (Заңның 26, 30-баптары) соттар тӛреліктер жол беретін мынадай бұзушылықтарды анықтайды:
1) белгілі бір күнге тӛрелік талқылауды тағайындау туралы хабарлама және 
бұл ретте тӛреліктің кейінгі отырыстарына хабарламаның жоқтығы.
2) тарапқа пошта хат-хабарларын тапсыру туралы хабарламасыз тапсырыс хатпен хабарлама жіберу және кейіннен тапсырыс хаттар тізілімінің дәлелі ретінде қоса тіркеу.
3) Шартта кӛрсетілген тараптың орналасқан жері туралы мәліметтерге сәйкес келмейтін мекенжай бойынша адресатқа хабарлама жіберу.
4) хабарламаны жібермеу.

Кӛрсетілген мән-жайларды соттар тӛрелік талқылауға қатысушыларды тиісінше хабардар етпеуді куәландырады деп заңды түрде таниды.
Сот тӛрелік шешімнің күшін жою туралы талаптарды тарапқа тӛрешіні тағайындау және тӛрелік талқылау туралы хабарланды, бірақ объективті мәнжайларға байланысты ӛз түсініктемелерін бере алмады деген себептер бойынша қараған кезде, соттар тӛрелік шешім қабылданған тараптың түсініктеме беруге кедергі келтіретін дәлелді себептердің бар екенін дәлелдеуге міндетті екенін ескеруі қажет. Түсініктеме деп жауапкердің кері байланыс беруі ғана емес, түсіндірмелер сот отырысында жүзеге асырылатын ауызша болуы мүмкін. Бұл ретте тӛрелік істі қарау ауызша тыңдаусыз жүргізілуі мүмкін екенін ескеру қажет, ӛйткені тараптар тӛрелік келісімде жазбаша құжаттар негізінде дауды қарау рәсімін кӛздеуге құқылы.

Осылайша, Жоғарғы Соттың азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2022 жылғы 19 шілдедегі қаулысымен апелляциялық сатының 2022 жылғы 22 ақпандағы ұйғарымының күші жойылды, оған «Крокус инжиниринг» ДК С.А.Колесниченконың «Тисса» ЖШҚ-ға шартты бұзу, шығындарды ӛндіріп алу туралы талабы бойынша тӛрелік шешімнің күшін жоюдан бас тартылды.

Тӛрелік шешімнің күшін жоюдың негіздерінің бірі тараптың дәлелді себептермен ӛз түсініктемелерін бере алмауы болды. Апелляциялық сатыдағы сот тӛреліктің іс-әрекеттерінің тӛрелік талқылау тараптарын хабардар ету бӛлігінде заң талаптарына сәйкестігіне тараптың дәлелдерін тексерген жоқ.

Кассациялық сатыдағы соттың қарауы кезінде 2022 жылғы 4 қаңтарда «Тисса» ЖШҚ-ға почта жӛнелтімі келіп түскені анықталды, оған бір мезгілде 2021 жылғы 13 желтоқсандағы тӛрелік шешім, сондай-ақ 2021 жылғы 10 желтоқсандағы тӛрелік құзыретінің болуы туралы және істі даудың мәні бойынша қарауды 2021 жылғы 13 желтоқсанға кейінге қалдыру туралы ұйғарымсалынды.
Осыған байланысты кассациялық сатыдағы сот бұл мән-жайлар тӛрешінің 

Заңның 5-бабында кӛзделген тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы туралы тӛрелік талқылау қағидаттарын бұзғаны туралы тараптың дәлелдерін растайды және тӛрелік шешімнің күшін жою үшін негіз болып табылады деген қорытындыға келді.

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2021 жылғы 7 қыркүйектегі қаулысымен «Әділет» тӛрелігінің 2016 жылғы 12 маусымдағы «Platinum Collection» ЖШС-ның пайдасына 829 914 теңге соманы ӛндіріп алу туралы сырттай шешімінің күшін жою туралы жаңа шешім шығара отырып, азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2021 жылғы 9 маусымдағы ұйғарымының күші жойылды.

Ӛтініш беруші ӛтініш беру мерзімін қалпына келтіру туралы дәлелдердіңнегіздемесіне борышкерге атқарушылық іс жүргізу материалдарымен танысу кезінде 2020 жылғы 22 желтоқсанда шешім туралы белгілі болғанын, сырттай шешімнің кӛшірмесі 2021 жылғы 13 қаңтарда алғанын кӛрсетті.

Іс жауапкердің қатысуынсыз қаралды.Бұл ретте іс материалдарында тӛрелік шешімнің кӛшірмесін жауапкерге жіберу не тапсыру туралы нақты деректер жоқ.Кассациялық сатыдағы сот аталған мән-жайлар ӛтініш берушінің тӛрелік шешімнің күшін жою туралы ӛтінішті уақтылы беруіне кедергі келтірді және жауапкердің ӛз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндігін шектеді, осыған байланысты ӛтінішхатты беру мерзімдері қалпына келтірілді деп есептеді.

Тӛрелік шешімнің сипаттау бӛлігі бойынша Э.Т. Масанова істің қаралу уақыты мен орны туралы тиісті хабарланғанына қарамастан, тӛрелік отырысына келмеген, сондықтан істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарылған.
Сонымен қатар, тӛрелік іс материалдарында жауапкерді тӛрелік талқылаудыңтағайындалғаны, істі қарау уақыты мен орны туралы хабардар етілгені, талап қоюдың кӛшірмесін және оған қоса берілген құжаттардың тапсырылғаны, жауапкердің соттың басқа да хабарламаларын аллғаны туралы деректер жоқ.

Апелляциялық алқаның 2021 жылғы 18 мамырдағы сұрау салуына тӛрелік азаматтық істің архивте болмауына сілтеме жасай отырып, азаматтық істі бермеді.Мұндай жағдайларда Э.Т. Масанованың дауды тӛрелікте талқылау туралы іс бойынша тарап ретінде тиісінше хабарланбағаны және істің оның қатысуынсыз негізсіз қаралғаны жӛніндегі дәлелдерін сот теріске шығарымады,сондықтан оның дәлелдеріне назар аударуға болады.

Тӛреліктердің соттың сұрау салуы бойынша тӛрелік істің архивте жоқтығына сілтеме жасай отырып, оны ұсыну мүмкіндігі бола бермейді.Мұндай жағдайларда, егер соттар бұл жағдайды ӛтініш берушінің пайдасына қарайтын болса, дұрыс болады, ӛйткені тӛрелік іс болмаған кезде тиісіншехабарламағаны туралы дәлелдерді жоққа шығару мүмкін емес.

Сонымен қатар, соттар АК-нің 8-бабының 6-тармағына сәйкес ешкім де ӛзінің теріс пиғылды мінез-құлқымен артықшылық алуға құқылы емес. Тиісінше хабарламаудың негіздері бойынша тӛрелік шешімдердің күшін жою туралы ӛтінішхаттарды қарау кезінде соттар, оның ішінде тараптың хабарламаны немесе тӛрелік шешімді алудан жалтарғанына баға беруге, яғни тӛрелік талқылауға теріс пиғылды қатысушылардың тарапынан теріс пайдалануды болдырмау мақсатында тараптың мінез-құлқын адалдық пен әділдік қағидаттары тұрғысынан бағалауға тиіс.

Мысалы, «Орталық Қазақстандық тұрақты жұмыс істейтін тӛрелік» ЖШСның 2021 жылғы 25 наурыздағы №1/1-303 тӛрелік шешімімен «Эверест қаржы» микроқаржы ұйымы» ЖШС-ның А.Ж.Жұлдыбаевқа 2 557 019 теңге мӛлшерінде берешекті ӛндіріп алу туралы талап қоюы қанағаттандырылды.

А.Ж.Жұлдыбаев істі тыңдау күні мен уақыты туралы тиісті түрде хабардар етілмегендігін дәлелдей отырып, аталған шешімнің күшін жою туралы ӛтінішхатпен сотқа жүгінді, ӛйткені ол SMS-хабарлама мен шақыру қағазын тапсырыс хатпен алмаған.
Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2021 жылғы 3 маусымағы ұйғарымымен ӛтінішхатты қанағаттандырудан бас тартылды.
Сот тӛрелік істі талап етіп, зерделегеннен кейін тӛрелік отырыстың уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланғаны туралы қорытындыға келді, ӛйткені хабарлама алу үшін пошта бӛлімшесіне келмеу және пошта корреспонденциясыалып кету туралы пошта қызметкерінің хабарламасын орындамау тиісті түрде хабардар ету жӛніндегі міндеттемелерді тӛрешінің тиісінше орындамауы ретінде қарастырылмайды.

Бұл жағдайда тӛрелік талқылау туралы хабарлама алудан бас тартқан тараптың теріс пиғыл әрекеті орын алды.
Е.С. Сардаров Батыс Қазақстан облысы бойынша халықаралық тӛреліктің 2019 жылғы 10 сәуірдегі «Қарыз-Займы» ЖШС-ның (бұдан әрі - ЖШС) пайдасына берешек пен тӛрелік алымды ӛндіріп алу туралы шешімінің күшін жою туралы ӛтінішпхатпен сотқа жүгінді. Е.С. Сардаров бұл талаптар бойыншатӛрелік отырысы туралы хабарлама алмағандығы, ӛйткені ол телефонын жоғалтып алғаны, ал ұлының үйі сатылуына байланысты тұрғылықты жерін ӛзгерткені жӛнінде уәж келтірген.
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотының 2020 жылғы 2 наурыздағы ұйғарымымен ӛтінішхатты қанағаттандырудан бас тартылды.

Сот тӛрелік істі талап етіп, оны зерделеу арқылы ӛтініш берушіге Қарыз шартында кӛрсетілген +7708-ххххххх ұялы телефон нӛміріне жіберілген смсхабарламалар ӛтініш берушіге 2019 жылғы 15 наурызда және 2019 жылғы 3 сәуірде жеткізілгенін анықтады, бұл хабарламаның скриншоттарымен расталады.

Сондай-ақ сот тараптардың шартында мекенжай мен ұялы телефон нӛмірінің ӛзгергені туралы жазбаша хабардар ету кӛзделгенін атап ӛтті. Осы талап орындалмаған жағдайда, смс-хабарламалар шартта кӛрсетілген мекенжай бойынша жіберіледі және тиісті түрде тапсырылған болып есептеледі.

Ӛтініш беруші сотқа ЖШС-ны телефонның жоғалғаны және мекенжайы ӛзгергені туралы хабардар еткенін растайтын дәлелдемелер ұсынбаған, сондықтан сот ӛтініш берушінің істі тӛрелікте қарау туралы тиісті түрде хабарламағаны туралы дәлелдерін дәрменсіз деп таныды.

Егер сот тӛрелік шешімнің күшін жою туралы ӛтінішті қанағаттандырудан бас тартса, онда тӛрелік хабарламаны:
- тиісті адресатқа жібергенін;
- хабарлама жіберілген адамның алғанын;
- тараптың тӛрелік талқылауға дайындалу мүмкіндігі болатындай есеппен жіберілгенін (мерзім тараптардың келісімінде немесе тұрақты жұмыс істейтін тӛреліктің регламентінде кӛзделуі мүмкін, егер ол тікелей кӛзделмесе, онда ол ақылға қонымды болуы тиіс, мысалы, АК-нің 277-бабына ұқсас) анықтауға тиіс.

1.4 Заңның 52-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы бойынша төрелікшешімнің күшін жою үшін күшін жою туралы өтінішхатты мәлімдеген тарап төреліктің құрамы немесе талқылаудың төрелік рәсімі:
- тараптардың келісіміне сәйкес келмегенін;
- Заңға сәйкес келмегені жөніндегі дәлелдемелерді ұсынуға тиіс. 

Бұл норма, егер сот тараптардың келісімінде немесе заң талаптарында кӛзделген тӛрелік рәсімді бұзуды анықтаса, қолданылады.Егер елеулі бұзушылыққа жол берілсе, соттар кӛрсетілген негіз бойынша тӛрелік шешімнің күші жойылуы мүмкін екенін ескеруі тиіс. Заңда елеулі бұзушылықтарға не соларға жатқызуға болатындығы кӛрсетілмеген, сондықтан сот әрбір нақты жағдайда тӛрелік шешім шығарған кезде тӛреліктің елеулі бұзушылыққа жол бергенін немесе жібермегенін ӛзі белгілейді және анықтайды.

Сонымен бірге, соттар бұзушылықтарды бағалау кезінде осы Заңның қандай да бір ережесінің немесе тӛрелік келісімнің қандай да бір талабының сақталмағанын және оның үстіне, осы мақсаттар үшін тӛрелік регламентінде айқындалған мерзім ішінде осындай сақталмауға қарсылықты мәлімдемей тӛрелік талқылауға одан әрі қатысып жатқанын білетін тарап ӛзінің қарсылық білдіруқұқығынан бас тартқан болып есептелетінін кӛздейтін Заңның 6-бабының ережелерін ескеруі тиіс.

Осы құқық нормасы халықаралық сауда тӛрелігі туралы ЮНСИТРАЛ үлгілік заңына (Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық сауда құқығы жӛніндегі комиссиясы, 1985 жылғы 21 маусым) (2006 жылғы 7 шілдеде қабылданған ӛзгерістермен) (бұдан әрі - ЮНСИТРАЛ үлгілік Заңы) сәйкес келеді. Осыған ұқсас ережелер Еуропалық конвенцияның 5,6-баптарында бекітілген.
Қарсылық құқығынан мұндай бас тарту тек тӛрелік талқылаудың ӛзіне қатысты ғана емес, сондай-ақ осы тӛрелік талқылаудың нәтижесінде шығарылған шешімнің күшін жою немесе тану және орындау туралы мәселе бойынша сотта іс жүргізу процесінде де күшіне енеді.

Бұл тараптың мұндай жағдайларда бұдан әрі тӛрелік талқылау барысында да, істі сотта қарау кезінде де ӛз ұстанымын негіздеу үшін тӛрелік талқылау тәртібін бұзуға сілтеме жасауға құқығы жоқ екенін білдіреді.Сот практикасында соттар Заңның бұл нормасын іс жүзінде қолданбайды.Сонымен қатар, Заңның 6-бабының ережелерін қолданудың жекелеген мысалдары бар.

Мысалы, Жоғарғы Соттың азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2020 жылғы 3 қарашадағы қаулысымен Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2020 жылғы 20 наурыздағы ұйғарымының күші жойылып, Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 7 ақпандағы ұйғарымы күшінде 
қалды.

«Атырау құрылыс жобасы» ЖШС сотқа 2019 жылғы 27 желтоқсандағы тӛрелік шешімінің күшін жою туралы ӛтінішхатпен жүгінді, осы тӛрелік шешіммен «ДанАй-Realty» ЖШС-ның «Атырау құрылыс жобасы» ЖШС-ға 84 808 845 теңге сомасына жұмыстарды және орындалған жұмыстар актісін танутуралы талабы қанағаттандырылған.


Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 7 ақпандағы ұйғарымымен ӛтінішті қанағаттандырудан бас тартылды.
Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2020 жылғы 20 наурыздағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымының күші жойылды. «Атырау құрылыс жобасы» ЖШС-ның ӛтініші қанағаттандырылды. Тӛреліктің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы шешімінің күшіжойылды. Апелляциялық сатыдағы сот тӛрелік шешім Заңның 47 - бабының 
талаптарына сәйкес келмейді деген қорытындыға келді, тӛрелік тараптардың тӛрелік келісімі болмаған кезде ӛзінің ведомстволық қарауына жатпайтын дауды шешкен.
Кассациялық сатыдағы сот 2019 жылғы 8 қарашада «ДанАй Realty» ЖШСның талап қою арызы тӛрелік жүргізуге қабылданғанын, «Атырау құрылыс жобасы» ЖШС-ға жіберілгенін анықтады, ол талап қою арызына пікір білдірген. 
Тӛрелік талқылау барысында тӛреші тараптарға құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде қарсылық білдіру құқығын түсіндірген. Жауапкердің ӛкілі 2014 жылғы 30 қарашадағы «Батыс Қазақстан облысының Халықаралық тӛрелігі» ЖШС-ға қатысушылардың жалпы жиналысының хаттамасымен (бұдан әрі - Регламент) бекітілген Батыс Қазақстан облысының халықаралық тӛрелігінің регламентімен (бұдан әрі-Регламент) танысқан, бұл туралы тӛрелік талқылау материалдарында тиісті қолхат бар. Сонымен қатар, «Атырау құрылыс жобасы» ЖШС тӛрелікке шартты жарамсыз деп тану туралы қарсы талап қойып, кейіннен кері қайтарып алған.
Заңның 20-бабының 2-тармағына сәйкес тарап даудың мәнi бойынша алғашқы ӛтiнiш берiлгенге дейiн тӛрелiктiң ӛзiне шешуге берiлген дауды қарауға тӛрелiктің ӛкiлеттiктерi жоқ екенi туралы мәлiмдеуге құқылы. Сонымен қатар, тӛрелік талқылау тараптарының ешқайсысы да:
- тӛрелік келісімнің жарамсыздығы себебінен тӛрелік талқылауға қарсыекендігі жӛнінде;
- тӛрелікке шешуге берілген дауды қарауға оның ӛкілеттігінің жоқтығытуралы қарсылық білдірмеген немесе оны бермеген.

Осылайша, осы іс бойынша апелляциялық сатыдағы сот Заңның 6-бабының ережелерін қолданбаған. Сондай-ақ, Заңның 9-бабы 2-тармағының талабы ескерілмеді, онда егер тӛрелік келісім талап арыз алмасу және талап қоюды қайтарып алу арқылы жасалса, онда тараптардың бірі келісімнің бар екенін растаса, ал екінші тарап бұған қарсы болмаса, ол сондай-ақ жазбаша нысанда жасалған болып есептеледі.
1.5 Заңның 52-бабының 2-тармағына сәйкес, егер:
1) төрелік шешім Қазақстан Республикасының жария тәртібіне қайшы келсе;
2) төрелік шешім шығарылған дау Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша төрелік талқылаудың нысанасы бола алмаса, сот дәлелдемелердің ұсынылуына қарамастан, төрелік шешімнің күшін жояды.

Заңның 52-бабының 2-тармағында кӛзделген мән-жайлар, егер сот оларды анықтаған жағдайда, сотқа тӛрелік шешімнің күшін жою туралы ӛтінішхатпен жүгінген тараптың осы негізге сілтеме жасамауына қарамастан, сот шешімінің күшін жою үшін, сӛзсіз, негіз болып табылады.

Тӛрелік шешім шығарылған дау, алайда ол Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша тӛрелік талқылаудың нысанасы бола алмады, егер, мысалы, тӛрелік келісім болмаса (Заңның 8-бабының 1-тармағы), егер уәкілетті органның тӛреліктің дауды шешуіне келісімі болмаса (Заңның 8-бабының 10-тармағы), егертӛрелік келісім жарамсыз болса(Заңның 8-бабының 4-тармағы), жатқызуға болады.

Заңның 2-бабының 1) тармақшасында Қазақстан Республикасының жариятәртібі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде бекітілген құқықтық тәртіптің негізі ретінде айқындалған.

Осылайша, аталған құқық нормасынан жария тәртібі ұғымы ашылмайды, оның қолданылуы соттың қарауына беріледі, яғни тӛрелік шешімнің Қазақстан Республикасының жария тәртібіне сәйкестігін сот тексереді деген қорытынды жасауға болады.

Тӛрелік шешімді мәжбүрлеп орындату Қазақстан Республикасының құқықтық тәртіп негіздеріне қол сұғатын ерекше жағдайларда жария тәртіп институты қолданылуы мүмкін. Осыған байланысты соттар осы негіз бойынша тӛрелік шешімнің күшін жою кезінде нақты қандай жария тәртібінің бұзылғанына және қалай бұзылғанына уәж келтіруі тиіс.
Жария тәртібінің анықтамасы АК-нің 1090-бабының 1-тармағында да берілген, оған сәйкес шетел құқығы оны қолдану Қазақстан Республикасы құқықтық тәртiбiнiң негiздерiне (Қазақстан Республикасының жария тәртiбiне) қайшы келерлiк жағдайларда қолданылмайды.

Қорыту жүргізу кезінде соттардың тӛрелік шешімнің Қазақстан Республикасының жария тәртібіне сәйкестігін тексере отырып, егер оны орындаудың салдары құқықтық тәртіп негіздеріне сәйкес келмеуі мүмкін болса, тӛрелік шешімнің күшін жоюға жататындығы жӛнінде дұрыс шешім қабылдайтыны анықталды.

Мысал ретінде мына жағдайларды келтіруге болады.«Орталық Қазақстан тұрақты жұмыс істейтін тӛрелік» ЖШС-ның жанындағы тұрақты жұмыс істейтін тӛреліктің 2021 жылғы 27 тамыздағы шешімімен Ш.Ш.Шәріпхановтан «Эверест Қаржы» микроқаржы ұйымы» ЖШС-ның (бұдан әрі - ЖШС) пайдасына 1 141 942 теңге, тӛрелік алым - 34 258 теңге, пошта шығыстары – 800 теңге мӛлшерінде берешек ӛндірілді.

Іс материалдарынан ЖШС мен Ш.Ш. Шәріпхановтың арасында шарт жасалғаны, оның талаптары бойынша соңғысына жылдық 45% сыйақы мӛлшерлемесімен 12 ай мерзімге, мерзімділік, ақылы және қайтару шарттарымен, Мальдив аралдарына туристік сапар үшін 400 000 теңге мӛлшерінде микрокредит берілгені (бұдан әрі – Шарт) анықталды.

Шарттың 1.8-тармағына сәйкес қарыз алушы кредитордың тарапынан қосымша талаптарсыз микрокредит алған күннен бастап күнтізбелік 30 күнніңішінде оған нысаналы пайдалану фактісін растайтын құжаттарды қолхатпен беруге міндетті. Микрокредиттің нысаналы мақсатының шарттары орындалмағанжағдайда, келесі 3 күн ішінде қарыз алушы алынған қарыз сомасын тӛлеуге жататын тӛлемдермен бірге қайтаруға міндетті.

Кейіннен тараптар Шарттың талаптарынан туындайтын барлық дауларды тӛреліктің қарауына беру туралы келісім жасасты.
Тӛрелік келісімге қол қойылды, дау айтылмады және оның күші жойылмады.ЖШС жауапкердің микрокредитті нысаналы пайдаланудың құжаттық растамасын ұсынбауына және ай сайынғы тӛлемдерді тӛлем жүргізу бойынша мерзімін ӛткізіп алуына сілтеме жасай отырып, тӛрелікке талап қоюмен жүгінді, тӛрелік талап қою арызын қанағаттандырған.

Ш.Ш. Шәріпханов даулы тӛрелік шешім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде бекітілген құқықтық тәртіп негіздерін бұзатынына уәж келтіріп, сотқа оның күшін жою туралы ӛтінішхатпен жүгінді.Қарағаны облыстық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2021 жылғы 10 қарашадағы ұйғарымымен ӛтінішхатты қанағаттандырудан бас тартылды.

Іс бойынша шығарылған сот актісін күшінде қалдыра отырып, апелляциялық сатыдағы сот сияқты кассациялық алқа да дау айтылған тӛрелік шешім қоғам мен мемлекеттің негізгін салушы құқықтары мен қағидаттарына, құқықтық тәртіптің (жария тәртіптің) негіздеріне қол сұқпайтыны жӛнінде қорытындыға келді.Дауды тӛрелікте қарау құқықтық тәртіптің негіздеріне қайшы келмейді, ӛйткені жария тәртіп санаты шешім емес оны орындау салдары құқықтықтәртіптің негіздерімен үйлеспеуі мүмкін жағдайда ғана қолданылады.Бұл жағдайда жауапкерге тұрақсыздық айыбының жоғары мӛлшерін беру жария тәртіпті бұзу болып табылмайды, ӛйткені ол шартқа қатысушы борышкер мен кредитордың жеке мүдделерін қозғайды және іс жүзінде тӛрелік шешімді мәні бойынша қайта қарауға бағытталған, бұл тӛреліктің ерекшелігіне сүйене отырып, оны қолдануға болмайды және оған жол берілмейді.

Басқа іс бойынша тұрақты жұмыс істейтін «Еуразиялық экономикалық кеңістіктің Халықаралық тӛрелігі» тӛрелігінің 2021 жылғы 25 маусымдағы шешімімен Д.В. Колесниковтің «Қазақтрансстрой» ЖШС-ға (бұдан әрі -серіктестік) жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын жасасу міндетін жүктеу туралы талабы қанағаттандырылды.

Н.А.Сатбергенов (үшінші тұлға) ӛз талаптарында тӛреліктің шешімі ӛндіріп алушы ретіндегі оның ққықтарын бұзатындығына негіз келтіріп, ӛтінішхатпенсотқа жүгінді.
Алматы қалалық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2021 жылғы 25 қазандағы ұйғарымымен ӛтінішхат қанағаттандырылды, тӛрелік шешімнің күші жойылды.

Апелляциялық сатыдағы сот бұрын заңды күшіне енген сот актілерімен серіктестіктен Н.А. Сатбергеновтің пайдасына 411 348 391 теңге мӛлшеріндегі берешек сомасын және кейіннен даулы мүлікке ӛндіріп алуды қолдана отырып, сот шығыстарын ӛндіріп алу туралы мәселе шешілгенін анықтады. Бұл мәселелерді тӛреліктің даулы шешімі шыққанға дейін жалпы юрисдикциядағы 
соттар қараған, бұл туралы серіктестікке белгілі болған. Алайда, серіктестіктӛрелікті бұрын қабылданған шешімдер туралы ескертпеген.
Осыған байланысты, апелляциялық сатыдағы сот Н.А. Сатбергеновтің ӛтінішхатын негізді түрде қанағаттандырды, ӛйткені тӛрелік шешім Қазақстан Республикасының жария тәртібін бұзды және оған қайшы келді.Бұл жағдайда сот бұрын шығарылған сот актісі міндетті түрде орындалуға тиіс деген дұрыс қорытындыға келді (АПК-нің 21-бабы), оның басымдығы бар, ал кейінірек шығарылған тӛрелік шешім Қазақстан Республикасының жария тәртібіне қайшы келді, яғни сот жария тәртіптің қалай бұзылғаны жӛнінде уәж келтірді.

Мұндай тұжырымдармен кассациялық сатыдағы сот келісті.Сонымен бірге, заңнамалық деңгейде «жария тәртіп» ұғымын ашатын құқықтың барлық қағидаттары мен нормаларының белгілі бір тізбесін әзірлеу мүлдем мүмкін емес, ӛйткені бұл ұғым ӛте «икемді» деуге болады. Сондықтан әрбір жағдайды сот әрбір нақты іс бойынша мұқият негіздеуі тиіс. Кез келген бұзушылықты «жария тәртіпті бұзу» деп айтуға болмайды.
Мысалы, Алматы қалалық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2019 жылғы 11 қыркүйектегі ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымының күші жойылды және ӛтініш беруші «Азия Мұнай Сервис» ЖШСның «IUS» халықаралық тӛрелігінің 2019 жылғы 17 мамырдағы тӛрелік шешіміне шағымдану мерзімі қалпына келтірілді. Шешімнің күші жойылды.
Кассациялық сатыдағы сот апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымының күшін жою және бірінші сатыдағы сот актісін күшінде қалдыру тӛрелік шешім оны орындау нәтижесінде заңмен тікелей тыйым салынған не мемлекеттің егемендігіне немесе қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, ірі әлеуметтік топтар топтардың мүдделерін қозғайтын әрекеттер жасалған жағдайда ғана Қазақстан Республикасының жария тәртібін бұзды деп танылуы мүмкін деп уәждеді.

Сотта ӛтініш беруші мұндай дәлелдемелерді келтірген жоқ, ӛйткені бұл жағдайда «IUS» халықаралық тӛрелігінде талқылаудың мәні екі қазақстандық жеке коммерциялық кәсіпорын арасындағы коммерциялық дау болды. Тӛрелік қараған тараптардың талаптары тек қана жеке-құқықтық болып табылады және шарттық міндеттемелерді орындаумен байланысты. Дауға қатысушылар аумағында тӛрелік шешім орындалатын Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылады.

Сондықтан апелляциялық сатыдағы соттың тӛрелік шешім шығару кезінде жария тәртіп бұзылды деген тұжырымы дәрменсіз болып табылады. 

Назар аударыңыз!

       «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

         Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

Құжатты жүктеп алу